Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-Әдістемелік нұСҚаулық


Қазақстан Республикасының мектеп алды мекемелеріндегі және  жалпы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата02.01.2017
өлшемі3,99 Mb.
#981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасының мектеп алды мекемелеріндегі және  жалпы 
білім беретін мектептеріндегі бес-алты жасар балалардың міндетті мектеп 
алды дайындығы жӛніндегі ережелер 
Бекітілді 
1999 жылдың 22 қаңтардағы N 1762 
Қазақстан Республикасы  
Үкіметі қаулысымен   
 
1.  Осы  Ережелер  мектеп  алды  мекемелері,  жалпы  білім  беретін  мектептер  және 
басқа  да  мекемелердегі  ведомстволық  бағынушылығы  мен  меншіктік 
формаларына  тәуелсіз,  бес-алты  жасар  балалардың  жалпы  білім  беретін 
бағдарлама  аясында  (әрі  қарай  –  Мектеп  алды  дайындық)  міндетті  мектеп  алды 
дайындығын қадағалайды. 
2. Жанұядағы, мектеп алды мекемедегі немесе жалпы білім беретін мектептегі 
мектеп алды дайындық Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңына 
сәйкес жүзеге асырылады.  
3. Мектеп алды мекемедегі немесе жалпы білім беретін мектептегі мектеп алды 
дайындықтың негізгі міндеттері тӛмендегідей:  

 
 
 
                1) балаларды мектепке дайындау;  
                2) балалардың физикалық және психикалық денсаулығын     
                     қадағалау және жақсарту;  
                3) балалардың интеллектуалды және тұлғалық дамуын  
                    қамтамасыз ету, олардың эмоционалдық саулығы үшін   
                    қамқорлық жасау;  
                4) кӛмекті қажет ететін балалардың дамуындағы    
                    ауытқушылықтарды  жӛндеу;  
                5) баланың толық дамуын қамтамасыз ету мақсатында оның  
                     жанұясымен 
ӛзара 
қарым-қатынас 
жасау.  
4.  Ата-аналар  және  басқа  да  заң  ӛкілдері  бес-алты  жастағы  балалардың  мектеп 
алды дайындығын қамтамасыз етуі міндетті.  
5. Мемлекеттік білім беретін мекемелерінде мектеп алды дайындық ақысыз болып 
келеді  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  мемлекеттік 
бюджет 
есебінен 
қаржыландырылады.  
6. Білім беретін мемлекеттік мекемелердегі мектеп алды сыныптар мен топтарда 
әлеуметтік кӛмекті қажет ететіндердің жағдайы ескеріледі. 
7.  Мектеп  алды  дайындық  жӛніндегі  нұсқаулар,  сонымен  қатар  мектеп  алды 
дайындықпен  байланысты  оқу-әдістемелік  сұрақтар  Қазақстан  Республикасы 
заңнамасына  сәйкес  білім  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  орталық 
орындаушы органының құзыреті шеңберінде анықталады.  
 
 
Соңғы жылдарда Қазақстан «МЕКТЕП» баспасынан балаларды мектепке 
дайындау туралы оқулықтарының жиыны басылып шықты. 
 
   
Бенеш Н.И., Натарова Ю.Н., Тинькова С.Ю. және т.б. Кӛркем әдебиеті: Әліппе-
дәптер.                                                                                                                                                                                                     
Мектеп-алды  сыныптар  мен  топтарға  арналған  оқулық.  Мектепке  дейінгі 
балаларды тәрбиелеудің және оқытудың  жалпы білім беру бағдарламасына және 
мектеп-алды  дайындық  пен  мемлекеттік  білім  беру  стандарттар 
Тұжырымдамасына сәйкес  6-7 жасар балалардың балабақша және 
жалпы  білім  беру  мектеп  қабырғасында  кӛркем  әдебиетпен 
танысуына арналған оқулық.  
Бұл  кітап  6-7  жасар  балаларға  арналған  оқулық  болып  табылады 
және  мектеп-алды  мекемелердегі  тәрбиешілерге,  мектеп-алды 
дайындық  сыныптарының  педагогтарына  және  ата-аналарға  үлкен 
кӛмегін  тигізеді.  Кӛркем  әдебиет  бойынша  әліппе-дәптер  32 
сабаққа  арналған  материалдарды  қамтиды.  Осы  сабақтардағы 
қарастырылатын Қазақстандық жазушылар мен ақындардың, Ресей және шетелдік 
авторлардың  шығармалары  балалар  үшін  үлкен  нағыз  әдебиет  әлемін  танудағы 
алғашқы қадамы болады. 
 
Кӛркем әдебиеті. Дидактикалық материалдар.  
Бұл  оқулық  ересек  мектеп-алды  балаларға  кӛркем  әдебиетімен 
танысуға арналған қосымша материал ретінде ұсынылады. Оқулыққа 
ертегі 
кейіпкерлерінің 
сӛздігі, 
авторлар 
туралы 
мәлімет 
және  әдебиеттану ғылымының түсінігі туралы мәлімет кіреді.  

 
 
 
 
 
Бенеш Н.И. және т.б. Кӛркем әдебиет: Методикалық нұсқау.  
Мектеп-алды  сыныптар  мен  топтардың  педагогтарына  арналған 
оқулық.  
6  –  7  жасар  балалардың  мектеп-алды  дайындығы  барысында 
кӛркем  әдебиет  шығармаларымен  танысу  болып  табылады.  Бұл 
шығармаларды  балалар  оқып,  түсінігін  айтып,  жаттауы  тиіс. 
Берілген  оқулық  тәрбиешілерге  сабақты  жоспарлауды  және 
ӛткізуді  бірізділік  пен  перспективалық  нысандарына  сәйкес  балаларды  кӛркем 
әдебиетімен  таныстыруға  кӛмекші  болады.  Кітап  мектеп-алды  сыныптар  мен 
топтардың педагогтарына арналған. 
 
 
Бенеш Н.И. және т.б. Кӛркем әдебиет: Хрестоматия.  
Мектеп-алды сыныптар мен топтарға арналған оқулық.  
6  –  7  жасар  мектеп-алды  балалардың  балабақша  және  жалпы  білім 
беру мектеп қабырғасында кӛркем әдебиетімен танысуына арналған. 
Мектеп-алды мекемелерінің тәрбиешілеріне, педагогтарға және ата-
аналарға 
жақсы 
кӛмекші 
болып 
табылады.  
Хрестоматия  үш  үлкен  бӛлімнен  тұрады;  әлем  халықтарының 
фольклоры;  Қазақстан,  Ресей  және  басқа  да  ТМД  мемлекеттерінің 
жазушылары  мен  ақындарының  және  шетел  авторларының  шығармалары; 
классикалық 
және 
заманауи 
әдебиет 
шығармалары.   
Шығармаларды оқулыққа енгізу барысында олардың әдеби құндылығы және 6-7 
жасар  балалардың  түсінуіне  ыңғайлығы  қарастырылды.  Мектеп-алды  сыныптар 
мен топтарға, педагогтар мен ата-аналарға арналған. 
 
Музыка. Хрестоматия.  
Берілген  оқулыққа  классикалық  туындылардың  ноталары, 
фолклордың, заманауи музыканың таңдаулы үлгілері кірістірілген. 
Құнды  музыкалық  мұралардың  ішінен  халық  ӛнерінің  үлгілеріне 
аса маңызды назар бӛлінген. Бағдарламаға кірістірілген музыкалық 
туындылар  рухани  қордың  бастауы  болады.  Сонымен  қатар, 
балалардың  түрлі  ӛмірлік  проблемаларға  деген  қатынасын  және 
олардың  ашырлыққа  дайын  болу  дәрежесін  анықтауға  септігін 
тигізеді.  Осы  туындылармен  бірге  балаларға  арнайы  шығарылған 
музыкалық туындылар кездеседі. 
 
Музыка. Дидактикалық материалдар. 
Музыкалық  эстетикалық  тәрбиенің  мақсаты  –  балаларды 
музыкаға  балу,  олардың  бойына  қоршаған  ортадағы  жақсы 
дүниелерге  эмоционалды  ықыластық  қасиетін  және  әділетсіздік 
пен  зұлымдыққа  деген  теріс  қатынасын  қалыптастыру  болып 
келеді.  
Музыка  сабақтарында  шығармашылық  жұмыстарының  түрлі 
формалары кездеседі: 

балалардың ӛздері және олармен қосыла ән салу; 

балалардың музыкаға сай қозғалуы және ән салуы; 

 
 
 

музыканы тыңдау; 

дыбыс шығаратын заттармен эксперименттеу, халық және балалар 
музыкалық аспаптарын тарту. 
Оқулық түрлі-түсті суреттерлермен берілген, сонымен қатар музыкалық-
ырғақтық қозғалыстардың, бидің және т.б. сюжеттік ойындарына сипаттама 
береді. 
 
 
Колбина Е.В. Музыка: Әліппе-дәптер.  
Мектеп-алды сыныптар мен топтарға арналған оқулық.  
Музыка  бойынша  оқулық  –  баланың  зейінін,  логикалық  ойлау 
қабілетін,  эмоционалды  қабылдау  әрекетін  және  есте  сақтау 
қабілетін  қалыптастыратын  жаттығуларды  орындауға  арналған. 
Сонымен бірге, балалардың кӛркем-шығармашылық дамуына  және 
қарапайым  образдық,  тембрлік,  құрамдық  ойын  және  музыкалық 
есту қабілетін дамытуға септігін тигізеді. 
 
Оқу  материалы  тоқсандар    бойынша  топтастырылған,  сабақ  кезіндегі  болжамды 
жобалаумен арақатыстығы белгіленген және әр шығармаға бір бет арналған. 
          Кітап 6-7 жасар балаларға, педагогтар және ата-аналарға             
          арналған. 
  
Сӛйлуді дамыту. Хрестоматия.  
   Оқулық-хрестоматия  6-7  жасар  балаларға,  мектеп-алды  мекеме 
тәрбиешілеріне,  мектеп-алды  сыныптар  мен  топтарға,  педагогтар 
мен ата-аналарға арналған.  
"Хрестоматия"  үш  үлкен  бӛлімнен  тұрады:  әлем  халықтарының 
фольклоры; Қазақстан, Ресей және басқа  да  ТМД мемлекеттерінің 
жазушылары  мен  ақындарының  және  шетел  авторларының 
шығармалары; классикалық және заманауи әдебиет шығармалары.  
Бұл  басылым  әдеби  білім  беру  мәселелерін  шешуге,  мектеп-алды 
балаларының  сӛйлеу  қабілетін  дамытуға  және  белсенді  сӛздік  қорын  байытуға 
кӛмек беретін алғашқы оқулық. 
Сӛйлеуді дамыту. Методикалық нұсқау. 
 Методикалық  нұсқауға  берілген  оқулықтар  бойынша  ұсыныстар,  сонымен  қатар 
әр тақырып бойынша сабақ сайынғы зерттемелер кіреді. 
 
Бенеш Н.И. және т.б. Сӛйлеуді дамыту: Әліппе-дәптер.  
  
Мектеп-алды сыныптар мен топтарға арналған оқулық.  
Оқулықтың  мақсаты  –  ересек  мектепке  дейінгі  балалардың  сӛйлеу 
қабілетін  қалыптастыру,  сӛздік  қорын  байыту,    ойлау  және 
қисынмен  сӛйлеу  қабілеттерін  дамыту  және  сӛйлеу  мәдениетін 
үйрету  болып  табылады.  Оқулықта  берілген  материал  сӛйлеу 
қабілеті  жүйесінің  әдістемесіне  сүйенеді.  Оның  ішіне  түрлі 
жаттығулар  жүйесі  кіреді:дыбыстық  сӛйлеу  мәдениетін  үйрету,  грамматикалық, 
диалогтық  және  монологтық  сӛйлеуді  қалыптастыру,    балалардың  сӛздік  қорын 
байыту,  кӛркем  сӛз  бен  оқуға  қызығушылығын  арттыру.  Кітап  6-7  жасар 
балаларға, педагогтар және ата-аналарға арналған. 

 
 
 
 
 
Сӛйлеуді дамыту. Дидактикалық материалдар 
 Дидактикалық  материалдар  –  ересек  мектеп-алды  балаларына 
қосымша материал ретінде ұсынылады.  
Оқулықтың  мақсаты  –  мектеп-алды  дайындық  педагогтарына, 
сонымен  қатар  ата-аналарға  мектеп-алды  мекемелерінде  және  үй 
жағдайында  ӛзіндік  жұмысын  ұйымдастыруда  практикалық  кӛмек 
кӛрсетуге арналған.  
Оқулықтың құрамы: 
-дидактикалық ойындар; 
- дифференциациалар бойынша дыбыстарды дұрыс айту жӛніндегі жаттығулар; 
- дауыс ырғағымен жұмыс жасау материалдары; 
- сӛз және сӛлеммен жұмыс жасау материалдары; 
- қисынмен сӛйлеу жұмыстарына арналған материалдар; 
- дауыс ырғақтық жаттығулар. 
 
 
Бенеш Н.И. және т.б. Сауттылық және жазудың негіздері: Әдістемелік нұсқау. 
          Мектеп-алды  сыныптар  мен  топтардың  педагогтарына 
арналған оқулық.  
          Мектеп-алды балаларының сӛйлеу қабілетін дамыту және ана 
тілін үйрету Тұжырымдамасы мен бағдарламасына сауаттылық пен 
жазудың  негіздерімен  танысу  жӛнінде  арнайы  жұмыстар 
кірістірілген.  Мектеп-алды  топтардың  (сынаптардың)  балалары 
алғаш  рет  сӛйлеуді  үйренудің  пәні  ретінде  қарастыра  бастайды. 
Қойылған  міндеттерге  байланысты  6-7  жасар  балаларды 
сауаттылық 
пен 
жазудың 
негіздерімен 
таныстыру 
бағдарламасының  мазмұнын  тӛмендегі  бағыттар  бойынша  қарастыра  аламыз: 
«Дыбыстар  мен  әріптер»,  «Буын,  сӛз,  сӛйлем»,  «Жазу».  Мектеп-алды  дайындық 
бағдарламаларына  сәйкес  6-7  жасар  балалардың  әр  бағыттың  мазмұнын  меңгеру 
дәрежесіне талаптар қойылды.  
 
Бенеш  Н.И.  және  т.б.  Сауаттылық  және  жазудың  негіздері:  Дидактикалық 
материалдар. 
Мектеп-алды  сыныптар  мен  топтарға  арналған  оқулық.  Бұл  оқулық  ересек 
мектеп-алды  балаларын  сауаттылыққа  оқытуға  арналған  қасымша  материал 
ретінде  ұсынылады.  Оқулық  мектеп-алды  дайындық  педагогтарына,  сонымен 
қатар  ата-аналарға  мектеп-алды  мекемелерінде  және  үй  жағдайында  ӛзіндік 
жұмысын ұйымдастыруда практикалық кӛмек кӛрсетуге арналған.  
Оқулықтың құрамы: 
- дифференциациалар бойынша дыбыстарды дұрыс айту жӛніндегі жаттығулар; 
- мектепке дейінгі балаларды әріптермен таныстыру жӛніндегі материалдар; 
- буын және сӛзбен танысуға арналған материалдар; 
- сӛйлеммен танысуға арналған материалдар. 
 
 
 
 

 
 
 
Сауаттылық пен жазудың негізі – әліппе-дәптер.  
Бұл  оқулықтың  мақсаты  –  мектепке  дейінгі  балаларды  орыс  тілі 
сауатының  негіздерімен  таныстыру,  оқуды  үйрету,  ұсақ 
моторикасын  қалыптастыру,  балалардың  тіл  байлығын  жақсарту, 
ойлау  қабілетін  дамыту  және  оқуға  сүйіспеншілігін  балу  болып 
табылады. Оқулықта ұсынылған материал сауаттылыққа үйретудің 
негізгі әдісі  –  дыбыстық аналитикалық және  синтетикалық әдіске 
сүйенеді.  Әліппе-дәптердің  әр  бетінде  сӛздердің  дыбысты-әрптік 
анализіне  арналған  тапсырмалар  берілген.  Бұл  анализ  жұмбақ 
сӛздерді  шешу  арқылы,  сӛздердің    және  сӛйлемдердің  дыбыстық 
және  әріптік  модельдері,  баспа  әріптері  және  әріптерді  салуға  бағытталған 
тапсырмалар  арқылы  жүзеге  асады.    Сонымен  қатар,  әліппе-дәптерде    ойынмен 
байланысты  тапсырмалар  -  ребустер,  кроссвордтар  берілген.  Жас  баланың 
сӛздерді буындап оқу, сӛйлемдерді және мәтіндерді оқу сияқты ӛзіндік жұмысына 
орын арналған.  
Әліппе  әріптер  мен  дыбыстарды  кірістіру  жүйесін,  сонымен  бірге,  ӛткен 
материалдарды жинақтау және меңгеруді қамтиды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Әдебиеттер тізімі
 
 
Allen,  K.  and  Marotz,  L.  2007.  Developmental  Profiles:  Pre-birth  through  Twelve.  5
th
 
edition. New York, Thomson Delmar Learning. 
Berk, L. 2006. Child Development. 7
th
 edition. Boston, Pearson Education. 
Brotherson,  S.  2005.  ―Understanding  brain  development  in  young  children‖. 
www.ag.ndsu.edu
 (Accessed 7 February 2011) 
Center on the Developing Child, Harvard University. 
www.developingchild.harvard.edu
 
(Accessed 7 February 2011) 
Peterson,  C.  2004.  Looking  forward  through  Childhood  and  Adolescence.  Sydney, 
Pearson Education Australia. 
Schiller,  P.  2010.  ―Early  brain  development  research  review  and  update‖.  Exchange. 
Vol. 32, No. 196, Nov/Dec 2010. 
UNICEF  et  al.  2010.  Facts  for  Life.  4
th
  edition.  New  York,  UNICEF. 
www.factsforlifeglobal.org
 (Accessed 2 March 2011) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
Денсаулық және тамақтану 
 
 
4-буклет 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
Денсаулық және тамақтану 
 
Барлық ата-ана балаларының дені сау болғанын қалайды. Дені сау балалар 
бақытты  және  белсенді  болады:  олар  жақсы  оқиды,  қауымдастықтың  белсенді 
бӛлігі болуға қабілетті.  
Ауыз  су  сапасы  тӛмен,  санитарлық  жағдайлары  нашар  қауымдастықта 
немесе адамдар қажетті гигиеналық ережелер сақтамайтын жерде кейбір отбасы 
үшін  бала  денсаулығын  сақтау  қалу  ӛте  қиынға  соғады.  Мұндай  жағдайда 
балалар  ауруға  шалдығуы  мүмкін.  Кӛбісі  ӛліп  жатады  немесе  мүгедек  болады. 
Егер  отбасы  және  қауымдастық  кӛп  шығынды  қажет  етпейтін  практикалық  іс-
шараларды  қабылдайтын  болса,  кӛп  аурулардың  алдын-алуға  болады.  Бұл 
бӛлімде  сәбилер  мен  кішкентай  балалардың  денсаулығына  қауіпті  негізгі 
тәуекелдерді, оларды туындау себептерін және олардың алдын-алу іс-шараларын 
қарастырамыз.  Балалардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ,  оларды 
қазіргі кезде және болашақта сақтауға кӛмектесетін дағдылар мен тәжірибелерді 
игеруге қалай кӛмектесу керек екендігін талқылаймыз.  
Сәбилер  мен  кішкентай  балалар  денсаулығы  үшін  негізгі  тәуекелдер 
қандай?  
Бірінші айда 
Анасы  және  туылмаған  нәрестенің  денсаулығы  кӛп  деңгейде  отбасы  мен 
қауымдастықтан  алатын  күтім  мен  қамқорлыққа  байланысты.  Босануға 
дайындалу  және  білікті,  тәжірибелі  акушердің  толғақ  кезінде,  босану  және 
босанудан  кейінгі  кезде  болуы  дені  сау  баланың  дүниеге  келуіне  үлкен 
мүмкіндік береді. Ең қиын кезең – ӛмірінің бірінші айы, ол кезде жаңа туылған 
нәресте, әсіресе, мерзімінен бұрын босанған бала жағдайында инфекцияның кез 
келген түріне ӛте әлсіз болады. Анасы да, баласы да таза ортаға мұқтаж, оларға 
толыққанды,  дұрыс  тамақтануы,  үнемі  медициналық  бақылауды  жүргізу  керек. 
Бала үшін толыққанды тамақтану ана сүті, оны бала туылғаннан кейінгі бірінші 
сағатынан бастап алуы керек.  
 1 ай мен 5 жас аралығында  
5 жасқа толмаған балалар әлі де әртүрлі ауруларға ұшырағыш болып келеді, 
соның ішінде:  
-
 
Пневмония және басқа да тыныс алу жолдары аурулары;  
-
 
Диарея; 
-
 
Безгек және дене қызбасы;  
-
 
Қызылша;  
-
 
АҚТҚ;  
-
 
Тамаққа жарымау. 
Енді  бірнеше  минут  уақыт  бӛліп,  ӛз  балаларыңыздың  денсаулығы  туралы 
ойланыңыз.  Сіздің  аймақта  сәбилер  мен  кішкентай  балалар  арасында  қандай 
аурулар жиі кездеседі? Балаларыңыздың денсаулығында сізді қатты мазалайтын 
мәселе? 
 
Қазақстандағы балалар аурулары (0-14): 
1.
 
 Тыныс алу жүйесі аурулары 
2.
 
Ас қорыту жүйесі аурулары 

 
 
 
3.
 
Қан, қан жасау органдары және иммунды жүйе аурулары 
4.
 
Тері және тері асты шел май қабатының аурулары 
5.
 
Кӛз және қосалқыларының аурулары 
6.
 
Инфекциялық және паразитарлық аурулар 
7.
 
Жарақаттар және улану 
8.
 
Орталық жүйке жүйесінің аурулары 
9.
 
Құлақ және емізік тәрізді ӛсінді аурулары 
10.
 
 Нәсеп-жыныс жүйе аурулары 
11.
 
 Эндокрин жүйесінің  және тамақтану мен зат алмасу жүйесінің 
аурулары 
12.
 
 Сүйек-бұлшық ет жүйесі және қосушы ұлпа аурулары 
13.
 
Туа пайда болған ақаулықтар 
14.
 
Қан айналу жүйесінің аурулары 
15.
 
 Ісіктер 
Тез асқынатын аурулар: тыныс алу жүйесі, қан және қан жасау жүйесі, ас қорыту 
жүйесі, орталық жүйке жүйесі аурулары.  
Ақпарат кӛзі:  ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі, 2008 ж. 
 
Негізгі аурулар және олардың алдын алу  
 
Пневмония 
 
Пневмония – ӛкпені зақымдайтын тыныс алу жолдары инфекциясының бір 
түрі.  Әлемде  5  жасқа  дейінгі  балалар  ӛлімінің  басты  себебі  болып  табылады. 
Пневмонияны  бактериалды  инфекциялар,  сонымен  қатар  әртүрлі  вирустар, 
бактериялар қоздырады.  
 
 
Пневмония жӛтел және түшкіру арқылы таралады.  
Иммундық  жүйесі  әлсіз  балалар  пневмонияның  дамуына  жиі  ұшырайды. 
Баланың  иммундық  жүйесі  тамаққа  жарымау,  АҚТҚ  шалдығу  немесе  қызылша 
секілді бұрын ауырған аурулар салдарынан әлсізденуі мүмкін. 
Қоршаған  ортаның  жеке  факторлары  пневмониямен  ауыру  тәуекелін 
жоғарылатады;  тамақты  дайындау  және  үйді  жылыту  үшін  отпен  немесе 
органикалық тыңайтқыштарды (тезек, қи) пайдаланудан үй ауасының ластануы; 
тұрғын үйдің таршылығы; темекі түтінімен дем алу.  
Пневмониямен  ауыратын  кішкентай  балалар  ішіп,  жей  алмайды,  есінен 
танып  қалуы  мүмкін  және  гипотермияны  (қалыпты  температурадан  дене 
температурасының  тӛмен  болуы)  сезінуі  мүмкін,  балада  тырыспа  (дененің 
селкілдеуі, қалтырауы байқалатын жағдай) басталуы мүмкін.  
Диарея 
Диарея  –  кішкентай  балаларда  жиі  кездесетін  және  бала  ӛлімінің  негізгі 
себепшісі болатын дерт. Диареяның себептері:  
-
 
Адам және жануарлар іс-әрекеттерінің қалдықтарымен ластанған су;  
-
 
 Гигиеналық  шарттар  сақталмаған  жағдайда  жасалынған  немесе 
сақталынған тағам;  

 
 
 
-
 
Егістікте ӛсіру кезінде суару үдерісінде ластанған ӛнімдер;  
 
-
 
Ластанған суда ауланған балықтар немесе теңіз ӛнімдері;  
-
 
Нашар санитарлық жағдайлар. 
Диареямен  ауырған  кезде  баланың  ағзасы  сусызданады.  Егер  сусыздану 
әсерінен жоғалған су нормасы орнына толмаса, іш кебуі орын алады.  
Қатты  диарея  толыққанды  тамақтанбайтын  немесе  әлсіз  иммундық  жүйесі 
бар  балалардың  ӛміріне  қауіп  тӛндіруі  мүмкін.  Диареямен  ауырған  сайын 
әлсіретіп  жібереді  және  керісінше,  диарея  балалардың  тамаққа  жарымаудың 
себебінен болуы мүмкін.  
Диареяны  емдеу  үшін  ата-аналар  балаларына  қалыпты  жағдайдан  кӛбірек 
сұйықтықты, соның ішінде сұйықтықтың орнын толтыруы үшін  ылғалдылықты 
қалпына келтіретін тұз берген жӛн. Ылғалдылықты қалпына келтіретін тұздар ӛз 
алдына су, тұз және қанттың қоспасынан тұрады. Оны үйде дайындауға болады, 
таза,  қайнаған  бір  литр  суға  шай  қасығының  жартысындай  тұзға  бір  түйір  қант 
қосып, араластыру керек. Құрамында мырыш бар қоспа тез жазылуға кӛмектеседі. 
Ата-ана  баласын  сауығып  кетпегенше  ана  сүтімен,  құнарлы  тағамдармен 
тамақтандыруы  керек,  сонымен  қатар  іш  кебу  белгілері  болған  жағдайда 
медициналық қызметкерлерден кеңес сұраған жӛн.  
Безгек 
Безгек  –  маса  арқылы  тарайтын  ауру.  Ауру  бас  ауруы,  тәбеттің  болмауы 
және қалтырау секілді белгілері арқылы білінеді.  
Безгек инфекциясына шалдыққан бала ӛсу  мен дамуының негізгі тежеуіші 
болатын  қан  аздықты  (анемия)  (адам  ағзасына  оттегінің  жеткілікті  мӛлшерін 
қанның  жеткізе  алмауы)  тудырады.  Жүктілік  кезіндегі  безгек  инфекциясы  қан 
аздықтың  және  анасында  басқа  да  аурулардың,  жаңа  туылған  нәрестелердің 
салмағы жеңіл болуының себебіне айналуы мүмкін.  
 
 
Безгектің алдын алуға және емдеуге болады. Алдын алуға болады, егер:  
-
 
жәндіктерді  жою  үшін  дәрі-дәрмек  себілген  жамылғы  астында 
ұйықтағанда;  
-
 
жәндіктерді үркіту үшін үйде дәрі-дәрмектерді себу;  
-
 
жәндіктердің  кӛбеюі  орындарын  ретке  келтіру:  яғни,  бос  банкі  мен 
ыдыстар  секілді  қалдықтар  мен  күл-қоқыстардың  жиналуына  жол  бермейтін 
шаралар қолдану ағын су жиналатын (масалар кӛбейетін жер) жерлерді жинау; су 
сақтайтын контейнерлердің беті (москиттердің кӛбеюіне жол бермеу үшін) жабық 
болуы тиіс.  
Безгекті  безгекке  қарсы  әртүрлі  дәрі-дәрмектермен  емдеуге  болады.  Дереу, 
жылдам  емдеу  (аурудың  басталуынан  бір  күн  бойына)  ӛлім  қаупін  тӛмендетуі 
мүмкін.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет