Мектептің кӛмегі қандай?
Балалардың барлығы мектепке келгенде оқуға дайын деуге болмайды.
Кейбіреулері ӛз дағдылары мен мүмкіндіктерін жоғарыда айтылған деңгейде
дамыта алмаған болуы мүмкін. Бірінші сыныпты оқытатын мұғалімдердің алдында
үлкен жұмыс тұр. Олар балалардың барлығының потенциалын кӛтеруге кӛмектесуі
қажет. Егер олар ӛздерінің жұмысын әр баланың мектепке келген кездегі білімдері
мен дағдыларын есепке ала отырып жүргізсе, онда әрбір баланың табысқа жету
мүмкіндігі бар. Олардың ӛз күштеріне сенімділігі артады, мектепке келгенді
ұнатып, табысты оқушы бола бастайды. Алайда бұған қол жеткізу тек бірінші
сынып
мұғалімінің ғана емес, бүкіл мектептің қолдауы арқылы жүзеге асады.
Сіздерге мектептің кӛмегі туралы бірқатар
кеңестер ұсынамыз:
- Баламен бірінші сыныпқа келгенге дейін
танысыңыз.
- Балаларды және ата-аналарын мектепке келуге
шақырыңыз.
- Бірнеше жанұяға барып танысыңыз.
-Егер бар болса, мектепке дейінгі мекемеге
барыңыз.
Мектептің барлық балалар үшін тең қол жетімділігін ұсынуына шаралар
қабылдаңыз. Бірінші және екінші сыныпқа ең тәжірибелі, үздік мұғалімдерді
тағайындаңыз.
Мектепте ойындар және интерактивті оқытулар ұйымдастырыңыз.
Ең болмаса бейімдеу кезеңінде, баланың туған тілін (бірінші тілі)
қолданыңыз.
Баланың даму деңгейіне сәйкес келетін және мағынасы бар нәрсеге оқытыңыз.
Ата-аналардың мектеп пен сынып ӛмірінің жұмыстарына қатысуына
мүмкіндік беріп, қолдау кӛрсетіңіз.
Қоғамдастықтың кӛмегі қандай?
Жергілікті билік пен қоғамдастық жетекшілері кішкентай балаларға кӛмектесе
алады, егер:
Мектепті және мектепке қатысуды барлық қоғамдастықтың басты назарына
қояды.
Олардың қолдауымен мектеп балалар үшін қауіпсіз және жағымды орта
болады.
Мектепте бірінші және екінші сынып балалары үшін оларды сүйетін, түсінетін
мұғалімдерімен қоса барлық қажетті ресурстардың, оқыту мен ойындар
ұйымдастыру үшін сәйкес материалдарының бар болуын қамтамасыз ету.
Мектепті басқаруға және ата-аналар мен мұғалімдер ассоциациясының
қызметіне қатысу.
Бүлдіршіндер оқуға дейін бара алатын мектепке дейінгі ұйымдар мен
балабақшаларды дамытуға қолдау кӛрсету.
Балалар мен ата-аналары үшін ойын алаңын құру.
Балалар бірінші сыныпта нені үйрену керек?
Мектептердің басым кӛпшілігі білім беру бағдарламаларына ие. Бұл
бағдарлама бойынша балалар әрбір сыныпта оқиды. Балаңыздың ӛткен және
ағымдағы жылдары мектепте нені оқып - меңгергенін білесіз бе? Ата-аналар
балаларына үйде кӛмектесу үшін оны білу қажет.
Оқу – бұл үйдің құрылысына ұқсайтын ерекше дүние.
Егер сіз мықты іргетас құйсаңыз, үй де кез-келген ауа –
райын, қиыншылықты жеңетіндей берік болады. Мектепке
дейінгі жаста және мектептің алғашқы жылдарында сіз
алдағы оқулар үшін кірпіш қаладыңыз. Іргетас мықты
құйылса, балалар мектепте және болашақта да табысты
болады.
Сіз «Мен мұны қалай жасаймын?» деп сұрауыңыз
мүмкін. Тӛменде баланың оқуы үшін берік негізді қалай құруға кеңестер ұсынамыз.
Баланың оқуы үшін берік негізді қалай құруға болады?
- Мектеп пен жанұяның қолдауынан бастаңыз.
- Интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытатын, ойлауға жетелейтін әртүрлі
сабақтарға қатысыңыз.
- Қарауға және талқылауға болатын қызықты сабақтар мен пәндер табыңыз және
кӛркемдеңіз.
- Механикалық есте сақтауға бағытталған сабақтарды аз қолданыңыз.
- Тіл арқылы бәрін аз мӛлшерде жеткізіңіз.
- Үздік, тәжірибелі мұғаліммен күшіңізді біріктіріңіз.
- Осының бәрін белсенді сыныпқа арнаңыз.
-Тиянақты, бауырмал үлкендердің бәрі ойдағыдай ӛтіп жатқанын жиі тексеруін
қамтамасыз ету.
Оқып үйрену – мектептің алғашқы жылдарында барлық балалар үшін басты
міндет. Оқып, жазып білмейтін балалар келесі сыныптарда қала береді. Егер
кӛптеген балалар ӛздерінің туған тілінде оқыса табыстырақ болар еді. Сонымен
бірге, балалар негізгі математикалық, есептік дағдыларды және мәселені шешу
дағдысын меңгеру керек. Бұл бейнелеу мен музыка сияқты басқа пәндердің есебінен
жүргізілмеу керек. Жақсы ұстаз оқу, жазу, есептеу дағдыларын басқа әдістермен
дамыта алады.
Кішкентай балалар білімді қалай меңгереді, қалай оқиды?
Кӛбінесе кішкентай балалар ойын үрдісі арқылы ӛзге адамдармен және
материалдармен әрекеттесе, сондай-ақ ӛздері үшін нақты, мағыналы тәжірибе ала
отырып, оқып үйренеді. Олар күні бойы партада отырып, ӛздері дайын емес іспен
айналысып, жазу арқылы жақсы оқи алмайды. Оқытудың бұл стилі кішкентай алғыр
балаларды жалықтыруы мүмкін.
Әрине, кішкентай балалар ересектерді бақылай
отырып кӛп нәрсеге үйренеді. Алайда оларға әлі
дағдыларын практикалық ӛңдеу қажет. Барлығын жақсы
орындау, оқып білу үшін алдымен физикалық дағдысын
жақсартқан жӛн. Тапсырманы жақсы орындау алдында
балалар бойында бірнеше дағдылар болу керек.
Алғашқы жылдары ата-аналар мен мұғалімдер
Әдебиеттер тізімі
Arnold, C., Bartlett, K., Gowani, S. and Merali, R. 2006. Is everybody ready?
Readiness, transition and continuity: Reflections and moving forward. Background
paper for the EFA Global Monitoring Report 2007, Aga Khan Foundation.
Myers, R. 1997. “
Removing roadblocks to success: Transitions and linkages between
home, preschool and primary school”.
Coordinator’s Notebook
. No. 21.
Pianta, R. and La Paro, K. 2003. Improving early school success.
Educational
Leadership, April 2003.
UNICEF and others. 2010.
Facts for Life. 4
th
edition. New York: UNICEF.
www.factsforlifeglobal.org. (Accessed 2 March 2011.)
Woodhead, M and Moss, P. 2007. Early childhood and primary education.
Early
Childhood in Focus, No. 2.