Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-Әдістемелік нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата02.01.2017
өлшемі3,99 Mb.
#981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 
 
 
 
 
       
 
Баланың тағамдық үлесінде  витаминдер  
        (кӛкӛнiстер ) - жыл бойы  
 
         Ата-аналар және тәрбиешілер – олар бала ӛмірінде кімдер? 
Барлық  балаларға  ата-ана  керек.  Алайда  біз  осы  Нұсқаулықта  «ата-ана» 
терминін қолданған кезде балаларға ӛмір сыйлаған адамды ғана емес, күнделікті 
ӛмірде балаларға қамқорлық жасайтын барлық адамдарды айтамыз.  
Тәрбиешілер  (Caregivers)  –  бұл  балаларға  күнделікті  ӛмірде  қамқорлық 
жасайтын  және  оларға  берік  болуға  қажетті  қолдау  кӛрсететін  адамдар.  Баласы 
дүниеге  келген  ата-аналар  үшін  бұл  міндет  -  үйреншікті  іс,  алайда  әже,  ата,  аға, 
әпке,  отбасы  немесе  қауымдастықтың  басқа  мүшелерін  қоса  алғанда,  осыған 
қатысатын басқа да адамдар бар.  
Әкенің рӛлі қандай? 
Кӛптеген  қауымдастықта  әйелдер  дәстүрлі  түрде  балаларға  қамқорлық 
жасаудың  басым  бӛлігін  ӛзіне  алады.  Бірақ  әкелер  балалардың  тәрбиесіне, 
олардың  іс-әрекетіне  әйелдерімен  бірдей  жауапкершілікте  болады,  балалардың 
дамуына  үлкен  әсер  етеді.  Зерттеу  кӛрсеткендей,  әкелер  ӛзінің  балаларын 
тәрбиелеу үдерісіне қатысқан кезде балалардың әлеуметтік және эмоционалдық 
дағдылары жақсы дамиды, олар мектепте ӛте жақсы оқиды. 
Кейбір  әкелер  ӛзінің  кішкентай  балаларына  кӛп  уақытын  бӛледі.  Кӛптеген 
әкелер әйелінің босануына қатысады және балаларға күтім жасау бойынша негізгі 
жұмыстарды  ӛзіне  алады.  Кейбір  әкелер  ӛзінің  рӛлін  басқаша  кӛреді.  Олар 
балаларын тұрғын үймен және азық-түлікпен қамтамасыз ете алады, бірақ тәртіп 
мәселесін  қоспағанда,  ӛзінің  балаларының  күнделікті  ӛміріне  аз  қатысады. 
Мұндай әрекет дәстүрлі себептермен түсіндіріледі, оларға балалардың тәрбиесіне 
барынша белсенді қатысуға мүмкіндік бермейді.  

 
 
 
Кӛптеген ер адамдардың балаларға күтім жасау, олардың 
тәрбиесі туралы барынша кӛп мәлімет білгісі келетіндігін 
тәжірибе 
кӛрсетті. 
Балалардың 
тәрбиесі 
туралы 
бағдарламалар  кӛп  жағдайда  әйелдер  мен  жас  аналарға 
арналған,  сондықтан  олар  әйелдер  арасында  ӛздерін 
қолайсыз  сезінеді  немесе  мұндай  бағдарламаға  қатысса, 
басқа ер адамдар мазақ етеді деп ойлайды.  
Ата-аналарға  педагогикалық  білім  беру  бойынша 
бағдарлама  мақсаты  ӛзінің  пікірлерін  еркін  білдіретін 
және қиындықтарды еркін талқылай алатын ер адамдарға 
арналған  семинарларға  немесе  жеке  сессияларға  барлық 
жастағы ерлер  мен  ер  балаларды тарту болып  табылады.         
Әкесімен бірге саябақта
 
 
Фасилитатор  нақты  бір  қауымдастықта  қандай  тәсіл  жақсы  жұмыс 
жасайтындығы  туралы  ӛзі  шешсін.  Тӛменде    ойланып, 
талқылайтын бірнеше сұрақтар келтірілген:    
Сіздің отбасыңызда ер адамның қандай жауапкершілігі 
бар?  Ол  әке  болу  және  балаларға  қамқорлық  жасау 
мәселесіне  қосылады  ма?  Кішкентай  балалардың 
кӛбісінде  ӛзімен  бірге  тұратын  әкесі  бар  ма?  Балалар 
кішкентай  болғанда  әкелері  балалармен  сӛйлеседі  ме? 
Жауабы  иә  болса,  онда  қалай  сӛйлеседі?  Әкелерінің 
балаларымен 
жақсы 
қарым-қатынасына 
қандай 
мысалдар  келтіре  аласыз?  Сіздің  қауымдастығыңызда 
балаларға  күтім  жасау,  тәрбиелеу  үдерісінде  балаларға 
зиян келетін (яғни, сіздің ӛзгерткіңіз келетін практика) 
мысалдар бар ма? 
 
Тауда серуендеу: әкесі қызының   
    
қауіпсіздігі үшін ұстап тұр 
  
 
Бала құқықтары 
Кӛптеген  елдер  балалардың  құқықтары  бар  екендігін  мойындайды.  Мұндай 
елдерде балалардың құқықтарын қорғауға, олардың дұрыс дамуына қолдау жасауға 
бағытталған заңдары да бар. Заңға кірген жеке жалпы салалар:  
-
 
Барлық балалар ӛмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға құқылы.  
Бұл  балаларға  лайықты  күтім  жасалынуына  құқығы  бар  дегенді  білдіреді. 
Олар  және  олардың  аналарында  жақсы  медициналық  қызмет  кӛрсету  мен 
тамақтануы, аурудан қорғанысы болуы тиіс. Балалар сау және қауіпсіз ортада 
ӛсуге, ӛзіндік дамуы үшін құқықтары бар. 
-
 
 Барлық балалар кемсітушіліксіз әділетті қарым-қатынасқа құқылы.  
Барлық  балалар сапалы тамақтануына,  олардың  дамуы үшін  күтім жасалынуына 
және  мүмкіндіктеріне  құқықтары  бірдей.  Әсіресе,  бұл  қыз  балаларға,  дамуында 
ауытқушылықтары  бар  балаларға,  АҚТҚ  және  ЖҚТБ  дерттеріне  шалдыққан 
немесе  басқа  аурулары бар,  сонымен қатар этникалық жӛнінен азшылық тобына 
жататын балаларға қатысты.  

 
 
 
-
 
Барлық  балалар  ойын  ойнауға  және  бос  уақытқа  құқығы  бар.  Ойын 
баланың  жан-жақты  дамуына  -  әлеуметтік,  эмоционалдық,  ойлау,  тіл  және  дене 
дамуына  кӛмектесетін,  сәбилер  мен  кішкентай  балалар  үйренетін  тікелей  жол 
болып табылады.  
-
 
Барлық балалар білім алуға құқылы. Балалар тегін бастауыш білім алуына 
және  мектептегі  ӛздері  қызыққан  басқа  да  қызметтер  кӛрсетілуіне  құқығы  бар. 
Сондай-ақ,  оларда  ерте  жастан  дамытудың  сапалы  бағдарламаларына  қатысу 
мүмкіндігі  болуы  керек;  мұндай  бағдарламаға  қатысатындардың  мектепке 
даярлығы  жақсы  болады  және  мұндай  балаларда  мектепке  бару,  мектепте  қалу 
ықтималдылығы жоғары болады.  
-
 
Барлық  балалар  ӛз  пікірін  еркін  білдіруге  құқылы.  Тіпті  кішкентай 
балалар  ӛз  пікірін  еркін  білдіруге  және  олардың  күнделікті  ӛміріне  әсер  ететін 
мәселелер  бойынша  шешім  қабылдауға  мүмкіндіктері  болуы  тиіс.  Олардың 
пікірін біліп, біз балаларға құрмет білдіреміз және олармен ӛзіміздің ӛзара қарым-
қатынасымызды нығайтамыз.  
Балаларды тәрбиелеу тәжірибесі балаларды сыйлауға, махаббат пен қауіпсіз 
ортада ӛсуге, олардың ӛміріндегі маңызды адамдар –  ӛзінің ата-аналарына сенім 
білдіре алатындығын түсінуге құрылуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        Білім алу құқығы: оқу үшін жақсы жағдай 
 
 
Балалардың қауіпсіздігін сақтау 
Балаларға  қамқорлық  жасау  –  үйде  және  қауымдастықтағы  қауіптерден 
қорғауын  білдіреді.  Бұл  үйде  және  қауымдастықта  балаларды  зорлық-зомбылық 
кӛрсетудің кез келген нысанынан, жазатайым оқиғалардан сақтау болып табылады.  
Жазатайым оқиғалардың алдын алу 
Кӛптеген  балалар  жыл  сайын  жазатайым  оқиғалар  нәтижесінде  жарақаттар 
алады  немесе  кӛз  жұмады.  Мұндай  жағдайлардың  кӛбінің  алдын  алуға  болады. 
Ата-аналар мен балалардың тәрбиесі мен қамқорлық жасаумен айналысатын ӛзге 
тұлғалардың міндеті балаларды қауіптер мен дене жарақаттарынан қорғау болып 
табылады.  Балалардың  ӛсу  жасына  қарай  тәуекелдер  ӛзгереді.  Балалар  арасында 
барынша жиі орын алатын жазатайым оқиғаларға мыналар жатады:  
-
 
Отқа және ыстық суға күю; 
-
 
Құлау; 
-
 
Балалардың суға бату жағдайлары;  
-
 
Улану;  
-
 
Жол апаттары;  
-
 
Электр тоғымен зақымдану.  
 

 
 
 
 
Тәрбиешілер  үйдегі  немесе  үй  айналасындағы  жазатайым  оқиға  орын  алуы 
мүмкін  жерлер туралы алдын  ала  біліп,  алдын-алуы  мүмкін.  Тӛменде балалардың 
тәрбиесімен  айналысатын  тұлғалар  үшін  жазатайым  оқиғалардың  алдын-алу 
бойынша кеңестер берілген:  
-
 
Ас  әзірлеу  жерлерінде  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар 
қабылдаңыз. Мысалы, балалардың плита үстіндегі кастрӛл және шәйнектерге қолы 
жетпеуі. 
-
 
Сәбилер мен кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.  
-
 
Сәбилер мен кішкентай балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз 
(тереңдігі 10 сантиметрден аспайтын суда батып кетуі мүмкін).  
-
 
Инсектицид,  тазартқыш  заттар,  кір  жуу 
ұнтақтары мен басқа да химикаттарды балалардың 
қолы  жетпейтін  жерде  сақтаңыз.  Керосин, 
жанармай, 
басқа 
да 
химикаттарды 
сусын 
бӛтелкелерінде сақтамаңыздар, балалардың оларды 
ішіп қою қаупі бар.  
-
 
Дәрі-дәрмекті 
(таблетка, 
шәрбат) 
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.  
-
 
Жолдан ӛтер кезде қолынан ұстап ӛтіңіз.  
-
 
Үйдегі  барлық  ашық  тұрған  барлық  электр  сымдарын  және  розеткаларын 
жабыңыз (егер үйде екі жастан кіші бала болса, электр розеткалары жабық болуы 
тиіс, әйтпесе балалар саусақтарын сұғып, электр тогымен зақымдануы мүмкін).  
-
 
Пышақ,  қайшы  секілді  ӛткір,  қайралған  объектілерді  балалардың  қолы 
жетпейтін жерде сақтаңыз.  
-
 
Балалар қауіпті жануарға жақындамауын қадағалаңыз және олар кез келген 
жануардың  жанында  болғанда  қараусыз  қалдырмаңыз;  тіпті  үй  иті  бала  үшін 
қауіпті болуы мүмкін.  
 
 
 
Балаларды зорлық-зомбылық кӛрсетуден қорғау 
 
Күш көрсету зорлық-зомбылығы  
Күш  кӛрсету  зорлық-зомбылығы  ұрып-соғу,  қол  жұмсау,  тебу,  шапалақпен 
ұру, итеру, күйдіру және түрлі жарақаттар тудыратын басқа да іс-әрекеттер түрінде 
болуы  мүмкін.  Жаза  түрінде  баланы  ұру  қазіргі  таңда  кӛптеген  елдерде  дене 
зорлығы ретінде қабылданады. Қатаң жазалау баланың денесіне зақым келтірумен 
қатар,  оның  бүкіл  ӛміріне  эмоционалдық  зиян  келтіреді.  Егер  сіздің 
қауымдастығыңызда  қатаң  немесе  зиян  тигізетін  жазалар  қолданылса,  олардың 
алдын-алу  және  балаларды  тәрбиелеудің  зорлықсыз  тәсілдерімен  алмастыру 
жолдарын  анықтау  маңызды  болып  табылады.  Балалардың  мінез-құлқын  басқару 
туралы қосымша ақпараттар алу үшін осы Нұсқаулықтағы «Кішкентай балалардың 
мінез-құлқы» атты 7 буклетке назар аударыңыз.  
Эмоционалдық зорлық-зомбылық 
Отбасындағы  қамқорлық,  жылы  шырайлы  қарым-қатынас  балаларға 
эмоционалдық  тұрғыда  ӛздерін  қорғалғаның  сезінуге  кӛмектеседі  және  ӛзіне, 
отбасына  деген  оң  қарым-қатынасты,  ӛзге  адамдармен  ӛзара  жақсы  қарым-
қатынасты дамытуға негіз береді. Егер балаларды елемей, оларға кӛңіл бӛлінбесе, 
үнемі жоғары сынмен қараса немесе ересектер балаларға тіл тигізіп, күлкі-мазаққа 
айналдырса,  балаларда  ӛздері  туралы  теріс  пікір  қалыптасып,  қорашсыну  кешені 

 
 
 
дами бастайды. Олар жабырқаңқы кӛңіл күйде, тұйық, кейде тіпті дӛрекі, қатыгез 
болуы  мүмкін.  Ӛзін  дұрыс  ұстай  білмейтін  балаларды  сынға  алмаңыз,  ұялтпаңыз, 
олардың  жаман  қылығын  ашып  кӛрсетпеңіз.  Балалардың  жақсы  мінез-құлқына 
назар аударыңыз, ӛздерін жақсы ұстаған кезде оларды кӛп мақтаңыз.  
Кӛптеген  телебағдарламалар  зорлық-зомбылық  сценаларға  толы  және  тек 
ересектерге  арналған.  Мұндай  бағдарламаларды  кӛрген  балаларға  эмоционалдық 
зиян  тиюі  мүмкін.  Сондықтан  ата-аналар  баласы  теледидардан  қандай 
бағдарламалар  кӛріп  отырғанын  бақылап,  оның  жасына  сай  келмейтін 
бағдарламаларды  кӛруге  рұқсат  бермеуі  тиіс  (мысалы,  ата-анасы  теледидарды 
кӛрмеген кезде оны сӛндіру). 
Жыныстық зорлық-зомбылық  
Жыныстық  зорлыққа  жыныстық  актілері  мен  ұятсыз  жанасуының  барлық 
нысаны  кіреді.  Кейде  жыныстық  зорлықтың  айыптылары  бӛгде  тұлғалар,  кӛп 
жағдайда  не  отбасы  мүшелері,  не  жақын  достар  болуы  мүмкін.  Ата-аналар 
кішкентай  балаларына  ӛте  мұқият  қараған  жӛн  және  отбасы  мен  қауымдастық 
мүшелерін  қоса  алғанда,  балаларға  зиян  тигізуі  мүмкін  кез  келген  адамдардан 
арашалауы керек.  
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу  
Отбасындағы  зорлық-зомбылық  («үйдегі  зорлық-зомбылық»)  кӛп  жағдайда 
отбасындағы ықпалды, беделді мүшесінің әлсіз тұлғаға қатысты (әдетте еркектің 
әйелдер мен балаларға қатысты) жасалынады. Балаларға соққы тимесе де,  келесі 
бір  жанжалды  күтіп,  ӛмір  бойына  қорқынышта  ӛмір  сүреді.  Қорқынышта  ӛмір 
сүру  балалардың  тамақтану  әдеттеріне,  олардың  ұйқысына  әсер  етуі  мүмкін, 
эмоционалдық  және  ойлау  әрекетінде  ӛзгерістердің,  денсаулық  мәселелерінің 
себебі  болуы  әбден  мүмкін.  Сонымен  қатар,  кӛп  жағдайда  зорлық-зомбылықты 
кӛрген  балалар  мұндай  мінез-құлықты  қайталап,  ӛздері  балалық  немесе  есейген 
шағында қатыгез бола бастайды.  
 
Егер  сіз  зорлық-зомбылық  жағдайында  ӛмір  сүріп  келе  жатқан  әйелдер 
немесе  балаларды  білсеңіз,  оны  тоқтату  керек.  Әйелмен  немесе  балалармен 
жағдайды  талқылау,  оларға  кӛмектесе  алатын  немесе  зорлық-зомбылық 
құрбандарына  баспана  бере  алатын  ұйымдар  туралы  ақпарат  беру  қажеттілігі 
туындауы мүмкін. Осы мәселе бойынша әкесімен/анасымен немесе қауымдастық 
мүшелерімен олардың пікірлерін білу үшін сӛйлессеңіз жақсы болар еді.  
 
Ата-аналарға қолдау кӛрсету 
Соңғы  жылдары  ата-ана  болу  кӛптеген  адамдар  үшін  қиын  міндетке 
айналды.  Балалардың  тәрбиесіне  дәстүрлі  тәсіл  ӛзгере  бастады,  кӛптеген  ата-
аналар бір кездері қол жетімді болған қолдауды ала алмайды.  
Кейбір  ата-аналар  жұмыс  күнінің  ұзақтығынан  немесе  үйден  алыс  жерде 
тұратынына байланысты ӛздерінің балаларын сирек кӛреді, оның салдары ретінде 
тәрбиелеуде  үлкен  қиындықтарға  кез  болады.  Сонымен  қатар,  экономикалық 
қиындықтар,  азаматтық  толқулар,  табиғи  апаттар  немесе  дағдарыстық 
құбылыстар  кӛптеген  ересек  адамдарға  балаларға  сапалы  қамқорлық  жасауын 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  бермейді.  Осы  себептер  бойынша  кӛптеген  балалар 
тәуекел жағдайында ӛмір сүруде.  
Балалардың  ата-анасы  ӛскен  әлемнен  түбегейлі  айрықшаланатын  қоршаған 
ортаның әсеріне балалар ашық болады. Осының барлығы балаларға және балалар 

 
 
 
мен  олардың  ата-аналары  арасындағы  ӛзара  қарым-қатынасына  негативті  әсер 
етеді.  
Ӛз отбасыңыз туралы ойлаңыз. Қазіргі таңда сіздің қауымдастығыңызда ата-ана 
болу  нені  білдіреді?  Сіздің  қауымдастығыңыздағы  ата-аналарға  бала  тәрбиесінде 
қандай кӛмектер қажет?  
 
Әркім ерте балалық шақ үшін жауапты  
Кӛптеген ата-аналар  балаларды тәрбиелеу мәселесінде  қолдауға  мұқтаж.  Олар 
балаларды тәрбиелеуде ӛздерінің рӛлін атқаруда үкіметтен қолдау күтуге құқылы. 
Әрбір  жергілікті  қауымдастықта  жеткілікті  адами  ресурстар,  білім  мен  ӛмірлік 
тәжірибесі мол адамдар бар.  
Әлемнің  кейбір  елдерінде  жергілікті  қауымдастықтар  осы  ресурстарды 
пайдаланып,  балалардың  мүддесіне  қарай  іс-шаралар  қабылдайды.  Олардың 
мақсаты  –  барлық  балаларға  (жергілікті  қауымдастықта  немесе  қалада  ӛмір 
сүретін)  жақсы  қолайлы  жағдай  жасау  және  ӛз  қауымдастықтары  мен  қалаларын 
балалар үшін достық қарым-қатынасын орнату.   
Сіздің қауымдастығыңыз балаларға қаншалықты мейірімді? Қауымдастықтағы 
барлық  балалардың  негізгі  қызметтерге  (медициналық  қызмет  кӛрсету,  таза  су, 
санитарлық  жағдай,  білім  алу,  әлеуметтік  қызмет  кӛрсету)  қол  жетімділігі  бірдей 
ме? Балалардың қорғану, ойнау, отбасында ӛмір сүру, білім алу және қауымдастық 
ӛміріне  қатысу  құқықтары  қамтамасыз  ету  үшін  жағдайлар  жасалынған  ба? 
Ӛзіңіздің  қауымдастығыңыздың  әлсіз  және  күшті  жақтарын  қарастыра  отырып, 
қауымдастығыңыздағы  сәбилер  мен  кішкентай  балалардың  жағдайын  жақсарту 
үшін Сіз не істей аласыз деген сұраққа ойланыңыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   Сіз не істей аласыз? 
 
- Ӛз  отбасыңыздағы  және  қауымдастығыңыздағы  кішкентай  балаларға 
бақылау  жасаңыз.  Олардың  құқықтары  сақтала  ма?  Сақталмаса,  не  істеуге 
болады деп ойланып, ӛз идеяларыңызды басқалармен талқылаңыз.  
- Ӛз  қыздарыңыз  және  ұлдарыңызбен  қарым-қатынасыңыз  қандай 
екендігіне  қараңыз.  Ұлдар  мен  қыздар  ӛздеріне  кӛңіл  бӛлуде,  тамақ  және 
медициналық  қызмет  кӛрсетуде  бірдей  үлесті  ала  ма?  Жоқ  болса,  сіз  не  істей 
алатындығыңыз туралы ойланыңыз.  
- Түскі  ас  әзірлеу,  үй  жинау,  дүкен  аралау  немесе  бақшада  жұмыс  істеу 
секілді  күнделікті жұмыстарды атқарған кезде ӛз балаларымен сӛйлесе отыра, 
әкелер мен аналар кӛп уақыт ӛткізе алады.  
- Балаларға  ертегі  айтып  беріңіз,  оларды  сұрақ  қоюға  және  айтылған 
ертегіні талқылауға қызықтырыңыз.  
- Балаларды  тыңдаңыз  және  ӛз  пікірін  білдіруге,  ӛз  таңдауын  жасауына 
мүмкіндік беріңіз. Мәселен, қандай киім кию немесе ішкісі келетін тағамдарды 
таңдау.  
- Барлық  балалардың  бос  уақыты  мен  ойнау  мүмкіндігі  болатындай  іс-
шара қабылдаңыз.  
- Сәбилер  мен  кішкентай  балаларды  қараусыз  қалдырмаңыз.  Үйдің 
ішінде және сыртында жарақат алу қаупі болмайтындай тексеріңіз.  
- Балаларды  ӛзге  адамдарды  (ересектерді  де,  балаларды  да)  сыйлауға 
үйретіңіз;  олардың  басқа  адамға  зиян  келтіру  құқығы  жоқ  екенін  ұғынуға 
кӛмектесіңіз.  
- Ӛз  балаңыздың  сізбен  уайымы  туралы  бӛлісуге  ынталандырыңыз. 
Балаңызға  қатысты  зорлық-зомбылық  кӛрсетілген  болса,  оларды  тыңдап, 
қажетті шараларды қабылдаңыз. 
 

 
 
 
Әдебиеттер тізімі
 
Эванс, Д. 2006. ―Mықты іргетас:Ерте жастағы баланы оқыту мен тәрбиелеу‖. Бұл 
құжат ғаламдық мониторингтік есепке БББ дайындалған, 2007, Париж, ЮНЕСКО. 
Адамнаң 
құқығы 
бойынша 
Білім 
Қауымдастығы. 
«Балалар 
құқығы 
конвенциясының 
жеңілдетілген 
нұсқасы». 
http://www.hrea.org/feature-
events/simplified-crc.html
  (2011 жылдың 21ақпанның жағдайы бойынша) 
Ерте  жастағы  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеу  бойынша  Консалтингтік  топ.2000. 
―Отбасыларға кӛмек: Баланың туылған кезінен бастап 3 жасқа дейін тәрбие беру 
бойынша ата-аналармен және тәрбиелеушілермен жұмыс‖. Үйлестірушінің қойын 
дәптері, № 24 
Баланың  құқығы  бойынша  БҰҰ  Комитеті,  ЮНИСЕФ,  және  Бернард  ван  Лиэр 
Қоры.  2006.  ―Нұсқаулыққа  жалпы  түсініктеме  7:  Ерте  жастағы  баланың  құқығы 
орындауы‖. Гаага, Бернард ван Лиэр Қоры. 
Адамнаң  құқығы  бойынша  Білім  Қауымдастығы.2011.  Бірінші  қадам.  Құрал, 
адамның 
құқығы 
білімін 
калай 
бастау  
http://www.hrea.org/index.php?base_id=104&language_id=1&erc_doc_id=511&catego
ry_id=6&category_type=3&group
  (2011 жылдың 21 ақпанның жағдайы бойынша) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Ӛтеген-Батыр кенті. 
Кентте 6 балалар мекемесі бар: 
«Солнышко» балабақшасы - 130 адамды қамтиды, 3 тӛменгі топтар (2-3 жас), 2 
орташа  топ  (3-4  жас),  1  жоғарғы  топ  (4-5  жас),  1  дайындық  тобы  (6-7  жас).  
Топтағы оқу бағдарламасы жастық категориясына сәйкес орындалады. Тӛлемі 
35  мың  теңгеге  дейін,  «Балапан»  бағдарламасы  бойынша  -  50  бала  –  15  мың 
теңге, ТЭЦ-3 келісім-шарты бойынша – 20 бала – 25 мың теңге.   Балабақшада 
25  адам  жұмыс  жасайды:  меңгеруші,  есепші,  әдіскер,  педагог-психолог,  қазақ 
тілі  мұғалімі,  музыкалық  қызметкер,  7  тәрбиеші,  7  тәрбиеші  кӛмекшілері,  2 
аспаз, 1 асхана қызметкері, тӛсек-орнына жаупты қызметкер, қора тазалаушы. 
«Қуат»  балабақшасы  -  120  адамды  қамтиды,  2  тӛменгі  топтар  (2-3  жас),  2 
орташа  топ  (3-4  жас),  1  жоғарғы  топ  (4-5  жас),  1  дайындық    тобы  (6-7  жас).  
Топтағы оқу бағдарламасы жастық категориясына сәйкес орындалады. Қызмет 
кӛрсету  тӛлем  ақысы  және  қызметкерлер  саны  «Солнышко»  балабақшасына 
сәйкес.  
«Айнур» жеке балабақшасы - 30 адамды қамтиды, 2 топ, тӛлем ақысы 20 мың 
теңге, тамақтан тыс. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Конек-горбунок»  дамытпалы  орталығы  -  2  топ,  барлығы  30  адам,  15  мың 
теңге, тамақтан тыс. 
 «Киндер-ленд» дамытпалы орталығы - 2 топ, 20 адам, 12 мың теңге, тамақтан 
тыс. 
«Радость» дамытпалы орталығы - 2 топ, 40 адам, 15 мың тенге, тамақтан тыс. 
2011  жылы  облыстық  балалар  ауруханасы  іске  қосылды.  Аурухана 
қабырғасында 
емхана, 
200 
адамдық 
стационар, 
травматологиялық, 
хирургиялық  және  операциялық  бӛлімдер,  зертхана,  рентген  және 
физиокабинеттер  жұмыс  жасайды.  Клиника  ең  жаңа  медициналық 
құралдармен  жабдықталған.  Клиникада  160  дәрігер  қызмет  атқарады.  Оларға 
жергілікті  бюджет  есебінен  кӛп-пәтерлі  тұрғын  үй  салынған.  «Дипломмен  – 
ауылға»  бағдарламасы  бойынша  мемлекет  жас  мамандарды  тұрғын  үймен 
қамсыздандыра отырып, кӛптеген жеңілдіктер кӛрсетеді.  
Орталық аудандық ауруханада  55 орынға 
арналған перзентхана бар. 
Дерекнама
http://www.kazpravda.kz/c/1297380490
 
 

 
 
 
 
 
Бала дүниеге келді 
 
2-буклет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Бала дүниеге келді
 
 
Баланың құрсақта пайда болуынан бастап, дүниеге келуі таңқаларлық жайт. 
Осы  жолда  қауіптер  тӛнуі  мүмкін,  алайда  тиісті  қамқорлық  пен  қолдау 
кӛрсетілген жағдайда нәтижесі әрбір адам үшін бақытты болуы тиіс.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет