Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

4-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
1) Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
2) Бір күн дәмдес болғанмен, қырық күн сәлемдес.
3) Көп дауыс қосылса, бір дауысты жоқ қылады.
4) Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді көргенім.
5) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты.
6) Не ексең, соны орасың.
7) Сын түзелмей, мін түзелмейді.
8) Алматының аспанын бұлт басып, жаңбыр төпеп жауып тұр.
9) Жақсы кино болса, маған айт. 
10) Кітапты оқысаң, білімді боласың.
5-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
Аралас құрмалас 
сөйлем:
Қара басыма пайдасыз екен деп, мен 
көптің мұңын аяққа баса алмаймын.
Сабақтас құрмалас:
Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый 
дəметпе.
Салалас құрмалас:
Ақын жауабын аяқтады, жастар тағы 
сұрақтар жаудырды.

207
Кәсіби қазақ тілі
Мезгіл бағыныңқы 
сабақтас:
Сен қазір жұмысқа кіріспесең, ертең 
үлгере алмайсың.
Қарсылықты 
бағыныңқы сабақтас:
Əңгімені басынан бастамақ болып, 
Саржанмен кездескен күнді есіме 
толық түсіріп көрейін. 
Себеп бағыныңқы 
сабақтас:
Ол кітапханаға бара жатқанда, 
алдынан Серік шықты.
Мақсат бағыныңқы 
сабақтас:
Зейнетке шыққанмен, ол кісі жұмыстан 
қол үзген жоқ.
Шартты бағыныңқы 
сабақтас:
Еңбек етсең, қара жер де береді.
6-тапсырма. «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбына эссе 
жазыңыз.
7-тапсырма. Тыныс белгілерін қойыңыз және сөйлем түрлерін 
ажыратыңыз.
1. Түні бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып Асанов қайта 
оқып шығып еді толып жатқан қайшылықтар көп екен. 
2.  Күн  батуға  таянғанда  аспан  әлемін  қара  бұлт  қаптаған
еді терістіктен соққан күшті жел жерге бір тамшы да тамызбады. 
3. Сабақты жақсы оқысаң жолдастарың құрметтейді және ата-
анаң қуанышқа кенеледі. 
4. Бізше адам өмірін түзеуге барлық адамдар тату тұруға негіз-
гісі ақ жүрек адал еңбек арлы ақыл болуы керек.
5. Жақыныңды ренжітсең жатқа күлкі боларсың.
6. Махаббатта бір-ақ формула бар ол тұрақтылық.
7. Сен қазір жұмысқа кіріспесең ертең үлгере алмайсың.
9. Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан осы жазда капитан Ер-
болатовтың самайына ақ кірді.
10. Күлген жақсы бірақ шектен аса күлу мәдениетсіздік.

208
Жағыпарова Майра
8-тапсырма.  Сабақтас  құрмаластың  жасалу  жолын  түсін-
діріңіз, өлеңді жаттап алыңыз.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас!
Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Арқаның селі, желі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
М.Жұмабаев.
9-тапсырма. Мазмұндаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
 
Ақшаның әсері
–  Түсінбеймін:  кедейге  барсаң  –  ақжарқын,  қолдан  келгенше 
көмектесуге асығады. Байға барсаң – көкіректеніп, сені тыңдамақ 
түгіл, байқамайды да. Айтшы, шыныңда да, ақшаның әсері осын-
шалықты күшті ме?
– Терезеге қарап не көріп тұрғаныңды айтшы?
– Бір әйелді баласымен. Базар жаққа кетіп бара жатқан арбашы-
ны…
– Жақсы. Енді айнаға қара, не көріп тұрсың?
– Айнадан не көруші едім? Өзімді ғана.
– Негізінде терезе де әйнектен, айна да әйнектен жасалынған. 
Алайда, аздап күміс себілген әйнектен өзіңнен өзгені көре алмай-
сың.

209
Кәсіби қазақ тілі
ІІ БӨЛІМ
Мен кімге еліктеймін?
Танымал журналистер
Дина Төлепберген
(Газетке берген сұхбатынан ықшамдалып алынды)
ҚР  халқы  Дина  Төлепбергенованы 
«Отырар»  телеарнасындағы  «Жас 
толқын» жастар хабарынан танып біл-
се,  енді  Динаны  «КТК»  телеарнасын-
дағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасын 
жүргізетін журналист ретінде біледі. 
«Астарлы ақиқат» бағдарламасы ту-
ралы Дина: 
– «Астарлы ақиқаттың мақсаты бү-
гінгі болмысты бұқпасыз, боямасыз ба-
яндау. Бұл жобада біз тың идея аясына 
ұмтыламыз. Оның мақсаты – мысқыл-
мен  намысты  қайрау,  көңілді  толған-
дыру,  ойлылыққа  шақыру.  Астарлы  ақиқаттың  әкесі  –  КТК 
телеарнасы, анығын айтсам, Арман Шораев, Дәурен Меркеев, 
Срайыл Смайыл деген ағаларым, ал анасы – мен. Ой тұнығын-
да жатқан ойлар көп. Қазіргі таңда, шығармашыл достарыммен 
бірге  әлеуметтік  роликтерді  түсірумен  айналысып  жатырмын. 
Деректі фильм де түсіріп жүрмін. Жалпы, алға қойған мақсатым 
көп. Еліміз аман, денсаулығымыз зор болса, бағындырар шыңы-
мыздың бәрі алда! Бүгінгі қадамдарымның бәрі – тәй-тәй басу 
ғана...», – дейді.

210
Жағыпарова Майра
Бейсен Құранбек
1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауда-
ны, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы 
Қазақ  ұлттық  университетін  бітірген.  Еңбек  жолын  республи-
калық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен 
бастаған.  Ал  қалған  жылдарын  қазақ  телевидениесімен  байла-
ныстырып, «Рахат», «Хабар», «31-арна», Президент телерадио-
кешенінде қызмет атқарған. 
2007-2012  жылдары  Алматы  облыстық  «Жетісу»  телеарна-
сының бас директоры болды. Қазіргі уақытта «Қазақстан» ұлт-
тық арнасының «Айтуға оңай» ток-шоуының тележүргізушісі.
(Интернеттен алынды)
Отбасының  қағидасын  жеке  басым  үшін  жазғанмын.  Бұл 
дүниеде ережесіз ешнәрсе жоқ. Қазір керемет махаббатпен қо-
сылып-ақ әрбір төртінші отбасы ажырасып жатыр. Себебі ор-
тақ мәміле, ортақ қағида жоқ. Қағидаларды жазуды 25 жасымда 
бастадым.  Оқуға  кеш  түскендіктен  отбасын  сәл  кешігіңкіреп, 
27  жасымда  құрдым.  «Диплом  алмайынша  үйленбеймін»  деп 
өзіме уәде берген едім.... Өмір көрген ағалар «Әр отбасының өз 
конституция сы болуы керек. Олай болмайынша ерлі-зайыпты-
лар арасында сезім суып, көңіл қалады. Көңіл қалған соң шаңы-
рақ шайқалады» деген-ді. Сол сәттен бастап мен де отбасылық 
бағдарламамды жасай бастадым.

211
Кәсіби қазақ тілі
(Бейсеннің үйленетін кезінде жасаған қағидасы.)
Отбасының 7 қағидасы:
1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күн-
нен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені 
құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғамын. Он бес 
жылдан  бері  «сіз»  деген  сөз  отбасымыздың  татулығының 
тірегіне  айналды.  Достарымның  әйелдері  біреуі  5  жылдан 
соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін 
«сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала 
да әкесін құрметтейтінін түсінді;
2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің 
ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айт-
қандай айтамын, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісі-
не ұрысқандай ұрысады;
3) Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргіз-
бейміз;
4)  Балаларымызды  мектепке  дейін  хан  сияқты  сыйлай-
мыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен 
соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
5)  Ренжісіп  қалсақ,  5  минуттан  соң  сөйлесеміз.  «Жақсы 
адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы 
басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт 
санап отырамыз;
6)  Біздің  үйде  ер-азамат  есеп  бермейді,  телефон  соғып: 
«Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. 
Кейбір  достарымның  әйелдері  телефонмен:  «Қайда  жүрсің 
қаңғырып?»  –  деп  жатқанын  естігенде,  телефоны  болмаған 
біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
7)  Ешқашан  ажыраспаймыз.  Маған  әйел  табылады,  оған 
күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола ал-
майды.

