Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-Әдістемелік нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата02.01.2017
өлшемі3,99 Mb.
#981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Балаларды жақсы әдетке үйрету 
 
Ата-аналар балаларын қолды жуу сияқты жақсы әдеттерге бағыттап оларды 
неғұрлым  ерте  уақыттан  бастап  үйреткені  дұрыс.  Ата-аналар  бұны  баласымен 
бірге жасауы тиіс, бала бұндай әдетті ӛз бетінше жасап үйренген кезінде оның ӛзі 
жасауға  деген  ынтасын  қолдауы  керек.    Сонымен  қатар  ата-аналардың  ӛздері 
дұрыс  үлгі  кӛрсетуі  тиіс.  Айналадағы  үлкендердің  немесе  тәрбиешілердің  осы 
ережелерді  сақтамағанын  байқаған  балада  жақсы  әдеттің  пайда  болуы  екіталай. 
Ересек  мектеп  алды  балалары  үлкендердің  бақылауымен  жемістер  мен 
кӛкӛністерді  ӛсірумен  және  ас  әзірлеумен  айналыса  алады.  Бұл  тамақтану 
кезіндегі  дұрыс тәртіпті қалыптастырудың әсерлі жолы. Бақшада балаға арнайы 
орын бӛліп беру дұрыс болар. Мұндай әрекет баламен әңгімелесуге және қарым-
қатынас жасауға жақсы мүмкіндік береді.  
 
 
Жеңіл ӛлеңдер және тақпақтар шығару, денсаулық, қаупсіздік немесе 
тағамдар туралы ойындар ойлап табу балаларға осы тақырыптарды ойын түрінде 
үйренуге септігін тигізеді. Мүмкін ана тілінде бірнеше ӛлеңдер мен тақпақтар 
білетін боларсыз. Егер білмесеңіз, онда ұқсас мотивте ӛлең шығаруға тырысыңыз.  
 
 
 
 
 
Әдебиеттер тізімі
 
Dwyer, J. 1997. Immunisation: The most important breakthrough. Every Child.No. 1, Vol. 3. 
Favin, M., Naimoli, G. And Sherburne, L. 2004. Improving health through behaviour change: A process 
guide on hygiene promotion.Environmental Health Project.Joint Publication 7.Washington, DC, Office of 
Health,  Infectious  Diseases  and  Nutrition,  Bureau  of  Global  Health,  U.S.  Agency  for  International 
Development. 
National  Health  Service  Tayside.  2001.  Nutrition  Guidelines  for  the  Under  Fives,  Health  Promotion 
Department, NHS Tayside.
http://www.thpc.scot.nhs.uk/wordfiles/under5s.pdf
 (Accessed 21 July 2011). 

 
 
 
Rehydration  Project,  “The  Simple  Solution  –
 
Home  Made  Oral  Rehydration  Salts  Recipe”. 
http://rehydrate.org/solutions/homemade.htm#recipe (Accessed 21 July 2011). 
United  Nations  (UN).  2010.  Global  Strategy  for  Women’s  and  Children’s  Health.  New  York,  UN. 
 
http://www.un.org/sg/hf/Global_StategyEN.pdf
 (Accessed 1 June 2011) 
United  Nations  Chi
ldren’s  Fund  (UNICEF)  et  al.  2010. 
Facts  for  Life.4
th
  edition.  New  York:  UNICEF. 
www.factsforlifeglobal.org
 (Accessed 5 March 2011). 
Werner, D. 2009. Disabled Village Children.2
nd
 edition. Berkeley, California, The Hesperian Foundation. 
World  Health  Organization  (WHO).  2005.  Fact  Sheet  n.  284.  The  environment  and  health  for  children 
and 
their 
mothers.Geneva, 
WHO. 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs284/en/index.html
 
