Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қоғамның келешегі – жастар дегенді қалай түсінесіз?
2. Бүгінгі маман келбеті қандай болуы керек?
3. Президент Н.Ә.Назарбаев болашаққа қандай міндеттер қойып 
отыр?
4. Жоғары білімді, білікті мамандардан не талап етіледі?
5. ХХІ ғасыр маманының сапасы қалай анықталады?

31
Кәсіби қазақ тілі
2-тапсырма.  Мақалдарды  қалай  түсінесіз?  Пікіріңізді  айты-
ңыз.
«Киіміне қарап қарсы алады, біліміне қарап шығарып салады».
«Шеберді саусағы асырайды».
«Көз қорқақ – қол батыр».
«Не ексең, соны орасың».
«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
«Етікші бізге жарымас».
«Біткен іске сыншы көп».
3-тапсырма. Қатарын толықтырыңыз және аударыңыз.
4-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Бәсекеге  қабілетті  жастар,  заманның  жоғары  технология-
ларының талаптарына сай келетін, мемлекеттік тілді білетін, білі-
мі терең, тәжірибесі мол, білікті, ұлттық құндылықтарды насихат-
тайтын, іскер, мәдениетті, белсенді, ақылды, еңбекқор, жауапкер-
шілікті,  ұқыпты,  алдына  қойған  мақсатына  қол  жеткізе  алатын, 
жоғары деңгейлі жас маман.

32
Жағыпарова Майра
5-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Для  завтрашнего  благополучия,  особенно  при  сегодняшней 
жесткой конкуренции, молодежь должна влиться в золотое русло 
цивилизации, и оттачиваться на жизненном опыте. Ныне главной 
обязанностью  высших  учебных  заведений  является  обеспечение 
качественным образованием на уровне мировых стандартов. Обяза-
тельно – полноценное освоение своей отрасли высокообразован-
ными и в профессиональном плане квалифицированными специа-
листами и их умение на научной основе оценивать экономические 
и социальные изменения в обществе, технику и технологии.
 
6-тапсырма. Командалық жұмыс. Пікір білдіріңіздер.
3. Газет редакторы 
мен жас маман 
арасындағы 
әңгімені 
диалог етіп 
құрастырыңыз.
2. Газет редакторының 
қабылдауына кірген тәжірибелі 
маманмен арадағы әңгімені 
диалог етіп құрастырыңыз.
1.Сіз  –  «Қазақ  әдебиеті»  га-
зетінің  редакторысыз.  Сізге  ре-
дакциядағы  босаған  бір  орынға 
жұмысқа  кіру  үшін  екі  журна-
лист өтініш берді. Олардың бірі 
– жоғары оқу орнын жаңа бітір-
ген жас маман, ал екіншісі – осы 
салада  бірнеше  (он)  жыл  еңбек 
еткен тәжірибелі маман.
Редактор кімді 
таңдайды деп 
ойлайсыз? 

33
Кәсіби қазақ тілі
Диалект және кәсіби сөздер 
(Диалекты и профессиональные слова)
Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданы-
латын сөздер (активная лексика), сирек қолданылатын сөздер (пас-
сивная лексика) деп бөледі. 
Жиі қолданылатын сөздерге жалпыхалықтық лексикадағы, бар-
лығымызға  түсінікті  сөздер  кіреді  (мысалы:  мектеп,  қала,  көше, 
кітап, қол). Ал сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсі-
би сөздер мен терминдер кіреді. 
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу 
тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. 
Диалект  сөздердің  басым  көпшілігінің  әдеби  тілде  баламала-
ры болады. Мысалы, әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Оңтүстік
Қазақстан  облыстарында  сым  деп  айтылады.  Әдеби  тілдегі  жұ-
мыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, синтак-
систік, морфологиялық ерекшеліктері болады.
Бәдірен, әгүршік – қияр (огурец);
Бақыр – шелек (ведро);
Шыны, пиалай, жанан – кесе (чашка для чая);
Шақпақ, күкірт, шырпы, ши, оттық – сіріңке (спичка) т.б.
Үлкен – кәтте, тыңда – тыңла, құдағи – құдағай, баралық – 
баралы, берешек – бережақ т.б.
Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінік-
ті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер 
деп аталады. 
Балық  аулау  кәсібіне  байланысты  сөздер  (слова  связанные  с 
рыболовным  промыслом):  табан  (лещь),  шортан  (щука),  бекіре 
(осетр).
Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с 
сельским  хозяйством):  шабу  (косить),  шалғы  (коса),  орақ  (серп), 
мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.
Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер (профессиональные
слова связанные с ремесленной деятельностью): атауыз –шеге суыр-
ғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, 
ұршық  –  малдың  жүнінен  жіп  иіретін  құрал,  пышқы  –  араның 

34
Жағыпарова Майра
түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – 
бұрап тесетін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары т.б.
7-тапсырмаСөйлемдердегі диалект сөздерді тауып, олардың 
қандай мағынада қолданылып тұрғанын анықтаңыз.
1. Қауғабаевтың пешенесіне жазылғаны осы шығар.
2. Қазақтар үйіне қонақ келсе, әдетте, қошынасын қоса шақы-
рады.
3. Пұлың болса кезек күтпейсің, жұмысыңды тез бітіресің.
4. Ол қазіргі пошымына қатты қорланды.
5.Талдықорғанда  кембағал  жандарға  арналған  жаттығу  залы 
ашылды.
8-тапсырма. 
Диалект  сөздердің  әдеби  тілдегі  баламаларын  жазып,  сөйлем 
құрастырыңыз.
Тұқым,  нән,  көпшік,  там,  бәдірен,  зілдей,  сүгірет,  дәу,  кеуірт, 
құртақандай, секер, әйдік, кіл, малақай, тыңла.
 
9-тапсырма. Пікір білдіріңіз.
Сіз газет 
редакторысыз.
Ұжымдағы журналистің
бірі өзекті мəселеге қатысты
сапасыз жазылған (диалект 
сөздерге толы) мақаласын
нөмірге əкеліп тұр.
Сіздің 
əрекетіңіз
қалай 
болмақ?

35
Кәсіби қазақ тілі
10-тапсырма.  Мәтіннен  диалект  және  термин  сөздерді  та-
быңыз. Сөздікті пайдалана отырып орыс тіліне аударыңыз.
Емтихан кезінде
Әйгілі  профессор  шетел  әдебиетінен  емтихан  қабылдап 
отыр. Студенттерге көңілі пәс. Әсіресе мына қызға ренішті. Ол 
кеңпейіл, мейірімді кісі болғандықтан студент қызға ұрыспады. 
Әртүрлі сұрақтар қойып қызды жетелеп отыр. 
– Бальзактың «Шегрен былғары» (Шагреневая кожа) романы 
туралы өз ойыңды айтшы, қарағым. 
 – Мен оны әлі оқып үлгере алғаным жоқ. 
– Олай болса, «Горио атай» туралы айт. 
– Ол кітап кітапханада жоқ екен. 
–  Өкінішті,  өкінішті,  –  деді  профессор  бас  шайқап.  Қабағы 
түйіліп кетті.
Ұялды  ма,  жоқ  әлде  екілік  алып  қаламын  деп  қорықты  ма, 
қыз жылап жіберді. 
Профессор абыржып қалды. 
–  Жә,  жә,  қой,  қарағым.  Мен  сені  қинамай-ақ  қояйын,  біл-
геніңді айт. Бальзактың қандай шығармасын оқып едің? 
– «Адамзат комедиясын», – деп қыз қуана дауыстап жіберді.
 
Мәтінге сөздік:
кеңпейіл – добродушный
мейірімді – милосердный
көңілі пәс – здесь: недовольный
ренішті – здесь: быть огорченным
ұрыспады – здесь: не стало ругать
қабағы түйілу – нахмуриться
ұялды ма – здесь: то ли от стыда
абыржып қалу – приходить в замешательство
қинамай-ақ қояйын – не буду мучить

36
Жағыпарова Майра
5-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКА ТЕРМИНІ
«Журналистика» термині алғаш рет Францияда пайда болған. 
Ал Ресейде бұл термин бастапқы кезде «журналдар жиынтығы» 
деген мағынаны білдірсе, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бар-
лық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. 
Қазақ тіліне «журналистика» термині орыс тілі арқылы еніп, 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап белсенді қолданысқа 
ие болды. (Қазақ журналистикасы). 
ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  фотография 
мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және 
киножурналистика дүниеге келді. (Фотография, Деректі кино). 
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістік-
теріне байланысты радиожурналистика (Радиохабар), 40-жылда-
рынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (Теле-
журналистика). 
ХХ ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаң-
дығы жағынан журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда 
басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – интернет жүйесі 
пайда болды (Интернет). Олар журналистиканың жеке саласы бо-
лып қалыптасты.
Ертеде  ақпараттар  ауызша  жеткізілген.  Кейін  Мысырда 
(Ежелгі  Египетте)  жаңалықтар  жазылған  папирустар  қолда-
нылса, ал Ежелгі Римнің қоғамдық орталықтарында хабарлама 
ілінетін  арнаулы  тақталар  қолданылған.  Неміс  өнертапқышы 
И.Гутенбергтің  (1394/99–1468)  баспа  машинасын  ойлап  табуы 
(1445)  қазіргі  заманғы  түсініктегі  журналистиканың  пайда
болуына ықпал етті. 
Алғашқы  газеттер  Германияда  1609  жылы,  Ұлыбританияда 
1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады.

37
Кәсіби қазақ тілі
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
жиынтығы –
итого; всего
қатысты –
относящийся 
мерзімді басылымдар –
периодические издания
қарқынды –
интенсивный 
тарату көлемі –
объем распространения
байланыс торабы –
сеть связи
мекеме –
учреждение
ерекше əлеуметтік институт – особенный социальный 
институт
хабарлама –
сообщение
мəліметтер жариялау –
здесь: публикация информаций
жүзеге асыру –
осуществлять
өнертапқыш –
изобретатель
ойлап табу –
придумать
ықпал ету –
оказать влияние
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Журналистика термині алғаш қайда пайда болған?
2.  Қазақ  тіліне  журналистика  термині  қашаннан  қолданысқа 
енді?
3. Тележурналистика қашаннан қарқынды дами бастады?
4. Баспа машинасын ойлап тапқан кім? 
5. Алғашқы газеттер қайсы мемлекеттерде шыға бастады?
2-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Арт-журналистика  –  неформальный  термин.  Иногда  арт-жур-
налистами называют молодых людей, которые появились на волне 
90-х, на смену советским журналистам. Это была попытка: а) раз-
говаривать  с  аудиторией  человеческим,  уличным  и  вместе  с  тем 
чистым литературным языком, б) превратить журналистику из ре-
месла в искусство. Сделать ее самостоятельным, а не прикладным 
предметом. 

38
Жағыпарова Майра
3-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  қазақ  тіліне  ауда-
рыңыз.
Журналист  (от  фр.  journal  –  дневник,  jour  –  день;  восходит  к 
лат.  diurna  –  ежедневный)  –  сотрудник  периодического  издания, 
обязанности  которого  состоят  в  том,  чтобы  оперативно  собрать, 
обработать, грамотно и доступно изложить актуальную информа-
цию. Связь между журналистом и аудиторией осуществляется по-
средством информационного канала (печатные СМИ, телевидение, 
радио, интернет), в зависимости от которого выделяют журналист-
ские специализации:
•  сотрудники  печатных  изданий  (газет,  журналов,  справочни-
ков);
• журналисты электронных СМИ (телевидение, радио, интернет);
•  фотокорреспонденты  (в  некоторых  случаях  фотографии  не 
просто играют роль иллюстрации к литературному материалу, а 
являются полноценными произведениями).
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер
(Общеупотребляемые слова и термины)
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді 
жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам 
баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстар-
ды, әрекеттерді т.б. ұғымдарды атайды. 
Мысалы, су (вода); ауа (воздух), жер (земля), күн (солнце), ел 
(страна),  ақыл  (ум),  қала  (город),  көше  (улица),  көрші  (сосед), 
отыр (сядь, садись), тұр (вставай), бер (дай), сөйле (говори).
Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.
Термин  сөздер  –  ғылым,  техника,  өндіріс  т.б.  саласындағы 
ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер. 
Қазақ тіліндегі термин сөздер 2 түрлі жолмен жасалған.
 1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздер-
ден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы
комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөз-
дерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы
музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұ-
жат т.б.

39
Кәсіби қазақ тілі
2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөз-
дер: коэффициент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, гло-
бус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.
Терминдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, бір мағыналы бо-
лып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.
Терминдердің жасалу жолдары:
1. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір терминдер орыс, араб, еуропа 
тілдерінде  қалыптасқан  үлгісінде  жұмсалады:  квадрат,  синоним, 
эпос, поэзия т.б.
2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: кеден – таможня, әмбе-
бап – универсал, кешен – комплекс, хаттама – протокол, ғарыш 
– космос.
3. Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалады. 
а)  Сөздерді  біріктіру  арқылы  жаңа  термин  жасалады:  әнұран  – 
гимн, төлқұжат – паспорт, әуежай – аэропорт, елтаңба – герб т.б.
ә) Қысқарту тәсілі негізінде жасалады: БАҚ (Бұқаралық ақпарат 
құралы)  –  СМИ  (Средства  массовой  информации),  ЖОО  (Жоға-
ры  оқу  орны)  –  ВУЗ  (Высшее  учебное  заведение),  ҰБТ  (Ұлттық 
бірыңғай тест) – ЕНТ(Единый национальный тест), БҰҰ (Біріккен 
Ұлттар Ұйымы) – ООН (Организация Объединенных Наций) т.б.
Ғылымдар саласы бойынша терминдер.
1) Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, 
морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метони-
мия т.б. 2) Әдеби-өнер терминдері: проза, комедия, драма, опера, 
сатира, поэзия, эпос, консерватория, либретто, дирижер т.б. 3) 
Математика терминдері: алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент 
т.б. 4) Физика терминдері: атом, оптика, механика, энергия, ампер 
т.б. 5) География терминдері: глобус, циклон, меридиан, экватор, 
Азия, Африка, масштаб, тайфун, карта т.б. 
4-тапсырма.  Жалпылама  қолданылатын  сөздерді  бір  бө-
лек, термин сөздерді бір бөлек бағаналарға бөліп жазыңыз. Термин 
сөздердің  қандай  тәсілмен  жасалғанын  анықтаңыз  және  ауда-
рыңыз.
Ақпарат, аудармашы, ауа, әуежай, әмбебап, әнұран, бағдаршам,
бейнебаян, БАҚ, билік, БҰҰ, ғарыш, ермексаз, елтаңба, ел, жазушы, 

40
Жағыпарова Майра
ЖОО, жер, кеден, қала, күн, көше, кешен, мұражай, ресми, су, теле-
дидар, төлқұжат, тікұшақ, ҰБТ, халық, хаттама.
5-тапсырма. Тілімізге енген араб-парсы сөздерін үш сала бой-
ынша бөліп жазыңыз және аударыңыз. 
Үлгі:
1. Ғылым, мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: мәдениет.
2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: жиһаз.
3. Дінге байланысты: рамазан.
Керекті сөздер: тарих, парақ, құран, имам, сарай, мақта, бағ-
бан,  дұшпан,  халва,  әдебиет,  шариғат,  мүфти,  шарап,  медресе, 
дарбаза, ораза, дұға, емтихан, тәржіме, зембіл, құрбан, мектеп, 
бұқара, қабілет, құдірет, мешіт, мағлұмат, әулие, сәлем, ғылым.
6-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз және 
мәтінге ат қойыңыз.
Университет негізін 1992 жылы Рахман Алшанов, Қуаныш Та-
забеков,  Орақ  Әлиев  сынды  белгілі  экономист-ғалымдар  қалады. 
Жаңа нарықтық механизмдер әлі қалыптасып болмаған жас мем-
лекетімізге  жаңаша  ойлап,  шешім  қабылдайтын,  жаңа  форматта 
жұмыс  істей  алатын  білікті  кадрлар  қажет  болғандығы  белгілі. 
Осы  бағытта  Тұран  университеті  инновациялық  типтегі  бірінші 
жоғарғы оқу орны болып, өсіп келе жатқан жаңа нарықтық эконо-
мика  үшін  жаңа  мамандар  дайындай  бастады.  Өйткені  нарықтық 
экономикаға  көшкен  сол  жылдары  елімізде  аудитор,  маркетолог 
сынды қажетті мамандар жоқтың қасы болды. Сондай-ақ, туризм 
саласының мамандарын даярлауды да алғашқылардың бірі болып 
бастады.
Өзінің даму тарихында «Тұран» оқытудың толық циклын – ли-
цей – колледж – бакалавриат – магистратура-докторантура PhD – 
диссертациялық  кеңес  құрамы  мен  «вертикальді»  оқыту  жүйесін 
қамтамасыз  етіп  отыр.  Оқыту  жүйесінде  білім  беру  мемлекеттік 
және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ халықаралық 
құқық және туризм салаларында ағылшын тілі кеңінен оқытылады. 
Соңғы жылдары қытай тіліне де сұраныс артуда. 
(Ботагөз Әбдірейқызы).

41
Кәсіби қазақ тілі
7-тапсырма.  Мәтіннен  термин  сөздерді  тауып,  олардың  қай 
кәсіпке қатысты екенін табыңыз және аударма жасаңыз.
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  журналис-
тика  факультетінде  республикамыздың  болашақ  журналистері 
бас қосты. «Ең дарынды болашақ журналист» атты олимпиадаға 
тоғыз команда келді. Байқауға Алматы, Түркістан, Өскемен, Семей,
Қызылорда,  Қостанай  қалаларында  журналистика  мамандығын 
оқытатын университеттерден студенттер қатысуда. Әділқазылар 
алқасы  қатарында:  танымал  журналистер,  блогерлер  мен  оқы-
тушылар  бар.  Олимпиада  екі  тур  бойынша  өтуде.  Бірінші  тур-
да  студенттер  барлығы  100  сұраққа  жауап  беруге  тиіс  болатын. 
Тапсырманы орындауға екі сағат уақыт берілгенімен, жас журна-
листер бар-жоғы бір сағат көлемінде тест сынағын аяқтады. Екін-
ші  турда  «Ең  үздік  таныстыру»  номинациясында  өздерін  таны-
стыру үшін бейнероликтер ұсынды.
8-тапсырма. Термин сөздерді табыңыз және аударыңыз.
«Жұлдыздар  отбасы»  журналының  бас  редакторы  Жарылқап 
Қалыбай  журналдың  сапасын  арттыру  үшін  жаңа  қызметкерлерді 
жұмысқа  алған.  Соңғы  жылдары  «Жас  қазақ»  апталығы  бас  ре-
дакторының  бірінші  орынбасары  қызметін  атқарған  белгілі  жур-
налист  Сәкен  Сыбанбай  журналдың  бас  редакторының  орын-
басары қызметіне шақырылыпты. Бірнеше журналистік сыйлықтар-
дың  иегері,  тәжірибелі  журналист  Жұлдыз  Әбділдә  шефредактор 
қызметіне тағайындалды. Ал журналдың дизайнері Бекбол Нұрмұ-
ханбетов арт-директор қызметіне жоғарылаған. Өз істерінің маманы 
Төлебек  менеджер-тілші  болса,  Рысханым  корректор,  студент  Мар-
фуға «Аңыз адам» айбарын абыройлы атқарып келеді.
9-тапсырма.  Сұхбатты  рөлге  бөліп  оқып,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз және термин сөздерді табыңыз.
Сұрақ:  –  Шығарманы  оқырманға  астарлап,  қызғылықты,  тар-
тымды етіп жеткізу жолы. Әдеби әдіс-тәсілді қалай атайды?
Жауап:  –  Шығарманы  оқырманға  астарлап,  қызғылықты,  тар-
тымды етіп жеткізу жолы. Ол әдеби әдіс-тәсілді «форма» деп атай-
ды.

42
Жағыпарова Майра
Сұрақ: – Сөзді, тілдегі буындарды түсінікті, нық айту деңгейі 
қалай аталады?
Жауап: – Сөзді, тілдегі буындарды түсінікті, нық айту деңгейі 
«дикция» деп аталады?
Сұрақ: – Радиодағы музыкалық бағдарламалар жүргізушісі қа-
лай атайды?
Жауап:  –  Радиодағы  музыкалық  бағдарламалар  жүргізушісін 
«диджей» – деп атайды.
Сұрақ: – Шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің аза-
маттық ұстанымын білдіреді. Бұл қалай аталады?
Жауап: – Шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің аза-
маттық ұстанымын білдіретін – «идея».
Сұрақ: – Көркем шығарма, ғылыми еңбек, спектакль т.б. туралы 
сын, пікір қалай аталады?
Жауап: – Көркем шығарма, ғылыми еңбек, спектакль т.б. тура-
лы сын, пікір – «рецензия».

43
Кәсіби қазақ тілі
6-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Журналистиканы пайдаланылған технологиялар мен құрылғы-
ларына қарай келесідей түрлерге: 
1) газеттік-журналдық журналистика, 
2) тележурналистика, 
3) радиожурналистика, 
4) интернет-журналистика
5) фотожурналистика т.б. бөледі.
Журналистика жанрлары
Зерттеуші  Лев  Кройчик  журналистика  жанрларын  былай 
бөледі:
 
Оперативті-ақпаратты – жазбалардың барлық түрі.
 
Оперативті-зерттеушілік – отчёт (есеп беру), репортаж, ин-
тервью (сұхбат).
 
Зерттеушілік-ақпаратты  –  рецензия,  корреспонденция,  ком-
ментарий.
 
Зерттеушілік – мақала, хат.
 
Зерттеушілік-бейнелеу – фельетон, эссе.
Ал Семен Гуревич басқаша көзқараспен былай бөлген:
1) ақпараттық жаңалықтар жанры, 2) диалогты жанр, 3) ситуа-
циялық-аналитикалық  жанр,  4)  эпистолярлық  жанр,  5)  көркем 
публицистикалық жанр, 6) сатиралық жанр.
Ал көптеген журналистер мен зерттеушілер жанрларды дәстүр-
лі түрде былай бөледі:
 
Ақпараттық – хроника, ақпарат, заметка (жазба белгі), ин-
тервью (сұхбат), отчёт (есеп беру), репортаж т.б;
 
Аналитикалық – корреспонденция, комментарий (түсінік), 
мақала, хат, рецензия, эксперимент, рейтинг, обзор (шолу), мему-
арлар т.б;
 
Көркем публицистикалық – эссе, очерк, фельетон, памфлет, 
некролог (қазанама) т.б;
 
Шоу-жанр – ток-шоу, реалити-шоу, ойындар, байқаулар т.б.

44
Жағыпарова Майра
Журналистика типологиясы
Журналистика  типологиясы  –  журналистиканы  қоғамдағы 
атқаратын рөліне, маңызына, қызметіне қарай жіктеу, салаларға 
бөлу.
1) Саяси журналистика. 2) Халықаралық журналистика.
3) Іскерлік журналистика. 4) Музыкалық журналистика.
5) Спорттық журналистика. 6) Ғылыми журналистика.
7) Журналистік зерттеу. 8) Экономикалық журналистика.
9) Гонзо-журналистика. 10) Жаңа журналистика. 
11) Мультимедиалық журналистика. 12) Азаматтық
журналистика (ағылш. citizenjournalism – кәсіби емес журна-
листика). 13) Діни журналистика.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
журналистиканың түрлері –
виды журналистики
құрылғылар –
оборудования
келесідей түрлерге бөледі –
подразделяют на следующие 
виды
журналистика жанрлары –
жанры журналистики
зерттеуші –
исследователь 
оперативті-ақпаратты –
оперативно-новостные
жазбалардың барлық түрі –
все виды заметок.
оперативті-зерттеушілік –
оперативно-исследовательские
зерттеушілік-ақпаратты –
исследовательско-новостные
мақала –
статья
зеттеушілік-бейнелеу –
исследовательско-образные 
ақпараттық жаңалықтар жанры –  жанры новостной информации
көркем публицистикалық жанр – художественно-
публицистические жанры
ақпараттық –
информационные
шолу –
обзор

45
Кәсіби қазақ тілі
журналистика типологиясы –
типология журналистики
саяси журналистика –
политическая журналистика
халықаралық журналистика –
международная журналистика
іскерлік журналистика –
деловая журналистика
музыкалық журналистика –
музыкальная журналистика
спорттық журналистика –
спортивная журналистика
ғылыми журналистика –
научная журналистика
журналистік зерттеу –
журналистские расследования
жаңа журналистика –
новая журналистика
гонзо-журналистика –
гонзо-журналистика
мультимедиалық 
жуналистика –
мультимедийная журналистика
азаматтық журналистика –
гражданская журналистика
экономикалық 
журналистика –
экономическая журналистика
діни журналистика–
религиозная журналистика

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет