4-тапсырма. Түбір сөздерге -шы, -ші, -ды, -ді, -лы, -лі жұр-
нақтарының тиістісін қосып, туынды сөз жасаңыз және қата-
рын толықтырыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: жыр (негізгі түбір), жыр+шы (туынды түбір), жыр
+шы+лық (туынды сөз).
103
Кәсіби қазақ тілі
Саяхат, жазу, орман, тіл, тәрбие, сын, көр, көңіл, су, құрылыс,
аударма, сәулет.
5-тапсырма. -ғар/-гер, -қар/-кер жұрнақтарымен зат есім жа-
саңыз және қатарын толықтырыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Ғарыш, іс, жауын, зер, заң, қызмет, талап, саясат, дәрі, мұра,
кәсіп, сауда, бас, әдіс.
6-тапсырма. -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнақтарымен
зат есім жасаңыз және қатарын толықтырыңыз. Орыс тіліне
аударыңыз.
Ақпарат, мемлекет, оқу, мәтін, тәжірибе, мерзім, қала, бала,
әділ, дос.
7-тапсырма. Мақалды қалай түсінесіз? Пікір айтыңыз.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ.
8-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Вам понадобится:
Инструкция №7
Профессиональный журналист должен владеть хотя бы одним
иностранным языком. Это расширяет «информационные горизон-
ты». К тому же журналист, обладающий подобным навыком, будет
более востребован.
Инструкция №8
Чтение по губам и чтение вверх ногами порой помогает полу-
чить эксклюзивную, необходимую информацию.
104
Жағыпарова Майра
13-сабақ
ЖУРНАЛИСТІҢ ӨЗІНДІК СТИЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Журналистиканың әр жанрының өзіне тән стилі мен тілі бо-
лады. Журналист үшін тіл мен стильді жетік меңгеріп, оларды
шебер әрі орнымен қолдана білу өте маңызды. Журналистің
стилін оның шығармашылық басты сипаттары құрайды.
Әр газеттің өз стилі, тілі бар. Сондай-ақ, әр газеттің, әр
нөмірдің, әр нөмірдегі әр материал авторының стилі болады.
Тәжірибелі журналистердің өзіндік стилі мен қолтаңбасы қа-
лыптасады. Болашақ журналистер осының бәрін жетік меңге-
рулері керек. Мысалы, бір журналист материалды таңқаларлық
оқиға деңгейінде ұсынуға тырысады. Екінші журналист пробле-
ма көтеруге ұмтылады. Үшінші журналист ешқандай көзқарас
білдірмей жазады. Журналистердің стильдерінің әртүрлі болуы
кемшілік емес. Стильдік байлық – журналист имиджінің жоға-
ры болуына да әсер етеді. Сондықтан журналист шығарманың
жанрына қарай немесе бұқаралық ақпарат құралының түріне
қарай өз стилін өзгертіп отыруы мүмкін. Себебі баспаның
стилінің, радио, телевидение стильдерінің өзіндік талаптары бар.
Журналист тіл мен стильді теориялық тұрғыда меңгеріп қана
қоймай, практикалық тұрғыда өз туындыларында шебер қолда-
на білсе, белгілі бір нәтижеге қол жеткізгені деп айтуға болады.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
тəн –
свойственный; присущий
жетік меңгеру –
овладеть в совершенстве
өте маңызды –
очень важно
105
Кәсіби қазақ тілі
көрсету –
представлять
дөп басу –
удачно действовать
жетістік –
достижение; успех
кемшіліктер –
недостатки
өзіндік стилі мен қолтаңбасы
қалыптасады –
формируются
собственный
стиль и почерк
бедел –
авторитет; репутация
тұрғы –
точка зрения
көзқарас –
взгляд
таңқаларлық оқиға –
сенсация
теориялық тұрғыда меңгеріп
қана қоймай –
не
только
овладеть
теоретически
өз туындыларында шебер
қолдана білсе –
если умело применять в своих
произведениях
белгілі бір нəтижеге қол
жеткізгені деп айтуға
болады –
можно сказать, что достигнуты
определенные результаты
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Журналист үшін маңызды не екенін айтыңыз.
2) Болашақ журналистер нені жетік меңгерулері керек?
3) Еліміздегі баспасөз нешеге бөлінеді?
4) Қазақ баспасөзінің беделі неге байланысты?
5) Журналист қандай жағдайда нәтижеге қол жеткізеді?
2-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Институтом массовой коммуникации факультета журналистики
СПбГУ был проведен экспертный опрос руководителей различных
СМИ. И вот какие наиболее важные профессиональные качества
они выделили (в порядке убывания):
Грамотность, эрудиция, широкий кругозор, стиль.
Универсализм.
106
Жағыпарова Майра
Настойчивость, умение «достать материал», оперативность.
Готовность обучаться, расти профессионально.
Практические навыки журналиста.
Талант.
Коммуникабельность.
Профессиональная этика, порядочность.
Жизненный опыт.
Интуиция.
Правовая «подкованность».
3-тапсырма. Командалық жұмыс. Сұрақтарға жауап
беріңіз.
Білікті журналистің бойынан қандай қасиеттер
табылуы керек?
4-тапсырма. Командалық жұмыс. Сұрақтарға жауап
беріңіз.
Егер белгілі бір арнаға басқарушы болсаңыз
қандай жаңалықтар енгізер едіңіз?
5-тапсырма. Төменде берілген мәтінді мазмұндап беріңіз.
Өзіңіз білетін танымал жазушы, журналистердің жазу стилі
туралы не білесіз? Кім қалай жазады?
Эрнест Хемингуэй
Əңгіме желісі оңайлыққа түсіп жатса немесе жай ғана диалог-
тардың бір бөлігін жазу керек болса, бірден теруге көшкен. Сол
тұста өнімділіктің күнбе-күнгі тəртібі тұрған: жазушы əр күн сай-
ын қанша сөз жазғанын түртіп отырған (сөз саны 450-ден 1250-ге
дейінгі аралықта құбылған).
107
Кәсіби қазақ тілі
Симона де Бовуар
Симона де Бовуар 1965 жылы бір сұхбатында «Мен əр уақытта
жұмыс істеуге құлшынып тұрғанмен, соған қарамастан жұмыстың
алғашқы сағаттарын ұната бермеймін. Алдымен шай ішіп алам да,
артынша 10 сағатқа жұмыс үстеліне тапжылмай отырып, өнімділік-
ті сағат сайын арттыруға тырысамын. Сосын достарыммен кез-
десіп, сағат 5-терге жуықтап қалғанда жұмысқа қайта оралып, 9-ға
дейін айналысамын. Менде əңгіменің желісіне қайта оралуда қиын-
дықтар болып көрген емес. Үзіліс аралығында газет оқуға, дүкен
аралауға кірісемін. Көбіне жұмыстан лəззат алып отырамын.
Егер жазғаным дау туғызып жатса, онда 15-30 минутымды мəтін-
ді бір қайтара оқып шығуа жіберемін. Күндіз жазғаныма азғантай
өзгерістер енгіземін. Сосын тоқтаған тұстан қайта жалғастыра-
мын. Сюжеттік желіні қайта табу үшін маған жазғанымды бір оқып
шықсам жеткілікті.
(massaget.kz)
Сөзжасамның тəсілдері
1. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер
болғандықтан, туынды сөз жасауда синтетикалық тәсіл үлкен қыз-
мет атқарады. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін оған екі-
тілдік бірліктің қатысуы керек:
– лексикалық мағыналы сөз;
– сөзжасамдық жұрнақ.
Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады,
сондықтан туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қа-
тысады.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар
арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туын-
ды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағы-
насынан жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздер туынды түбір деп аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер,
әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, бөлім, бөлме, ақта
т.б.
2. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лек-
сикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы
108
Жағыпарова Майра
жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөз-
дер толық мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы, өнеркәсіп,
теміржол, тамаша өмір, жетіқарақшы т.б.
3. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы
ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана
болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тіл-
дегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағы-
насында да қолданыла бастайды. Сөздің мағынасында ғана өз-
геріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп
аталады. Мысалы:
«Ақ» – бастапқы мағына (түсті білдіру). М: ақ жіп, ақ сүт.
«Ақ» – бастапқы мағына ағу (течь; протекать). М: Көктем
келді, жылғалардан су ақты.(Весна пришла, текут ручьи).
«Ақ» – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы) сүт,
айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. М: Ұлжанның күз
уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы бола-
тын.
«Ақ» – адал (честный) мағынасын береді. М: Ақ жүрген адам
азбас.
«Ақ» – ақиқат, шындық (правда, истина). М: Жұмыр басты
пендеге – өлім ақ.
6-тапсырма.
Мәтiндегi бiрiккен сөздердi тауып, жасалу жо-
лын түсiндiрiңiз және мағыналарын ашыңыз.
Ғаламшар өркениетiндегi қазақ жұртының мәртебелi орнын әл-
деқашан танытқан («Егемен Қазақстан»).
Балаларға арналған елдiң басты шыршасы «Ғажайыптар әлемi»
технопаркiнде орнатылды («Егемен Қазақстан»).
Сот арқылы темiржолшылардан 4 миллион теңге айыппұлды
өндiрiп алатын болдық («Егемен Қазақстан»).
Жүрiп жатқан келiссөздердi бұзып жiберу де ол үшiн түкке тұр-
майтын («Парасат»).
Толстой өз шығармасын қаламақысыз тегiн бастыруға рұқсат
беретiн («Парасат»).
Астананың елорда атанғанына үш жыл толып отыр («Егемен
Қазақстан»).
109
Кәсіби қазақ тілі
Жоғарыда аталған ғылыми-техникалық бағдарламаны орын-
дауға елiмiз бойынша 25-тен астам ғылыми мекемелер мен кәсiп-
орындар қатысуда («Егемен Қазақстан»).
7-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Вам понадобится:
Инструкция №9
Сроки, которые дает вам ваш редактор на написание тех или
иных статей, должны быть строго соблюдены. Это обеспечивает
актуальность информации. Никогда не стройте в тексте каких-либо
предположений, пишите только о том, что действительно знаете.
Журналисту необходимо научиться отличать объективное от субъ-
ективного, отбросить свои личные воззрения и мнения. Будьте бес-
пристрастным, объективным и точным!
Инструкция №10
Истинный журналист – сам себе «продюсер». Отучите себя
стесняться, уточнять, не бойтесь показаться некомпетентным. Жур-
налист должен предлагать свои материалы различным изданиям,
контактировать с крупными и зарубежными СМИ.
8-тапсырма. Өлеңді рөлдерге бөліп оқып, жаттап алыңыз.
Махаббат диалогы.
– Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
– Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
– Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
– Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
– Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
– Жел боп қуып ақыры жетер едім.
– Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
– Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
М.Мақатаев.
110
Жағыпарова Майра
14-сабақ
БАСПАСӨЗ
Баспасөз – халықтың қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға,
мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге әсер
ететін бірден-бір құрал. Баспасөз – халық арасында әртүрлі
ақпараттар тарата отырып, қоғамдық және саяси пікір қалыптас-
тыруға, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлға-
лардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Баспасөз –
мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.
Мерзімді баспасөзге: тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар
және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал,
альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Мерзімді
баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет.
Алғашқы газеттер Батыс Еуропада (Германияда – 1609 жылы,
Ұлыбританияда – 1622 жылы, Францияда – 1631 жылы) шыға
бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым – 1870 жылы
Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уәлаятының газеті».
Баспасөздің екінші түрі – мерзімдік емес басылымдарға
кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар т.б. жа-
тады. Оның ең негізгі әрі көне түрі – кітап. Кітап басып шығару
VIII–IX ғасырларда Қытайда басталды.
Қазақ тіліндегі алғашқы кітап – «Сейфүл-мәлік» қиссасы
1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген.
Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар,
апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әртүрлі меншіктегі 260-
тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер
мен плакаттар т.б. шығады.
Республикадағы баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның «Бұқа-
ралық ақпарат құралдары туралы» заңымен (1999, 23 шілде) рет-
теледі.
111
Кәсіби қазақ тілі
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
баспа –
издательство
баспасөз –
пресса, печать
баспасөз бостандығы –
свобода печати
баспасөз беттерінде –
по страницам прессы
баспасөз қызметі –
пресс-служба
баспасөз өкілдері –
представители прессы
басылым –
издание
мерзімді баспасөз –
периодическое печать
баспасөз жүйесінің
қызметі –
деятельность системы прессы
шолушы –
обозреватель
құрылтайшы –
учредитель
ой-пікір –
суждение; мнение
дүниетанымын қалыптастыру – формировать мировоззрение
қоғамдық пікір қалыптастыру – формировать общественное
мнение
жиынтық атауы –
совокупное название
саяси жұмыстар
жүргізуге –
вести политичечкие работы
мүдделі –
заинтересованный
мүдделі мұраттарын танытуға – здесь: отражать интересы и цели
тұрақты атауы –
постоянное наименование
ағымдағы нөмірі –
текущий номер
кемінде жарты жылда бір рет
шығарылатын –
выпускаемые по меньшей мере
один раз в полгода
қосымша –
здесь: приложение
уəлаят –
вилайет (область, край)
кітапша –
брошюра
күнтізбе –
календарь
кітап басып шығару –
издавать книгу
жарық көру –
увидеть свет; опубликоваться
112
Жағыпарова Майра
қисса –
хисса; эпическая поэма
апталық газет –
еженедельная газета
көп таралымды газет –
многотиражная газета
əртүрлі меншіктегі баспадан – в издательствах различной
собственности
айдар –
рубрика
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Баспасөз дегеніміз не?
Баспасөз қандай қызмет атқарады?
Баспасөздің түрлерін атаңыз?
Кітап баспасөздің қайсы түріне жатады?
Алғашқы газеттер нешінші жылдары қайсы мемлекеттерде
шыққан?
Қазақ тіліндегі алғашқы кітап қалай аталады?
Қазақ тіліндегі алғашқы кітап нешінші жылы шықты және қайда
жарық көрді?
2-тапсырма. Орыс тіліне аударып, өз пікіріңізді айтыңыз.
Баспасөздің ықпалы. Баспасөзді өзіңмен алып жүруге, кез кел-
ген жерде, өзіңе ыңғайлы уақытта, айналадағыларға кедергі келтір-
мей (поезд, метро, автобус, т.б.) оқуға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар оқырман өз қалауынша баспа материалдарын бірнеше рет
оқуына, қажеттісін сақтап, белгілер қоюына болады. Мұның бәрі
баспа құралдарымен көптеген оң байланыстар орнатуына мүмкін-
дік береді. Осылайша баспасөз қазіргі уақыттағы маңызды ақпарат
көзі болып табылады.
3-тапсырма. Журналист ретінде екі ұсыныстың бірін
таңдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
1) Астана қаласында
өтетін ЕХРО-2017-ге
іссапарға бару
2 ) Кезекті еңбек
демалысына шығу
113
Кәсіби қазақ тілі
Туынды сөздер
(Производные слова)
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз
дейміз.
Мысалы: Ән+ші, оқу+лық, жұмыс+шы, дос+тық, сый+лық, та-
лап+кер, қызмет+кер.
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:
1. -шы, -ші: жазушы (писатель), аудармашы (переводчик), тілші
(корреспондент).
2. -шылық, -шілік: адамшылық (человечность), адамгершілік
(гуманность).
3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас (современник), құр-
дас (ровестник), жерлес (земляк), сыныптас (одноклассник).
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: шеберлік (мастерство), орын-
дық (табуретка, стул), достық (дружба), өсімдік (растение).
5. -хана: асхана (столовая), дәріхана (аптека), емхана (поликли-
ника), перзентхана (роддом, родильный дом).
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
1. -м, -ым, -ім: төзім (выдержка), ұғым (понятие), қысым (дав-
ление).
2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: көрме, сүзбе, кеспе.
3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы (коса), бұрғы (сверло, дрель).
4. -с, -ыс, -іс: жеңіс (победа), талас (спор), айтыс (дискуссия),
жүріс (ходьба, ход).
5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: сұрақ (вопрос), қонақ (гость), тарақ
(расческа), күрек (лопата), тілек (пожелание).
6. -ыш, -іш: қуаныш (радость), өкініш (сожаление), сүйініш (вос-
торг).
7. -н, -ын, -ін: жуын (умойся), түйін (завязь).
8. -у: сабау (бить), жамау (заплата), көсеу (кочерга).
9. -ынды, -інді: шайынды (помои, ополоски), үйінді (глыба, на-
нос).
10. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: басқыш (ступенька), сүзгіш (фильтр),
сыпырғыш (веник), білгіш (знаток).
114
Жағыпарова Майра
11. -уыш, -уіш: өлшеуіш (измерительный прибор), түйреуіш
(брошь), бастауыш (начальный).
12. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір (пещера), шұңқыр (яма).
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:
1. -лы, -лі, -ды, -ді: таулы (горный), күшті (сильный).
2. -дай, дей, -тай, -тей: қардай (как снег), айнадай (как зеркало),
жібектей (как шелк).
3. -лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: журналистік (журналист-
ский), инженерлік (инженерный).
4. -сыз, -сіз: сусыз (безводный), бұлтсыз (безоблачный).
5. -қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы (летний), қысқы (зимний).
Жұрнақтардың жалғану жолымен жасалған
туынды сөздер
Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда, жаңа
мағыналы сөздер жасалады. Мысалы: біл+ім, ал+ғыр, кес+пе,
сүз+бе, көр+ме, қаш+қын, тас+қын, өр+мек, ек+ін (егін), жең+іс,
қуан+ыш, ақ+та, көк+те.
Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер
Екі немесе одан да көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына
беретін сөздер жасалады. Мысалы:тас ( камень) + бақа ( лягушка) –
тасбақа ( черепаха), қырық ( сорок) + аяқ ( нога) – қырықаяқ ( сороко-
ножка) т.б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер
Кейде екі сөз қосарланып, бір лексикалық мағына береді. Мұн-
дай сөздерді қос сөздер (удвоенные слова) деп атайды. Қос сөздің
сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, біртектес заттар-
дың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден жа-
салады. Мысалы: үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын, туған-
туысқан, ығы-жығы, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ.
Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер
Тіркесу жолымен жасалған сөздер екі не одан да көп сөзден
құралып, бір екпінмен айтылып, бір ғана лексикалық мағынаны
115
Кәсіби қазақ тілі
білдіреді. Мысалы: қол созым жер, көз ілмеді, темір жол, ғарыш
кемесі, көк ала, күн сәулесі, он алты, қызыл ала т.б. Мұндай күрделі
сөздердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
4-тапсырма. Берілген біріккен сөздерді орыс тіліне аударыңыз
және сөйлем құрастырыңыз.
Жеті+қарақшы, күн+бағыс, күн+тізбе, ит+мұрын, ас+қабақ, қы-
рық+қабат, қара+қат, авто+қалам.
5-тапсырма. Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңыз және
сөйлем құрастырыңыз.
Азық, ыдыс, салдыр, мөп, сұп, тау, құрал, ине, құрбы, ата, қазы,
киім, дүркін, күні, қатар, сарт, сөйлей.
6-тапсырма. Төменде берілген түбір сөздерге -кер, -шы,-ші, -ді,
-лы, -лі жұрнақтарын қосып туынды сөз жасаңыз және сөйлем
құрастырыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Тіл / жыр / аударма / жазу / ғарыш / тәрбие / еңбек / сурет /
көңіл / сын / құрылыс / тау / ән / қайрат.
7-тапсырма. Төмендегi жұрнақтармен туынды сөздер жа-
саңыз.
-тi, -лас, -малы, -iңкi, -ма, -стан, -паз, -н, -қы, -хана, -кеш, -па,
-т, -ыл, -пат, -дай, -лық.
8-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын
анықтаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Жазушы, телекөпір, тілші, аудармашы, пікірталас, телекөрер-
мен, баспасөз, бағдаршам, сарымай, кәсіподақ, әуежай, бұрғы, жақ-
сылық, қызылдау, қоңырқай, хатшы, биші, тоқымашы, көзілдірік,
қызметкер, жұмыскер, көрермен, ғаламтор, кемпірқосақ, жұмыс-
шы, ғарышкер, тау-тас, жер-көк, итмұрын, бүгін, аялдама, оқулық,
Екібастұз, Көктөбе, Қызылорда, көлбақа, қазба, бояма, бағдаршам,
баспахана, емхана, шипажай, күн сәулесі, жер серігі, найзағай, көк-
жиек, Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Көктөбе, Сырдария,
тасбақа.
116
Жағыпарова Майра
9-тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндаңыз және толықты-
рыңыз.
«Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңа-
лықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғам-
дық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды
назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және
мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі.
Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастыры-
лады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы-
жиі айтылады. Президент пен Парламент төрағасы, Премьер-
министр кабинеті төрағасының шетелдерге ресми сапарлары
туралы тілшілер репортаждары, есептер және фотосуреттер басы-
лады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан ең көп тарайтын газет.
Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып тұрады. «Алматы ақшамы»
– бұл республикада таралатын газет. Негізінен әкімшілік орган-
дары, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те
шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас Алаш» газеті жастарға
арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар
берумен бірге шетел өмірінен де назар аударарлық материалдар-
ды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман»
деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шыға-
рылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материал-
дар береді.
117
Кәсіби қазақ тілі
Достарыңызбен бөлісу: |