212
Жағыпарова Майра
Көк сандыққа жіпсіз байлайтын Сейітханов
(Cұхбаттан үзінді)
Қазақ  спорт  журналистикасында  өз  қолтаңбасы  бар  спорт 
шолушыларының  бірі  –  Амангелді.
Оны білмейтін спорт жанкүйері жоқ 
шығар. Амангелдіге тән қасиет – көк 
сандыққа  телмірген  жанкүйерді 
қоңыр  дауысымен  баурап  алатыны. 
Футболдан 1998 жылғы әлем чемпио-
натында, Атланта мен Сидней Олим-
пиадасында  халықпен  бірге  қуанып, 
Бекзат  пен  Ермаханның  жеңісін  кө-
гілдір экранның ар жағындағы дүйім жұртпен қосыла тойлағаны 
әлі есімде. 
А.Сейітханов:  –  Спорт  журналистикасына  келуімнің  өзі 
қызық.  ҚазМУ-де  оқып  жүргенде  ұстазым  Бауыржан  Омаров 
«Лениншіл  жас»  («Жас  Алаш»)  газетіне  шақырды.  «Лениншіл 
жастың» табалдырығын имене аттадым. Бауыржан аға газеттің 
спорт бетіне жауапты Несіп Жүнісбаевтың алдына алып барды. 
Несіп аға маған «Қайрат» футбол командасының қазіргі жай-
күйі туралы мақала жазуды тапсырды. Кейін Несіп аға «Спорт» 
газетінің редакторына алып барды. Сөйтіп, журфактың екінші 
курсында оқитын мен штаттық негізде жұмысқа қабылдандым. 
«Спорт» газетіне келуімнің өзі тағдыр ұсынған бақыт сияқтана-
ды. 
1994 жылы Қазақ теледидарының спорт бағдарламасы редак-
циясына жұмысқа ауыстым. Сол жерде «Тұғыр», «Құм-сағат» 
секілді спорт бағдарламаларын аштым. Комментаторлығым өз 
алдына,  Орталық  стадионнан  тікелей  репортаждар  жүргіздім. 
1998 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде қызмет атқарып ке-
лемін. Сол жылы Диас Омаров ағамыз екеумізге алғаш рет «Ха-
бар» арнасында Францияда өткен әлемдік доп додасынан тікелей 
репортаж жүргізуге тура келді. Ол жақтың уақыты бізге сәйкес 
келмегендіктен, түнімен репортаж жүргіземіз. Ал күндіз жаңа-
лықтарда қызмет атқарамын. Содан соң 2000 жылы Сиднейден 
сыр шерттік. (Руслан Меделбек)

213
Кәсіби қазақ тілі
Айгүл Мүкей
1975 жылы 6 наурызда Целиноград 
қаласында  өмірге  келген.  17  жасынан 
бастап  Целиноград  телевидениесінде 
жұмыс істеген. Ақмола педагогикалық 
институтын  бітірген.  Алматыға  1996 
жылы келген. Жүргенов атындағы Қа-
зақ  ұлттық  өнер  академиясында  орыс 
тілі  мен  әдебиетінен  оқытушы  болып 
жұмыс істеген. 
1998  жылдан  «Хабар»  телекана-
лының  жаңалық  жүргізушісі  және  де 
әртүрлі  қызметтерде  болған.  Қазақ, 
орыс және ағылшын тілдерін біледі.
2009  жылдан  бастап  «Ел  Арна»  телеарнасының  директоры 
және Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында аға 
оқытушы.
 «Құрмет» және «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальда-
рымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыс хаттарын алған.
(2002) Жыл журналисі, (2003) ҚР жастар Одағы сыйлығы-
ның  лауреаты,  (2006)  журналистика  саласы  бойынша  «Нұр 
Отан» ХДП сыйлығының иегері.
 Айгүл Мүкей олимпиадашыларға арнап «Алға, Қазақстан» 
әнінің сөзін жазған. Ондағы басты мақсатым: «Өз батырлары-
мызды жақсы танып, құрметтеу және ән арқылы жастарды отан-
сүйгіштікке тәрбиелеу» деген екен сұхбатында. 
(Ал  музыкасын  жазған  Ермек  Елгезеков.  Орындаушылар,
танымал спортсмендер: палуан Ислам Байрамуков, жеңіл атлет-
ші Ольга Шишигина, гимнастка Алия Юсупова және боксерлер).
Хоббиі – «Интересно все, что касается журналистики и те-
левидения; качественная литература, уход за собой и общение с 
друзьями и близкими, к сожалению, только на это хватает време-
ни. Интересует дизайн и мода».

214
Жағыпарова Майра
Нұртілеу Иманғалиұлы
Нұртілеу  «Алтыбақан»,  «Көкпар»,  «Дода»,  «Ақиқат  пен 
аңыз», «Есіңде ме жолдас», «Дидар» сияқты хабарлар жасады. 
«Ақиқат»  атты  жастардың  пікірталас  клубын  құрып,  оны 
«Ашық әңгіме» хабарымен 
ұштастырды. 
Бұлардың 
бәрінен  Нұртілеудің  еш-
кімге  ұқсамайтын  өзіндік 
қолтаңбасы айқын аңғары-
латын.  Оқушы  кезінде  во-
лейболмен, жеңіл атлетика-
мен,  бокспен  әуестеніп,  ау-
дандық,  облыстық  және 
республикалық  жарыстар-
дың жүлделеріне ие болған. 
Бокстан  спорт  шеберлігіне  кандидат  атағына  дейін  жеткен. 
Нұртілеудің хабар ұйымдастырудағы, оны жүргізудегі тәсілдері 
де спортшыға тән тосын, шалт қимылдардан, эфирде жүздесіп 
отырған кейіпкерге күтпеген сұрақ қоюлардан тұрады. Нұртілеу 
«Хабар» агенттігінде «Бетпе-бет» бағдарламасы арқылы көрер-
мен жүрегін жаулап алды.
Нұртілеу  Иманғалиұлы  мемлекеттік  қызметте:  Үкімет 
Кеңсесінде, кейіннен Президент Әкімшілігінде қызмет атқарды. 
Бұл кезеңде ол мемлекетшіл қайраткер ретінде танылды. 2005 
жылдан  бастап  «Қазақстан»  республикалық  телерадио  корпо-
рациясы»  АҚ  Жаңалықтар  және  сараптамалық  бағдарламалар 
директорының  орынбасары  болып  қызмет  істеді.  Көрерменге 
кеңінен  таныс  болған  Бейбіт  Құсанбек,  Серік  Жанболат,  Ду-
ман  Хамит,  Айгүл  Мүкей  т.б.  шәкірттер  тәрбиелеп  шығарды. 
Ұлттық арнаның жұмысын жаңа биіктерге жетелеген «Күй-ке-
руен»  фестивалі,  «Дала-думан»,  «Ән  айтыс»,  «Күй  тартыс», 
«Айтыс», «Қайырлы таң, Қазақстан», «Отау», «Құрбы-құрдас», 
«Тау-тұлға»,  «Бастау»,  «Айна-апта»,  «Айна»  бағдарламалары

215
Кәсіби қазақ тілі
көрермендер көңілінен шықты. Идеясын өзі ұсынған «Қолтаң-
ба»  бағдарламасы  мен  «Көршілер»  ток-шоуы  көрермендер  кө-
зайымына айналды. Ол корпорацияға басшылық жасаған тұста 
«Қазақстан дидары» атты электрондық газет шығарылды.
 Алматы облысына қарасты Ақсу ауданының «Құрметті Аза-
маты», Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Мәртебелі 
профессоры», Қазақстан Журналистер Одағының екі мәрте лау-
реаты.  «Алтын  Жұлдыз»  сыйлығының  иегері,  ҚР  мәдениетіне 
еңбегі  сіңген  қайраткер,  ҚР  «Құрметті  журналисі».  Танымал 
журналист, көрнекті тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы тура-
лы әңгіме бола қалса, жұртшылық ең алдымен оның кезекті ха-
барын жүргізіп болғаннан кейін көрерменмен үнемі «Бай, қуат-
ты болайық!» деп қош айтысатын қанатты сөзін ауызға алады.

216
Жағыпарова Майра
Маралбек Сағынғанов
  Маралбек «Еуразия Бірінші» телеарнасы 
жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі.
(Интернеттен алынды)
–  Алғашқыда  репортаждарды  тек  қа-
зақ тілінде жазып жүрдіңіз бе? «Өзімді екі 
тілді журналист ретінде сынап көруге бел 
будым» деген болатынсыз. Сынақтан өте 
алдыңыз ба?
–  Қазақ  және  орыс  тілді  жүргізуші 
ретінде  бір  жылдай  эфирде  болдым. 
Орысша  «акцентпен»  сөйлейтінімді  сынағандар  да  кездесті. 
Бірақ тап бұдан қысыла қойғаным шамалы. Бәрібір ана тілімде 
сөйлегендей сөйлей алмасым анық. Қазір орыс тілінде материал-
дар жазып, ақпараттық сайтқа беріп жүрмін. Редакторлар «қоя 
қой» деп жатқан жоқ. Көп мақтамайды да. Соған қарағанда әлі 
де сынақта жүрген тәріздімін.
– Диктор ретінде сөйлесеңіз: эфирге дейін немесе эфир бары-
сында қандай да бір кедергілер болды ма?
–  Эфирге  дейін  ешқандай  кедергілермен  ұшырасып  көр-
меппін.  Рас,  мәтіндерді  түзету  барысында  тілшілермен,  редак-
торлармен  түсініспей  қалатын  кездер  болады.  Бұл  кез  келген 
ұжымда кездесетін жәйт. Ол керісінше өнімнің сәтті шығуына 
жағдай жасайды. Дегенмен, тікелей эфирдің аты – тікелей эфир. 
Түрлі форс-мажор сәттер болып тұрады. Менің міндетімнің бірі 
– сол сәттердің «жымын» білдірмей жіберу.
–  Мәселен,  Алматы  маңында  құлаған  ұшақ  апатынан  қаза 
болғандар  жайында  ақпаратты  сізге  эфирге  қағазға  жазып 
әкеліп бергенде, қандай қиындық болды?
– Бұл жүргізушілік қызметімдегі ең ауыр эфир болды. Апат-
қа қатысты, кезектен тыс шұғыл жаңалықтар шығардық. Жиыр-
ма  бір  адамның  қазасын  естірту  оңай  емес.  Қаза  болғандар-
дың әрқайсысының есімін көмейден күшпен шығаруға тура кел-
ді.

217
Кәсіби қазақ тілі
– Жұртшылық көбіне журналистерді тек қана келеңсіз жаңа-
лықтар берумен шектеледі. «Кейде осы БАҚ-ты оқып, теледидар 
көрудің қажеті шамалы… Айтады, айтады, нәтиже жоқ...» де-
гендей пікірлер айтып, кінәлап жатады. Бұған не дейсіз?
– Әрине, әрбір айтқан сөзімізден нәтиже шығып жатса, біз де 
мәз болар едік. Алайда, БАҚ – мәселені шешетін құзыретті ме-
кеме емес. Мәселенің түйінін тарқататын мамандар бар. Журна-
листердің міндеті – көрсету, айту, назар аударту, ең әрі кеткен-
де бақылау. Біздің арнаның басшылығы мұндай ақпараттарды 
негізгі жаңалықтарда көрсетпеу туралы шешім қабылдады. Сол 
үшін арнайы «112» бағдарламасы ашылды.

218
Жағыпарова Майра
Тілеуқабыл Мыңжасар
  Тілеуқабыл  Үсенұлы  Мыңжасар  «Ха-
бар»  агенттігінің  Алматы  облысы  бой-
ынша  тілшісі.  Түркістан  қаласында 
туылған.  Білімі  жоғары.  Қазақ  Мемле-
кеттік  университетінің  журналистика 
факультетін  бітірген.  «Хабардағы»  ең-
бек  өтілі  –  15  жыл.  Телевидение  сала-
сындағы қадамын 1975 жылы Қазақ те-
ледидарында балалар мен жастар хабар-
ларын жасаудан бастаған.
Сүйікті ісі – гүл өсіру.
Сүйікті демалысы – табиғатта серуендеу.
Қызықты кинофильмі – «Менің атым – Қожа».
Сүйікті кітабы – Абайдың қара сөздері.
Тілеуқабыл Үсенұлының арманы – мамандығы жайлы кітап 
жазу.
Өмірдегі жарқын оқиғасы – Елбасына «Хабар» агенттігінің 
«Алтын микрофонын тапсырған сәті.
Адамдарда  адалдықты  бағалайды,  өтірік  пен  қызғаншақ-
тықты жек көреді.
Жетістіктері мен марапаттары:
• «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған;
• Президенттің Алғыс хатына ие болған;
• Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты;
• Алматы облысының Құрметті азаматы.

219
Кәсіби қазақ тілі
Қанат Әуесбайұлы
  Қанат  (журналистикадағы  имидждiк 
есiмi  Әуесбайдың  Қанаты)  халықаралық 
журналист,  тележүргізуші,  фил.ғыл.канди-
даты; Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 
университетінің журналистика және саясат-
тану  факультеті,  телерадиожурналистика 
және  бұқарамен  байланыс  кафедра-сының 
доценті; Еуразия телевизия және радио Ака-
демиясының  мүшесі  (Мәскеу);  Қазақстан 
Журналистер Одағының мүшесі; Қазақстан 
Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты; 
«Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  иегері;  Қазақстан 
Жастар  Одағы  «Серпер»  сыйлығының  лауреаты.  Қазақ,  орыс, 
ағылшын тiлдерiн еркін бiледi.
1982 жылы 14 қаңтарда Тараз қаласында ұстаздар отбасын-
да дүниеге келген. Журналист болуына өзінің айтуы бойынша 3 
адам, 1 газет ықпал еткен. Алғашқысы көз жанары көруден қалған 
атасы Сақыпкерей болған. Атасы оған газеттерді оқыттырып, хат 
жаздырған. Атасының көңілін аулау үшін басылымдарда жарық 
көрген әңгімелерді, тартымды мақалалардың қызықты жерлерін 
оқып беретін. Сөйтіп, атасының газеттерінің арқасында қолына 
қалам алған. 1996 жылы республикалық «Ұлан» балалар газетін-
де Жамбылдың 150 жылдығына орай мектебінде өткен кеш ту-
ралы «Ғасырдың қарт бұлбұлы» атты тұңғыш мақаласы басыл-
ды. «Ұлан» балалар газетінің тұрақты авторы болып, кейінірек 
«жас тілшісі» атанды. Қанат кәсіби музыкант, баянда ойнайды, 
домбыра шертеді, пианинода ойнау өнері бар. 9-сыныптан кейін 
Тараздағы гуманитарлық колледждің халық аспаптары бөлімінде 
«баян» сыныбында бір жыл оқыған. Колледжде жүргенде құра-
мында баян мен екі домбырасы бар «Серілер» триосын құрған. 
Университетте «Бейбарыс» тобы құрамында ән айтқан. Әндері 
бір  CD-табаққа  енді.  Университет  қабырғасында  «Жігіт  сұлта-
ны» байқауының 1 орын иегері атанды. 

220
Жағыпарова Майра
2002-2003 жылдары – «Түркістан» халықаралық газетінің тіл-
шісі;
2003-2009 жылдары – «Европа плюс Қазақстан» радиосында 
сазды жүргізуші;
2003-2004 жылдары – «Информбюро» ақпараттық бағдарла-
масында тілші, «31 телеарна»;
 2004-2006 жылдары – Ақпараттық бағдарлама тілшісі, «Қа-
зақстан» телеарнасы;
2006-2009 жылдары – Ақпараттық бағдарлама редактор-са-
рапшысы, «Қазақстан» телеарнасы;
2009-2010 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналис-
тика факультеті оқытушысы;
2011 жылдың наурыз-сәуір аралығында Тәуелсіздіктің 20 
жылдығына арналған «Қазақстан. Менің елім» бағдарламасы-
ның авторы, жүргізушісі, «Қазақстан» телеарнасы;
2010-2011  жылдары  –  «Апта.kz»  ақпараттық-сараптамалық 
бағдарламасының жүргізушісі, шеф-редакторы, «Қазақстан» те-
леарнасы;
2011  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  Л.Гумилев  атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану 
факультеті,  телерадиожурналистика  және  бұқарамен  байланыс 
кафедрасының доценті;
2011 жылдың желтоқсанынан бастап 2013 жылдың ақпанына
дейін  «Өзекжарды»  телесұхбатының  авторы  әрі  жүргізушісі, 
«Қазақстан» телеарнасы.
2012 жылдың 2 қарашасынан бастап 2013 жылдың ақпанына 
дейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы қоғамдық-саяси «Алаң» 
ток-шоуын жүргізді.

221
Кәсіби қазақ тілі
Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова
  Алғашқы  шығармашылық  жолымды 
бұрынғы «Шахар» қазіргі «Хит ТВ» ар-
насында  бастадым.  Менің  Ләйлә  Сұл-
танқызы  болып  елге  танылуыма  бір-
ден-бір  септігін  тигізген  ТМД  елдеріне 
танымал  әнші  Батырхан  Шүкенов.  Ол 
1996-97  жылдары  «А-студио»  тобымен 
бірге Ресейден Алматыға гастрольдік са-
пармен келгенде үнемі менің бағдарлама-
ларымды  көріп  «қазақшаны  өте  жақсы 
сөйлейді екен» деп маған таңырқап қарап 
жүреді екен. «Шахар» арнасының ол кез-
дегі  бастығы  Қайрат  Көлібаев  болатын. 
Бір арнада төрт-ақ журналист жұмыс істейтінбіз. Бір күні жұ-
мыста  жүрсем,  Батырхан  Шүкенов  мені  арнайы  іздеп  келіп, 
алғысын білдірді. Сондай ТМД елдеріне танымал әнші мені із-
деп келіп, жұмысыма оң бағасын бергенде менің өзім таңқал-
дым. Шынымды айтсам, кеудемді қуаныш кернеп, менен бақыт-
ты адам жоқ шығар деп ойладым. Уақыт өте келе, елімізге «Super 
star» атты жаңа жоба келді. Бір күні сол айтулы жобаның ұй-
ымдастырушылары маған хабарласып, «Сіз осы бағдарламаның 
қазылар алқасының мүшесі болып тағайындалдыңыз» дегенде 
өз-өзіме  не  сенерімді,  не  сенбесімді  білмедім.  Кейіннен  естідім 
ғой, «Super star» жобасында қазылық етуге мені ұсынған Батыр-
хан  Шүкенов  екен.  Қазылар  алқасының  бас  мүшесі  Батырхан 
Шүкенов болғандықтан, ол мені таңдапты. Осылайша бүкіл қа-
зақ халқына танылдым. Қазір, Аллаға шүкір, өз көрермені бар 
тележүргізушілердің бірімін. 2005 жылы отбасын құрдым. Жол-
дасымның есімі Қайрат. Сағадат, Сардар есімді екі ұлым бар.
Ләйлә 1977 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген.
1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика 
факультетін бітірген.

222
Жағыпарова Майра
1997-1998 жылдары «Интерньюс-Қазақстан» ҚҚ телерадио-
журналистика курсын оқыған
Еңбек жолын 1997 жылы «Шаһар» ТРК-да тележүргізуші бо-
лып бастаған.
1999-2003 «Шаһар» ТРК продюсері.
2003-2006 жылдары «Хит ТВ» телеарнасының директоры.
2008  жылы  «Қазақстан»  РТРК»  АҚ  бағдарламалар  продю-
сері.
2008  жылдың  тамызынан  қазірге  дейін  «Kazmedia  Mobile» 
ЖШС Бас директоры.
2009-2011  жылдары  Орындаушылар  құқықтарын  басқару-
дың Қазақстандық қоғамы, Орындаушылар Кеңесінің төрайы-
мы.
2011  мамыр-қыркүйек  айларында  «Кино+сериал»  баспасы-
ның Бас редакторы.
2012  жылдың  4  мамырынан  «Балапан»  телеарнасының  ди-
ректоры  және  «Қазақстан»  ҰТА-ның  «Әйел  бақыты»  ток-шо-
уының авторы әрі жүргізушісі.

223
Кәсіби қазақ тілі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет