Денге
Денге – масалармен таралатын инфекцияның бір түрі болып табылады, арты
ӛлімге алып келуі мүмкін. Аурудың бірден - бір белгісі бұлшық еттердегі ауру
сезімі, кӛздің қызаруы, қатты бас ауруы, қалтырау, бетке бӛртпе шығуы болып
табылады.
Денгені безгектің алдын алатын әдістермен (жоғарыда кӛрсетілген) алдын
алуға болады.
Денгені емдеуге келмейді, алайда медициналық кӛмек геморрагиялық
қалтыраумен ауырған адамның ӛмірін құтқаруға болады.
Қызылша
Қызылша - әлемде балалар арасында ӛлімнің негізгі себептерінің бірі болатын
ӛте жұқпалы ауру. Қызылшадан болған ӛлімнің кӛбісі асқыну салдары болып
табылады, соның ішінде энцефалит (мидың ісінуін тудыратын инфекция), қатты
диареяны және іш кебуін, құлақтың ауруын, соқырлықты, немесе пневмония
секілді тыныс алу жолдарының инфекциялары.
Қызылшаның асқынған нысандары тамаққа жарымайтын балалар арасында,
әсіресе, А дәрменінің жетіспеушілігінен қиналатын және АҚТҚ инфекциясымен,
басқа да аурулармен иммундық жүйесі әлсізденген адамдар арасында кездеседі.
Қызылша
-
жӛтел және түшкіру,
-
науқаспен тығыз қарым-қатынас,
-
науқастың мұрны мен аузынан бӛлінетін жұқпалы заттармен жанасуы
арқылы таралады.
Қызылшаны вакцинация арқылы алдын алуға болады. 40 жылдан астам уақыт
бойы қолданылып келе жатқан қызылшаға қарсы тиімді және қауіпсіз вакцина
бар. Ол қымбат тұрмайды және оны кӛп жағдайда қызамық (Германия
қызылшасы) және мысқылға қарсы вакцинасымен бірге қолданады.
Қызылша вирусын ӛлтіретін ем жоқ, сондықтан ем қызылша белгілерін
жеңілдетуге бағытталған. Тамаққа жарымау кеңінен таралған құбылыс ретінде
болатын елдерде, балаларда А дәруменің тапшылығы бар, қызылша ауруы
табылған балаларға кӛз зақымдануы мен соқырлықтың алдын алу үшін 24 сағат
сайын бір-бірден А дәруменінің екі мӛлшерін беру керек.
АҚТҚ және ЖҚТБ
АҚТҚ - бұл адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы. Вирус ағзаға
денсаулықты сақтауға кӛмектесетін
және инфекциямен күресетін дене
жасушаларын зақымдайды.
АҚТҚ қан, жыныстық қатынас,
АҚТҚ жұқтырған анадан ана сүтімен
емізу арқылы беріледі.
Кӛп
жағдайда
қорғалмаған
(мүшеқапсыз) жыныстық қатынас
кезінде жұғады, алайда ем-шаралар
кезінде
зарарсыздандырылмаған
инелерді
(әдетте
есірткіні
қолданғанда) пайдаланған жағдайда,
АҚТҚ жұқтырған қанды құю кезінде
немесе АҚТҚ жұқтырған анадан
баласына жүктілік, босану және ана
сүтімен емізу кезінде беріледі.
Егер АҚТҚ адамның иммундық
жүйесін зақымдаған болса, онда
адамға Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі (ЖҚТБ) диагнозы
қойылады. Егер АҚТҚ инфекциясы бар кӛптеген адамдарға емдеу жүргізбесе,
адамда ЖҚТБ дамуы мүмкін, бірақ әрқашан олай бола бермейді.
АҚТҚ берілмейді:
- маса шаққанда;
- АҚТҚ жұқтырған адаммен бір
ыдыс-аяқ, тағам, дәретханалық
заттарды қолданғанда;
- АҚТҚ жұқтырған адаммен қол
алысқанда, құшақтасқанда, сүйіскенде;
- АҚТҚ жұқтырған адамның
сілекейі, кӛз жасы, тері арқылы.
АҚТҚ немесе ЖҚТБ емдеу тәсілі жоқ,
алайда антиретровирусты дәрі-
дәрмектер аурудың дамуын баяулатып,
мүгедек болу тәуекелін тӛмендете
алады, ӛмір сүру сапасын жақсартып,
күтілетін ӛмір сүру ұзақтылығын
арттыра алады.
Егер жүкті әйелде АҚТҚ инфекциясы болған жағдайда, анасынан баласына
берілу тәуекелі анасы жүктілік, босану және ана сүтін беру кезінде (егер емізсе)
антиретровирусты дәрі-дәрмектерді қолданған жағдайда елеулі деңгейде
тӛмендейді. Туылғаннан бастап тӛрт-алты аптаға дейін балалар үшін ол
антиретровирусты терапиясымен үйлесуі керек.
Антиретровирусты дәрі-дәрмектерді қолдана отырып, АҚТҚ жұқтырған ана
балаға ана сүтін бере алады. Бұл жағдайда вирустың берілу тәуекелі тӛмен
болады. Антиретровирусты терапиямен үйлесуі кезінде тек ана сүтін (тек ана
сүтін ғана, суды немесе тағамды қоспай) бірінші айдан бастап бір жасқа дейін
берген жӛн. Ерте жастан аралас тамақ беру (ана сүтімен бірге, су немесе қоспа
және/немесе тағам секілді басқа сұйықтық берілетін жағдай) балаға инфекцияның
берілу тәуекелін арттырады.
Егер антиретровирусты дәрі-дәрмектер жоқ немесе қол жетімді болмаса
(қымбат болуынан немесе ӛзге себептерге байланысты), АҚТҚ жұқтырған аналар
ана сүтін алмастырушысын (яғни, қайнаған суды қолданылып жасалынған қоспа)
балаларға бере алады. Отбасы және қауымдастық деңгейде тамақтанудың
жетіспеуі, диарея және басқа да аурулардың алдын алу үшін таза, қауіпсіз су
пайдалану және санитарлық нормаларды сақтауға шаралар қолданылуы керек.
Құтыру
Құтыру – құтырған үй және жабайы хайуанаттардың немесе жарқанаттың
тістеуінен немесе қабуынан берілетін жұқпалы ауру.
Балалардың құтыру дертіне шалдығуын жануарлардан (мәселен, бӛтен
адамның үй жануарларымен, кӛше иттерімен) қашық жүруін балаларға түсіндіру
арқылы немесе ӛз мысықтары мен иттерге вакцина жүргізу немесе піштіру
арқылы алдын алуға болады.
Құтыру емделмеген жағдайда қауіпті болуы мүмкін. Егер баланы жануар
тістеп алса, жараны 15 минут ішінде жылдам және мұқият сумен сабын немесе
йодпен шайыңыз, кейін баланы медициналық мекемеге апарыңыз. Егер құтырды
деп сезік туғызған жануармен қатынасқаннан кейін алғашқы бірнеше сағат ішінде
емдеу басталған кезде құтыруды дәрілермен емдеуге болады.
Қауіпсіз, тиімді вакциналар бар, сондықтан құтырумен ауыру тәуекелі бар
адамдарға профилактикалық шараларды алдын ала қабылдау ұсынылады.
Тамақтың жетіспеушілігі, жүдеу
Тамақтың жетіспеушілігі жеткілікті құнарлы тамақтанбаудан, денсаулықты
сақтау үшін қажетті құнарлы тағамды қорытуға қабілетсіздігімен немесе кӛп
тамақ ішіп-жеуден туындауы мүмкін. Толыққанды тамақтың жетіспеуі зиянды,
себебі жүдеген бала кез келген инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Сонымен
қатар, тамаққа жарымау ми қызметінің ұзақмерзімді бұзылуына алып келуі
мүмкін. Сондай-ақ, толыққанды тамақтанбайтын қарны аш және жүдеу
балалардың белсенділігі тӛмен болады; оларға басқа балалармен қызық емес, олар
сабақтарға ұзағынан қатысуға қабілетсіз. Сабаққа қатыспауға, құрдастарынан
артта қалып, мектепті тастап кетуге бейім болады.
Кейбір мәдениетте қыздарға тамақ ұлдарға қарағанда аз беріледі. Бұл
қыздардың құқықтарын теріске шығаруы. Осы Нұсқаулықтың «Балаларға
қамқорлық жасау» бӛлімінде айтылғандай барлық балалардың дұрыс тамақтануға
құқығы бар.
Дамуында кемшілігі бар балалар жеткілікті толыққанды тамақтану үшін
арнайы назар мен қарым-қатынасты талап етуі мүмкін. Олардың жағдайына
байланысты оларға тамақ және су ішу кезінде кӛмек қажет болуы мүмкін. Егер
бұл сіз үшін қиын болса, дамуында кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен
немесе медициналық қызметкерлермен сӛйлесіп кӛріңіз. Мәселені бірлесіп шеше
аласыз.
Баланың денсаулығын қалай сақтау керек
Баланы дені сау етіп ӛсіру иммундық жүйенің нығайту, ережелер мен
гигиенаны сақтау және жақсы тағам беру бойынша шаралардың үйлесімділігін
білдіреді.
Иммунизация
Иммунизация – кӛптеген аурулардың алдын алудың, бақылаудың қауіпсіз
және тиімді жолы. В гепатиті, дифтерия, кӛкжӛтел, сіреспе, полиомиелит,
қызылша, мысқыл, қызамыққа және HIB (менингит және тамақтың инфекциясын
жоятын вакцина түрі) қарсы вакцинациясын алатын график бойынша
вакцинацияның толық курсын балалар алуы тиіс.
Балалар инеден кейін ыңғайсыздық пен кейбір ауру сезімін сезінуі мүмкін, ал
кейде вакцинациядан кейін температурасы кӛтерілуі мүмкін. Ӛз балаларына
қатысты уайымдайтын ата-аналар медициналық қызметкерлермен кеңесе алады.
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану қамқорлық пен махаббатпен қатар баланың сау ӛсуіне және
дамуына кӛмектесетін негізгі факторлар.
Жеткілікті толыққанды тамақтанбайтын балалар түрлі дерттерге тез
ұшырайды, нәтижесі ретінде адам ӛлуі немесе мүгедек болуы мүмкін. Дұрыс
тамақтанатын балалардың дені сау және аурулармен күресе алады немесе ауырған
жағдайда жылдам жазылып кетеді.
Нәрестелер
Ана сүтінде балаға қажетті барлық құнарлы заттар бар, ол таза, инфекциядан
балаларды қорғайтын құрамында антиденелер бар. Әрбір ана балаға ана сүтін
дұрыс беруге үйрене алады, ана сүтін беру ағзада сүтін кӛбейтеді. Егер анасы
баласын емізе алмаса, оған сүзілген ана сүтін, немесе қажеттілігіне қарай ана сүтін
алмастырушыны таза бӛтелкемен беруге болады.
Ақыл-ойдың саулығы
Ақыл-ойдың бұзылуы адамның ойлауына, сезіміне және әрекетіне әсер етеді. Ересектер
секілді балаларда мұндай ауытқулар болуы мүмкін. Олар генетикалық ауытқулардан,
ағзадағы химиялық баланстың бұзылуынан немесе орталық жүйке жүйесінің
зақымдануынан туындайды.
Балаларда ақыл-ойындағы бұзылудың дамуының себептері болуы мүмкін басқа да
факторлар арасында мыналар бар:
-
Дене немесе жыныстық зорлық-зомбылық;
-
Созылмалы кедейшілік немесе кемсітушілік секілді ӛмір ауыртпалықтары немесе күйзелістер;
-
Балаларға тікелей әсер ететін және ұзаққа дейін жан азабын тудыратын саяси немесе
-
табиғат апаттары;
-
Су немесе топырақта бар зиянды химиялық заттармен жанасуы;
-
Ӛлім немесе ажырасу нәтижесінде жақындарды жоғалтуынан уайымдау.
Ақыл-ой ауруы – басқа аурулар секілді емдеуді қажет етеді. Бұл жағдайда емдеу ақыл-ой
саулығы саласында тәжірибесі бар медициналық қызметкерлердің немесе психологтың (кеңес
беруші) балаға кӛмек беру және қолдау кӛрсету болып табылады. Ата-аналары балаларымен
әңгімелесе, баланың ӛз сезімдерін сурет, ән айту, би және басқа да эмоционалдық тәсілдер
арқылы кӛрсетуге ынталандыра отырып, кӛмектесе алады. Бұл сабақтар балаға ауру мен
күйзелістен емделуге, ұзақ уақытқа баланың дамуына зиянды әсерлердің алдын алуға кӛмектеседі.
Егер анасында АҚТҚ табылған болса, ол ӛзінің баласына вирусты жүктілік
кезінде немесе ана сүті арқылы беруі мүмкін. Алайда, жоғарыда айтылғандай,
антиретровирусты
дәрі-дәрмектер ана сүтін беру арқылы АҚТҚ беру тәуекелін едәуір тӛмендете
алады. Антиретровирусты дәрі-дәрмекті қабылдау баланың дені сау болуына, АҚТҚ
жұқтырып алмауға, баланың дұрыс тамақтануына және аурудан қорғану
мүмкіндігін арттырады. АҚТҚ жұқтырған әйелдер медициналық қызметкерлермен
кеңесуі қажет.
Нәресте ӛмірінің алғашқы алты айында анасының ана сүтімен ғана тамақтануы
керек. Егер ана емізе алмаса, ана сүтін бӛтелкемен беру керек. Алты ай жасқа
келген балаларға ана сүтіне немесе қоспаға қосымша ретінде жаңа әзірленген
құнарлы тағам берілуі қажет. Сіздің қауымдастығыңыздың медициналық
қызметкерлері сіздің балаңыздың денсаулығын жақсарту үшін жетіспейтін қандай
да бір заттардың орнын толтыру үшін дәрумен қоспасын ұсына алады.
Кішкентай асқазан жиі тамақтануды қажет етеді. Бірінші жылы балаларға
арасында қосымша қоспамен бес реттен тамақ беріңіз.
Кішкентай балалар
Балалар тӛрт негізгі топтан тұратын әртүрлі тағамды алуы керек: 1) жеміс-
жидек және кӛкӛністер, 2) жарма (күріш, нан, дақыл және т.б.), 3) сүт ӛнімдері (сүт,
йогурт, ірімшік және т.б.) және 4) протеин (жұмыртқа, бұршақ, ет және балық).
Сүт ӛнімдері мен протеиннің кішкентай пропорцияларымен кӛкӛністер,
жеміс-жидектер және дақылдар тамақтанудың кӛп бӛлігін құрайды. Туылған күн,
отбасылық мереке, әртүрлі мейрамдардан басқа күндері балалар құрамында қанты
кӛп ӛнімдермен тамақтанбауы тиіс, ал пицца секілді тағамдар құнды емес,
балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Тәтті тағамдар тістердің бұзылуына
себепші болады. Балаларға әртүрлі тағамдардан кішкенеден беріңіз және баланың
дәм айыра білу қабілетін дамыту үшін жаңа, бейтаныс тағамдарды ұсыныңыз. Егер
бала ұсынылған тағамнан бас тартса, баланы мәжбүрлемеңіз, оның орнына қандай
да бір дәмді тамақ беріңіз, ал келесі күні бас тартқан тағамға ұқсас тағам беріп
кӛріңіз. Егер бала үнемі бір тағаммен немесе ӛніммен тамақтана берсе, оған деген
дәм айыру қабілеті дамиды. Егер бала әрбір тағамнан бас тартса, не ол аш емес, не
ауырып тұрғаны.
Кішкентай балалар негізінен су немесе сүт ішуі керек. Оларға сондай-ақ сумен
араласқан жеміс сусындарын аз мӛлшерде (1 стақан) күніне беруге болады, жеміс
сусынында қант бар және тіс үшін зиянды.
Кішкентай балаларға шай және кофе бермеген жӛн. 1 жас пен 5 жас
аралығындағы балаларға негізгі тамақтану уақыты арасында құнарлы қосымша
тамақ беру керек. Мәселен, балғын шырын және бӛліктерге бӛлінген сәбіз сияқты
шикі кӛкӛністер.
Балалардың 1 жастан 7 жасқа дейінгі негізгі тағамдық заттармен тәуліктік
қажеттілігі (г)
Балалар жасы
Негізгі тағамдық заттар (г%)
Калория
ақуыз
май
кӛмірсулар
1—1,5 жас
1, 5—3 жас
3—5 жас
48
53
65—68
48
53
65—68
192
212
260—270
1430
1700
1800
5—7 жас
70—72
70—72
280—290
2000
Тағам құрамындағы ақуыз, май және кӛмірсулардың (1:1:4) қатынасын бақылау
ӛте маңызды. Калорияны есептеу оңай, 1 г ақуыз немесе 1 г кӛмірсу жойылғанда
4,1 калория түзілетінін, ал 1 г май жойылғанда 9,3 калория түзілетінін білу қажет.
Сәбилердің ең негізгі тағамы –сүт Біз ботқа жегенді ұнатамыз
Түрлі жастағы балардың тамақтануы айырмашылығы тек астың құрамындағы
пайдалы заттар мен ондағы ӛнімдердің зарарсыздандырылғандығында ғана
емес, сонымен қатар астың бір реттік мӛлшері мен тәуліктік мӛлшеріне
байланысты болуы қажет.
1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар тағамының кӛлемі (г)
Жас мӛлшері
Тағам атауы
1 жастан
1,5
жастан
3 жастан
5 жастан
1,5 жасқа
дейін
3 жасқа
дейін
5 жасқа
дейін
7 жасқа
дейін
Таңертенгі ас
Ботқа және кӛкӛністік
тағамдар…………………
Шәй …………………….
200
100
200
150
250
150
250
150
Түскі ас
Сорпа........................................
Еттен жасалған котлета…….
Гарнир..................................
Компот..................................
Салат………………………..
100
50
80
100
150
60
100
100
40
200
70
100
150
50
250
80
130
150
50
Түстен кейінгі ас
Айран....................................
Тоқашнан....
150
15
150
15/45
200
25/50
200
35/60
Кешкі ас
Ботқа және кӛкӛністік тағамдар
Сүт.................................
180 100
200
150
200
150
250 150
Бір күндік нан
Бидай наны.......................
40
70
100
110
Қара нан……………..
10
30
50
60
Тағамды кӛп мӛлшерде қолдану тәбеттің тӛмендеуіне, семіздікке және
асқорытылуыдың бұзылуына алып келеді, ал аз мӛлшерде тағамданудан адамда
тою сезімі болмайды.
Балалардың негізгі тағам үлесі:
Бірінші ас Сүтті ботқа Бұқтырылған котлеттер Кӛкӛніс
Жеміс
Балаларға чипсы жеу ұсынылмайды
Ақпарат кӛзі:http://www.vseodetishkax.ru/detskoe-pitanie/48-detskoe-pitanie-s-1-
goda-do-7-let/124-potrebnost-detej-v-osnovnyx-pitatelnyx-veshhestvax
Денсаулық гигиенасының ережесі
Жақсы санитарлық-гигиеналық шарттар кӛптеген аурулардың алдын алады.
Келесі ережелер әр отбасы мен ұйымда әдетке айналуы тиіс.
Қолды сабынмен жуыңыз
Кӛп кездесетін инфекциялық аурулардың түпкі себебі жуылмаған кір болып
саналады. Қолды сабынмен жуу іш ӛтуді екі есе тӛмендетеді, сонымен қоса
ауалы тамшылы инфекцияны – пневмония, кӛз ауруларын мысалы: трохама
және де басқа да аурулардың жиілігін тӛмендетеді.
Ол үшін не істеу қажет:
Тӛмендегі әрекеттерді жасау алдында міндетті түрде қолды жуыңыз:
o
Тағамға жақындау және сәбиді емізу кезінде
o
Асты ішуде
o
Дәрі–дәрмектерді беру және жараны ӛңдеуде
o
Науқас пен ауру адамға жақындағанда
Тӛмендегі әрекеттерді жасағаннан кейін
міндетті түрде қолды жуыңыз:
o
Ас әзірлеу кезінде, әсіресе піспеген ет
пен тауықты ұстағанда
o
Дәретханадан соң
o
Баланың үлкен дәретінен жуындырған
соң
o
Жануарлар мен жақындасқаннан кейін
o
Қолға жӛтелген жәнет үшкіргеннен соң
o
Науқас немесе жарақаттанған адамға
жақындағанда немесе жарасын зарасыздандырғанда
o
Қоқыс тастағаннан соң
Қолды жуған кезде:
Сабын және басқа да жұғыш құралдарын, құрамында күл немесе спирті бар
дезинфекциялаушы құралдарын қолданған дұрыс.
Қолыңызды сабынбен жақсылап жуыңыз. Кемінде үш рет жуған абзал,
әсіресе саусақтардың арасын және тырнақтардың астын.
Қолыңызды ағын сумен мұқият шайыңыз.
Жуып болғаннан соң таза орамалмен сүртіңіз.
Әрдайым құрамында зиянды және улы заттары жоқ суды ішіңіз.
Ол үшін мыналарды жасау қажет:
Егер сіз судың тазалығында күмәндансаңыз, ішер алдында және тамаққа
пайдаланар алдында суды қайнатыңыз, сүзгіден ӛткізіңіз немесе хлорлаңыз.
Шаң, кір, маса немесе басқа-да жәндіктер судың бетіне түсіп кетпес үшін,
суды сақтайтын ыдысыңызды жауып жүріңіз.
Сүды тасымалдауға немесе сақтауға арналған ыдысыңызды тазалықта
ұстаңыз (ішкі және сыртқы жағын).
Тамақты қауіпсіз жерде әзірлеңіз және сақтаңыз.
Ол үшін мыналарды жасау қажет:
Шикі тағамдарды (мысалы, жеміс-жидектерді және балықты) таза сумен
жуыңыз.
Ет және балық ӛнімдерін жақсылап пісіріңіз.
Пайдаланар алдында дайын тамақты қатты ысытып немесе бір қайнатып
алыңыз.
Тамақ әзірлейтін үстелдің бетін және де тамақ дайындайтын құралдарды
сабынмен және сумен жуыңыз.
Тамақты жабық ыдыста сақтаңыз.
Ас пісіргенде және тамақтанарда пайдаланатын ыдыстар мен құралдардың
барлығын сабындап жуыңыз.
Сәбиге бӛтелкемен тамақ берер алдында бӛтелкені міндетті түрде қайнату
арқылы зарарсыздандырыңыз.
Масалардың кӛбеюіне жол бермеңіз
Ол үшін мыналарды жасау қажет:
Суды сақтауға арналған ыдысты жауып жүріңіз (мысалы, құмыра,
металдық ыдыс, цементтік цистерна)
Қоқыс сақтайтын және басқада ыдыстардың бетін жауып жүріңіз немесе
жойыңыз, ӛйіткені ол жерде жиналған жаңбырдың суы Денге безгегін және
қалтырауды таратушы масалардың кӛбеюіне әкеледі.
Қоқыстан құтылу
Ол үшін мыналарды жасау қажет:
Үйдегі және айналадағы қоқыстан үнемі құтылып отырыңыз.
Дәретхана гигиенасын сақтаңыз:
Не істеу қажет:
Дәретхананы отбасы мүшелері мен тіпті кішкене балалардың дұрыс
қолдануын қадағалаңыз, нәжістегі тірі микроағзалар су мен топырақты
бүлдірмесін.
Егер сіздерде дәретхана болмаған жағдайда дәретті кӛміп тастаңыз.
Ауыз қуысының гигиенасы
Тіс пен қызыл иекке кӛңіл бӛліп қарау денсаулық үшін ӛте маңызды. Тӛменде
кӛрсетілген кеңестер бүлдіршіндердің әдетіне айналуы тиіс :
Құрамында қанты бар ас пен сусындарды қолданбаңыздар.
Егер сәбидің тісі әлі шықпаған болса қызыл иекті саусаққа оралған жұмсақ
матамен сүртіңіз. Алдымен қайнаған суда ерітілген тұз немесе ас содасы
ерітіндісімен сүртуді бастаңыз.
Сәбидің тісі шыққаннан соң міндетті түрде әр астан кейін тісті жууы
қажет. Жұмсақ тіс щеткасы немесе сүлгінің бір бӛлігін қолданып, тұз
немесе ас содасы қосылған сумен жуғызыңыз.
Балаңыз жеткілікті есейген кезінде оған дұрыс тіс жуу ережелерін
үйретіңіз. Бәрін қызықты түрде жасап, жақсы сүйікті әдетке
айналдырыңыз.
Тісті жууды уйренеміз
Достарыңызбен бөлісу: |