World 
Health 
Organization. 
2008. 
What 
are 
the 
key 
health 
dangers 
for 
children? 
http://www.who.int/features/qa/13/en/index.html
 (Accessed 5 May 2011.) 
World  Health  Organization  (WHO).  2009.  Fact  Sheet  n.  117.  Dengue  and  dengue  haemorrhagic 
fever.Geneva, 
WHO. 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs117/en
 (Accessed 11 June 2011) 
World  Health  Organisation.  2009.  Fact  Sheet  N.  330.  Diarrhoeal  disease.Geneva,  WHO 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs330/en/index.html
 (Accessed 1 June 2011.) 
World  Health  Organization  (WHO).  2009.  Fact  Sheet  n.  286.  Measles.Geneva,  WHO. 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs286/en/
 (Accessed 1 June 2011) 
World  Health  Organization  (WHO).  2009.  Fact  Sheet  n.  178.  Children:  Reducing  mortality.  Geneva, 
WHO. 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs178/en/index.html
 (Accessed 1 June 2011) 
World  Health  Organization  (WHO).  2010.  Fact  Sheet  n.  331.  Pneumonia.Geneva,  WHO. 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs331/en/index.html
 (Accessed 1 June 2011) 
World  Health  Organization  (WHO).  2010.  Fact  Sheet  n.  342.  Infant  and  young  child  feeding.Geneva, 
WHO. 
http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs342/en/index.html
 (Accessed 1 June 2011) 
World Health Organization  (WHO). 2011. WHO/RHR/11.010  Kesho  Bora  Study:  Preventing mother-to-
child 
transmission 
of 
HIV 
during 
breastfeeding. 
Geneva, 
WHO. 
http://www.who.int/reproductivehealth/publications/rtis/KeshoBora_study.pdf
 (Accessed 1 June 2011) 
 
World  Health  Organization  (WHO).  2010.  Antiretroviral  Drugs  for  Treating  Pregnant  Women  and 
Preventing HIV Infections in Infants: Towards Universal Access. Recommendations for a Public Health 
Approach. Geneva: WHO.
 
http://whqlibdoc.who.int/publications/2010/9789241599818_eng.pdf
  (Accessed 26 July 2011) 
 
WHO,  UNAIDS,  UNFPA,  UNICEF.  Guidelines  on  HIV  and  infant  feeding  2010:  principles  and 
recommendations for infant feeding in the context of HIV and a summary of evidence.Geneva: WHO.  
http://whqlibdoc.who.int/publications/2010/9789241599535_eng.pdf
(Accessed 26 July 2011) 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
Бала ӛміріндегі ойын 
 
5-буклет 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
Бала ӛміріндегі ойын 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл  ересектер  адамдар  балалық  шағында  қалай  ойнағандарын  еске  алып 
жатыр. Олар ӛз ойыншықтарын, оларға қалай қызық болғанын, оларға ғана белгілі 
жерлерге  ересектерден  қалай  тығылғанын  еске  түсіріп  жатыр.  Сіз  кішкентай 
болғанда, қандай ойындар ойнап едіңіз? Ойынға қанша уақытыңыз болды? Қандай 
ойын ойнадыңыз? Сізде қандай ойыншықтар болды? Қай жерде ойнағанды жақсы 
кӛруші едіңіз? 
 
Ойынның маңыздылығы 
Барлық балалар ойнауға құқылы. Барлық балалар жалғыз немесе достарымен 
ойнауға,  зерттеуге,  күлуге  және  рақат  алуға  уақыты  мен  мүмкіндігі  болуы  керек. 
Ойын  ойнауда  балаға  қолдау  кӛрсету  және  ынталандыру  арқылы  ересектер 
балалардың дамуына, әлемді тануына кӛмектесе алады.  

Ойын  балаларға  дене  дағдыларын  дамытуға  және  дені  сау  болуға 
кӛмектеседі.  

Ойын  балаларға  эмоционалдық  тұрғыда  тұрақты  болуға  кӛмектеседі.  Бұл 
оларға  ӛздерін  бақытты  сезінуге  кӛмектеседі  және  әртүрлі  эмоцияны  кӛрсетуге 
үйретеді,  болашақтағы  қиыншылықтар  мен  стресс  жағдайларын  жеңуге 
кӛмектеседі. 

Ата-аналарымен  ойын  ойнау  балаларға  ата-анасымен  жақын  қарым-
қатынас орнатуға және олармен достасуға кӛмектеседі. Ата-аналары балаларымен 
бірге  ойнаған  кезде  бұл  оларды  жақындатады,  балаларда  қорғалған  сезімін 
тудырады.  

Ойын балаларға білім алуға, ойлау, мәселені шешу және  шешім қабылдау 
секілді ақыл-ой дағдыларын дамытады. 

Ойын  балаларға  тіл  және  коммуникациялық  дағдыларды  дамытуға 
кӛмектеседі.  

Ойын  балалардың  тапқыштығы  мен  кӛз  алдына  елестетуін  дамытады, 
оларды қиялдауға үйретеді.  
Ойындарды сағынышпен еске алу... 
-
Маған аяқ астынан ойлап табылған әртүрлі ойындар мен ойыншықтар 
ұнайтын.  Біз  ӛзіміз  үйде  әртүрлі  ойындар  ойлап  табатынбыз,  мысалы, 
табиғатқа  саяхат  жасау,  ӛзімізді  цирк  әртістері  ретінде  сезініп,  бір 
тӛсектен екінші тӛсекке секіретінбіз. Шалшық суды кешіп, жаңбыр астында 
жарыса жүгіретінбіз. Менің әкем ойыншық автокӛлік пен жүк машиналарын 
бос құтылардан, сымдардан және бӛтелке қақпақтарынан жасай алатын.  
-
Ойыншық  асхана  ыдыстарымен  «үйшік»,  «аспазшы»  ойындарын 
ойнайтынбыз.  Біз  үстелдің  астында  кіріп,  біздің  үйіміз  деп  ойнағанымыз  да 
есімде.  Біз  екі  орындықты  кӛрпемен  және  басқа  маталармен  жауып,  соның 
астында тығылатынбыз. 
-
Мен ӛзімнің кішкентай інім мен сіңлімді алдыма отырғызып, «мектеп» 
ойнайтынбыз.  Мен  мұғалім  болатынмын.  Дегенмен,  менен  бір  нәрсе 
үйренгендеріне менің күмәнім бар.  
 

 
 
 

Ойын  балаларға  «байқап  кӛруге,  сезінуге»  мүмкіндік  береді  және 
практикада  жаңа  дағдыларын,  сонымен  қатар  қауымдастық  ӛміріне  қатысу  үшін 
қажетті дағдыларды қолдануға кӛмектеседі.  
Ойын  әр  жаста  әртүрлі  нысанда  болуы  мүмкін.  Сәбилер  ӛз  қолдары  және 
аяқтарымен  ойнауды  қызық  кӛреді,  ал  сезіну  арқылы  әлемді  зерттеп,  тани 
бастайды.  Екі  жасқа  келгенде  балалар  баланы  емізгенін  келтіріп,  ойнай  алады. 
Кейде осындай әрекеттер жасағанда, сӛйлеп жатады. Осы кезеңнен кейін балалар 
басқа балалармен ойнап, қызығушылығы арта түседі. Кӛп жағдайда қиял-елестету 
қажет  болады.  Балалар  бір  затты  алып,  оны  мүлде  басқа  зат  ретінде  елестетеді, 
мәселен,  олар  қолына  ағаштың  бӛлігін  алып,  оны  телефон  дейді.  Сіз  мұндайды 
балаңыздан  байқадыңыз  ба?  Ойынның  мұндай  түрі  (мені  сендір  ойыны)  ақыл-
ойды  дамыту,  сонымен  қатар  балалардың  жалпы  дамуы  және  олардың  саулығы 
үшін де маңызды. 
Тӛменде  балалардың  қалай  ойнайтындығы  кӛрсетілген.  Сіздің  пікіріңіз 
бойынша, ойын олардың дамуына қалай кӛмектеседі?  
 
          
 
 
 
         
 
 
 
Ерте жаста ойынды қалай қолдау қажет 
Балалар  ӛз  ойындарын  ойлап  табады,  бірақ  ойынды  қолдайтын  ересектер 
болғанда,  кӛп  нәрсе  ӛзгереді.  Ересектер  ойнайтын  уақыт  және  орын  болғанда, 
ойынға  қолдау  кӛрсетеді.  Сәбилер  мен  кішкентай  балаларға  ересектер  олардың 
жасына  лайықты  және  қауіпсіз  материалдар  береді.  Бұл  материалдар  күнделікті, 
қарапайым  заттар  болуы  мүмкін,  мысалы,  су,  құм,  картон  қорабы,  саптыаяқ, 
кастрӛл және басқа да үй заттары. Ересектер сонымен қатар дәстүрлі ойындар мен 
ойыншықтарды  қосуы  керек.  Ата-аналардың  бірі  немесе  тәрбиеші  балаларға 
материалды  ӛздері  қалағандай  зерттеуге  мүмкіндік  бергенде  ойын  басталады, 

 
 
 
олар  балалардың  не  істеу  керек  екендігін  айтпауы  керек.  Ересектер  ойынға 
араласқанда немесе ойынға бақылау  
жасаған  кезде  балалардың  қызығушылығы  жоғарылайды.  Балаларды 
мақтау,  олардың  сұрақтарына  жауап  беру  –  баланың  танымға  деген 
қызығушылығына қолдау кӛрсетудің және баланың дамуына кӛмектесетін жақсы 
тәсілдер.  
Егер  ауа  райы  ашық  және  қоршаған  орта  қауіпсіз  болса,  таза  ауада 
балабақшада немесе қоғамдық орында балалардың ойыны үшін ең лайықты орын. 
Таза ауада шармен, доппен немесе дӛңгелегі бар ойыншықтармен ойнауға болады. 
Ойын  барысында  балалар  үнемі  жауапты  ересек  адамның  қарауында  болуы 
маңызды.  
 
Жас 
мӛлшері 
Ойындар мен ойыншықтар   
Туылған 
кезінен 
бастап 3 
айға дейін  
Бұл  уақытта  сәби  үшін  қамқорлық  қандай  да  ойыншықтан 
артығырақ.   
Баланы  аймалап,  оның  қажеттіліктерін  қанағаттандару  сіз  бен 
балаңыздың арасындағы ерекше қатынастың (немесе байланыстың) 
пайда болуына кӛмектеседі. Ата–ана мен бала арасындағы осындай 
ерекше  қатынастар  баланың  тыныш,  қорғаулы  болып  ӛсуіне  және 
басқа  балалармен  қарым-қатынас  жасап,  олармен  ойнауына  ықпал 
етеді.  
 
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Бұл  жастағы  балалардың  есту  қабілеті  ӛте  жақсы  болып 
келеді.  Бала  сіздің  дауысыңызды  естігенді  ӛте  ұнатады, 
сондықтан    онымен  кӛбірек  сӛйлесіңіздер  және  ӛлең 
айтыңыздар.  Бұндай  жағдайда  бала  сізге  карайды, 
күлімсірейді және бұл ата-ананы бақытты етеді.  

 
Балаңызға  басқа  да  дыбыстарды  тыңдатыңыз.  Мысалы,  
баланың тӛсегінің үстіне музыкалық ойыншық іліп қойыңыз; 
аяғына кішкентай, қауыпсіз қоңырау іліп қойыңыз; оған әуен 
тартыңыз  немесе  қосыңыз;  баланы  құшақтап  отырып,  әтеш 
үнін салыңыз және басқа да дыбыстар шығарыңыз.  

 
Бала қарай алатындай және назарын тоқтата алатындай етіп 
кішкентай ойыншықтар және басқа да заттар іліп 
қойыңыздар. 

 
Баланы  қолға  алып,  ол  кӛре  және  бақылай  алатындай  етіп 
жарқын түсті ойыншық немесе басқа бір затты қойыңыз. 

 
Бұндай  шараға  баланың  ӛсуіне  байланысты  қандай-да  бір 
ӛзгерістер енгізе отырып, бүкіл жанұя атсалыса алады.  
4 - 6 ай 
Ойынға арналған материалдар қауіпсіз, қозғалмалы және назар 
тартатындай болуы тиіс; олар бала сол затты алуға, анықтап 
қарауға, дәмін кӛруге және ұстауға ынталандыруы керек.  
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Баланың қолы жететіндей етіп бірнеше жеңіл заттарды 
баланың тұсына немесе тӛсегіне кӛлденеңнен іліп қойыңыз.  

 
Балаға қауіпсіз сылдырмақтар немесе дыбыс шығаратын 

 
 
 
ойыншықтар беріңіз. 

 
Бұл жастағы балалар мысалы, шапалақ соққанда күле 
бастайды немесе жылауын тоқтатады, себебі ол баланы ӛз 
назарын дыбыс кӛзіне аударуына ықпал етеді.  

 
Бұл баланың есту қабілетін тексерудің жақсы әдісі. Егер 
балаңыз дыбыстың шыққын жағына қарай басын бұрмаса 
немесе қарауға талпынбаса, медициналық қызметкермен 
ақылдасып кӛріңіз.  

 
Баланы қолға алып жүрген кезіңізде айналадағы заттардың 
атауларын ана тілінде айтып жүріңіз. Осылайша бала кӛп 
заттардың атауын сӛйлей бастағанға дейін түсінетін болады.   

 
Баланы затты алуға талпынып және еңбектей бастауы үшін 
екбетімен жатқызыңыз.  
6 -12 ай  
Бұл жастағы балалар белсенді қозғала бастайды, сондықтан қандай-
да бір затты ұстағысы немесе аузына салғысы келген жағдайда қол 
жеткізе алатын ол заттар қауіпсіз болуы тиіс.  
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Бала бірден ұстап ала алмайтындай етіп алдына қызықты 
ойыншықтар қойып, оны еңбектеуге талпындырыңыз.  

 
Баладан сізді немесе жиһазды ұстап аяғын басуды талап етіңіз.  

 
Сізге ойыншық немесе басқа заттарды беруін сұраңыз.  

 
Оған шағын зат беріңіз, бала оны еденге лақтырады, сонан-соң 
оны іздей бастайды. Балалар осы әрекетті бірнеше рет қайталай 
береді.  

 
Бала қолында ұстай алатындай немесе алып жүретіндей шағын 
ойыншықтар мен заттар беріңіз.  

 
Баланы  негізгі  әрекеттірге  үйрітіңіз,  мысалы,  шапалақ  соғу, 
саубол деп айтқанда қолын бұлғау.  

 
Сәбиге  түрлі  дүниелер  бар  қорап  беріңіз,  мысалы,  доп,  мамық 
ойыншықтар,  кубиктер;  оларды  қалай  алуды  және  қорапқа 
қайта салып қоюды кӛрсетіңіз.  

 
Бұл  жастағы  балаларға  тығылмашақ  ойнаған  ұнайды,  сонымен 
бірге  бірінші  тығылып  қалып  сосын  ‗ку-ку‘  деп  айтатын 
ойынды да ұнатады.   

 
Қандай-да  бір  нарсені  жасырып,  оның  тауып,  таба  алмауын 
бақылап кӛріңіз.  

 
Сәбиге  ән  айтыңыз;  ән  айту  кезінде  қандай-да  бір  әрекеттер 
жасаңыз; баланы қолыңызға алып, онымен бірге билеңіз.   
12 - 18 ай   Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Бала жүруді немесе жүгіруді игерген кезінде құшақтасу үшін 
жақындауын сұраңыз.   

 
Сәбиден қандай-да бір затты алып беруін сұраңыз. 

 
Оған доп лақтырыңыз, сонан-соң ӛзіңізге қайта лақтыруын 
талап етіңіз.  

 
Осы жастағы сәбилер кез-келген затты қауіпсіз түрде бере 
алмайды. Олар ойыншықты жиі лақтырады, бұл айналадағы 
басқа балаларға қауіпті болуы мүмкін. Ұсақ заттарды қауіпсіз  

 
 
 
 
лақтыруды үйрене алатын ойындар ойнаңыз.  

 
Сәбиге баспалдақпен мініп-түсуді үйретіңіз.  

 
Заттарды бірінің үстіне бірін үйіп жинайды үйретіңіз.   

 
Ӛз бетімен тамақтанып, ыдыстан ішуін қолдаңыз.  

 
Балаға қағаз бен қалық қалам немесе қаламсап беріңіз. 
Шамасы 18 айдан бастап балалар шимай жаза алады.  

 
Бірлесіп қандай-да бір әрекетпен айлалысқанда баламен 
үнемі сӛйлесіңіз.  
18- 24 ай 
Бұл жастағы балалар әдетте жүреді және жүгіреді. Оларға ӛрмелеу, 
секіру, допты лақтыру және тебу ұнайды. Олар не нәрсені-де ӛзі 
жасағанды сүйеді, дегенмен сізбен бірге ойнағанды да ұнатады.    
 
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Балаңызға ӛзіне қарай тарата алатын немесе итеріп ойнайтын 
ойыншықтар беріңіз; дӛңгелегі бар ойыншыққа жіп байлап 
қоюға болады.   

 
Оған бірнеше аласа баспалдаққа мініп, одан тӛмен қарай 
секіруге кӛмектесіңіз. Сіздің қадағалауыңызбен баспалдақ 
таянышына сүйене отырып мініп-түсуді үйретіңіз.  

 
Бала үлкен допты теуіп ойнай алатындай кеңістік жасаңыз.  

 
Допты немесе мамық заттарды кӛздеп лақтырыңыз.  

 
Шимай салуы үшін балаға парақ пен қалың қарындаштар 
беріңіз. Сол уақытта бала бір нарсе айтп-айтпайтынын байқап 
кӛріңіз.   

 
Әңгімелер мен ертегілер оқып беріңіз. Кітаптың қалың 
болғаны дұрыс және балаға кітаптың бетін ауыстыруға 
кӛмектесіп отырыңыз.  Суреттерді қиып және қалың қатырма 
қағазға жабыстырып кітап жасай аласыз.  

 
Қауіпсіз құралдарды пайдалана отырып, құмды немесе жерді 
қазып ойнауына рұқсат беріңіз.  
2-ден 3 
жасқа 
дейін 
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Егер  сізде  шағын  велосипед  немесе  басқышы  бар  ойыншық 
болса, мүмкін балаңыз онымен ойнауға дайын болар.   

 
Бұл  жастағы  балалар  кубик  секілді  және  басқа-да 
ойыншықтарды  бірінің үстіне бірін қойып, сонан-соң бұзып 
ойнағанды ұнатады. Ол үшін пластикалық саптыаяқтар және 
бұралатын қақпақтар да жарайды.  

 
Балаңызға  қарапайым  пазлдар  ұсыныңыз  (алғашында  үш-
тӛрт  бӛліктен  тұратын  мозайка  жарайды);  бастапқыда 
пазлдарды баламен бірге құрастырыңыз.    

 
Түрлі  маталарды  ұстау  және  қармалау  ықыласын  қолдаңыз.  
Арнай  (feelybox)  қорабын  жасауға  болады.  Ішіне  түрлі 
материалдардан  жасалған  заттар  салып  қойыңыз,  мысалы, 
мамық,  қатқыл,  үлпілдек  және  т.б.,  сонымен  қатар  оларды 
біртіндеп шығаруын ұсыныңыз. Заттарды ұстап кӛріп, сезімін 
түсіндіруі сұраңыз.     

 
Допты лақтырып және қағып алып ойнаңыз.  

 
 
 

 
Биіе емес жерлерге мінуді үйртіңіз. 

 
Ерегілер айтыңыз және оқып беріңіз; бірге әңгімелесіңіз және 
ән айтыңыз. 
3 жас 
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Үш  жасар  балалар  жүгіргенді,  әткеншек  тепкенді,  допты 
лақырғанды және қағып алғанды ұнатады. 

 
Олар әуен бойынша ән салып, би билегенді ұнатады.  

 
Олар басқа балалармен ойнай бастайды. 

 
Олар  рӛлдік  ойын  ойнағанды  ұнатады  және  ана,  әке,  бала 
және  басқа-да  ӛздері  білетін  адамдарды  қуана  ойнайды. 
Ойынды  қызық  ету  үшін    бірнеше  қарапайым  заттар  беріңіз 
(үстіне кие алатын ескі киім және т.б.)  

 
Сонымен  қатар  олар  сурет  салу  және  бояу,  альбомдарды 
қараған, қуыршақпен және пазлдармен  ойнау сияқты тыныш 
ойындарды  да  ұнатады.    Осындай  материалдарды  ойынға 
кӛбірек беріңіз.    
4 - 5 жас  
Тӛмендегілерді балаңызбен бірге жасай аласыз: 

 
Тӛрт-бес жасар балаларға жоғарыда айтылған ойындардың 
барлығы ұнайды. Бірақ олар қазір кӛп нарселерді ӛздері 
жасай алады. Сонымен қатар олар ойыншықтарымен бӛлісе 
алады және басқа балалармен сүйсіне ойнайды.     

 
Ойын барысында олар үлкендердің іс-әрекетін салғанды 
ұнатады. Сол кезде олар ӛз қиялдарын барынша іске 
асырады. Оларға ойын барысында киімін ауыстыру үшін 
киімдер және сахынаны бейнелейтін заттар беріңіз.    

 
Балаларды ойлануға ынталандыратын ойындар мен 
әрекеттермен қамтамасыз етіңіз, мысалы, ұқсас және ұқсаса 
емес заттарды салыстыру, есті жақсарту ойындары, түстің 
немесе санның атын табу сияқты ойындар.  Бұл жаста 
балалар үшін ойынның барлық ережелерін сақтап ойнау 
қиын, сондықтан жеңіл ойындар таңдаңыздар.   

 
Бала сұрыптай, топтастыра және санай алатындай заттар 
беріңіз. 

 
Әңгімелер оқып және айтып беріңіз; баладан хикая немесе 
ертегі айтуын сұраңыз; оның сұрақ қоюын қолдаңыз. Бала 
сіздің мұқият тыңдап жатқаныңызды және сізге қызық 
екендігін сезінуі үшін оның сұрақтарына жауап беріңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Ойын және жұмыс  
Әлемде  кӛптеген  кішкентай  балалар  ӛз  отбасына  кӛмектесу  үшін  жұмыс 
істейді.  Олар  күнделікті  жұмысты  орындай  отырып,  шаруашылыққа  кӛмектесе, 
отбасымен бірге жұмыс істеуі мүмкін. Егер жұмыс қиын немесе зиян болмаса, бұл 
бала үшін де, отбасы үшін пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, 3 немесе 4 жасар бала 
пеш жағу үшін шырпы жинап кӛмектесе алады, ал ауыр ағаштарды кӛтеруді талап 
ету  қауіпті  болуы  мүмкін.  Сіздің  ойыңызша,  отбасына  кӛмектесу  үшін  кейбір 
жұмыстарды бала қай жасында атқара алады? Жұмыстың қандай түрін? 
Үйдегі  жұмысты  істеп,  шаруашылыққа  кӛмектесе  отырып,  кейбір 
балалардың  ойнауға  аз  уақыты  қалады.  Бұл,  әсіресе,  қыздарға  қатысты.  Балалар 
табиғатынан ерке, ойнағанды жақсы кӛреді, жұмыс  жасап жүріп те ойнауға уақыт 
табады. Мысалы, сіз байқадыңыз ба, кішкентай қыздар шырпы немесе ағаш жинап 
жүріп, ағаштарды барынша алысқа лақтырып, кейін оларды жинай бастап ойнайды.  
Балаларыңыз  сіздің  жеңіл  тапсырмаларыңызды  орындай  отырып,  сізге 
кӛмектессін,  алайда  балаларыңыз  тапсырманы  орындап  жатқан  кезде,  олармен 
сӛйлесіңіздер.  Жасына,  жынысына  қарамастан  балаларыңызға  ойнауға  мүмкіндік 
беріңіз  және  жұмысты  ойынға  айналдырып  жаса,  шыдамдылық  танытыңыз. 
Қыздардың ұлдар секілді ойын ойнайтын уақыты болуын қадағалаңыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет