Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-Әдістемелік нұСҚаулық


Бала құрсақта пайда болуынан бастап дүниеге келуге дейін дамуы



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата02.01.2017
өлшемі3,99 Mb.
#981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 Бала құрсақта пайда болуынан бастап дүниеге келуге дейін дамуы 
Кӛру  дегеніміз  сену!  Біз  сіздің  баланың  дамуы  туралы  бейне  немесе  DVD 
кӛреді  деп  сенеміз.  Баланың  құрсақтан  пайда  болуынан  бастап  дүниеге  келуге 
дейін дамуына қысқаша сипаттама берейік:  
Алғашқы  2  апта:  болашақ  бала  (эмбрион)  анасының  жатырында 
қалыптасып, жатырдың кілегей қабығына имплантацияланады.  
3  айдан  9  айға  дейін:  бұл  кезеңде  жүрек,  ӛкпе,  асқазан  және  ми  секілді 
органдары  мен  дене  бӛліктері  қалыптасып,  дамиды.  Алкоголь,  кофеин,  бетель 
немесе  темекі  секілді  әдетті  тудыратын  заттар,  сонымен  қатар  кейбір  дәрілер 
ұрықтың  дамуына  зиян  тигізуі  мүмкін.  Осы  кезеңде  қызамық  секілді  ана 
инфекциялары  ауыр  зардаптарға  әкеп  соқтыруы  мүмкін.  Сондықтан  әйелдермен 
қыздарға жүктілік алдында ұсынылған екпелерді еккен маңызды.  
 
 
 
Ұрықтың 3 пен 9 апта аралығындағы даму диаграммасы 
 
Ұрықтанғаннан  
кейінгі  
апта 







Эмбрионның 
дамуы 
 
 
Мидың зақымдануы 
 
Қ
орша
ған 
 
ортаның
 
әс
ер
інен
  
орг
анн
ың
 
макс
им
алды
 
зақ
ымд
алуы
 
кезеңі
 
Жүрек дамуындағы  
ақаулықтар 
 
 
 
Қол деформациясы 
 
Кӛз/соқырлық 
 
Аяқ деформациясы 
 
 
 
 
 
 
 Тістегі кемшіліктер 
 
Тӛмен  
тәуекелдер  
кезеңі 
 
 
Құлақ /кереңдік 
 
 
Таңдай жырығы 
 
 
 
 
3-ай:  ұрық  ұзындығы  3  дюйм;  жыныстық  органдар  қалыптасады;  сүйектер 
қалыптаса бастайды; осы кезеңде баланың саусақ таңбасы болады. 
4-ай:  шаш  пайда  бола  бастайды;  құлақтары  толығымен  қалыптасады; 
сүйектері жылдам ӛсе бастайды.  
5-ай: ми жылдам дами бастайды; шаш ӛсе бастайды.  

 
 
 
6-ай:  тырнақтары,  кӛздері  толығымен  қалыптасады;  ӛкпесі  жұмыс  істей 
бастайды; бала дыбыстарды ести алады, қатты дыбыстарға жауап ретінде тебіне 
алады. Анасы баласы қалай тебіне бастағанын сезеді.  
7-ай:  бала  кейде  ұйықтап,  оянғаны  сезіле  бастайды;  ӛкпе  мен  ми  жақсы 
жұмыс  істейді,  егер  де  мерзімінен  бұрын  босанған  жағдайда,  бала  ӛмір  сүре 
алады.  
8-ай:  бала  жарықтар  мен  дыбыстарға  ӛте  сезімтал  бола  бастайды;  кӛздерін 
жиі ашып, жабады; басында шашы ӛседі; тырнақтар саусақ басына дейін жетеді; 
сұйық  заттардағы  тәтті  және  қышқыл  дәмді  айыра  алатын  дәм  сезу  түйіндері 
дамиды.  
9-ай:  соңғы  айда  салмағы  екі  еселенеді;  мидың  дамуы  жалғасады;  ему 
секілді кӛптеген рефлекстер дамиды.  
 
Баланың ӛсіп даму кезеңдері: 1-38 апта 
 
 
 
 
Жүктілік кезеңіндегі денсаулық пен қамқорлық 
Анасының  және  оның  әлі  дүниеге  келмеген  баласының  денсаулығы  отбасы 
мен  қауымдастығында  алған  қамқорлығына  байланысты.  Ол  ана  және  жас 
келіншектердің  теңдей  қарым-қатынас  құқықтарын  танудан,  кемсітушілікке  жол 
бермейтін мінез-құлық пен қарым-қатынасты ӛзгертуден басталады. Ӛзінің ӛмірін 
бақылайтын  әйелдер  балалары  үшін  бар  жақсылықты  аямайды,  қажет  жағдайда 
медициналық  кӛмекке  жүгінеді.  Жүктіліктің  ерекшеліктері  мен  тәуекелдері 
туралы білетін әкелер лайықты түрде қолдау кӛрсетуге бейім.  
 
 
 
 
 

 
 
 
Медициналық орталықтарға бару 
Жүкті  әйелдер  босанғанға  дейін  медициналық  орталықтарға  үнемі  барып 
тұруы  қажет.  Сіздің  еліңізде  не  ұсынылатындығын,  қолданыста  не  бар  екендігі 
туралы тексеріңіз. Жүктіліктің бірінші белгілерінен бастап баруы тиіс. Жүктілікті 
растау  үшін  қан  анализін  тапсыруы  керек.  Медициналық  орталықтың  медбикесі 
болашақ анада медициналық проблемалардың бар-жоқтығын анықтайды, не істеу 
керек  екендігі  туралы  кеңес  бере  алады.  Мерез,  АҚТҚ/ЖҚТБ  секілді  жыныстық 
қатынас  арқылы  берілетін  инфекцияларға  тексерілуге  және  екпе  егу  әдетте  осы 
кезеңде  жүргізіледі.  Құрамында  темір,  мырыш,  фолий  қышқылы  және  т.б.  бар 
қоспаларын жазып беруі мүмкін. Мұндай кәсіби күтім болмаса мерзімінен бұрын 
босану, шала туған бала туу және салмағы аз бала туу (яғни, 2500 грамм немесе 5 
фунттан  салмағы  тӛмен  балалар),  ұрықтың  ӛлімі  немесе  дене  кемшіліктері  бар 
баланы дүниеге әкелудің ықтималдылығы жоғары.  
Дұрыс тамақтану 
Ӛмірге  келмеген  баланың  тамақтануы  анасына  тәуелді.  Жүктілік  пен  ана 
сүтін  беру  кезінде  темір,  фолий  қышқылы,  йод  және  ӛзге  минералдармен 
байытылған  және  калориясы  жоғары  тамаққа  мұқтаж  болады.  Егер  ол  жүктілік 
кезеңіне  қауіпсіз  және  калориялы  диетаны  ұстанса,  мерзімінде  және  дені  сау 
баланы дүниеге әкелудің ықтималдылығы барынша жоғары болады.  
Демалыс және стресс жағдайларына жол бермеу  
Жүктілік  кезінде  әйелдер  ӛзін  қатты  шаршағандай  сезінеді.  Олардың  түнде 
ұйқысы  қанып,  күндіз  демалуы  қажет.  Үйде,  жұмыста  әйелдер  ауыр  жұмысты 
орындамағаны жӛн және демалу үшін уақыты болуы тиіс.  
Жүктілік  кезінде  әйелдерде  эмоционалдық  күйзеліс  болуы  орынды  жағдай 
болғандықтан,  отбасы  осы  кезеңде  тиісті  қолдау  кӛрсетуі  керек.  Кӛп  күйзеліс 
анасының  денсаулығына  теріс   әсер етіп,  баланың  пульсінің,  демалу жиілігі  мен 
белсенділік деңгейінің тӛмендеуіне алып  келуі мүмкін.  Отбасының әрбір мүшесі 
болашақ ананың жұмысын бӛліп алып, кӛмектесуі керек.  
Босану арасындағы үзіліс  
Кӛп  бала  туу,  жиі  босану,  18  жасқа  толмаған  қыздардың  бала  тууы  анасы 
үшін  де,  баласы  үшін  де  қауіпті  ұлғайтуы  мүмкін.  Босану  арасындағы 
ұсынылатын  үзіліс  екі  жылды  құрайды.  «Қауіпсіз  секс»  тәжірибесі, 
контрацептивтерді  қолдану  және  уақытында  «жоқ»  деп  айту  –  осы  үзілісті 
жасайтын    іс-әрекет.  Әйелдерге  ӛзінің  денсаулығына  қатысты  шешім  қабылдау, 
жүктілік  кезінде,  бала  туылған  және  бала  ӛсіп  келе  жатқан  кезде  серіктесімен 
кӛмек кӛрсету мен қолдау туралы сӛйлесуге мүмкіндік берілуі тиіс. 
Әйел  мен  еркек  денсаулық  пен  репродукция  туралы  бірлескен  ақпараттық 
шешім  қабылдаған  кезде  ӛзгерістер  орын  алады.  Бұл  балалардың  ерте  жастан 
тұрмысқа шығу қорқынышын күтпей, ойнау және ӛсу құқықтарын білдіреді.  
Зиянды заттар  
Алкоголь, кофеин, бетель немесе темекі секілді зиянды заттар іштегі балаға, 
әсіресе,  әйел  ӛзінің  жүкті  екендігі  туралы  білмеген  кездегі  жүктіліктің  ерте 
мерзімінде  ұрықтың  дамуына  зиян  тигізуі  мүмкін  екендігі  туралы  жоғарыда 
айтылып ӛтті. Шылым шегу шеккен адамға емес, сондай-ақ оның айналасындағы 
адамдарға, оның ішінде ана мен балаға зиянды. Бұл мұндай зиянды заттардың аз 
мӛлшердегі  әсеріне  ұшыраған  әрбір  әйелдің  жүктілігі  ауыр  ӛтеді  дегенді 
білдірмейді. Дегенмен, зиянды заттардың әсерінен қашық болған жӛн.  
Босану 
Босану – ана мен бала үшін қиын кезең. Босануды және тӛтенше жағдайларды 

 
 
 
жоспарлау жүктіліктің ерте кезеңінде басталуы тиіс. Отбасы мүшелері туу толғағы 
басталуының  белгілерін,  туу  толғағы  басталған  кезде  қалай  кӛмек  кӛрсету  керек, 
кімге  жүгіну  керек  екендігі  туралы  білуі  тиіс.  Анасының  қасында  толғақ,  босану 
және  босаудан  кейінгі  кезінде  тәжірибесі  мол  акушер,  дәрігер  немесе  медбике 
болуы  қажет.  Қажет  болған  жағдайда  арнайы  кӛмекке  оның  қолы  жетімді  болуы 
тиіс.  
Бала туған соң ана мен бала күтімі  
Босанудан кейін ана да, бала да күтім мен қамқорлыққа мұқтаж. Алғашқы 24 
сағат  ішінде,  алғашқы  бірінші  аптада  және  босанудан  кейінгі  алты  апта  бойына 
үнемі бақылауда болуы керек. Жағдай ушыққан кезде жиі бақылап, тексеру қажет. 
Балаға  алғашқы  вакцинация  осы  кезеңде  жүргізіледі,  дегенмен  бұл  мемлекетке 
байланысты  ерекшеленуі  мүмкін.  Ата-аналар  нақты  бір  елде  және  аймақта 
белгіленген ережелер мен графиктерге сәйкес әрекет етуі тиіс.  
 
Қазақстан Республикасының профилактикалық егудің Ұлттық күнтізбесі : 
 
Жасы 
Вакциналар келесі инфекциялық аурулар  бойынша
 
Туберк
улез 
(БСЖ
)
 
В
ирусты г
епати
т 
«В
» (
В
ГВ
)
 
П
олиом
иелит
 
(ОПВ
)
 
К
ӛк
ж
ӛт
ел, д
иф
терия

сі
ре
спе (
А
К
ДС)
 
Гемофиль
ді
 
ин
ф
ек
ци
я (
H
ib)
 
Диф
терия
, сі
рес
пе 

ДС)
 
Диф
терия
 (А
Д
-М)
 
Диф
терия
, сі
рес
пе 

ДС
-М)
 
 
Қ
ызымақ, 
қызы
лша

парати
т (КК
П
)
 
Қ
ызылша
 
1-4 күн 


  
  
  
  
  
  
  
  
2 ай 
  




  
  
  
  
  
3 ай 
  
  



  
  
  
  
  
4 ай 
  




  
  
  
  
  
12-15 ай 
  
  

  
  
  
  
  

  
18 ай 
  
  
  


  
  
  
  
  
6 жас 
(1сынып) 

  
  
  
  

  
  

  
12 жас 
  
  
  
  
  
  

  
  
  
15 жас 
  
  
  
  
  
  
  
  
  

16 жас 
және әр  10 
жыл 
  
  
  
  
  
  
  

  
  
 
Жаңа  туылған  нәрестеге  күтім  жасау  қуаныш  әкеледі  әрі  шаршатады.  Ана 
сүтімен  тамақтандыратын  аналар  калориялы  тамаққа  және  демалысқа  мұқтаж 

 
 
 
болады.  Үйде  күнделікті  анасы  орындайтын  жұмыстарды  отбасы  ӛзіне  алып, 
кӛмектесе алады. 
Дүниеге келген нәрестенің күшеюіне барынша кӛмек кӛрсету үшін күш салу 
керек:  
-
 
анасы,  әкесі  немесе  балаға  қамқор  жасайтын  ӛзге  маңызды  тұлға  қолына 
алып, бауырына басу; 
-
 
қажеттілігі  бойынша  (әрбір  немесе  үш  сағат  сайын)  алғашқы  алты  ай 
бойына  ана  сүтімен;  егер  әйел  ана  сүтін  бере  алмаған  жағдайда,  сүзілген  ана 
сүтімен  немесе  ана  сүтін  алмастырушымен  (мәселен,  қоспамен)  бӛтелкеден 
тамақтандыру;  
-
 
жылы, құрғақ және ыңғайлы киімде болуын қадағалау;  
-
 
балаға жеткілікті кӛңіл бӛлу, сӛйлесуге ынталандыру (мәселен, заттармен 
және адамдармен сӛйлесуге, кӛруге ынталандыру);  
-
 
таза ортада балаға күтім жасау;  
-
 
баланы  үнемі  тексеру,  денсаулық  жағдайына,  салмағына  мониторинг 
жүргізу, ұсынылған вакциналарды жүргізу.  
Егер  балаға  қалай  массаж  жасау  керек  екендігін  білсеңіз  және  ол  балаға 
ұнайтын  болса,  онда  жұмсақ  массаж  балаға  пайдалы.  Ас  қорыту  үшін  жүйке 
жүйесінің  ынталандыруын,  күйзеліс  гормондарын  тӛмендетуін,  ата-ана  мен  бала 
арасындағы  байланысты  нығайтуын  қоса  алғанда,  массаждың  пайдасы  кӛп. 
Әкелер  де  балаларына  массаж  жасай  алады.  Баламен  сӛйлесу  ата-анаға  ӛзінің 
баласы туралы маңызды қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әке әңгімесінен: 
Таңертең тұрған соң, суды ысытып, үй алаңын сыпырамын, ӛйткені менің 
жарым таяуда босанды және осы жұмысты орындай алмайды. Мен таңғы ас 
дайындап, Джамайка мен Яан Елайдың тамақтандырамын, сол кезде менің 
жарым Джемма біздің кішкентай сәбиімізбен тӛсекте жатады. Джемма 
оянған кезде тӛсекте жатып баламен сӛйлесіп, ойнайды. Ол баланы ана сүтімен 
тамақтандырады және барлық уақытта баламен сӛйлеседі, сондықтан ол 
жылдам үйренеді.  
Орталыққа апарар алдында мен екі қызымды шомылдырамын. Менің 
жұбайым Ата - аналарға арналған Білім беру Бағдарламасына қатысқан және 
1998 жылдан бері еріктілер қатарында. Жұмыстан үйге қайтып келгенімде 
немесе үйде болған кезімде балаларды, әсіресе, жаңа туылған Джеймсті қолыма 
аламын. Мен онымен сӛйлесемін, ойнаймын.  
Ф.де лос Анджелес – Батиста (2001). 
  
Ерте балалық шақ  мәселелері. № 99.  
Бернард ван дер Лиэр Қорына үлкен  алғыспен 

 
 
 
 
 
Баланы емізу 
 
Ана  сүті  –  сәби  үшін  ӛмірінің  алғашқы  алты 
айындағы,  оның  ішіне  АҚТҚ    шалдыққан  анадан 
туылған  балаларды  қоса  алғанда,  ең  жақсы  тағам 
және  сусын.    Ешбір  тағам,  сусын,  тіпті  су  да  қажет 
емес.  Ана  сүтінің  құрамында  баланың  иммундық 
жүйесін  қалыптастыратын  аналық  антиденелер 
болады, сондықтан ана сүтін беру барынша пайдалы.  
Әрбір  ана  дұрыс  емізуді  үйренуі  мүмкін, 
қаншалықты  ана  сүтін  кӛбірек  берсе,  соншалықты 
пайдалы  болады.  Егер  анада  ана  сүтін  беруде 
қиындықтар туындаса, медбикеге немесе медициналық қызметкерге хабарлауы тиіс, 
олар  ӛз  кезегінде  мәселені  шешуге  кӛмектеседі. Егер  анасы  баласын  емізе  алмаса, 
оған сүзілген ана сүтін, немесе қажеттілігіне қарай ана сүтін алмастырушыны таза 
бӛтелкемен  беруге  болады.  Диареяның  (ӛңделмеген  ауыз  суы  немесе  бӛтелкеден 
туындайтын)  алдын  алу  үшін  қоспаны  дайындайтын  су  қайнатылған,  ал  бӛтелке 
стерильді (қайнаған суда 5-10 минут) болуы тиіс.  
АҚТҚ  шалдыққан  вирусқа  қарсы  препараттар  қабылдайтын  аналар  ӛз 
балаларын  емізгісі  келеді,  ӛйткені  вирусқа  қарсы  препараттар  анасынан  баласына 
АҚТҚ жұғу мүмкіндігін тӛмендетеді (дегенмен тәуекелді жоймайды).  
Бала  туылғаннан  кейінгі  алғашқы  сағатының  ішінде  анасы  баласын  емізу 
керек. Босанудан кейін анасының денесімен жанасуы және емізуі ана сүтінің пайда 
болуын ынталандырады. Босанғаннан кейінгі алғашқы бірнеше күндегі майлы сары 
сүт бала иммунитетінің қалыптасуына кӛмектеседі. Анасы баласының қарны ашқан 
кезде немесе әрбір екі-үш сағат сайын емізуі керек.  
Егер балаға ему қиын болса, баланы анасының кеудесіне қойып, жиірек емуге 
кӛмектесу қажет. Сүзілген ана сүтін таза кесе мен қасықты қолдана отырып, балаға 
беру керек.  
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  (ДДСҰ)  кемінде  6  ай,  ал  барынша 
пайдалы  болу  үшін  екі  жасқа  дейін  немесе  одан  да  астам  жасқа  дейін  ана  сүтін 
беруді  сақтауды  ұсынады.  Алты  айлық  балаға  ана  сүтінен  басқа,  балаларға 
қосымша тамақтандыру ретінде қою тағам беру керек. Бұл күріш қосылған кӛкӛніс 
пюресі, суға пісірілген, тазартылған және уақталған жемістерді (немесе ұсынылған 
басқа жергілікті тағам) және де таза ішетін суды күніне бес реттен кем емес беру 
керек. 
Жаңа туылған баланы тіркеу  
Жаңа  туылған  баланы  тіркеу  баланың  дүниеге  келу  фактісін  заңды  рәсімдеу 
үшін  қажет.  Халықаралық  Заңнамаға  сәйкес  әрбір  бала  азаматтық  мәртебесіне 
қарамастан, туу туралы куәлік алуға құқылы. 
Туу  туралы  куәліксіз  бала  заңды  түрде  жоқ,  оның  тұлғасы  анықталынбаған 
болып  табылады.  Заңды  танылмаған  тұлға  медициналық  қызметтің  кӛрсетілуіне, 
білім  алуға,  негізгі  азаматтық  құқықтарға  ие  болуға,  елде  тұрақты  тұруға  құқығы 
жоқ. Баланың туылғанын тіркеу мемлекеттің азамат мәртебесін алу үшін маңызды, 
себебі  азаматтықтың  болмауы  адамды  саудаға  салуының  нысаны  және  адамды 
пайдаланудың  басқа  да  нысаны  болу  қауіптерін  тудырады.  Ата-аналар  баланың 
дүниеге келу фактісін тезірек тіркеуі тиіс.  

 
 
 
 
 
Жақсы кӛруге үйрену 
Жаңа туылған нәресте таңғажайып және керемет! Туылған кезде тыныс алу, 
ему,  ағзадан  зиянды  заттарды  жою  секілді  жүйенің  барлық  функциялары 
қалыптасқан  және  автономды  жұмыс  істеуге  дайын  болады.  Жаңа  туылған 
нәрестелер  әртүрлі  дыбыстарға,  әсіресе,  анасының  дауысын  естіп,  оған  әрекет 
жасай алады; аз да болса, кӛре алады; олар жанасқанға әрекет етеді және үйренуге 
дайын. 
 
 Егер 
ата-анасы 
баласын 
туылғаннан 
бастап 
жақсы 
кӛрсе, 
баланың  ата-анасына  деген  махаббаты 
мен  байланыс  сезімі  оянуы  үшін 
бірнеше  ай  керек.  Байланыс  –  бұл 
нәресте  мен  ата-аналар  арасындағы 
жақындық сезімі және ол сезім баланың 
ӛмірінің  алғашқы  екі  жылында  нығая 
түседі.  Бұл  бала  мен  жақын  адамдары 
арасындағы  бірінші  ӛзара  байланыс 
және 
келешек 
ӛмірде 
болатын 
байланыстарға  негіз  болады.  Осы 
байланыстар 
арқасында 
балада 
қалыптасатын  сенімділік,  қауіпсіздік  пен  қамқорлықта  болу  сезімдері  дамудың 
барлық  аспектілері  үшін  маңызды  болып  табылады.  Олардың  арқасында  бала 
келешекте  белгісіз  ортада  ӛзін  еркін  ұстайды,  бейтаныс  балалармен  ойнап, 
мектепке  дейінгі  ұйымдар  секілді  қоғамдық  орындарында  ата-анасыз,  жалғыз 
қалуға қорықпайды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сіз не істей аласыз? 
 
Барлық  жасӛспірімдерді  18  жасқа  дейінгі  жүктіліктің  қауіптілігімен 
және репродукция туралы маңызды ақпаратпен таныстырыңыз. 
Ӛз  жұбайыңызбен  немесе  жарыңызбен  репродукция  туралы  және 
осымен  байланысты  мәселе  туралы  сӛйлесіңіз.  Сіз  қашан  және  қанша  бала 
болғанын  тілейсіз?  Әйелдердің  пікірінше,  ер  адамдар  нені  білуі  қажет? 
Әйелдерге  кӛмектесу  үшін  ер  адамдар  қандай  ақпарат  білгісі  келеді?  Ананың 
рӛлі қандай? Әке қандай рӛл атқарады? 
Шылым шегу, шарап ішу және есірткі қолданудан бас тартыңыз.  
Қауымдастықтың  басқа  мүшелерімен  ақпарат  алмасыңыз,  кӛмекке 
мұқтаждарға жәрдем беріңіз. 
 Балаларды  жақсы  кӛріп,  оларға  кӛбірек  назар  аударыңыз  және 
мейіріміңізді аямаңыз: 

Оянғанда қолға алып, құшағыңызға алыңыз. 

Олармен сӛйлесіңіз, оларға ән айтыңыз.  

Кӛмек жақын жерде екенін білсін деп, олардың жылауына әрекет етіңіз. 

Кӛзбен кӛру байланысын орнату үшін олардың кӛздеріне тіке қараңыз.  

Оларға  күліп,  бетіңізді  күлкілі  қылып  қисайтыңыз,  тіліңізді  кӛрсетіңіз 
(кішкентай  болса  да,  бала  оны  қайталауға  тырысады).  Ӛздері  кӛрсететін 
дыбыстар мен күлкілі бет қимылын кӛрсетіңіз.  

Нәресте  кӛзімен  қозғалысты  байқау  үшін  ашық  түсті  және  ақ-қара 
ойыншықтарды  бала  бетінен  25-40  см  қашықтықта  іліп  қойыңыз.  Оларды  жиі 
ауыстырып тұрыңыз – оларды бақылау ойлау қабілетін ынталандырады.  

Қолға түскен, тіпті осы бӛлім болсын, балаға дауыстап оқып беріңіз.  

Ертегі  айтыңыз,  ән  салыңыз,  дұға  оқыңыз.  Балалар  сізбен  жақындықта 
болуынан  және  сіздің  дауысыңызды  естігенінен  үлкен  әсер  алатын  болады. 
Балалар сӛйлеуден бұрын түсініп, тілді үйрене бастайды.  
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстанда бар ресурстар мен қызмет кӛрсетулер 
 
Біздің 
елімізде 
құрсақтағы нәрестенің және 
жаңа 
туған 
сәбидің 
перинаталдық  кезеңіндегі  дамуы  мен  денсаулығын  қорғау  бойынша  жүйелі 
жұмыстар  атқарылуда.  Жүкті  әйелдің  босанғанға  дейінгі  патронаж  уақытылы 
болуына  жауапты  алғашқы  медициналық-санитарлық  кӛмек  кӛрсетудің 
медициналық қызметкерлеріне айрықша рӛл беріледі.  
Жүкті  әйелдерді  босануға  дайындау  бойынша  әртүрлі  қызметті  жүзеге 
асыратын және ұйымдастыратын Босануға даярлау орталықтары қызмет етеді.  
Балаларға алғашқы медициналық-санитарлық қызмет кӛрсететін денсаулық 
сақтау  ұйымдарында  құрылымдық  бӛлімше  ретінде  Дені  сау  бала  кабинеттері 
жұмыс істейді.  
Ерте жастағы балаларға патронажды профилактикалық бақылауды 
алғашқы медициналық-санитарлық кӛмек кӛрсетудің медициналық 
қызметкерлері жүргізеді. Патронажды бақылау бала денсаулығын сақтау мен 
нығайтуға, отбасында лайықты күтім жасауды қамтамасыз ету арқылы 
интеллектуалды әлеуетті іске асыруға бағытталған.  
2007  жылы  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігі 
кӛптеген балалар үшін тегін дәрі-дәрмектерді реттейтін «Амбулаториялық емдеу 
кезінде  дәрілік  заттар  мен  балалар  мен  емдік  тағамның  мамандандырылған 
ӛнімдері  рецептімен  тегін  берілетін  аурулардың  түрлерінің  және  тұрғындардың 
жекелеген түрлерінің тізбесі туралы» Бұйрығы бекітілді.  
 

 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет