Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1-тапсырмаМәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1) Журналистиканы пайдаланған технологиялар мен құрылғы-
ларына қарай қанша түрге бөледі?
2)  Зерттеуші  Лев  Кройчик  журналистика  жанрларын  қаншаға 
бөлді?
3) Журналистер мен зерттеушілер жанрларды қаншаға бөлді?
4) Журналистика типологиясы қандай салаларға бөлінеді?
2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Фотожурналистика может быть печатной. Радиопрограммы мо-
гут передаваться через сеть. Интернет в звуковом и текстовом виде. 
Интернет-издания могут готовить программы для радио. Телевизи-
онное  вещание  может  быть  организовано  через  сети  (мобильный 
интернет, мобильную связь) и т.п.

46
Жағыпарова Майра
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Фотограф пен фототілші
Фотограф  пен  фототілшінің  айырмашылығы  бар.  Фотограф 
белгілі бір құжатқа түсіреді, жарықтың бәрін алдын ала дайындап 
қояды. Біреулері орталық алаңдарда жүреді, бірі мекемелерде фото-
граф болып қызмет атқарады. Ал фототілші жаңағыдай белгілі бір 
шеңберге сыймайды. Ең бастысы, адамның қырағылығы, яғни бо-
лып жатқан оқиғаның жеткізілуін дәл табу арқылы жүзеге асады. 
Алдын ала дайындап қою жоқ. Демек, талант пен қабілет, ұшқыр 
қиял  керек.  Әрине,  техникалық  жағын  ескеру  міндетті.  Фототіл-
шілік – көзқарас пен пікірді сурет арқылы беретін журналистика-
ның бір саласы. Кез келген оқиға, күтпеген жағдайлардың көрінісі 
фототілшілердің еншісінде. 
...Біздің  елімізде  фотожурналистика  мамандығын  беретін  оқу 
орны  жоқ.  Қазіргі  фототілшілердің  барлығы  –  бұл  салаға  қы-
зығушылықпен келіп, тәжірибе жинап, өздігінен саланың қыр-сы-
рын меңгергендер. 
  ...Бұрын  фотожурналистер  өздерiнiң  фотосуреттерiн  орталық 
мұрағатқа тапсыратын. Оны қажеттi уақытта пайдаланып отыруға 
мүмкiндiк болатын. Қазiр ол жүйе жоқ. Бүгінгі тарихты болашақта 
іздеу де қиынға соғуы да мүмкін.
(blogtime.kz сайтынан алынды. 24 мамыр, 2014 ж.)
 
4-тапсырма.  Сіз  газетке  журналист  болып  жақында
орналастыңыз. Сізге бөлім басшысы төмендегі салаларды ұсын-
ды.
 
Саяси журналистика.
 
Халықаралық журналистика.
 
Музыкалық журналистика.
 
Спорттық журналистика.
 
Мультимедиалық жуналистика.
 
Азаматтық журналистика.
 
Экономикалық журналистика.
 
Діни журналистика.
Сіз қайсы 
саланы 
таңдайсыз? 
Себебін 
түсіндіріңіз?

47
Кәсіби қазақ тілі
Кірме сөздер
(Заимствованные слова)
Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында 
қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, араласқаны 
мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен 
қазақ  тіліне  көптеген  сөздер  енген.  Керісінше,  басқа  тілдерге  де
қазақ тілінен көптеген сөздер енген. Мысалы, араб және парсы тілі-
нен енген әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, 
емтихан т.б. сөздер бар.
Моңғол  тілінен  ел  билеуге  байланысты  ұлыс,  нөкер,  жасақ,
аймақ, жарлық сөздері, жер-су атауларына қатысты Тарбағатай, 
Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай т.б. атаулар кірген.
Жер-су  атауларының  шығу  тарихын  зерттейтін  ғалымдардың 
пікірінше  Тарбағатай  моңғолдың  «тарбаған»  (суыр)  деген  сөзінен 
шыққан, «тай» тау деген сөз. Яғни, Тарбағатай тауының мағынасы
«суырлы  тау»,  ал  Алтай  «заңғар  тау,  алып  тау»  деген  сөзден 
шыққан дейді. 
«Зайсан»  көлінің  атауы  –  аштыққа  ұшыраған  көптеген  адам-
дардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен бай-
ланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, 
мейірман» деген мағынаны білдіреді.
Ал орыс тілінен енген сөздер: 
а)  Қазан  төңкерісіне  дейін  енген  сөздер    болыс,  сот,  жәшік,
кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тәрелке, т.б. 
ә)  Кеңестік  дәуірде  кірген  кейбір  термин  сөздер  өзгеріссіз
қалпында қолданылады – телефон, телеграф, автомобиль т.б.
Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.
Неміс тілінен: штраф, офицер, орден, штурм, рота, кран.
Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.
Ағылшын тілінен: чемпион, бокс, вагон, вокзал, митинг.
Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. 
Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, 
герб – елтаңба, гимн – әнұран.
«Жәрмеңке» неміс сөзі. Jahr – «жыл» және Markt – «сауда» деген 
сөз. Немістер жылына бір рет арнайы жерде ұлы жиын сауда ұй-
ымдастырып, оны JahrMarkt деп атаған. Немістен бұл сөз поляк тілі

48
Жағыпарова Майра
арқылы орыс тіліне ауысқан да, соңына тілдік ерекшелікке сәйкес 
 жалғауы қосылып ярмарка түрінде қалыптасты. Орыс тілінен 
енген бұл сөз тілімізге енгенде фонетика заңдылығына сай «жәр-
меңке» болып өзгертілген.
Есте сақтаңыз!
Кірме 
сөздер
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі баламасы
Пұл
ақша, қаржы (деньги, денежные средства)
Шайыр
суырып салма ақын (поэт-импровизатор)
Сарбаз
жасақшы,  қол,  әскер,  жауынгер  (дружинник, 
армия, воин)
Ғибрат
үлгі,  өнеге  (поучение,  поучительный  пример 
образец, пример)
Ғұлама
ғалым, оқымысты ( ученый)
Пешене
жазмыш, 
тағдыр 
(предопределение; 
рок; 
судьба;  участь  /по  народному  представлению, 
предначертанная богом на лбу человека/)
5-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
жәшік 
(чайник)
кереует
(конфеты)
сөмке
(кровать)
бәтеңке
(тарелка)
шайнек
(машина)
тәрелке
(самовар)
сіріңке
(сумка)
самауыр
(ботинки)
кәмпит
(спички)
мәшине
(завод)
зауыт
(ящик)

49
Кәсіби қазақ тілі
6-тапсырма. Сәйкестендіріңіз және сөйлем құрастырыңыз.
Музыка саласы
актер
Медицина саласы
натюрморт
Баспа жұмысына
гипостаза
Ғылым саласы
рок-фестиваль 
Сурет өнеріне
кегль
Ботаника ғылымына тəн
профессор
Тұрмыстық зат
хирург 
Сусын
джакузи
Өнер саласы
коктейль 
7-тапсырма. Өлеңнен кірме сөздерді табыңыз.
 «Интернатта оқып жүр»
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы. 
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе, 
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бəрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз 
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы?
(Абай Құнанбаев).

50
Жағыпарова Майра
8-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз, сөздіктің көмегімен ауда-
рыңыз.

51
Кәсіби қазақ тілі
7-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Журналистикасыз қазіргі қоғам өмірін көзге елестету мүм-
кін емес. Журналистика XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен 
жазбаша хабар алмасу құралы ретінде пайда болған. Ал, оның 
ауызша  түрде  хабар  жеткізу  түрлері  ерте  кезден  басталған. 
Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолда-
рынан өтті. 
Журналистика – барлық уақытта қоғам өміріне араласа ала-
ды  және  баға  берумен,  қорытындылар  жасаумен,  ұсыныстар 
айтумен  қоса,  ол  адамдарды  тәрбиелейді.  Журналистика  тек 
қана хабарларды берумен шектеліп қалмай, ол сонымен бірге 
насихаттық рөл де атқарады. Журналистика – халық мүддесі-
не қызмет ететін, соның қажеттіліктерін қарастыратын сала. 
Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байы-
туға,  себепкер  болады.  Журналистика  бұқаралық  ақпарат 
құралдары болып саналатын баспасөз, радио, телевидение, ин-
тернет арқылы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын 
қысқартып БАҚ деп те атайды. Баспасөз, радио, телевидение-
нің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа 
ұсына отырып, қоғамға жат әрекеттерден сақтандыру. 
Журналистика  –  баспасөз,  радио,  телевидение  сияқты  әр 
алуан мекемелердің басын құрайтын ерекше әлеуметтік инс-
титут  болып  табылады.  Ол  –  БАҚ  пайдаланатын  ақпаратты 
тарататын  және  олардың  түрлерін  қалыптастыратын  арна-
лардың біртұтас жиынтығы. БАҚ проблемаларын зерттейтін 
ғылым саласы да журналистикаға жатады.

52
Жағыпарова Майра
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
көзге елестету –
представить
алмасу –
обменяться
жеткізу –
доставлять
танымдық –
познавательный
сақтандыру –
предупреждать, предостерегать
жат –
здесь: чуждый
қоғамдық пікір –
общественное мнение
ұсыныс –
предложение
өңдеу –
обработка
ұсыну –
предлагать
қажеттілік –
необходимость, надобность
басылым –
издание 
мекеме –
учреждение
бұқаралық ақпарат құралдары – средства массовой информации
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Журналистиканың қоғамдағы рөлі қандай?
2. Журналистиканың негізі қашаннан басталған?
3. Журналистика қандай сала?
4. Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті не?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырыңыз.
Журналистің бармайтын ........... , баспайтын .......... , ашпайтын 
........... қалмайды. Журналист өмірдің ............... да, ............ да, қоғам-
ның ............... да, .............. да жазады. Қажет болса (егер кейіпкері 
түрмеде болса................ , жындыханада болса ................, т.с.с) өртке 
де араласады, сотқа да кіріседі, ұрысқа, қылмыстық ................. да, 
саяси шараларға да, өлімге де араласады (тіпті, өз шындығын қорғау 
үшін .............. да мүмкін, репортаж жүргізу үшін ............. баруы да 
ықтимал, керек болса өлімге де бас тігеді). Өйткені ................ бал 
арасына ұқсап, өзіне қажет ................. жер-көкті кезіп, шартарапты 
шарлап, тірнектеп, теріп жүріп жинайды. Сол ізденістің барысын-

53
Кәсіби қазақ тілі
да  небір  керемет  ләззат  алатын  таңғажайып  .............  сәттерді,  со-
нымен қатар, адам айтса сенгісіз ................ оқиғаларды, қилы-қилы 
күрделі  процесстерді  бастан  кешіреді.  Қызмет  бабындағы  кәсіби 
.............. – өз алдына бөлек дүние. Басқа сала өкілдерін былай қой-
ғанда экранда да, эфирде де «жұлдыздардың» ............... жармасып, 
жүргізушілікке таласатыны –................ .
(Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті, бас-
пасөз  және  электронды  БАҚ  кафедрасының  доценті,  филология 
ғылымдарының  кандидаты  Жидегүл  Әбдіжәділқызының  журна-
листиканы сипаттауы). 
Керекті сөздер:
ақпаратты / ақпаратты / азабын / бәсеке / ғажабын / жері / жақ-
сылығын / жамандығын / журналист / жындыханаға / есігі / микро-
фонға / оқиғаларға / соттасуы / соғысқа / сұмдық / тауы / түрмеге
/ тамаша/ факт.
 
3-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз.
Сіз  мемлекеттік  маңызы  бар  нысан  саналатын  ірі  кəсіпорын 
сатуға шығарылған аукционға баспасөз өкілі (журналист) ретінде 
қатысып отырсыз. Сатып алуға үміткерлер арасынан бағаны қолдан 
көтеріп отырған адамдарды байқадыңыз.
Сіздің әрекетіңіз?
* жайбарақат
отыра бересіз;
*аукционды 
ұйымдастырушыларға
ескертесіз;

54
Жағыпарова Майра
Тұрақты сөз тіркестері. 
(Фразеологизмы)
Тұрақты  сөз  тіркестері  –  екі  немесе  бірнеше  сөздің  тіркесуі 
арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері. 
Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөз-
дердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары 
тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді.
Мысалы: «тас бауыр» деген тұрақты тіркестің мағынасы – мейі-
рімсіз болса, «су жүрек» деген тіркестің мағынасы – қорқақ.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйе-
мен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе 
басқа сөзбен алмастыруға келмейді. 
Мысалы:  «тайға  таңба  басқандай»  дегенді  «жылқыға  таңба 
басқандай» деп бір сөзін алмастырып айтуға болмайды.
Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. 
1)  М:  Бұл  жарыста  қазақстандықтардың  бағы  жанды.  «Бағы 
жану»  деген  тұрақты  сөз  тіркесінің  мағынасы  –  жолы  болу,  та-
бысқа жету. 
2) М: Осы жолы ол қарсыласынан тізе бүгуге мәжбүр болды. 
«Тізе бүгу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – жеңілу. 
3) М: Біздің команда жеңгенде, төбеміз көкке жетті. «Төбесі 
көкке жету» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – қатты қуану.
4) М: Олар соңғы минутта жеңіліп, санын соғып қалды. «Санын 
соғу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы – өкіну.
4-тапсырма. Жаттап алыңыз, жағдаят құрыңыз.
 
ақ сөйле – говори правду; 
 
арзан қол – дешевый; 
 
аталы сөз – слово-назидание; 
 
атам заманнан – издавна; 
 
аты жер жару – стать очень знаменитым; 
 
ауызы ауыр – неразговорчивый; 
 
аузы берік – держать язык за зубами; 
 
аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение;
 
аузыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова; 

55
Кәсіби қазақ тілі
 
төбе шашы тік тұру – волосы стали дыбом;
 
бармағын тістеу – кусать себе палец;
 
тыным таппай еңбек ету – работать не покладая рук.
5-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
ақ көңіл 
трус
тас жүрек 
клочок земли
ақ жүрек 
старый знакомый
су жүрек 
завистливый
іші тар 
справедливый, честный
ескі көз 
совершенно новый
аядай жер 
бездушный, бесчувственный
судай жаңа 
простодушный, добрый малый 
көзі ашық 
сделать карьеру, добиться успеха
тасы өрге домалау
грамотный, образованный
6-тапсырма.  Тұрақты  сөз  тіркестерін  қатыстырып,  сөйлем 
құрастырыңыз. 
Ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи); 
Құлақ салу – тыңдау (слушать); 
Құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас); 
Он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки); 
Қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не 
обидит); 
Қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быс-
тро).
Жұбын жазбау – ажырамау, үнемі бірге жүру (быть неразлуч-
ным).
7-тапсырма. Сұхбаттан тұрақты сөз тіркестерін табыңыз.
– Қайрат, сен өзі ақылыңнан адасқансың ба?
– Неге олай дедің?
– Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?
– Кімнен естідің?
– Бәрі айтып жүр ғой.

56
Жағыпарова Майра
– Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Серік, аталы сөз бар емес 
пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.
– Қайрат, рас айтасың.
– Мен аузы берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал 
олар айналасын ауыздарына қаратқысы келеді, ашса алақанында, 
жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар 
дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. 
Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.
– Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!

  8-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. 
2  шілде  –  Халықаралық  спорт  журналистері  күні.  1924  жылы
2 шіл де күні Парижде Халықаралық спорт басылымдары қауым-
дастығы  (AIPS)  құ рылған  болатын.  Ал  Халықаралық  спорт  жур-
налистері  күні  1995  жылдан  бастап  ата лып  өте  бастады.  Бүгінде 
AIPS-тің  құрамына  әлемдегі  130  мемлекеттің  спорт  журналис-
тері  кі реді.  Олардың  қатарында  Қазақстан  спорт  басылымдары
қауымдастығы да бар. 
(ҚазАқпарат). 

  9-тапсырма.  Төмендегі  тақырыптар  бойынша  «Қа-
зақстан» телеарнасынан көрсететіндей етіп, шағын мәтін дай-
ындаңыз. 
1)  «Қазақтілді тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали  Қара-
таев».
2) «Жылдың ең үздік телекомментаторы».
3) «Жылдың ең үздік жас спорт журналисті».

 10-тапсырма. «Чемпиондар әні» деп аталатын әннің музы-
касын Ермек Елгезеков жазған, ал сөзін Айгүл Мүкей жазған. Сіз 
бұл әнді кімдер орындайтынын білесіз бе? Орындаушылар туралы 
айтып беріңіз. Әннің сөзін тауып жаттап алыңыз.

57
Кәсіби қазақ тілі
 
8-сабақ
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
БАҚ туралы заңда: бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді 
баспасөз басылымы, радио жəне теледидар бағдарламасы, ки-
ноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы жəне көпшілік қол жеткі-
зе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет жəне 
басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат 
құралдары мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да 
нысаны делінген. 
Қазақстанда  мерзімдік  басылымдар:  орыс,  қазақ  жəне 
орысша-қазақша (яғни аралас тілде) шығады. 
Қазақстанда  мемлекеттік  жəне  жекеменшік  арналар  жұ-
мыс істейді. Олар: «Хабар», «Қазақстан-1», «Ел арна», «Асыл 
арна»,  «Таң»,  «31  канал»,  «Алматы»,  «Астана»,  «КТК», 
«НТК», «Еуразия – бiрiншi арна», «7 канал» т.б.
Қоғамның  өмір  сүруін  қамтамасыз  етудегі  БАҚ-тың  рөлі 
зор. БАҚ қоғамдағы ерекше құрал ретінде бағаланып «төртін-
ші билік» деп аталынуда.
«Төртінші билік» деген терминді журналистика саласына 
алғаш 1776 жылы атақты саясаткер, публицист Э.Берк əкелген 
екен. 1840 жылы француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді 
«төртінші билік» деп атаған. Бірінші билік – Президент, екін-
ші билік – Парламент, үшінші билік – Үкімет, төртінші билік – 
Бұқаралық ақпарат құралдары. Олардың əрқайсысының тең-
дессіз өз орны бар. Олар бір-бірімен байланысты.
БАҚ – əділдік пен шыншылдықтың жақтаушысы ретінде 
қабылданады. Сондықтан БАҚ – төртінші билік қана емес, бас-
ты қажеттілік!

58
Жағыпарова Майра
Бұқаралық ақпарат құралдарының басты қаруы – қоғамдық 
пікір.    Бұқаралық  ақпарат  құралдары  қоғамдық  санаға  əсер 
етеді  де  қоғамдық  пікір  туғызады,  қоғамның  бір-бірімен 
байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі  қоғамда  БАҚ-ты  ұйымдастырудың  үш  негізгі
жүйесі  қолданылады:  жеке  (коммерциялық),  мемлекеттік 
жəне қоғамдық-құқықтық. Олар əр елде əртүрлі. Алайда, бұл 
аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да əм-
бебап əрі мінсіз деп айтуға келмейді.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
БАҚ –
СМИ
мерзімді баспасөз басылымы – периодическое издание прессы
құжаттама –
документация; досье
дыбыс-бейне жазба – 
видео и звукозапись
бейнетаспа –
видеокассета
үздіксіз жария тарату –
неперерывное легализация 
распространения
нысан –
объект
əлеуметтік қызмет –
социальная услуга
қоғамдық санаға əсер етеді – влияет на общественное 
сознание
байланысын қамтамасыз 
етеді –
обеспечивает связь
қоғамдық-құқықтық –
общественно-правовой
əмбебап əрі мінсіз –
универсально и безупречно
төртінші билік –
четвертая власть
саясаткер –
политик
қоғамдық пікір –
общественное мнение
əділдік –
справедливость
шыншылдық –
искренность; моральная чистота; 
честность
азаматтық ұстаным – 
гражданскоая позиция

59
Кәсіби қазақ тілі
БАҚ еліміздің ішкі жəне 
сыртқы саясаты туралы 
хабарлайды –
СМИ сообщить о внутренней и 
внешней политике страны
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. БАҚ дегеніміз не?
2. Қазіргі қоғамда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі 
қолданылады. Атап шығыңыз?
3. «Төртінші билік» деген терминді алғаш әкелген кім?
4. Төрт биліктің бір-бірімен байланысын айтыңыз?
5. БАҚ-тың басты қаруы не екенін айтыңыз?
2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз, өз пікіріңізді айтыңыз.
«Газета  –  это  глаза  и  уши  народа»,  –  сказал  А.  Байтурсынов. 
Традиционно  наши  СМИ  воспринимаются  народом  как  носители 
достоверной  и  справедливой  информации,  и  задача  журналистов 
– сохранить это уже сформированное мнение. Проявление граждан-
ской позиции это кредо для любых СМИ.
 
3-тапсырма.  Бір  нұсқаны  таңдап,  жауабыңызды  негіз-
деңіз.
Сіз магистратураны жаңа бітірген 
журналистсіз. Сізге төменде көрсетілген 
қызмет түрлерін ұсынады. Сіз 
қайсысын таңдайсыз?
1.Тележурналист 
(Астана қаласына)
3.Радио дикторы 
(Өскемен қаласына)
2.Газет тілшісі
(Алматы қаласына)
 

60
Жағыпарова Майра
4-тапсырма.  Ресми  деректерге  сүйеніп,  сұрақтарға  жауап 
беріңіз және орыс тіліне аударыңыз.
 
 
Елімізде шығатын 
газеттің қаншасы 
мемлекеттік және 
 жекеменшік?
Елімізде қанша ақпарат 
құралдары бар?
Қазақтілді БАҚ үлесі 
қанша пайыз?
Электрондық БАҚ 
саны қанша?
Телеарна саны қанша?
Радиокомпания 
саны қанша?

61
Кәсіби қазақ тілі
 
 
Қазақстанда ғаламторды 
пайдаланушылардың саны 
қанша миллионға жетті?
Ресми деректер 
бойынша сайттар
 саны қанша?
 
 
 
Қазақстанда 
таралатын шетел 
ақпарат 
құралдарының 
саны қанша?
Көнерген сөздер мен неологизмдер
(Устаревшие слова и неологизмы)
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданыл-
майтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті 
сөздер. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерек-
шеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер.
1.Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық 
құбылыстардың  жойылуымен,  сондай-ақ  әскери  қару-жарақ,  өн-
дірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен бай-
ланысты сарбаз – жауынгер (воин, друженник), жасақ – ополчение 
(дружина), қол – әскер (армия), қолбасы – полководец, предводи-
тель, әскербасы – воевода, қосын – ұйым (организация),

62
Жағыпарова Майра
2.  Архаизмдер  –  халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  салт-сана, 
әдет-ғұрпына  қарай  әр  дәуірде  өзгеріп,  басқа  сөздермен  ауысып 
отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сұлтан – султан, 
дүре – розги, құл – раб, күң – рабыня.
Көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді 
сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы: «жасақ» – жасақшы, «төре» 
– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күн-
делікті қолданысқа ие болды. 
Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүр-
ген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: «қол» – әскер, «қол басы» 
– әскер басы, «серіктік»  бірлесу, «желек»  орамал т.б. Қазірде 
осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар-
дың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер бар. Олар 
ғылыми тілде неологизм деп аталады. Неологизм дегеніміз – қоғам-
ның дамуына байланысты тілдің сөздік қорына енген жаңа сөздер. 
Мысалы: космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, 
теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнет-
ақы, спутник – жер серігі, класс – сынып т.б.
Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар: 
1.  Қоғамның  дамуымен  бірге  енген  жаңа  ұғымдарға  сай  жаңа 
сөздер пайда болады; 
2.  Тілдің  қолданыс  аясының  кеңеюіне  байланысты  тілімізде 
бұрыннан  қалыптасқан  кірме  сөздердің  орнына  жаңа  аталымдар 
қолданылады. 
Мысалы: космос, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пай-
да болған кезде жаңа сөздер болатын. Бұл сөздер соңғы жылда-
ры ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен 
беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөз-
дердің  қатарына:  жолсерік,  үнтаспа,  саяжай,  ермексаз,  кеден, 
сынып  т.б.  сөздер  жатады.  Кейін  тілге  сіңісіп,  халыққа  әбден 
танылып,  жаппай  қолданылған  кезде  жаңа  сөз  болудан  қалады. 
Соңғы  жылдары  өсімдік,  бау-бақша  саласына  қатысты  тіліміз-
ге  көптеген  жаңа  сөздер  енді:  қызанақ,  орамжапырақ,  жасуша, 
дәруменағза т.б.

63
Кәсіби қазақ тілі
5-тапсырма. Сәйкестендіріңіз және жаттап алыңыз.
Устав
зейнетақы
Программа
ақпарат
Информация
шәкіртақы
Документ
демеуші
Компенсация
жарғы
Репрессия
төлемақы
Спонсор
құжат
Пенсия
қуғын-сүргін
Стипендия
бағдарлама
6-тапсырма.  Сөздерді  бағандарға  сәйкесінше  орналасты-
рыңыз.
Анализ,  айбалта,  атом,  әмеңгер,  әскербасы,  барымта,  болыс,
дүре, жасақ, жүзбасы, зындан, кебеже, космос, компьютер, кіреу-
ке,  күң,  қосын,  қол,  қолбасы,  құл,  малта,  малай,  найза,  ояз,  пері, 
періште, ракета, редактор, сандық, сарбаз, сұлтан, соқа, сарбаз, сой-
ыл, теледидар, шоқпар.
Тарихи сөздер (историзмы):
Архаизмдер (архаизмы):
Жаңа сөздер (неологизмы)
7-тапсырма. Мәтіндегі неологизм сөздерді теріп жазып, олар-
дың қалай жасалып тұрғанын айтыңыз. 
Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  161  мемлекеті  мүше  болып  табы-
латын  белді  ұйымның  аламан  бәйгесінде  бас  қаламыз  –  Астана 
Бүкіләлемдік  әмбебап  көрме  өткізу  құрметін  жеңіп  алды.  Батыс 
пен  Шығыс  өркениетін  жалғастырған  алтын  көпір  атанған  ару 
Астананың айтулы эстафетасы, енді Дүниежүзілік көрмелер алаңы 
–  ЕХРО-2017-ге  ұласпақ.  Астана  ЕХРО-2017-нің  басты  ұраны  –
«Болашақтың энергиясы». Мемлекет басшысы Қазақстанды индус-
трияландыру стратегиясында «жасыл энергия»-ға сара жол ашып 
отыр. Астанада ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, жалпы, бүкіл Қа-
зақстанның экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа 
серпін беретіндігі сөзсіз. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу нәтижесінде 

64
Жағыпарова Майра
еліміз энергетика саласында озық технологияларды өндіріске енгі-
зу идеяларын қабылдап, бұл саланы дамытуға жаңа тиімді инвести-
циялар тарту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болады. 2017 жылы 
Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдық мүшел-
тойы атап өтіледі. Астананың тойы тағы да жаһандық сипатқа ие 
болады. 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында 
көрмеге әлемнің 100 мемлекеті мен 10 халықаралық ұйымынан 5 
миллионға тарта адам келеді. 
(«ЕҚ», Ж.Жағыпарұлы.)
8-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсызда,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған. (М.Шаханов).

65
Кәсіби қазақ тілі
 
9-сабақ
ЖУРНАЛИСТ МАМАНДЫҒЫ
Журналист өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қыз-
мет етеді. Әрбір мамандық сияқты журналистің де өзіне қатысты 
білімі, іс-тәжірибесі болады. 
Журналист  өз  ісіне  берілген  маман  болуы  тиіс.  Соңдай-ақ, 
журналист  жұртпен  тез  ортақ  тіл  тапқыш  болғаны  абзал.  Ол 
әрқашан жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, 
аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.
Журналист – жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы 
болып табылады. 
Журналист  –  газет-журнал  немесе  радио,  телевизия  жұмыс-
тарын  атқарып,  шығармашылық  қызмет  жасайды.  Ол  редак-
ция  жұмысында  бірінші  –  ұйымдастырушылық,  екінші  –  әде-
би  өңдеу,  үшінші  –  шығармашылықпен  айналысады.  Бұл  үшін 
оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстар-
дың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай 
оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жа-
затын болуы керек. Журналист тіл байлығын қолдануы қажет. 
Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуы тиіс. Ол өз мем-
лекетіндегі және жер жүзіндегі оқиға, құбылыстарға талғаммен 
және сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруға міндетті. 
Журналистің басты принциптерінің бірі – еш уақытта қате-
леспеу болып табылады. Журналист қателессе мыңдаған, мил-
лиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Журналист 
өзі жазған материалға халықтың сеніммен қарайтынын ешқашан 
ұмытпауы керек. 
Журналист мамандығы – қадірлі мамандықтардың бірі. Жур-
налистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз бай-
ланыста жұмыс істеп, онымен санасып отырады.

66
Жағыпарова Майра
Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен 
елдің  қамы  үшін  жұмыс  істейтіндіктен,  оны  заң  орындары  да, 
үкімет те қорғайды, қолдайды. Журналистің жұмысы халықтың 
сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист 
өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін сезініп, жа-
уапкершілігін, борышын адал атқаруы тиіс.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
көпшіл –
общительный
тез ортақ тіл тапқыш –
быстро находящий общий язык
болғаны абзал –
желательно
жинақы –
собранный
қиын жағдай –
трудные условия, критическая 
обстановка
аңғарымпаз –
сообразительный
сезгіш –
чувствительный
жақтаушы –
сторонник
қолдаушы –
поддерживающий
шығармашылық қызмет 
жасайды –
выполняет творческую работу
ұйымдастырушылық қабілет –
организаторская способность
əдеби өңдеу –
литературная обработка
тапқырлық –
находчивость; остроумие
сенімді түрде –
с уверенностью
көз жеткізіп жазатын – 
лично убедившись, 
убедитнельно
тіл байлығын қолдануы 
қажет – 
должен пользоваться 
богатством языка
жер жүзінде –
в мире
талғаммен –
со вкусом
сергектікпен –
с чуткостью
жедел жариялап отыруға 
міндетті –
обязан срочно публиковать, 
обнародовать

67
Кәсіби қазақ тілі
қателіктің зияны тиюі 
мүмкін –
возможны неприятные 
последствия из-за допушенной 
ошибки 
үкімет –
правительство
сенім –
доверие
жеке мүдде –
личный интерес
халық пен елдің қамы –
забота о народе и стране
заң орындары – 
законодательные органы
қорғайды –
защищают 
халықтың сынына түседі – 
подвергается суждению народа
сын –
критика
төрелік ету –
здесь: оценивает
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.  Журналистің қандай болғаны абзал?
2.  Журналистің басты принциптерінің бірі не?
3.  Журналист кімдердің мүдделеріне жұмыс істейді?
4.  Журналистің жұмысына кімдер төрелік етеді?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырыңыз.
Журналистпен  ....,  үкімет  және  ....  тығыз  байланысты  жұмыс 
істеп, есептесіп отырады. Журналист өз .... жұмыс істемей, халық 
пен .... қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, .... 
қорғауға, .... міндетті. Журналист – .... тұлға ретінде .... ерекше қа-
сиеті бар жан. Ол .... өнеге болуы тиіс. Журналистің .... халықтың 
сынына түседі, оған .... төрелік етеді. Сондықтан журналист өз ...., 
қызметінің халыққа керек екенін сезініп, жауапкершілігін, .... адал 
атқаруы тиіс.
Керекті сөз тіркестері: 
борышын  /  басқа  ұйымдар  /  басқалардан  /  шығармашылық  / 
жеке мүддесі үшін / жұмысы / заң / елдің / үкімет те / қолдауға / 
өзгелерге / халық / мамандығының / орындары /
3-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз. 
Журналист – это человек умеющий писать, говорить, исследо-
вать. Речь не идёт о рецептах в кулинарной книге или новогодней 

68
Жағыпарова Майра
открытки для родственников. Он исследователь происходящего 
в  мире,  который  может  грамотно  изложить  в  письменном  виде 
ход событий. Тот, кто хранит свои великолепные записи в столе 
и гордо называет себя мастером пера, не является журналистом. 
Представители  этой  профессии  готовят  информацию,  статьи, 
фотоотчёты, новости для средств массовой информации, интер-
нет-изданий, телеканалов, радио. Такова современная форма жур-
налистики.
4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз. 
Спикер атақты спикерге:
– Жақсы сөз сөйлеу үшін жақсы дайындалу керектігінің маңыз-
дылығын айтқан болатынсыз. Өзіңіз 5 минуттық сөз сөйлеу үшін 
қанша уақыт бұрын дайындаласыз?
– Екі ай.
– Хмм.. Ал, 10 минуттық сөз сөйлеуге ше?
– Бір ай. Қаншалықты ұзақ сөйлеу керек болса, оған соншалықты 
аз дайындалуым керек.
– Сонда екі сағаттық сөз сөйлеуіңізге қанша уақыт дайындала-
сыз?
– Дайындықсыз, қазір-ақ шығып сөйлей беремін.
Мақал-мәтелдер 
(Пословицы-поговорки)
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына 
білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан 
қалыптасқан  даяр  қалпында  қолданылады.  Мысалы,  «Тұз  астың 
дәмін  келтірер,  мақал  сөздің  дәмін  келтірер»  («Соль  пищу  при-
правляет, пословица речь украшает»).
Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, бел-
гілі бір тұжырым жасайды. Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-
нақыл  сипатында  айтылатын  сөздер  тобы.  М:  Не  ексең,  соны 
орасың.  (Что  посеешь,  то  и  пожнешь).  Әкені  көріп  ұл  өсер, 
шешені көріп қыз өсер. (Сын берет пример с отца, дочь – с ма-
тери). Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. (Чем 
быть  султаном  в  стране  чужой,  лучше  быть  слугой  на  земле 

69
Кәсіби қазақ тілі
родной).  Келгенше  –  қонақ  ұялар,  келген  соң  –  үй  иесі  ұялар. 
(Волнуется гость – когда в гости идет, хозяин волнуется – ког-
да гость придет). 
Мәтел  –  ой-пікірді  бейнелеп,  тұспалдап,  ишаралап  тұратын 
сөздер тобы. М: Нар тәуекел – ердің ісі. (Риск – дело джигита). 
Алма ағашынан алыс түспейді. (Яблоко от яблони недалеко пада-
ет). Мақал мен мәтелдің айырмашылығы: мақалдың мазмұнында 
себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары ай-
тылып, себебі айтылмай қалып қояды. 
5-тапсырма. Қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Ғылым – теңіз, 
білім – қайық.
Сөздік
теңіз – море
қайық – лодка
Адам тастан қатты,
Гүлден нәзік.
Сөздік
тас – камень
нəзік – нежный
Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Сөздік
болма – не будь
баласы бол – будь сыном 
(здесь: защитником)
Ағаш көркі жапырақ, 
адам көркі шүберек.
Сөздік
жапырақ – лист (растение)
шүберек – тряпка (ткань)
Көп сөз – күміс, 
аз сөз – алтын.
Сөздік
Көп сөз – многословие
аз сөз – здесь: молчание
Бақыт кілті еңбекте.
Сөздік
кілті – ключи
еңбекте – в труде
Білімнің басы – бейнет, 
соңы – зейнет.
Сөздік
бейнет – трудный
зейнет – благо
Күш – білімде, 
білім – кітапта.
Сөздік
күш – сила
кітапта – в книгах

70
Жағыпарова Майра
6-тапсырма. Орысшадан қазақшаға аударыңыз.
Умный честь свою оберегает,
Скупой скот свой оберегает.
Сөздік
оберегает – здесь: қорғайды
скупой – сараң
Лучше быть на Родине 
подметкой,
Чем на чужбине султаном.
Сөздік
на чужбине – өзге елде
на Родине – (Отаныңда) өз 
еліңде
Говори редко, но метко.
Сөздік
редко – аз
метко – саз, дəл
Молоко матери – мëд,
Речь ребенка – мëд.
Сөздік
мëд – бал.
От дождя земля зеленеет,
Благословением народ 
процветает.
Сөздік
зеленеет – көгереді
благословением – батамен
Хоть и золото нашел, 
пересчитай.
Сөздік
нашел – тапсаң
пресчитай – санап ал
7-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
Жаман үйді қонағы билейді.
Глаза  –  весы,  настроение  – 
судья.
Ағын судың арамдығы жоқ.
Глаза  не  насытятся  смотреть, 
уши – слушать.
Саудада  достық  жоқ,  сəлемде 
борыштық жоқ.
В  торговле  нет  дружбы,  в 
приветствии нет долга.
Су  басынан  бұзылады,  балық 
басынан шіриді.
Ворона  беленькими  называет 
своих воронят, еж мягонькими 
зовет своих ежат.
Қарға  баласын  аппағым  дейді, 
кірпі баласын жұмсағым дейді.
Вода  от  истока  портится,  а 
рыба пропадает с головы.
Көз – таразы, көңіл – қазы.
В плохом доме гость хозяин.
Көз  көруге  тоймайды,  құлақ 
естуге тоймайды.
В  проточной  воде  грязи  не 
бывает.

71
Кәсіби қазақ тілі
8-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырыңыз және мағына-
сын түсіндіріңіз.
1) Тіл – қылыштан да .................
2) Тіл – достықтың алтын ..............
3) Тіл жүйрік емес, ...............
4) Әке жүрегі таудан ............., 
  Ана жүрегі теңізден ................
5) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ...................
6) Ойнап сөйлесең де, ...................
8) Жарқырағанның бәрі ...................
9) Қонақ аз отырып, ...................
10) Жүз сомың болғанша, жүз .....................
11) Ағаш тамырымен, адам ......................
Керекті сөздер:
өткір  /  алтын  емес  /  досың  болсын  /  досымен  мықты  /  терең  / 
үлкен / көпірі / көп сынайды / ой жүйрік / ұлтан бол / ойлап сөйле /
9-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз және орыс тіліне ау-
дарыңыз.
– Сәлем, Айзере!
– Сәлем, Бейбіт!
– Сен өткен сабаққа келмей қалып едің ғой, қандай тақырып өт-
кенімізді білесің бе?
– Жоқ, білмедім. Не өттіңдер?
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
– Иә, мақал-мәтелдер ата-бабамыздан қалған мұра ғой.
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .?
– Мақал-мәтелдің авторы – халық.
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .?
– Иә, білемін. Тұз – тағамның дәмін келтіреді, мақал – сөздің 
сәнін келтіреді.
– Ал, оқу-білім туралы қандай мақал білесің?
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
– «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ» деген мақал да бар.
– «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген мақалдың мағынасы 
не?

72
Жағыпарова Майра
–  Оқу,  білім  алу  өте  қиын.  Бірақ  білімнің  пайдасы  құдықтың 
суындай таусылмайды.
–  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .?
– Отан, еңбек, достық, жақсылық пен жамандық, байлық, білім 
туралы мақал-мәтелдер айтып бересің бе?
10-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Вам понадобится:
 
Умение писать
 
Желание освоить профессию
 
Терпение
 
Упорство
Инструкция №1
Для того чтобы стать журналистом определитесь с направлени-
ем (новостное, аналитическое, художественно-публицистическое). 
Найдите информационное издание, желающее опубликовать ваши 
«пробы пера». Подумайте, какого типа статью вы хотели бы напи-
сать. 
Инструкция №2
Не нашли интересующего вас издания? Начните с любимой га-
зеты, проведите анализ ее статей и подготовьте несколько своих
материалов. Обычно на страницах газет пишут о социальных проб-
лемах,  культуре,  спорте, науке... Но все же легче начинать  с не-
больших статей на общие темы – об открытии недавней выставки, 
постройке детского сада.

73
Кәсіби қазақ тілі
10-сабақ
ЖУРНАЛИСТІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ
Журналистің басты міндеті – ең алдымен оқырманға не керек 
екенін білуі тиіс. Оқырман – қоғамда, әлемде не болып жатқа-
нын білгісі келеді. Сіз жаңалықты табыңыз да, ол туралы жан-
жақты мағлұмат беріңіз. Қорытынды жасауды оқырманның өзі-
не қалдырыңыз. Журналист біріншіден, тыңдай білуі керек. Не-
гізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған 
мәліметтерінде жатуы мүмкін. Екіншіден, түрлі құжаттар және
материалдармен  (заңдар,  жарлықтар,  қаулылар,  шешімдер, 
сот-сараптамалық қорытындысы, куәліктер, тергеу немесе зерт-
теу  нәтижелері,  БАҚ  материалдары,  қолжазбалар,  редакцияға 
келген хаттар) жұмыс істей алуы, яғни бәрін де дұрыс пайдалана 
алуы керек. Үшіншіден, өз көрген-білгеніңді әңгімелеу: қақтығыс 
аймағы, спорт жарысы, апат орны, т.б. толып жатқан оқиғалар-
дың ортасында жүрген тілшінің бақылауынан туған мәліметтер. 
Журналист  суреттемені  (картинаны)  оқырманның  көз  алдына 
әкелетін детальдарды ұмытып қалмау үшін диктофонға жазып 
алғаны дұрыс. 
 
Журналистиканың басты қағидаларының бірі – тілдің қа-
рапайымдығы, түсінікті болуы. Журналистика көркем әдебиет 
емес, сондықтан әдемі, сирек кездесетін сөз іздеп қиналмаңыз. 
Оқиғаны  дәл  беретін  күшті  етістіктерді  пайдаланыңыз.  Оқиға 
ортасында жүргенде, өзіңіз қандай әсерде болсаңыз, оқып отыр-
ған адам да сондай күй кешсін.
 
Жақсы материал тез әрі жеңіл оқылады. Сөйлемдеріңіз ұзақ
болмасын. Мүмкіндігінше сөйлемді 7-8 сөзден асырмаған дұрыс.
 
Калькадан, таптаурын сөзден аулақ болыңыз. (Кейде газет
беттерінде «Қалтасы қалың кісілер» т.б. анықтамалар кездесіп 
қалады). 

74
Жағыпарова Майра
 
Материалды қызғылықты тілмен баяндаған жөн. Юмор-
ды пайдаланыңыз. (Егер, әңгіме қайғылы жайт туралы болмаса). 
Сын есімді аз қолданыңыз. «Қатал кісі» дегенше оның осы мі-
незін көрсететін деталь келтірген дұрыс.
 
Сәнге айналған терминдерден қашыңыз. (Олар көбіне ав-
тор өзін көрсету үшін қолданғандай әсер қалдырады). 
 
Цитата  келтірсеңіз,  екі-үш  сөйлемнен  аспасын.  Құлаш-
құлаш цитата – материалдың көлемін біреудің сөзімен ұлғайтқы-
сы келетіндердің ісі. Мораль оқымаңыз. Есіңізде болсын, пікір 
айту, баға беру, қорытынды жасау – басқа маманның міндеті. 
(«ҚЖТ», Ержан Әбдіраман).
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
журналистің басты 
міндеттері – 
главные обязанности 
журналиста
оқырман –
читатель
тыңдай білу –
уметь слушать 
негізгі ақпарат –
основная информация
қалтарыста –
здесь: за текстом
cөйлеуші –
выступающий 
сөз арасында –
между словами, между слов
мəлімет –
сведения; данные; сводка
қаулы –
постановление
шешім –
решение 
сот-сараптамалық 
қорытынды –
судебно-экспертное заключение
куəлік –
удостоверение
тергеу –
расследование
зерттеу нəтижелері –
результаты исследования
зерттеу –
исследовать; изучать
БАҚ материалдары –
материалы СМИ

75
Кәсіби қазақ тілі
редакцияға келген хаттар –
письма, которые пришли в 
редакцию
қолжазба –
рукопись
көрген-білгенді əңгімелеу –
излагать лично убедившись
қақтығыс аймағы –
зона столкновения 
спорт жарысы –
спортивное соревнование 
апат орны –
место аварии 
қайғылы жайт –
печальное обстоятельство
қағида –
правило; установка
сирек кездесетін сөз –
редко встречающееся слово
етістіктерді пайдаланыңыз –
употребляйте глаголы
жылтырау –
блестеть; лосниться
баяндау –
докладывать
қатал кісі –
строгий человек
таптаурын сөз –
банальное слово 
əсер қалдырады –
оставляет впечатление
құлаш-құлаш цитата –
длинные цитаты
көлем –
объем
сəнге айналған терминдер –
модные термины
жазатын нəрсесі мардымсыз – здесь: работа незначительная
көлемін ұлғайтқысы келеді –
хочет расширить объем
біреудің сөзі арқылы –
за счет чужих слов
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Журналист мамандығын өмірге әкелген не нәрсе?
2. Журналистің басты міндетін айтыңыз?
3. Журналиске керек ең басты қасиеті туралы айтып беріңіз.
4. Журналист қандай детальді қалт жібермеуі керек?
5. Журналистиканың басты қағидаларын атап шығыңыз?
2-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз.
«Первейшая задача журналиста – гарантировать людям получе-
ние  правдивой  и  достоверной  информации  посредством  честного 
отражения объективной реальности».

76
Жағыпарова Майра
В обязанности журналистов входит:
 
планировать массовые информационные потоки, привлекая 
к участию в них представителей самых разных областей жизни;
 
редактировать полученные тексты, доводя их до принятых в 
обществе норм цивилизованного текстового общения;
 
конструировать из этих текстов некоторое единство, именуе-
мое номером газеты или журнала, программой радиовещания или 
телевидения;
 
с определенной периодичностью выпускать такие «притоки 
потоков» в свет.
 И не удивительно, что в общественном сознании массовые ин-
формационные  потоки  живут  как  продукт  журналистики.  Люди 
смотрят по телевизору мексиканские сериалы, но все равно воспри-
нимают телевидение как журналистику. Так оно и есть.
Стиль туралы түсінік
Стиль  терминінің  мазмұны  кең,  оның  жұмсалатын  орны  көп. 
Стилистика – стиль туралы ілім. Стилистика – тілдің қолданылу 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қол-
данылу нормасын көздейді. «Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне ау-
дарғанда «жазу мәнері» («манера письма») дегенді білдіреді. 
Стиль түрлері
Қазіргі әдеби тіл қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына 
бөлінеді. 
Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қа-
рым-қатынас жасауы. Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әң-
гімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлем-
дерді таңдауда еркіндік беріледі. 
Ғылыми  стиль  –  ғылыми  еңбектер,  лекция,  баяндамаларда 
жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу 
жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, 
кітаби сөздер, ғылыми терминдер. 
Көркем  стиль  –  көркем  шығармаларда  жұмсалады.  Тілдік 
тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте 
бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады. 

77
Кәсіби қазақ тілі
Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пай-
даланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жа-
сау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру 
міндетін атқарады. 
1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі
Орны:
күнделікті қарым-қатынас 
Мақсаты:
тіл табысу
Сипаты:
қарапайым 
Тілдік құралы: одағай, оқшау сөз
2. Көркем әдебиет стилі
Орны:
көркем шығарма, айтыс, спектакль
Мақсаты:
адамның  сезіміне  əсер  ету,  образды  ойлауға 
үйрету
Сипаты:
образды, көркем
Тілдік құралы: ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер, 
эмоционалды-экспрессивті сөздер
3. Ресми іс қағаздары стилі
Орны:
ресми ісқағаздары, ресми кездесулер
Мақсаты:
іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты 
мағлұмат беру
Сипаты:
қысқа да нұсқа
Тілдік құралы: ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кəсіби сөздер, 
терминдер, қалыпты тіркестер
4. Публицистикалық стиль
Орны:
газет, журналдар, теледидар, радио (БАҚ 
құралдары)
Мақсаты:
ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу
Сипаты:
пафосты, ұранды, экспрессивті
Тілдік құралы: термин, кəсіби сөздер, тұрақты тіркестер, əдеби 
орамдар

78
Жағыпарова Майра
5. Ғылыми стиль
Орны:
ғылыми еңбектер, конференциялар, 
диссертациялар, монографиялар
Мақсаты:
білім беру, білім тарату
Сипаты:
дəлелді, дəйекті
Тілдік құралы: терминдер, тура мағынадағы сөздер, кəсіби сөздер
4-тапсырма.  «Адам»  сөзін  қолдану  орнына  қарай  сәйкестен-
діріңіз және орыс тіліне аударыңыз.
Телефон станциясында
оқушы
Ательеде
демалушытынығушы
Шаштаразда
сатып алушы
Ауруханада
шәкірт
Шипажайда (санаторийде)
көрермен
Көлікте (транспортта)
тапсырыс беруші
Ресми құжаттарда
жолаушы
Үйде
оқырман
Кітапханада
клиент
Базарда
абонент
Театрда
азамат, жолдас
Оқу орнында
науқас
Мектепте
ата-ана
 
5-тапсырма. Ауызекі сөйлеу стилінде «Аружан анықтама 
алды» десек, ісқағаздары стилінде «Бектаева Аружанға анықта-
ма  берілді»  деп  жазылады.  Мысалы,  өмірбаян  тілдің  бірнеше 
стилінде  дерлік  қолданылады.  Төменде  көрсетілген  өмірбаянның 
ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стиль түріне жата-
тынын табыңыз.
«А» нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде 
туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің ел-
дердің  бірсыпырасы  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  де  қыс  айларын 
киіз үйде өткізеді екен.

79
Кәсіби қазақ тілі
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қа-
ларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа 
алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа 
салған да, басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген. Əрине, 
ол күннен менің есімде қалған еш нəрсе жоқ. Болысым кім, пат-
шам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін 
ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар 
болған сияқтымын, жылауық болмаппын.
«Ə» нұсқасы
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жерін-
дегі Шекер ауылында дүниеге келген. Əкесі Төреқұл өте парасат-
ты, пайымды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде 
болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жа-
заның құрбаны болды. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге 
көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың  шын  мамандығы  –  табиғат  сыйлаған 
жазушылық өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атын-
дағы Əдебиет институтында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жа-
зылған «Жəмила» хикаясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұза-
май орыс тіліне, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, 
жас суреткердің есімін əлемге паш етті. Бұл күнде Шыңғыс Айт-
матовтың есімі дүниежүзіне мəшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған 
қаламгерлердің бірі. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз 
халқының  перзенттері  емес,  əлем  халықтарына  тəн  мінезбен, 
адамзаттық  болмыспен  бірігіп  жатқан  бейнелер.  Сондықтан  да 
оны ешбір халық жатсынбайды.
«Б» нұсқасы
Мен, Сұлтанова Əлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сəуірде Тал-
дықорған  облысы  Ақсу  ауданының  Қызылтаң  ауылында  тудым. 
Ұлтым – қазақ. Əкем – Сұлтанов Айхан, орта мектепте мұғалім, 
шешем – Омарова Гүлсім, ауылдық ауруханада дəрігер.

80
Жағыпарова Майра
1981 жылы Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті 
бітіріп, Қыздар педагогикалық институтының филология факуль-
тетіне оқуға түстім. 1986 жылы институтты үздік бітіріп, аспиран-
тураға қабылдандым. 
1989  жылы  Қыздар  педагогикалық  институтына  оқытушы-
лыққа қабылдандым.
1995 жылы «Шырай категориясы» тақырыбында кандидаттық 
диссертация қорғадым.
Тұрмыстамын,  жолдасым  –  Омаров  Серік  1961  жылы  туған, 
«Алматықұрылыс» акционерлік бірлестігінде бөлім меңгерушісі. 
Ұлым – Омаров Нұрлан Серікұлы 1992 жылы туған, №34 гимна-
зия оқушысы.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Манас көшесі, 21 үй, 2 пəтер. 
6-тапсырма.  Қазақ  тілінде  шығатын  газет,  журнал,  ғылыми 
еңбектер,  көркем  әдебиеттерден  стиль  түрлеріне  үзінділер  кел-
тіріңіз.
7-тапсырма.  Сөздікті  пайдаланып,  орыс  тіліне  аударыңыз 
және мәтінді жалғастырыңыз.
Үзілген үміт
Әпкеміз аяқ-асты жүрек емдеу клиникасына түсті дегенді ести 
салысымен сол жаққа қарай аласұрып бет алдық. Өз аяғымен ем-
дом алуға келген кісіні бірер сағаттан соң жансақтау бөліміне түседі 
деп кім ойлаған? «Жүрегінде ақау бар, дереу ота жасаймыз», – деген 
дәрігердің сөзі бәлкім «үкім» сияқты естілгендей болды ма...
8-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Вам понадобится:
Инструкция №3
Для того что бы стать журналистом вам необходимо иметь сле-
дующее «снаряжение»: записные книжки, диктофон, книга адресов 
своих контактов, фотокамера.

81
Кәсіби қазақ тілі
Инструкция №4
Развивайте следующие качества: общительность, находчивость, 
терпимость, честность. Стараться быть в курсе всех событий, про-
исходящих в мире. Четко излагайте свои мысли как в устном, так и 
в письменном виде. Используйте информацию только из проверен-
ных и достоверных источников.
9-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Менің анкетам
Туған жерің?
 
Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
 
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
 
Еркекпін ғой, еркекпін!
 
Және-дағы тәуірмін...
Партияда барсың ба?
 
Жоқпын.
 
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
Шыққан тегің?
 
Шаруамын.
 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
 
Орташа ғой.
 
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тілің?
 
Қазақша.
 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

82
Жағыпарова Майра
Қайда істедің?
 
Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
 
Оқымаған, дипломсыз демесең,
 
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Міндеттісің бе әскерге?
 
Міндеттімін.
 
Біздің әлі жас кеуде.
 
Жауынгердің ұлымын ғой,
 
Жанын қиған Мәскеуге.
Сөгіс алып көрдің бе?
 
Ол жағынан періште едім дей алмаймын
 
Мен мүлде.
 
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
Шетелдерде болдың ба?
 
Болғамын жоқ.
 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
 
Осы отырған орнымда-ақ.
Мекенжайың?
 
Мекенжайым – жер менің.
 
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
 
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
 
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! 
(М.Мақатаев.)

83
Кәсіби қазақ тілі
11-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ АЛТЫ БАСТЫ СҰРАҚ
Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа 
жауап беруі тиіс:
Who? – Кім?(Кто?)
What? – Не?(Что?)
When?– Қашан?(Когда?)
Where? – Қайда?(Где?)
Why?– Неге?(Зачем?)
How? – Қалай?(Как?)
Журналист  осы  сұрақтар  бойынша  қысқа  да  болса  ақпарат 
беруі қажет. Ағылшын тілінде алты сұрақтың бесеуі «W» әрпі-
нен басталады және біреуі «H». Сол себепті кәсіби тілде журна-
листер оларды «Бес W және бір H» деп атайды. Осы сұрақтар-
ды  журналистикаға  Редьярд  Киплинг  енгізген  болатын.  Алты 
сұрақтың жиыны – лид. Лидтің атауы алты сұрақтың ішіндегі 
маңыздысымен аталады.
Мақала  жазар  алдында  оның  құрылымын  анықтау  қажет, 
мысалы, оқиға желісінің жоспары сияқты. Алайда, ең бастысы,
мақаланың  неден  басталатынын  анықтап  алу  керек.  Алдымен 
сіздің қойын дәптеріңізде осы алты сұраққа жауап беретін ақпа-
раттың бар немесе жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Егер бар бол-
са, онда материалға кірісуге болады. Ең бірінші – лид құрудан 
бастайық.
Лид құру
Жаңалықпен таныстыру үшін алты сұрақтың ішінен ең ма-
ңыздысын таңдап, оны мақалада басты мәселе ретінде ерекше-
леп аламыз. Осылайша лидтің алты түрін көрсетейік. Лид мақа-
ланың басты сұрағынан басталады.

84
Жағыпарова Майра
Кім? Осы сұраққа жауап беру үшін бірінші орынға тұлғаны 
қоямыз. Көбінде бұл танымал адам – мемлекет басшысы, белгілі 
саяси қайраткер. Мысалы: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профес-
сорлар мен студенттерге оқыған дәрісі зор мәнге ие болды».
Не?  Бұл  лид  –  оқиғаның  маңызды  екеніне  назар  аударуға 
арналады. Мұнда объектілер бірінші орында тұрады. Мысалы: 
«Семей полигонының жабылғанына да 20 жыл өтті».
Қашан? Журналистикада бұл лид ең көп қолданылатындар-
дың бірі. Материалды «бүгін» немесе, мысалы, «18 қазанда» деп 
бастайды. Осындай лид ақпараттың жеделдігін көрсетіп тұрады. 
Мысалы:  «Бүгін  Алматыда  «IT-213  –  Microsoft  инновациялық 
жобалары» 2-ші форумы басталды».
Қайда? Бұл лид оқиғаның орнына назар аудартады. Мыса-
лы:  «Қазығұрт  ауданындағы  Жіңішке  ауылының  тұрғындары 
төрдегі  теледидар  экранына  қадалып,  дыбысына  құлақтарын 
тосады». 
Неге? Лидтің осы түрі оқиғаның себептерін ашып тұрғандай 
болады. Мысалы: «Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолда-
уымен ашылған сайттардың мақсаты – қазақ тілді интернет 
журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат 
құралдары арасындағы бәсекені арттыру».
Қалай?  Мысалы:  «Қарағанды  облыстық  тілдерді  дамыту 
басқармасында құжаттардың басым бөлігі тек орыс тілінде 
жүргізіліп келген. Ал қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұ-
мыстарына  бюджеттен  бөлінген  қаражат  мақсатсыз  жұм-
салған дейді тексеріс жүргізген прокурорлар».
Қарап отырсаңыз, лид қазақ тілінің қолдану жағдайын көр-
сетіп тұр.
(Марк Григорян. 
«Пособие по журналистике»).

85
Кәсіби қазақ тілі
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
кəсіби тілде –
на профессиональном языке 
енгізген –
внедрил 
мақала жазар алдында –
перед тем как писать статью
оның құрылымын анықтау қажет – надо определить ее структуру
оқиға желісінің жоспары –
план развития события
сіздің қойын дəптеріңізде –
в вашем блокноте 
ақпараттың бар немесе жоқ 
екендігін тексеріп алыңыз – 
надо сначала выяснить с чего 
начать статью
егер бар болса, онда материалға 
кірісуге болады –
при ее наличии можно 
приступить к подготовке 
материала
лидты құру –
создать лид
жаңалықпен таныстыру
үшін –
чтобы ознакомить с 
новостьями
6 сұрақтың ішінен ең маңыздысын 
таңдап –
из 6 вопросов выбрать самое 
главное
басты мəселені ерекшелеп 
аламыз –
выделяем главный вопрос
лид мақаланың басты сұрағынан 
басталады –
лид начинается с главного 
вопроса статьи
бірінші орынға тұлғаны қоямыз – личность ставим на первое 
место
мемлекет басшысы –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет