глава государства
көбінде бұл танымал адам –
чаще всего это популярный
человек
белгілі саяси қайраткер –
известный политический
деятель
маңыздырақ оқиғаларға
арналады –
посвящается более важным
событиям
бірінші орында тұрады –
ставится на первое место
ақпараттың жеделдігін көрсетіп
тұрады –
указывает на срочность
информации.
86
Жағыпарова Майра
бұл лид оқиғаның орнына назар
аудартады –
этот лид обращает внимание
на место события
лидтің осы түрі –
этот вид лида
оқиғаның себептерін –
причины события
ашып тұрғандай болады –
здесь: раскрывает
қарап отырсаңыз –
здесь: можно последить, что
лид
қазақ
тілінің
қолдану
жағдайын көрсетіп тұр –
указывает на состояние
функционирования
казахского языка
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Әр журналист мақала жазатын болса, қысқа да болса ақпарат
(жауап) беруі тиіс қажетті 6 сұрақты атаңыз?
2) Кәсіби тілде журналистер «Бес W және бір H» деп не үшін
атайды?
3) Бұл сұрақтарды журналистикаға енгізген кім?
4) Мақала жазар алдында не істеу қажет?
5) Лид неден басталады?
2-тапсырма.
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге? Қалай?
сұрақтарын қатыстырып,
«Әлемнің жеті кереметі»
тақырыбына эссе жазыңыз.
3-тапсырма.
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге? Қалай?
сұрақтарын қатыстырып, жеке кәсібіңізді ашу
үшін диалог құрастырыңыз.
87
Кәсіби қазақ тілі
4-тапсырма. «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбын то-
лықтырыңыз. Сөздікті пайдаланып, орыс тіліне аударыңыз.
1-керемет: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған.
Көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына
әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме
орналасқан.
2-керемет: Тайқазан.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі бағалы ескерткіш-
тердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна
су сыяды.
88
Жағыпарова Майра
3-керемет: Айша бибі мазары.
Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан
белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан
салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
4-керемет:
Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.
Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетаны-
мын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
89
Кәсіби қазақ тілі
5-керемет: Алтын адам.
1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің
ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның
киімі түгелдей алтынмен апталған.
6-керемет: Домбыра.
Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы
бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен
ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі
байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі
болғандығын дәлелдеді.
90
Жағыпарова Майра
7-керемет: Күлтегін ескерткіші.
Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті
көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.
Ресми ісқағаздар стилі
Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі
жатады.
Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда,
ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі
үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан қалып-
тасқан бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары
сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы
жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары
белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданы-
сы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет орган-
дарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық
нота, үкімет хабарлары жазылады.
Ісқағаздарының қызметтері:
жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
əртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тəртібін негіздеуші;
91
Кәсіби қазақ тілі
жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды
айғақтаушы;
мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Ісқағаздарының сипаттары:
саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық
қатынастарда);
әлеуметтік (қоғамдық-əлеуметтік қатынастарда);
ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);
құқықтық (заңды жəне жеке тұлғалар арасындағы
қатынастарда);
тарихи (əр дəуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшелік-
теріне сай қатынастарда).
ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үдерісінің элементтері:
құжаттарды дайындау;
құжаттарды жолдау, тіркеу;
сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
құжаттарды қолдануға дайындау;
құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Өтініш
Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі. Жеке тұлғалардың бас-
шыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішін білдіреді.
Ісқағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін
түрде жазылады.
Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдде-
лерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жазбаша ба-
яндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға
бағытталған ресми құжат.
92
Жағыпарова Майра
Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы
жорналына тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат бо-
лып есептелінеді. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін,
өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мысалы: «Қарсы
емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол
өтініш негізінде бұйрық шығарылады.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (ке-
зекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс)
мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш мынандай жағдайларда жазылады:
• оқуға түскен кезде;
• басқа оқу орнына ауысқанда;
• бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
• жатақханадан орын сұрағанда;
• жұмысқа қабылдау кезінде;
• басқа жұмысқа ауысқанда;
• кезекті демалыс сұрау кезінде;
• кезектен тыс демалыс сұрағанда;
• материалдық көмек сұрағанда;
• денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, баған түрінде кімге жа-
зылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаз-
дың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады.
Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен
мәтін басталады.
3-тапсырма. Құжат түрлерінің қазақша атауын жазыңыз.
Құжат түрлері
93
Кәсіби қазақ тілі
Үлгі
«Тұран» университетінің ректоры,
э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа
«Журналистика» мамандығының
2-курс студенті Əли Мақсатұлынан
Өтініш
Мені Астана қаласында өтетін «БАҚ. Билік. Қоғам» атты
конференцияға қатысуыма байланысты 2014 жылдың 14-20
қазан аралығында сабақтан босатуыңызды өтінемін.
Анықтама қоса тіркелген.
11 қазан, 2014 ж.
Үлгі
Өмірбаян
Мен, Егінбаева Ақжан Есенғалиқызы 1990 жылы 11
қарашада Павлодар қаласында туылдым. Ұлтым – қазақ.
Қазақстан Республикасының азаматымын.
1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының
Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа
бардым. Мектепте əртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып,
өзімді өнер жағынан жақсы көрсете білдім. «Қазына» би
ансамбліне қатыстым.
2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пəн
олимпиадасында І орын алдым.
2008 жылы географиядан республикалық пəн олимпиада-
сына қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым.
2008 жылы аталған мектепті «Алтын Белгімен» бітіріп,
Алматы қаласындағы «Тұран» университетіне «Журналистика»
мамандығы бойынша оқуға түстім.
94
Жағыпарова Майра
Ата-анам жəне екі əпкем бар. Əкем – Егінбаев Есенғали
Досымұлы, 1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық
комитетінде қызмет етеді. Анам – Рахимова Шолпан
Қантемірқызы, 1955 жылы туған, Павлодар қаласының
Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақ тілі»
пəнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Əпкем – Райхан, 1985
жылы туған, Алматы қаласында «Ана тілі» газетінде тілші
болып қызмет етеді.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос
уақытымда əдеби кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің
бірнеше бағдарламасын меңгердім.
8 қыркүйек, 2014 жыл
Үлгі
Мінездеме
Болат Бақытұлы Сыздықов 1967 жылы 15 ақпанда Шымкент
облысы, Түркістан қаласында туған. Ұлты – қазақ. Білімі –
жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.
Болат Бақытұлы 1985 жылы Түркістан қаласындағы
Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін
1995 жылы Алматы қаласындағы «Тұран» университеті,
гуманитарлық-заң факультетінің «Журналистика» маман-
дығына оқуға түсіп, оны 1999 жылы бітірген.
1999-2001 жылдар аралығында «Тұран» университетінде
«Журналистика» мамандығы бойынша магистратурада оқыды.
2001-2003 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы
«Ақтөбе» газетінде тілші болып істеді.
2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы
«Ұлан» газетінде тілші болып істеді.
2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Ақ
желкен» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
95
Кәсіби қазақ тілі
2007-2012 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Дала
мен қала» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Б.Б. Сыздықов – өз ісін жетік білетін, тəжірибелі маман.
Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздықовтың
«Журналистикадағы диалект сөздердің орны» атты еңбегі
ақшалай сыйлыққа ие болды.
Б.Б. Сыздықов компьютер бағдарламаларын жетік меңгер-
ген, мінезі ашық, адамдармен тез тіл табыса алатын, əріп-
тестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Б.Б. Сыздықов қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға
лайық.
Мінездеме редактордың көмекшісі қызметіне ұсыну үшін
берілді.
Мінездеме беруші:
«Дала мен қала» газетінің
жауапты хатшысы
А.Ə. Өмірбеков ________________
(қолы)
8 қараша, 2014 жыл
4-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап бере
отырып, өмірбаян жазыңыз.
1. Сіздің аты-жөніңіз кім?
2. Сіз қай жерде жəне қашан дүниеге келдіңіз?
3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай?
4. Сіздің біліміңіз қандай?
5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?
6. Сіздің мамандығыңыз қандай?
7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз?
8. Қазір қайда жұмыс істейсіз?
9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз?
10. Қай тілде еркін сөйлейсіз?
11. Əскери қызметке міндеттісіз бе?
12. Қандай əскери атағыңыз бар?
13. Сүйікті ісіңіз? /хобби/
96
Жағыпарова Майра
5-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Характеристика
Акшабаев Серик Турлыханович, 1985 года рождения, является
сотрудником ЗАО «АЛСЕКО» с 2007 года по настоящее время.
За время работы Серик Турлыханович зарекомендовал себя вы-
сококвалифицированным работником и специалистом своего дела.
Серик Турлыханович отзывчив и доброжелателен, коллеги це-
нят его как хорошего товарища. Серик Турлыханович прекрасно
умеет находить общий язык с партнерами и клиентами нашей орга-
низации. Все ценят его вежливость и обходительность.
Трудолюбие и высокая работоспособность так же являются от-
личительными чертами Серик Турлыхановича.
Характеристика дана для предоставления по месту требования.
Начальник ЗАО «АЛСЕКО» _____________
6-тапсырма. Қазақшаға аударыңыз.
рассмотреть заявление – ....................................................
не рассматривать заявления – ....................................................
заявление студента – ....................................................
содержание заявления – ....................................................
регистрировать заявление – ....................................................
подать заявление – ....................................................
написать заявление – ....................................................
принять заявление – ....................................................
7-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1. кезектен тыс демалыс / байланысты / отбасы жағдайыма /бе-
руіңізді өтінемін.
2. қабылдауыңызды / қызметіне / бағдарламашы / бастап / 2013
жылдың 12 мамырынан / сұраймын.
3. орта мектептің / сұраймын / Ы.Алтынсарин / 11 сыныбына /
атындағы / қабылдауыңызды.
4. қызметімнен / атқарып отырған / сұраймын / босатуыңызды.
5. сұраймын / ауыстыруыңызды / бөліміне / техникалық қызмет
көрсету.
97
Кәсіби қазақ тілі
6. беруіңізді / 3 ай көлемінде / сұраймын / шығармашылық де-
малыс.
7. қажеттілікке байланысты / іссапарға жіберуіңізді / өндірістік
/ сұраймын.
8-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Вам понадобится:
Инструкция №5
Для любого журналиста необходим навык стенографии, суще-
ствует много ситуаций, когда невозможно использовать диктофон.
Научиться навыку стенографии несложно. Помните, владение сте-
нографией – ваш мощный инструмент в борьбе за звание журна-
листа.
Инструкция №6
Обладать компьютерной грамотностью очень важно. Во-пер-
вых, компьютер способен хранить гораздо большее количество ин-
формации, во-вторых, получить доступ к ней посредством компью-
тера, гораздо проще и быстрее.
9-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз.
Экономика саласын жақсы меңгерген
журналист медицина саласына қатысты
сапалы мақала жаза алады ма?
98
Жағыпарова Майра
12-сабақ
ЖУРНАЛИСТ ИМИДЖІ
Елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының саны көбейген
сайын журналистер оқырман мен көрермен қошеметіне бөле-
ну үшін өзара тартысты бəсекеге түседі. Журналист танымал
болған сайын оның жазған мақаласын халық іздеп жүріп оқиды.
Есімі елге танылған журналистке сұраныс күшейе түседі. Бұл –
заңды құбылыс.
Журналистің міндеті – қоғамдағы əлеуметтік тұрмыс
пен халықтың хал-ахуалын нақты, боямасыз баяндап отыру.
Журналистің жазған сөзіне ел сене алатындай қалыптасқан
дербес бейнесі болғаны абзал. Журналистің жеке өзінің тар-
тымдылығы, кісіге жақсы əсері, мəртебесінің, беделінің ар-
туы – имидж. Бұл – оның қалыптасқан имиджі. Журналистің
қалыптасқан имиджі жоқ болса, ол өзіне керекті ақпаратты
деректі көздерден жинау үшін көп уақыт жоғалтады. Сұхба-
ты сапасыз болады.
Əлемге əйгілі америкалық психолог, əңгімелесу жағдаят-
тарының көрнекті маманы Альберт Мейерабиан өзінің «Əң-
гімелесудің əрқилы жолдары» деген кітабында: «Сұхбат құрған
адамдар алғашқы жүздесулерінде бір-біріне үш түрлі сипатта
əсер етеді» – деп жазған.
• Бірінші: визуалды – яғни көрген сəттегі пікір салмағы
– 55%.
• Екінші: сөз ырғағы – сөйлегендегі дауыс əсері – 38%.
• Үшінші: вербалды – əңгімелесу мазмұны – 7%.
Адамдар, əдетте, сұхбаттасу сəтінде іштей бірін-бірі (ұна-
саңыз) «+» немесе (жақтырмаса) «–» белгісімен бағалайды.
99
Кәсіби қазақ тілі
Сізге сене ме, əлде сенбей ме? Бұл – журналист үшін ерек-
ше маңызды мəселе. Адамдар алғашқы сəтте бірінші кездескен
кісіні жылы қабақпен қарсы алатындығы белгілі. Əрі қарай сізге
деген көзқарасының қалыптасуы нені айтып, нені ұсына алатын-
дығыңызға байланысты. Дəл осы тұста журналистің имиджі көз-
деген мақсатына жету-жетпеуін айқындайды. Оған журналистік
дарыны мен сыртқы бейнесінің оң əсері арқылы қол жеткізеді.
Сізді журналист ретінде қабылдағанда, қабылдаушы адам
жүздесудің алғашқы сəтінде-ақ кəсіби шеберлігіңіз бен өкілетті-
гіңізге, беделіңіз бен түр-сипатыңызға назар салады. Бұл жағдай-
лар жақсы бағаланса, сізге деген сенім мен ықылас жоғарылап,
сұхбат сəтті жалғаспақ.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
оқырман –
читатель
көрермен –
зритель
қошемет –
почесть; почтение
танымал –
известный
бəсеке –
соперничество; конкуренция
мақала –
статья
заңды құбылыс –
закономерное явление
сұраныс –
спрос
қоғамдағы тұрмыс –
общественная жизнь
халықтың хал-ахуалы –
здесь: жизнь народа
нақты –
точный, конкретный, реальный
боямасыз баяндау –
излагать правдива, без
приукрашивания
дербес бейне –
здесь: личный имидж
бедел –
авторитет
деректі көздерден жинау үшін – чтобы собирать из достоверных
источников
əңгімелесу жағдаяттары –
ситуация для интервью
көрнекті маманы –
видный специалист
100
Жағыпарова Майра
əңгімелесудің əрқилы жолдары – разные способы беседования
сұхбат –
интервью, беседа
алғашқы жүздесулерінде –
при первых встречах
үш түрлі сипатта əсер етеді –
наблюдается три вида влияния
друг на друга
сұхбаттасу сəтінде –
в момент встречи
сене ме, əлде сенбей ме –
верит или не верит
маңызды мəселе –
важная проблема
жылы қарсы алу –
встретить радушно, тепло
көзқарасының қалыптасуы –
формирование мнения о вас
дарын –
талант
сыртқы бейнесі –
внешний вид
оң əсері –
позитивное влияние
көздеген мақсатына жету –
достигать цели
айқындау –
выяснять; уточнять
(досконально)
кəсіби шеберлігіңіз бен
өкілеттігіңізге –
вашему профессинальному
мастерству и полномочию
беделіңіз бен түр-сипатыңызға
назар салады –
обращает внимание вашему
авторитету и внешностью
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Журналистің міндеті не?
2. Журналист имиджі дегеніміз не?
3. Журналистің қалыптасқан имиджі жоқ болса ол қандай қиын-
дыққа тап болады?
4. Америкалық психолог Альберт Мейерабиан өз кітабында
адамдар алғашқы жүздесулерінде бір-біріне қанша сипатта әсер
етеді деп жазған?
5. Адамдар сұхбаттасу сәтінде іштей бір-бірін қандай белгілер-
мен бағалап отырады?
6. Журналистің имиджі оның мақсатына жету-жетпеуіне қандай
қасиеті мен бейнесі арқылы қол жеткізеді?
7. Сіз журналистік имиджі қалыптасқан қандай журналисті
білесіз? Ол туралы әңгімелеп беріңіз.
101
Кәсіби қазақ тілі
2-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, қазақ тіліне ауда-
рыңыз.
Имидж журналиста как фактор конкурентоспособности СМИ.
Эффективность телевизионного общения с массовой аудиторией
определяется личностным имиджем телеведущих. Не секрет, что
телеведущий имеет право обращаться к аудитории от своего имени.
Зрители сознательно или бессознательно отождествляют и персо-
нифицируют воспринимаемую с телеэкрана информацию с тем че-
ловеком, который её передает.
3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Имидж (ағылш. image – бейне, бейнелеу) – өнер ретiнде мақ-
сатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi
бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.
Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери
қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік бе-
реді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ыңғайлылық
әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады.
Имидждің түр лері төмендегідей:
1) Қоршаған орта имид жі (адамның жұмыс кеңсесі, көлігі),
2) Қоғамдық имидж (өзі қолданатын зат тар, мысалы, хаттар, ви-
зит карталары, әдет те сыйлайтын сыйлықтары, гүлдері);
3) Вербальды имидж (сөйлеу, жазу мә де ниеті);
4) Кинетикалық имидж (өзіне ғана тән іс-қимылдары),
5) Габитарлы имидж (киімі, тұтынатын заттары, шашының сән
үлгісі);
6) Ментальды имидж (дү ние танымдық көзқарастары, этикалық
әдептері, әлеуметтік жағдайы);
7) Сыртқы имидж (адам туралы басқалардың ба ғасы, дос-жа-
рандардың, таныс, таныс емес жандардың деректері, бұқаралық
ақ парат құралдарының өзі туралы тарат қан ақпараттары). Маман-
дардың ай туын ша, имидж адамның ішкі дүниесіне сай келуі шарт.
Сөзжасам. ( Словообразование)
Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке са-
ласы. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
102
Жағыпарова Майра
Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажет-
тігін өтеу үшін қызмет етеді. Жаңа аталымдар (номинациялар)
сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды.
Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжа-
самдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі
дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші,
жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобы-
зшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы
негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жа-
салуына қатысып тұр. Осы туындылардағы негіз сөз жаңа мағына-
ның жасалуына арқау болған. Ал осы туынды түбірлердегі - шы, -ші
жұрнағы оларға мамандық мәнін қосқан. Осының нәтижесінде
әнші – ән айтатын адам, жұмысшы – жұмыс істейтін адам, малшы
– мал бағатын адам, суретші – сурет салатын адам, жыршы – жыр
айтатын адам, биші – би билейтін адам, орманшы – орманды бақы-
лайтын адам, балықшы – балық аулайтын адам, саяхатшы – саяхат
жасайтын адам, сыбызғышы – сыбызғы тартатын адам, қобызшы –
қобыз тартатын адам дегенді білдірген. Алғаш осы ұғымды білдіру-
ден туған бұл сөздер кейін мамандық мәніне ие болған. Бұл туынды
түбірлердегі -шы/-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз
сөздер ненің маманы екенін білдірген.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйе-
сі бар, ол, әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің
сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері
дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге
жеткен.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай
қолданылып, әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі
үш тәсілі бар. Олар: 1) синтетикалық тәсіл; 2) аналитикалық тәсіл;
3) лексика-семантикалық тәсіл.
Достарыңызбен бөлісу: |