Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

7-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  керекті  жалғаулық  шы-
лауларды қойып, орыс тіліне аударыңыз.
Алматы ... Астана, Алмас ... Әсел, алмұрт ... алма, қарға ... түлкі, 
қасқыр ... қоян, тау ... көл, ай ... күн, қыз ... бала.

131
Кәсіби қазақ тілі
8-тапсырма.  Мәтіндегі  шылау  сөздердің  түрлерін  ажыра-
тыңыз және мазмұндаңыз.
Диктордың  жұмысы  жүргізушіге  қарағанда  қиынырақ.  Себебі 
диктор өз жанынан ештеңені қоспай, журналистің қолынан шыққан 
дайын мәтінді оқиды. Сондықтан да оның есте сақтау қабілеті жоға-
ры болуы тиіс. Біздің кезімізде қазіргідей суфлер болған жоқ, қағаз-
дан оқыдық. Ол кезде цензура қатты болды, бір сөзді ауыстыруға 
болмайтын. Кей кезде тіл маманы болғандықтан мәтіндегі кейбір 
сөз тіркесі немесе сөйлемнің дұрыс құрылмағанын іштей сезіп оты-
расың, бірақ соның өзін көрерменге интонация арқылы түсінікті етіп 
жеткізу диктордың міндеті. Дикторлық пен жүргізушіліктің арасы 
–  жер  мен  көктей.  Олай  дейтінім,  олар  дикторлар  секілді  дайын 
мәтінді оқумен шектелмейді, кез келген мәтінді жеткізу барысында 
өз жандарынан импровизация жасай алады. Қазіргі жүргізушілерді 
«бақытты жандар» деп есептеймін. Барлығы өз қолдарында, қандай 
сөз тіркесін қолданса да, қалай айтса да ерік өздерінде, «суфлер» 
деген көмекшілері бар, көз алдарындағы экранға шыққан мәтінді 
оқиды. Соның өзінде сол дайын мәтінді кейбіреулері дұрыс жеткізе 
білмейді, бір сарында оқиды. Мәтіндегі екпін, буын, қаратпа сөй-
лем, одағай немесе сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне қойылатын ты-
ныс белгілерді ескермейді, қажет тұста дауыс ырғағымен құбылту 
деген жетіспейді және де бет-әлпеттерінде ешқандай мән-мағына 
жоқ. Теледидар технологиясының жаңа талаптары бойынша қазір 
мәтінді  жүргізушілер  оқи  бастады.  Бәлкім,  заман  ағымына  орай 
бұл да қажет шығар, бірақ көгілдір экрандағы көп сауатсыздықтар 
осыдан басталғандай болып көрінеді маған. 
(Арай Сахариева).
 

132
Жағыпарова Майра
17-сабақ
«ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫ ГАЗЕТІ» 
Ташкент қаласында «Түркістан уалаяты газеті» шыққан. Га-
зеттің редакторы – орыс және шығыс тілдерінде еркін сөйлеген, 
генерал-губернатордың тілмашы болған, ізгі ниетті Шахмардан 
Мирасұлы Ибрагимов болды. 
  1870  жылдың  28  сәуірінен  бастап,  орыс  тілінде  шығатын 
«Туркестанские  ведомости»  газетіне  қосымша  ретінде  айына 
төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла баста-
ды. Газет 1870-1882 жылдар аралығында шығып тұрды.
«Түркістан  уалаяты  газетінің»  ресми  және  ресми  емес  деп 
аталған басты екі бөлімі болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің 
бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілді. Ресми 
емес бөлімде – қазақ тарихына, экономика жағдайына, салт-са-
наға,  ауыз  әдебиетіне  қатысты  мақалалар,  естеліктер,  хабар-
лар беріліп тұрған.  Онда  егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, 
ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, 
және  әйел  теңдігі  мәселелері  қаралды.  Тұңғыш  газет  өз  оқыр-
мандарына Шоқан,  Ыбырай, Абай  сияқты  көрнекті қайраткер-
лермен алғаш рет танысуларына мүмкіндік жасады.
Газет  «Ғылым  хабары»  деген  айдармен  ғылым  мен  техника 
жаңалықтарын  үзбей  хабарлап  тұрды.  Түркістан  өлкесі  таулы 
аймақтарда  (Алматы,  Ташкент,  Түркістан)  жер  сілкінгенін  де 
жазған.  Газетте  қар  мен  жаңбырдың  пайда  болу  сыры,  аспан 
әлемі  планеталары  туралы  түсініктер,  ғылыми  болжамдар  жа-
рияланды. Әлемдік даңқты саяхатшы Магеланның жердің шар 
тәрізді екенін дәлелдегені туралы ғылыми еңбегін қазақшаға ау-
дарып басты. 
Газет, негізінен, ресми түрде патша үкіметінің отарлау саяса-
тын жариялайтын басылым болды.

133
Кәсіби қазақ тілі
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
шығыс тілдерінде еркін сөйлеген – здесь: владеющие восточными 
языками
тілмаш –
здесь: переводчик
қосымша ретінде –
в виде приложения
ресми –
официальный
ресми емес –
неофициальный
патша өкіметі –
царская власть
экономика жағдайына – 
здесь: состояние экономики
салт-санаға –
здесь: традициям и 
общепринятым нормам
ауыз əдебиеті –
устная литература
естелік –
воспоминание
егіншілік –
земледелие
мал шаруашылығы –
скотоводство
сауда –
торговля
ішкі-сыртқы жағдайлар –
внутренние и внешние
əйел теңдігі мəселелері 
қаралды –
поднимались вопросы 
равноправия женщин
оқырман –
читатель
мүмкіндік –
возможность
айдар –
рубрика
өлке –
край
таулы аймақ –
горные регионы
жер сілкіну –
землетрясение
үзбей хабарлап тұрды –
систематически оповещали
қар мен жаңбырдың пайда 
болу сыры –
тайны образования снега и 
дождя
аспан əлемі –
вселенная
аспан əлемі планеталары туралы 
түсініктер –
понятия о планетах вселенной
ғылыми болжамдар –
научные прогнозы 

134
Жағыпарова Майра
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1) «Түркістан уалаяты» газеті қашаннан бастап және нешінші 
жылдар аралығында шығып тұрды?
2) Газеттің ресми бөлімі туралы айтып беріңіз?
3) Газеттің ресми емес бөлімі туралы айтып беріңіз?
4)  Газет  оқырмандарына  кімдердің  еңбектерін  таныстырып
отырды?
5) Газеттің «Ғылым хабары» деген айдарында қандай хабарлар 
жарияланып тұрды?
2-тапсырма.  Сұхбат  мазмұны  бойынша  қажетті  сөздерді 
(сұрақтарды)  толтырыңыз  және  жалғастырыңыз.  Мәтінге  ат 
қойыңыз.
Тілші: – Сәлем, Айша. Менің сұхбат алғаныма қарсы емессің бе?
Айша: – Әрине, қарсы емеспін. Мен сенің сұрақтарыңа қуана жа-
уап беремін.
Тілші: – Онда бірінші сұрағым. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Тараз қаласынанмын.
Тілші: – Сіз . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Иә, тұрмыстамын. Екі балам бар.
Тілші: – Кешір, ал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Иә, менің ағам, сіңлім бар.
Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Олар әлі кішкентай. Саябаққа барғанды ұнатады.
Тілші: – . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Айша: – Иә, олар Таразда тұрады. Әкем де, шешем де зейнеткер.

 3-тапсырма. Командалық жұмыс.
1)Телеарна  тілшісі,  халықаралық  шолушы,  үкімет  бас-
шысы    және  еліміздің  білікті  экономист  мамандары  бас 
қосқан «Келесі жылы Қазақстан экономикасы қалай дамиды?» 
атты тақырыпта өтетін дөңгелек үстелде болжамдар жасап, 
пікір таластырыңыз.

135
Кәсіби қазақ тілі
Етістіктердің шақтары. (Времена глагола)
Етістіктің шақтары – іс-қимылдың уақытын білдіретін етістік-
тің тұлғасы. Етістіктердің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ, 
келер шақ, өткен шақ. 
Осы шақ – сөйлеп тұрған кездегі іс-əрекетті білдіреді. 
Осы шақ
Нақ осы шақ
(собственно-настоящее время)
Ауыспалы осы шақ
(настоящее 
переходное время)
Дəл  сөйлеп  тұрған  кездегі  іс-əрекетті 
білдіреді.
Күнделікті  дағдылы 
болып  жатқан  іс-
қимылды білдіреді.
Жалаң н.о.ш. 
жатыр, отыр, 
жүр, тұр 
етістіктерінің 
жіктелуі арқылы
Күрделі  н.о.ш.  (-а, 
-е,  -й,  -ып,  -іп,  -п) 
(жатыр, отыр, жүр, 
тұр) + жіктік жалғауы
етістік + (-а, -е, -й) + 
жіктік жалғауы
жатырмын, отыр-
сың, тұрсыз
бар-а  жатырмын, 
кел-іп отырсың.
Күнде сабаққа 
бар-а-мын.
Өткен шақ
Жедел ө.ш.
(недавно 
пр.время)
Бұрынғы ө.ш.
(давно пр.время)
Ауыспалы ө.ш.
(переходное 
пр.время)
етістік  +  (-ды, 
-ді,  -ты,  -ті)  + 
жіктік жалғауы
етістік + 
(-ып, -іп, 
-п)  +  жіктік 
жалғауы
етістік + 
(-ған, -ген, 
-қан, -кен,) 
+ жіктік 
жалғауы
етістік + 
(-атын, -етін, 
-йтын, -йтін) 
+ жіктік 
жалғауы
Мен  мақта  + 
ды + м.
Мен  мақта 
+ п – пын.
Мен 
мақта 
+ған – мын.
Мен  мақта  + 
йтын – мын.

136
Жағыпарова Майра
Келер шақ
Болжалды 
келер шақ
(будущее 
предположительное 
время)
Мақсатты
 келер шақ
(неопределенное 
будущее время)
Ауыспалы 
келер шақ
(переходное 
будущее время)
Іс-қимылдың келешекте 
болатынын дəл көрсетпей, 
болжай ғана білдіреді.
Іс-қимылдың 
келешекте 
мақсат етіле 
орындалатынын 
білдіреді.
Алдағы уақытта 
болатын іс-
қимылды 
білдіреді.
Етістік + (-ар, -ер, -р) + 
жіктік жалғауы
етістік + (-мақ, 
-мек, -пақ, -пек, 
-бақ, -бек) + жіктік 
жалғауы
етістік  +  (-а, 
-е,  -й)  +  жіктік 
жалғауы
Ертең  сабаққа  бар-ар-
мын.
Ертең сабаққа
бар-мақ-шымын.
Ертең  сабаққа 
бар-а-мын.
4-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  шақтық  етістіктің 
тиістісін қойыңыз.
1. Мен кітап  ................................................................. .
2. Ол теледидар  ........................................................... .
3. Ербол  ........................................................................ .
4. Әлем бейбітшілікке қол  ......................................... .
5. Жансая үй  ................................................................ .
6. Аяулым  .................................................................... .
Керекті сөздер: алу, көру, айту, созу, жинау, оқу.
5-тапсырма.  Сөйлемдердегі  етістіктерді  мақсатты  келер 
шаққа айналдырыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Мен мақала жаздым. Ол газет сатып әкелді. Редактор іссапар-
дан келді. Теледидардан кино көріп отырмыз. Үлгіні көрмеге қоя-
ды. Біз театрға барамыз. Сен телефон шаласың. Биылғы қыс жылы 
болды. 

137
Кәсіби қазақ тілі
6-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерді жедел өткен шаққа 
айналдырыңыз.
Ол шұжық, қазы жеген. Дина Нұрпейісова атақты күйші болған. 
Жентке май қосылған. Әсет жезтаңдай әнші болыпты. Ақбала оны 
көпке  дейін  ұмытпаған.  Ол  бәйге  мен  көкпарды  көріпті.  Меруерт 
наурыз мерекесінде би билепті. Қасым аға Ұлы Отан соғысы тура-
лы әңгіме айтатын. Ол соғыста партизан отрядында болыпты. Ер-
лігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанған. Оны халқы сыйлайтын. 
Қасым аға жылда 28 панфиловшылар паркіне баратын. Ескерткішке 
гүл шоғын қоятын.
7-тапсырма.  Қазақ  тіліне  аударып,  етістіктің  қай  шақта 
тұрғанын анықтаңыз.
Я знаю много о казахской культуре. Я нигде не был, кроме Ка-
захстана. Я узнала о Казахстане от моего друга. Я изучал казахский 
язык. Я был в Казахстане. Салтанат уехала в Алматы. Он прочитал 
много книг.
8-тапсырма.  Сөздерді  болымсыз  түрге  айналдырып,  сөйлем 
құрастырыңыз.
Оқыды, барды, келді, кетті, сөйледі, жазды, айтты, тексерді, жи-
нады, қарады, санады, бояды, жүзді, жапты, тепті, есептеді, сатты, 
турады, секірді, күлді, ұйықтады, жеді.
 
9-тапсырма. Қазақ тілінде шығатын газеттердің бірінен 
жуырда  болған  келіссөз  туралы  мақаланы  тауып,  сол  бойынша 
төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Келіссөз қайсы мемлекеттер арасында және қашан өтті? 
2) Келіссөз барысында қандай мәселелер талқыланды (қарал-
ды)?
3) Келіссөз қалай өтті? 
4) Делегация мүшелері не істеу қажет деп көрсетті? 
5) Екі жақ қандай келісімге қол жеткізді?
6) Қазақстан үкіметі делегациясының басшысы кім болды?
7) Шетел делегациясын кім басқарып келді?

138
Жағыпарова Майра
10-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Əр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мəңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мəңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДƏСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Жəне ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр əрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
(Мұхтар Шаханов). 

139
Кәсіби қазақ тілі
18-сабақ
АЛҒАШҚЫ  ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТ ҚЫЗДАРЫ
1. Құлжанова Нəзипа 
(1887–1933)
Құлжанова Нəзипа – алғашқы қазақ əйел 
журналистерінің бірі, дарынды аудармашы, 
ұстаз.  Ол 1887 жылы Торғай қаласында дү-
ниеге келіп, сол қалада қазақ-орыс мектебін-
де оқыды. Оқуын Торғайдағы əйелдер гим-
назиясында жалғастырды (сол кездегі Қазақ 
жеріндегі  жалғыз  əйелдерге  арналған 
жоғарғы  оқу  орны),  кейінірек  көмекші 
мұғалім ретінде қызмет етті.
Құлжанова  –  алғашқы  абайтанушылар-
дың бірі. Ол – 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында Абай 
Құнанбаевтың  қайтқанына  10  жыл  толуына  орай  ұлы  ақынды 
еске түсіру кешін ұйымдастырды. Кеште ақын өмірі мен шығар-
машылығы жөнінде баяндаманы Нəзипаның өзі жасап, одан кей-
ін Абай өлеңдері оқылады. Бұл кеш туралы «Айқап» журналын-
да жазылды.
1923  жылы  журналистика  мен  əдеби-аудармашылыққа  бет 
бұрады.  Нəзипа  екі  тілде  бірдей  жүйріктігімен  де  көзге  түсті. 
Орыс  жəне  Еуропа  əдебиетінің  кейбірін  қазақ  тіліне  аударды. 
Сонымен  қатар  Абай,  Ыбырай,  Ғабиттердің  шығармаларын 
тұңғыш  рет  орыс  тіліне  аударған  да  Нəзипа  болатын.  Нəзипа 
«Бірінші Шығыс əйелдері съезінің» ұйымдастырушылары қата-
рында болды. Ол едəуір ғылыми шығармашылық мұралар, мақа-
лалар,  кітаптар  мен  аудармалар  қалдырды.  Нəзипа  Құлжанова 
1933 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеден өтті.

140
Жағыпарова Майра
Лəзиза Мешітбайқызы Серғазина
(1908-1982)
Лəзиза Серғазина – қазіргі Павлодар облысында туған. Қазақ 
əйелдері арасында алғашқы болып журналистік білім алды. Лə-
зиза қаламы қуатты қазақ қыздарының бірі болды. Журналист 
Серғазина  əрі  аудармашы,  ақын,  қоғам  қайраткері  ретінде  де 
белгілі. 
Лəзиза Серғазина оқырманға өткен ғасырдың 1930 жылдары 
танылды.  Сол  кездегі  «Əйел  теңдігі»,  «Балға-Молот»  «Сталин 
жолы»  кейіннен  «Социалистік  Қазақстан»,  «Қазақстан  əйел-
дері» журналдарында еңбек етті. Əсіресе, əйел теңдігі, олардың 
қоғамдағы белсенділігі жайында өткір мəселелерді көтерді. Ол 
«Қасиетті махаббат» поэмасын, көптеген өлеңдер жазды. В.Ла-
цистің  «Дауыл»,  А.Гайдардың  «Мектеп»  шығармаларын  қазақ 
тіліне аударып, əдебиетке өз үлесін қосты.
Журналист Лəзизаның қолжазбалары, күнделіктері, жеке зат-
тары, фотосуреттері мен соғыс жылдарында қазақстандық сар-
баздарға жазған əскери хаттары мұражайда сақтаулы. 
Лəзиза  Мешітбайқызы  болашақ  жас  журналистердің  де 
бағдаршамы болмақ.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
қаламы қарымды (жүйрік, 
қуатты) –
очень способный, 
талантливый журналист, 
умело владеющий 
писательским мастерством
қазақ əйелдері арасында 
алғашқы болып –
одна из первых среди 
казахских женщин
əйел теңдігі –
равноправие женщин
белсенділігі жайында өткір 
мəселелерді көтерді –
выдвигал актуальные 
вопросы по активности
əдебиетке көп үлес қосты – 
внесла большой вклад
сарбаздарға жазған əскери
хаттары –
(военные)  армейские  письма 
фронтовикам(бойцам)

141
Кәсіби қазақ тілі
мұражайда сақтаулы –
хранятся в музее
бағдаршамы болмақ –
здесь: быть маяком
ақын, қоғам қайраткері –
поэт, общественный деятель
өмірлік жары –
супруг на всю жизнь
дарынды аудармашы –
талантливый переводчик
еске түсіру кеші –
вечер воспоминаний
ғылыми шығармашылық 
мұралар –
научные творческие наследия
негізін салушы –
основатель
дəлел –
здесь: подтверждение тому
Бірінші Шығыс əйелдері 
съезі –
Первый съезд женщин 
Востока
ұйымдастырушылары 
қатарында болды –
была одной из организаторов
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Құлжанова Нәзипа кім болған?
2) Ол қайда оқыды?
3) Нәзипа кімдердің шығармаларын аударды?
4) Ол абайтанушы ретінде қандай істер бітірді?
5) Ләзиза Серғазина кім болған?
6) Ләзиза Серғазина қандай журналдарда еңбек еткен?
7) Ләзиза Серғазина оқырманға нешінші жылдан бастап таныл-
ды?
8) Ләзиза Серғазина қандай журналдарда қызмет етті? 
9) Ол қоғамдағы қандай мәселелерді көтерді?
10) Оның мұражайда қандай заттары сақталып тұр?
11) Ол кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
2-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз және пікір білдіріңіз.
Бір  ақылды,  елге  сыйлы  патша  өзін  сыйлайтын  азаматтарға: 
«Бүгін түнде мына тұрған үлкен ыдысты таңға дейін сүтпен толты-
рып қойыңдар, таңертең ерте алып кетеді», – дейді. Патша таңертең 
ыдысты қараса, тап-таза су екен. Оның себебі, әр адам: «Мен су құя 
салайын, басқалардың бәрі сүт құяды, ешкім білмес», – деп ойлапты. 

142
Жағыпарова Майра
Сол сияқты біздің әрқайсымыз: «Сол елден, мен туған жерден 
көп азаматтар шықты ғой, солар барып жұмыс жасайды, жақсылық 
істейді» деп ойласақ, сүтке емес, суға толған ыдыстай болуымыз 
әбден мүмкін. 
3-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Аксессуары деловой женщины
Необходимо помнить, что деловой стиль – это всегда сдержан-
ность и строгость, но в то же время – изящество. Тщательно и гар-
монично  подобранные  стильные  аксессуары,  такие  как  сумочка, 
часы, мобильный телефон, ручка, визитница, органайзер – влияют 
на имидж деловой женщины, выгодно дополняют его, подчеркивая 
неповторимость и уникальность.
 
4-тапсырма. Командалық жұмыс. Пікір білдіріңіз.
1.Қазақстандық қандай 
бұрынғы қоғамдық-саяси 
қайраткерлер туралы білесіз? 
Оларды атап беріңіз.
2.Қазақстандық қазіргі 
қандай қоғамдық-саяси 
қайраткерлер туралы білесіз?
Оларды атап беріңіз.
Осы шақ (Настоящее время)
Осы шақ – іс-әрекет пен қимылдың сөйлеп тұрған сәтте орын-
далып жатқанын білдіреді. Осы шақ мағынасына қарай екі түрлі 
болады: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ.
1. Нақ осы шақ (собственно-настоящее время) – іс-әрекет пен 
қимылдың сөйлеп тұрған нақ сәтінде болуын білдіреді.
Нақ  осы  шақтың  өзі  екі  түрге  жіктеледі:  жалаң  нақ  осы  шақ 
және күрделі нақ осы шақ.
а) жалаң нақ осы шақ (простоя форма) – отыр (сидит), тұр 
(стоит), жатыр (лежит), жүр (ходит) етістіктерінен тұрады да, 
олар жекеше, көпше түрде жіктеледі.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен отырмын. 
Я сижу.
Біз отырмыз. 
Мы сидим.

143
Кәсіби қазақ тілі
ІІ.
Сен отырсың. 
Ты сидишь.
Сіз отырсыз. 
Вы сидите.
Сендер отырсыңдар. 
Вы сидите.
Сіздер отырсыздар. 
Вы сидите.
ІІІ
Ол отыр. 
Он(а) сидит.
Олар отыр. 
Они сидят.
ә) күрделі нақ осы шақ (сложная форма) – -ып, -іп, -п жұрнақта-
ры негізгі етістіктерге жалғанып, отыр, жатыр, тұр, жүр көмек-
ші етістерінің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы: Ойланып отыр, оқып отыр, сөйлеп тұр.
Назар аударыңыз! 
Глаголы  бар,  кел,  апар,  әкел  с  суффиксами  деепричастии 
–а/е сочетаются с вспомогательным глаголом жатыр.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен бар+а жатыр+мын.
Я иду (туда).
Біз бар+а жатыр+мыз.
Мы идем.
ІІ.
Сен бар+а жатыр+сың.
Ты идешь (туда).
Сіз бар+а жатыр+сыз.
Вы идете (туда).
Сендер бар+а 
жатыр+сыңдар.
Вы идете.
Сіздер бар+а жатыр+сыздар.
Вы идете.
ІІІ.
Ол бар+а жатыр.
Он идет (туда).
Олар бар+а жатыр.
Они идут.
2. Ауыспалы осы шақ (настоящее переходное время) – көсем-
шенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, іс-әрекет-
тің сөйлеп тұрған кезде болатынын әрі ұласпалылық сипатын та-
нытады.  Мысалы:  Адам  сөйле+й+ді  (человек  разговаривает),  құс 
ұш+а+ды (птица летает), су ағ+а+ды (вода бежит), от жан+а+-
ды (огонь горит).

144
Жағыпарова Майра
Жақ
Жекеше
І.
Мен университетте оқимын [оқы+й+мын]
ІІ.
Сен университетте оқисың [оқы+й+сың]
Сіз университетте оқисыз [оқы+й+сыз]
ІІІ.
Ол университетте оқиды[оқы+й+ды]
Жақ
Көпше
І.
Біз университетте оқимыз [оқы+й+мыз].
ІІ.
Сендер университетте оқисыңдар [оқы+й+сыңдар]
Сіздер университетте оқисыздар [оқы+й+сыздар]
ІІІ.
Олар университетте оқиды [оқы+й+ды]
Назар аударыңыз!
Если основа окончивается на -ы, при добавлении суффикса 
 в сочетании они дают -и. М: оқиды (оқы+й+ды) – он (она) 
учится; тоқимын (тоқы+й+мын) – я вяжу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет