Етіс. (Залог)
Етіс іс-қимылдың орындалуына орындаушының қатысы қан-
дай екенін білдіреді. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағынала-
ры мен қызметтеріне қарай, төмендегідей түрге бөлінеді: өздік етіс,
ырықсыз етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс.
Түрлері
Жұрнақтар
Мысалдар
1.
Өздік етіс
(Возвратный)
-ын
-ін
-н
жу+ын
ки+ін
тара+н
175
Кәсіби қазақ тілі
2.
Ырықсыз етіс
(Страдательный)
-ыл, -іл, -л
-ын,-ін, -н
жуылды, киілді,
таралды,
салынды, әкелінді,
таранды
3.
Ортақ етіс
(Совместный)
-ыс, -іс,
-с
салысты, әкелісті,
ойласты, сөйлесті
4.
Өзгелік етіс
(Побудительный)
-дыр, -дір,
-тыр, -тір,
-ғыз, -гіз,
-қыз, -кіз,
-т
жуғыздыр, енгіздір,
саттырды, кептірді,
жазғызды, кіргізді,
айтқызды, кескізді,
босат, жүгірт
Өздік етіс. (Возвратные залоги).
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыс-
тылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұр-
нағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп атала-
ды. Мысалы: Оқушылар ерте тұрып жу-ын-ды. Бала өзі ки-ін-ді.
Ол тара-н-ды деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылда-
ры іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
Ырықсыз етіс. (Страдательный залог).
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қи-
мыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішін-
де «л» дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасала-
тын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек са-
бақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт
етістікке айналдырады. Мысалы: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді,
шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-
ды т.б.
Жұмыс істе-л-ді (Работа выполнена). Бір аптадан кейін жұмыс
аяқта-л-ды (Через неделю работа была завершена). Хат ауылға
жібер-іл-ді (Письмо отправлено в аул).
176
Жағыпарова Майра
Ортақ етіс. (Взаимный залог).
Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу бо-
лып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ
етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз
бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты деген сөйлемдердегі
жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан
емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен
біз) арқылы іске асатынын көрсетеді. Мен досыммен құшақта-с-
тым (Я обнялся с другом). Олар хат жаз-ыс-ты (Они переписыва-
лись). Біз көр-іс-тік (Мы увиделись).
Өзгелік етіс. (Понудительный залог).
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни
субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындау-
шы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жаса-
лады.
Ол жұрнақтар:
1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, 3) -т;
т.б. Мысалы: ки-гіз, ки-ін-дір (одень), айт-тыр, айт-қыз (заставь
говорить кого-то), іш-кіз (заставь выпить), жу-ын-дыр (умой), ой-
на-т (заставить играть). Демек, өзгелік етісті сөйлемде қимылды,
іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі – сол қимылды
орындатушы, екіншісі – қимылды тікелей орындаушы (бұл ғылым
тілінде агенс деп аталады). Мысалы: Біз оған өлең айт-қыз-дық
(Мы заставили его петь). Мен көйлек сатып ал-ғыз-дым (Я попро-
сила себе купить платье).
4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз және етіс түрлерін та-
уып, қатарына жазыңыз.
1) Я обнялся с другом.
2) Они переписывались.
3) Мы заставили его читать стихи.
4) Через неделю работа будет закончена.
5) Письмо отправлено в аул.
6) Мойся, расчешись.
7) Я попросила себе купить платье.
177
Кәсіби қазақ тілі
5-тапсырма. Төмендегі етістіктерді өзгелік етіске айнал-
дырып, сөйлем құрастырыңыз.
Жазу, айту, алу, сату, келу, жету.
6-тапсырма. Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнағын
жалғап, өткен шақта, осы шақта, келер шақта сөйлем құрасты-
рыңыз.
Жазу, түсіру, тарату, шығару, түсіндіру, дайындау, қайтару,
беру, көрсету, шешілу.
7-тапсырма. Етіс түрлерін анықтаңыз және орыс тіліне ауда-
рыңыз.
Олжас жуынды. Дастарқан жайылды. Тойға көп адам жиылды.
Төрағаға көптеген сұрақтар қойылды. Балаларға көмек көрсетілді.
Жылы киінді. Бұл мәселе жиналыста шешілді. Жиналыс ойдағыдай
өткізілді. Күн жылынды. Жайлауда той басталды. Алтыбақан тер-
бетілді. От жағылды. Қорытынды жасалды.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырып, етіс түрлерін
анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Ән айт...ды. Маған ән айт...ды.
Ыдыс жу...ды. Анасы баласына ыдыс жу...ды.
Кітап оқ...ды. Оқытушы студентке кітап оқ...ты.
Сыйлық бер...ді. Аяулым сыйлық бер...ді.
Салтанатты кеш өткіз...ді. Бүгін ұжымда салтанатты кеш өт-
...ді.
Жеке-жеке отыр...ды. Студенттерді жеке-жеке отыр...ды.
9-тапсырма. Өлеңнен етіс түрлерін табыңыз, өлеңді жаттап
алыңыз және мазмұнын айтып беріңіз.
Ы.Алтынсарин
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
178
Жағыпарова Майра
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды;
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді;
Сусыздан сусын ішірді, – деп өз заманындағы өнерлі елдерді
жастарға үлгі етіп жырлайды. Ал бүгінде ше?
179
Кәсіби қазақ тілі
23-сабақ
ТЕЛЕВИЗИЯ МӘТІНІ
Телевизияға арналып жазылатын мәтіннің өзіндік құрылы-
мы, ерекшелігі, арнайы формасы болады. Жалпы, телевизия бей-
нелік қозғалыстардан, дыбыс-дауыстардан тұратын жиынтық
(синтез) өнер болғанымен, іс бәрібір алдымен қағаз бетіне мәтін
жазудан басталады. Бірақ телевизия туындысының тілі мен
стилінде мерзімді баспасөз жазбасынан айтарлықтай өзгешелік
бар. Сондықтан газет-журналға тән кейбір ұзын сонар әңгімеден,
күрделі сөйлемдерден бойды аулақ салу телемәтінге қойылатын
негізгі талап болмақ.
Тележурналистің парызы: қарапайым әрі түсінікті, нақты әрі
анық жазу, сөз атауларын қысқартпау, тырнақша мен сілтемені
өз мәтінінде аз қолдану, үтір мен нүктелерге мән беру, адамдар-
дың аты-жөндерін толықтай дұрыс атау, есімдіктерді жөнімен
қолдану, мейлінше көрермендерге тікелей назар аудару, қазақ
тілінің құнарлы нәрін толық пайдалана білу.
Телевизияға арналып жазылатын туындының басты ерек-
шелігі – сөз бен бейнесюжет бір-бірін толықтырады және сол
арқылы екеуі тұтасып кетеді. Мұндайда көпсөзділіктің сал-
дарынан тамаша бейнесюжеттің құны түсіп қалатындығын да
ұмытпауға тиіспіз. Айталық, телетуындының құрылымын лай-
ықты ету үшін мына мысалға назар аударайық. Тележурналист
немесе хабар кейіпкері «батыс өңірде ауа райы аптап ыстық» деп
эфирде айтты делік. Осы сәтте көлеңке жерге жатып алып, тілін
салақтата ентіккен итті «ірі планда» (үлкейтіп түсіру арқылы)
көрсеткен дұрыс. Сонда ғана бейне мен мәтін үйлесім таппақ.
Сәулетті құрылыс салу үшін оның тағаны мен едені, төбесі
мен қабырғалары қандай маңызды болса, телетуындының да
өзіндік құрылымдары бар.
180
Жағыпарова Майра
Шығарма дегеніміз – ішкі көңіл – күйдің, рухани ой мен
мазмұнның сәулетті құрылысы іспетті. Туындының іргетасы ав-
тордың идеясы арқылы қаланса, оның қабырғасы құдіретті сөз-
бен тұрғызылмақ.
(Қ. Шамахайұлы).
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
бейнелік –
изображение, анимация
қозғалыс –
движение
дауыс –
голос
бәрібір –
все-таки
ұзын сонар әңгіме –
длинный разговор
қарапайым әрі түсінікті –
простой и понятный
анық жазу –
писать ясно
іргетас –
фундамент
сөз атауларын қысқартпау –
не сокращать наименования слов
тырнақша
мен
сілтемені
мәтінде қолданбау –
не применять кавычки и ссылки
в тексте
құнарлы –
здесь: осмысленный
нәр –
здесь: содержательный
күрделі сөйлемдер –
сложные предложения
телемәтінге қойылатын негізгі
талап –
основные требования,
предъявляемые телетексту
парыз –
долг
тілін салақтата –
с высунутым языком
ентіккен –
запыхавщийся
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Телемәтінге қандай талап қойылады?
2. Тележурналистің парызы қандай?
3. Телевизияға арналып жазылатын туындының басты ерекшелі-
гі не?
181
Кәсіби қазақ тілі
4. Қандай жағдайда бейнесюжеттің құны түсіп қалады?
5. Шығарма дегеніміз не?
6. Телетуындының қандай өзіндік құрылымдары бар?
2-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, орыс тіліне ауда-
рыңыз.
Қазақ радиосы
Қазақ радиосында диктор болып Әнуар Байжанбаев және ақиық
ақын Мұқағали сынды халқымыздың алыптары қызмет еткен.
Олардың аттары атақты Левитандай аңызға айналды. Олар қазақ
радиосында төл тіліміздің қуатын тыңдаушысына жеткізіп, диктор
мамандығының абыройын асқақтатты.
Қазақ радиосының ұлттың үнін, ділін, тілін, өнерін, тарихи жол-
дарын болашаққа жеткізудегі қызметі жазса таусылмайтын том-
том кітап болары сөзсіз.
Қазақ радиосының «Алтын қорында» ұрпақтан ұрпаққа мирас
болар мол мұра: жыр, терме, дастан, қисса, дәстүрлі ән, күй-
лердің дыбыстық жазбалары сақтаулы.
Қазақ радиосының хабарлары – халқымыздың тарихының куәсі.
Олардың танымдық, тәрбиелік мәні де аса жоғары.
Қазақ радиосы – әдебиет, мәдениет, өнер әлемі.
3-тапсырма. Орыс тіліне аударып, пікіріңізді қосыңыз.
Журналист пен бизнесмен арасындағы диалог:
– Табысқа жетудегі құпияңыз қандай?
– Екі сөз.
– Ол қандай сөздер?
– Дұрыс шешімдер.
– Дұрыс шешім қабылдау үшін не керек?
– Ол бір-ақ сөз.
– Қандай?
– Тәжірибе.
– Тәжірибені қалай жинағансыз?
– Екі сөз.
– Ол қандай екі сөз?
– Бұрыс шешімде.
182
Жағыпарова Майра
Етістіктің аналитикалық формасы
(Аналитическая форма глагола)
Етістіктің аналитикалық формасы бір немесе бірнеше компонент-
тен тұрады. Негізгі етістік көсемше немесе есімше түрінде болады.
Мысалы, сындыра беру, сындырып алу, сындырып қоя жаздау.
Көмекші етістіктер саны төртеу, бесеу де болуы мүмкін.
Мысалы, сындырып барып құлап қала жаздау.
Жіктік жалғаулар соңғы көмекші етістікке жалғанады.
Мысалы, Мен соңғы автобустан қалып қоя жаздадым.
Болымсыз жұрнақтар негізгі етістікке де, көмекші етістікке де
жалғана береді.
Мысалы, сөйлемей қойды (так и не заговорил), сөйлемей қоймады
(не мог не высказаться).
Болымсыз -ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан басқа емес,
жоқ сөздері де қолданылады. Сөйлем соңында тұрып жіктік жалға-
улардын қабылдайды.
Мысалы, Мен оны көрген жоқпын. Мен оны көрген емеспін.
Мағына
Жұрнақ Көмекші
етістік
Мысалдар
Іс-əрекеттің
басталуы (начало
действия)
-а/-е/-й
бастау
жөнелу
жаза бастады – начал
писать
жүгіре жөнелді – побежал
Іс-əрекеттің
жалғасуы
(продолжения
действия)
-а/-е/-й
бару
беру
түсу
жаза берді – продолжал
писать
оқи түсті – продолжал
еще читать
Іс-əрекеттің
аяқталуы
(завершения
действия)
-ып/-іп/-п біту
кету
қалу
шығу
өту
болу
жазып бітті – закончил
писать
тұрып кетті – встал
ұйықтап қалды – уснул
сүртіп шықты – вытер
көріп кетті – увидел
сөйлеп болды – закончил
говорить
183
Кәсіби қазақ тілі
Іс-əрекеттің
жол-жөнекей
орындалуы
(незначитель-
ность действия)
-а/-е/-й
келу
кету
салу
отыру
жүру
көре келді – увидел на
пути сюда
көре кетті – увидел на
пути отсюда
айта салды – сказал
невзначай
сөйлей отырды – говорил,
пока сидел
санай жүрді – заодно
посчитал
Іс-əрекеттің
күтпеген
жағдайда
орындалуы
(неожиданность
действия)
-а/-е/-й
қалу
қою
кету
жата қалды – быстро лег
сала қойды – быстро
положил
отыра кетті – неожиданно
сел
4-тапсырма. Етістіктердің аналитикалық формасын жа-
саңыз.
Үлгі: Сауалға жауап іздеу. – Сауалға жауап іздей алу.
Алу: Түрлі ақпарат көздерінен тақырыпқа қатысы бар деректерді
топтастыру, оларды жүйелеу. Тақырыпқа қатысы бар адамдармен
пікірлесу.
Бастау: Тез шешім қабылдау. Мақала жазбастан бұрын тақы-
рып таңдау. Өз мүмкіндігін пайдалану. Қызықты сериал көру.
Жаздау: Жеке көзқарасын айту. Сараптама жүргізуді ұмытпау.
Өз сөзімен жазып шығу. Жалған ақпарат беру.
5-тапсырма: Берілген етістіктердің аналитикалық формала-
рын жасап, орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: көрсету: көрсете сал – покажи.
Салу: көшіру, айту, ашу, істеу, беру, пісіру, жабу, әперу.
Беру: жазу, ойлау, сөйлеу, тойлау, сырлау, үйрету, отыру, есеп-
теу, алу, байқау,
184
Жағыпарова Майра
Шығу: тексеру, санау, киіну, көрсету, сүрту, кіру, тарау, көру.
Бастау: ойнау, бұзу, дайындау, емдеу, жинау, тапсыру.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып,
етістіктердің аналитикалық формасын жасаңыз.
1) Мен сіздің осы пікіріңізді ................... .
2) Біз үкімет басшыларының экономикалық саясатын ................ .
3) Біліктілігіңіз бен біліміңіз үшін ............... .
4) Ол сені жазып бітті деп ........... .
5) Мен дұрыс істеді деп .............. .
6) Мен бұл адамның ойын, пікірін ................... .
7) Ол поездан ............. .
8) Мәдина әсем әнді .............
Керекті сөздер:
жақтаймын / мақтаймын / қолдаймын / ойлап қалды / жақтаймыз
/ кешігіп қалды / шырқап қоя берді / ойлайсыз ба? /
7-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз.
Сіз журналист ретінде
шетелдік танымал адаммен
кездесіп, сұхбат алып отырсыз.
Ол өз кезегінде Қазақстанның
рәміздері, тарихи және көрікті
жерлері туралы сұрайды.
Сіздің
беретін жауабыңыз
қандай болмақ?
8-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.
Оқып шығу (прочитать), шаршап қалу (устать), күле беру (про-
должать смеяться), бере салу (отдать), ұйықтай жаздау (чуть не ус-
нуть), күте тұру (подождать), көшіп келу (переехать), жуып қою
(вымыть), ұмытып кету (забыть), төгіп алу (пролить), жөндеп беру
(починить), ішіп қою (выпить), құлап қалу (упасть).
185
Кәсіби қазақ тілі
9-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Тәуелсіздік
Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі Жерің де.
Өзіңдікі өзің еткен Бақ
Тəуелсіздік төрінде.
Асқар Тау да сенікі,
Бақша, бау да сенікі.
Қалтқысыз Дос пенен
Қатал Жау да сенікі.
Өзіңдікі Туың да,
От пен Ауа, Суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!..
(Иран-Ғайып)
186
Жағыпарова Майра
24-сабақ
ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ
БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРУ ТӘСІЛДЕРІ
Телевизия – журналистика, көркем әдебиет, бейнелеу, музы-
ка, ақпарат, театр т.б. салалардың синтездік өнімі. Белгілі бір
көрініс жасау үшін оның жанрына қарай жоғарыда аталған са-
лалардың мүмкіндіктері түгел қолданылады. Алайда олардың
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері сақталады. Сондай-ақ
олардың қолданылу заңдылықтары бар.
Телевизияда бейнелік көрініссіз сөзбен жеткізетін ең негізгі
жағдайлар мыналар:
– бейнебаян арқылы көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда;
– оқиғаны сол адамның өзінің сөзі арқылы бергенде ғана
сенім тудырарлықтай болса;
– даулы мәселеге жеке адамның көзқарасы міндетті түрде қа-
жет етілсе.
Телевизия туындыларының көркемдік сапасын арттыруда те-
леоператорлық, телережиссуралық және монтаждау өнерлерінің
де алар орны айырықша. Жекелеген бейнелерді лайықты әрі кәсі-
би жоғары деңгейде түсірудің өзі камераны дұрыс орналастыру-
дан, сурет нысаны мен камера екеуінің арасындағы қашықтықты
дәл сәйкестіруден, түсіру нүктені нақты белгілеуден басталатын
күрделі өнер. Көрермен назарын эфирге аудару үшін бейнебаян-
ды жандандырып, мазмұнын тереңдету үшін жекелеген бейнеден
басқа панорамалық, ракурстық, «наезд», «отьезд» тәсілдері пай-
даланылады.
Панорамалық бейне дегеніміз бір нүктеден немесе белгілі
бір нысаннан келесі жағына барып бітетін үзіліссіз қозғалысқа
негізделген бейне көріністің түрі. Панораманы ішінара жоға-
ры-төмен, көлбеу және айналма деп бөледі. Ал, «наезд» дегенге
келсек, ол – түсірілетін нысанға жақындап баратын қозғалысқа
негізделген бейне. Олай болса, «отьезд» нүктеден немесе нысан-
нан шегінуді білдіретін қозғалыс.
187
Кәсіби қазақ тілі
Ракурстық бейне деп нысанды бір қырынан немесе тас тө-
бесінен, не көлбетіп түсіруді айтады. Әдістемелік тұрғыдан осы-
лай түсіндіруге болады.
Телевизия өнерінде монтаждау ісінің де алар орны айтар-
лықтай. Ол туралы зерттеуші-ғалым Клара Қабылғазинаның
оқулығы жарық көрген. Монтаждаудың да өзіндік сатылары мен
байланыстары, қараңғылық жасау, сіңіру, перделеу секілді ар-
найы тәсілдері баршылық.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
көрініс –
кадр
заңдылықтар –
закономерность
бейнебаян –
изображение
даулы мәселе –
спорный вопрос
көзқарас –
взгляд, мнение, точки зрения
туынды –
произведение
сенім тудыру –
создать достоверность
дұрыс орналастырудан –
от правильной расстановки
қашықтық –
отдаленность
жекелеген бейне –
здесь: изображение крупного
плана
қозғалыс –
движение
күрделі өнер –
сложное искусство
шегіну –
отходить назад; отступать
ракурстық бейне –
ракурсное изображение
панорамалық бейне –
панорамный образ
сіңіру –
здесь: поглащение
көлбеу және айналма –
наклон и вращение
перделеу –
занавеска
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Телевизияда сөзбен жеткізетін ең негізгі жайларды айтып
беріңіз.
188
Жағыпарова Майра
2. Телевизияда қандай тәсілдер пайдаланылады?
3. Понарамалық бейне дегеніміз не?
4. Ракурстық бейне дегеніміз не?
5. Монтаждау өнерінде қандай тәсілдер бар?
2-тапсырма. Командалық жұмыс. Сұхбат үлгілерін жа-
саңыз.
Сіз «Алматы ақшамы» газетінің журналисті
ретінде биылғы жылғы «Тұран ханшайымы»
(«Мисс Туран») атанған студент қыздан
сұхбат алыңыз.
Сіз «Қазақстан» арнасының журналисті
ретінде «Тұран ханшайымы» («Мисс Туран»)
атанған студент қыздан сұхбат алыңыз.
3-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Теория того, как брать интервью
Прежде чем предложить кому либо дать интервью, нужно этого
кого-то хоть немного изучить. Что он(а) любит, что является прово-
кацией, какие вопросы позволят скомпрометировать и т.д. В общем
все,что вы сможете узнать. Это поможет в дальнейшей работе. Ина-
че, хорошего интервью не получиться, а получиться вопрос-ответ
и ничего интересного. Так же необходимо задать цель вашего ин-
тервью. От цели будет зависеть конечный результат. Нужно сразу
определить – то, что вы хотите от человека.
Құрмалас сөйлем. (Сложное предложение)
Екі не одан да көп жай сөйлемдердің мағыналық жəне интона-
циялық тығыз бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін
сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
189
Кәсіби қазақ тілі
Құрмалас сөйлемде кем дегенде екі предикативтік орталық бо-
лады, яғни екі одан да көп жай сөйлемдерден тұрады.
Салалас құрмалас сөйлем.
(Сложносочиненное предложение)
Құрамындағы предикативті сыңарларының баяндауыштары тия-
нақты тұлғада келіп, интонация жəне жалғаулық шылаулар арқылы
байланысатын құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Салалас құрмалас сөйлем: ыңғайластық, қарсылықты, себеп-
салдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі болып бөлінеді.
ыңғайластық
Жай сөйлемдері
бір-біріне іргелес
болған уақиғаны, істі
білдіретін салалас түрі
жəне, əрі, да,
де, та, те
Бұл тəсіл өте əсерлі
шықты əрі тез
қабылданды, хабардың
мағынасын аша түсті.
қарсылықты
Жай сөйлемдерінің
мағыналары бір-
біріне қарама-қарсы
болып келетін салалас
түрі.
бірақ, дегенмен,
сонда да, сөйтсе
де, сөйткенмен,
алайда, əйтсе
де, əйткенмен
Болашақ журналистер
жақсы білім алып
жатыр, алайда ешкім
жақсы мақала жазған
жоқ.
себеп-салдар
Жай сөйлемдерінің
бірі екіншісінің
себебін білдіретін
салалас түрі.
өйткені, себебі,
сондықтан,
сол үшін, неге
десеңіз, сол
себепті т.б.
Ол жақсы оқиды,
себебі жақсы маман
болғысы келеді.
Ұзаққа бармайтын
бағдарлама, себебі
халық «көшірмені»
қабылдамайды.
190
Жағыпарова Майра
кезектес
Жай сөйлемдердегі іс-
қимылдың кезектесіп
келетінін білдіретін
салалас түрі.
бірде, біресе,
кейде
Кейде эфирдегі үш
сағаттың ½ бөлігін
көп сериялы шетелдік
телефильмдер алып
жатты.
Мен бірде қуанамын,
бірде ренжимін.
талғаулы
Жай сөйлемдерінде
айтылған іс-
əрекеттің біреуі ғана
орындалатынын
білдіретін салалас
түрі.
не, немесе,
я, яки, не (я),
болмаса, əлде,
əйтпесе
Менің мақалам газетке
не ертең шығады, не
одан кейінгі санда
басылады.
Ертең я жел тұрады, я
жауын жауады.
түсіндірмелі
Екінші жай сөйлемі
бірінші сөйлемінің
мағынасын түсіндіріп
тұратын салалас түрі.
жалғаулығы
жоқ
Газет публицистикасы
екі негізгі қызмет
атқарады: бірі –
ақпарат таратады,
екіншісі – үгіт-
насихат жүргізеді.
Кəсіпкерден сұхбат
алудың сəті түсті:
оқырмандарды
қызықтыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |