Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-Әдістемелік нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.01.2017
өлшемі3,99 Mb.
#981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Оқу және жазуға алғашқы қадамдар  
Барлық  балалар  оқуға  және  жазуға  үйренуі  маңызды.  Алайда,  балаларды 
мектепке  бармай  тұрып,  міндетті  түрде  оқуға  және  жазуға  үйрету 
ұсынылмайды.  
Сауаттылық жолында кӛптеген қадам бар, ата-анаға кӛмектесетін кӛптеген 
ойын нысандары бар. Тӛменде бірнеше кеңес берілген.  
Туған тілде дыбыстармен танысуға кӛмектесетін сабақтар: 
-
 
Балалар  дыбыс  шығара  бастаған  кезде,  оларға  сол  дыбысты 
қайталаңыз.  Бұл  оларға  сенімді  сӛйлей  бастауға  және  олардың  тілдік 
қабілеттерін жетілдіруге кӛмектеседі.  
-
 
Ырғақты  ойындар  ойнаңыздар  және  жергілікті  халық  әндерін 
кішкентай балалармен айтыңыздар. Мұндай әндер туған тілде кӛп болар.  
-
 
Ересек балалар мен мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ән 
сӛздерін  қағазға  жазып  алыңыз.  Балалар  ән  айтуда  ән  сӛздерін  кӛз  алдында 
кӛргенде, оқуға тез үйренеді.  
-
 
Ұқсас сӛздерді қолдана отырып, ертегі оқып беріңіз немесе айтып 
беріңіз. 
-
 
Ұқсас  сӛздерді  қолдана  отырып,  ойын  ойнаңыздар;  мәселен, 
балаларды  дене  мүшесін,  мысалы,  басын  кӛрсетуін  сұраңыз.  Осы  сӛзбен 
ұйқасатын сӛздерді атауын ӛтініңіз. 
-
 
Балалардың есіміне ырғақ жасаңыз. 
-
 
Тіл дыбысын айқын кӛрсететін ұйқас тақпақ пен ән құрастырыңыз: 
 
 
Ескекті ескекші еседі, 
Ескекші ескекті еседі. 
 
Гүлім гүлге қарап күлімдеді, 
Кӛгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді. 
 

 
 
 
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім, 
Неше кіші ішік піштім? 
Шын еңбекшіл - ӛрмекші,  
Ӛрмекші - шын ӛрнекші. 
 
Қанат қанағаттанарлық баға алды,  
Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды. 
 
Түрің түрленіп, кідірмей оқы,  
Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы. 
 
Қанар қаптарды қаптап артар,  
Шанақ арбаны аттар тартар. 
 
Баспа сӛздерді түсінуге кӛмектесетін сабақтар  
-
 
Балаларға  күн  сайын  оқыңыз.  Егер  ата-ана  оқи  алмаса  немесе  оқуды 
ұнатпаса,  оны  отбасының  басқа  мүшелері  жасай  алады.  Егер  әңгімелер  мен 
ертегілер  болмаса,  басқа  материалдарды,  мысалы,  тағам  ӛнімдеріндегі 
жапсырмаларды, хабарландыруларды және т.б. оқуға болады.  
-
 
Балалар  басқа  адамдар  қалай  оқитынын,  жазатынын  кӛруі  тиіс.  Үй 
тапсырмаларын сіздің балаларыңыз қалай орындайтынына назар аударыңыз. 
-
 
Ірі  әріптермен  жазылған  сӛздер  жазылған  жерлерді  іздеңіз.  Баламен 
серуендеу кезінде кӛше аттары жазылған тақтайшаларды балаларға кӛрсетіңіз. 
-
 
Бала үшін картинкаларды кесіп немесе сурет салып, альбом жасаңыз.  
-
 
Әрбір бетіне қарапайым сӛйлем жазыңыздар.  
-
 
Егер  сізде  басқа  тілде  балаларға  арналған  кітап  болса,  туған  тілге 
аударуды біреуден ӛтініңіз. Аударылған сӛздерді параққа жазып алыңыз.  
-
 
Жапсырма  мен  тақтайша  жасап,  оларды  үйде  іліп  қойыңыз,  мысалы, 
«терезе» сӛзін терезеге іліп қойыңыз. 
-
 
Баламен  бірге  әліппені  оқыңыз.  Балалар  жиі  кӛретін  немесе  қолданатын 
заттардың суретімен ӛзіндік әліппе құрастырыңыз.  
-
 
Балаға ӛзінің атын жазуға кӛмектесіңіз. 
-
 
Жазу  ойынын  жиі  қолданыңыз;  мысалы,  құмда  немесе  топырақта 
таяқшамен,  бормен,  қолмен  немесе  қағазға  қарындашпен,  суда  қылқаламмен 
жазыңыз. 
-
 
Балаға  кез  келген  затты  салуды  немесе  сызуды  ұсыныңыз,  содан  кейін 
олардан  не  салғаны  немесе  сызғаны  туралы  сұраңыз.  Олардың  сӛзін  қалай 
айтылса, солай жазып алыңыз. Оны балаға оқып беріңіз және осы сӛздерді сізге 
оқып беруін сұраңыз.  
-
 
Үйде  бірнеше  сурет  іліп  қойыңыз  немесе  олардан  кітап  жасаңыз.  Сіз 
балаңызға ертегі оқып берсеңіз, бала сізбен бірге оқуға талпынатын болады.  
 
Ертегі мен тарих айталық 
Кӛптеген  халықта  ертегі  мен  тарих  айту  дәстүрі  бар.  Олар  арқылы  ақпарат 
беріледі. Халық ертегілері, әдетте, күрделі мәселелерді шешеді, сонымен қатар 
кӛңіл  кӛтеру  нысаны  болып  табылады.  Олар  әлем  туралы  түсінік  береді  және 
табиғатты  қорғау,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас,  т.б.  секілді  ӛмір  сүру 
нормалары мен мінез-құлқының ережелерін түсіндіреді. Сізге айтылған мұндай 

 
 
 
ертегі  мен  оқиғалар  бар  ма?  Олар  неге  үйретеді?  Оларды  ӛзіңіздің 
балаларыңызға қашан және қалай айтасыз? 
Ертегі мен әңгімелерді тыңдай отыра, балалар ӛз халқының мәдениеті, ӛзара 
қарым-қатынасы,  қоршаған  орта  және  жер  туралы  білетін  болады.  Мәселен, 
жер туралы әңгімелер балаларға жер, ӛсімдік және жануарлар туралы кӛптеген 
ақпараттар білуге кӛмектеседі.  
Халық  әңгімелері  болып  табылмайтын  әңгімелер 
маңызды ақпарат бере алады. Балалар ондай әңгімелер мен 
тарихтарды  тыңдауы  керек.  Балалардың  ертегілер  мен 
әңгімелер  айту  немесе  олардың  мазмұнын  ӛз  сӛзімен 
баяндау ниетіне қолдау кӛрсеткен жӛн. Суреттер, қуыршақ 
немесе 
киізден 
жасалынған 
бас 
кейіпкерлер 
әңгіме/ертегілердің 
басты 
идеясын 
есте 
сақтауға 
кӛмектеседі  және  оларды  қайта-қайта  айтқысы  келетін 
болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалар  кітап  оқу  және  оларды  қарастыру  үшін  ешқашан  кішкентай 
болмайды. 
Балаларға арналған кітаптарды таңдау үшін бірнеше кеңес берілген.  
6 айдан кіші балалар үшін  
- Шүберектен немесе пластиктен жасалған кітаптар ең қолайлы, себебі бұл 
кітаптар жууға оңай.  
- Сәбилерге қарапайым жарқын суреттер ұнайды.  
6-12 айлық балалар 
- Қалың  картон  парақтарды  балалар  ӛздері  аудара  алады  және  парақтар 
жыртылмайды.  
- Таныс  заттар  мен  іс-әрекеттердің  суреті  бар  кітаптар,  мәселен,  қол  жуу, 
түскі ас, киім кию.  
2 жасар балалар  
- Бұл  жастағы  балалар  әңгімеге  дайын  болады.  Оларға  таныс  іс-әрекеттер 
туралы  қарапайым  әңгімелер  ұнайды,  мәселен,  дүкенде  азық-түлік  сатып  алу, 
бақшада жұмыс жасау, ұйқыға дайындалу және т.б. 
- Осы  жастағы  балалар  кӛп  уақыттарын  суреттерді  кӛріп,  ӛз  пікірін  айтуға 
және сұрақтар қоюға ӛткізеді. Сондықтан кітаптардағы суреттер айқын, қызықты 
және астында сӛздері болуы тиіс.  
3-5 жасар балалар 
- Бұл  жаста  балаларға  жануарлар  және  басқа  да  кейіпкерлер  туралы 
қызықты әңгімелер ұнайды, мұндай әңгімелер балаларды сӛйлеуге және сұрақтар 
қоюға талпыныс береді.  
- Әрбір парақта бір немесе екі қысқа сӛйлемдер болуы тиіс.  
- Әрбір парақта сол парақтың сӛздеріне сәйкес келетін суреттер болуы тиіс.  
- Сӛздерді  қайталау  (қайырма  секілді);  бұл  балаларға  жаңа  сӛздермен 
танысуға кӛмектеседі.  
- Әңгімелердің  мәнін  түсініп,  басты  идеясын  жоғалтпау  үшін  жаңа  сӛздер 
кӛп болмауы тиіс.  
 

 
 
 
Әдебиеттер тізімі
 
Arthur, L., McArdle, F. and Papic, M. 2010.Stars Are Made of Glass: Children As 
capable and Creative Communicators. Canberra, Early Childhood Australia. 
 
Bangsbo, E. 2008. Schooling for knowledge and cultural survival: Tibetan community 
schools in nomadic herding areas. Educational Review, No. 60, Vol.1, 69-84. 
 
Brooker, L. and Woodhead, M. (Eds.) 2010. Culture and learning. Early Childhood in 
Focus.No. 6. 
 
Fleer, M. and Williams-Kennedy, D. 2002. Building Bridges: Literacy Development in 
Young Indigenous Children. Canberra, Australian Early Childhood Association.  
 
Makin, L., Campbell, J and Jones Diaz, C. 1995.One Childhood Many Languages
Sydney, Harper Educational Publishers. 
 
Ministry of Education. 2009. Na Noda Mataniciva: Kindergarten curriculum guidelines 
for the Fiji Islands. Suva, Government of Fiji. 
 
Sauvao, M. 2002. “Transition of Samoan children from AogaAmata to primary school: 
Case study in the Wellington r
egion”. Paper presented at the Pacific Bilingual 
Conference, Auckland, October 2002. 
 
Tofler, C. 2007. Discovering Letters and Sounds. Canberra, Early Childhood Australia. 
Woodhead, M. and Moss, P. (Eds). 2007. Early childhood and primary education. 
Early Childhood in Focus.No. 2. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
Кішкентай балалардың  
мінез-құлқы 
 
7-буклет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Кішкентай балалардың мінез-құлқы 
 
Кішкентай  балалар  ӛздерін  табиғи  қалпында  ұстайды.  Балалардың  бұл 
мінез-құлқына  ата-аналары  қуанып,  мақтануы  да  мүмкін,  бірақ  уақыт  келе 
олардың мінездері ата-аналарды алаңдатуы мүмкін. 
Шыдамдылық  танытып,  ерекше  мінездің  себептерін 
табуға  тырысу  қажет және  ешқашан  күш  жұмсауға болмайды. 
Күш жұмсаудан  басқа  қатаң  жазалаудың  ӛзі психикалық және 
эмоционалдық проблемаларды тудырады.  
Балаларының  мінез-құлқын  жеңіл  әрі  батыл  қадағалау 
барлық  ата-аналарға  бірдей  оңай  емес.  Бірақ,  егер,  ата-аналар 
балаларымен  жақын  және  жылы  қарым-қатынаста  болса,  ата-
аналар  да,  балалары  да  қиын  жағдайлардан  оңай  шығып,  ата-
аналар бұл мезетті балаларының есею шағы деп есептейді. 
Сіздің балаңыздың мінез-құлқын түсіну 
Балалар  ӛздерін  қалай  дұрыс  ұстау  керектігін  біліп  тумайды.  Олар  дұрыс 
пен  дұрыс  еместің  айырмашылығын,  тәртіп  ережелері  мен  дәстүрлерді  және 
отбасы  одан  нені  күтетінін  білмейді.  Олар  уақыт  келе  бұл  ұғымдар  туралы  ата-
аналарынан және қоршаған басқа адамдардан біле бастайды. Сіздің балаларыңыз 
кездесетін екі үлкен қиындықтар: 
-
 
Отбасы және қауымдастық мүшелері күтетіндей ӛзін-ӛзі ұстауға үйрену; 
-
 
Ӛз жеке тәртібіне есеп беруге үйрену. 
Бұл  -  қиын  міндеттер  және  оны  үйрену  ұзақ  уақытты  алады.  Ата-аналар 
балаларына жӛн талаптар қоюы қажет. Әрқашан, кез келген жастағы балалар мен 
ата-аналарының арасында ӛзара жақсы қарым-қатынас орнап, ата-аналар баланың 
жіберген қателіктеріне қарамастан, оларға сүйіспеншілік пен қамқорлық кӛрсетуі 
қажет. 
Балалардың кӛпшілігі 18 ай мӛлшерінде, жүре бастаған кездерінде «Кесені 
үстел  үстіне  қой»  деген  сияқты  қарапайым  ӛтініштерді  түсініп,  орындай  алады. 
Сізге  кейбір  негізгі  ережелерді  үйрете  бастауыңызға  болады,  мысалы,  ыстық 
шәйнек, ыстық плита немесе электр розеткасы сияқты заттарды кӛрсетіп, оларды 
ұстаса  күйіп  қалуға  болатынын  түсіндіру.  Бірақ,  бала  екі  жасқа  толмағанша, 
ережелер  мен  үлкендердің  талаптарын  түсіне  бермейді.  Екі  жастағы  баланың 
ыстық  плитаны  ұстап,  ӛз-ӛзіне  «Жоқ,  жоқ,  жоқ»  сӛздерін  айтып,  тыйымды 
естімеуі  де,  ескермеуі  де  кездесіп  жатады.  Бұл  қыңырлық  емес:  бала  үйренуде, 
қоршаған ортамен танысуда. Осындай тұста баланы алдандыру қажет; тӛзімділік 
танытып,  балаға  дұрысын  ескертіп,  одан  кейін  оның  назарын  ойыншық  немесе 
оған қызықты болатындай нәрсеге аудару. 
Кішкентай балалар ӛз эмоцияларын қадағалай алмайды, сондықтан, оларда 
эмоциялық  жарылыс  пен  ашу  шабуылы  жиі  болуы  мүмкін.  Сол  кезде  оған  ашу 
қысуының  басылуын  тосып,  тыныштандырған  соң,  жақсы  кӛретініңізге  кӛз 
жеткізетіндей  сӛйлесу  керек.  Баланың  ӛзінің  қалауы  мен  сезімін  сӛзбен  жеткізе 
алатын  кезде,  сӛздік  қоры  кӛбейген  сайын  эмоционалдық  шабуылдар  сирей 
түседі.  Кішкентай  балаларды  дұрыс  істемегені  туралы  түсінбегендіктен  жазалау 
оң нәтиже бермейді. Және оған кӛз жеткізуге тырысу ештеңеге әкелмейді. 
Есейген  сайын  балаларда  сенімділік  пайда  болып,  тӛрт  жасқа  қарай  ӛз 
эмоцияларын басқаруды үйрене бастайды. Бірақ олар ӛзін-ӛзі бақылауды үйрену 

 
 
 
үшін ұзақ уақыт қажет; тіпті кейбір ересек адамдардың қолынан келмей жатады. 
Сондықтан балаларға шыдамдылық таныту қажет.  
Тӛрт  жасқа  қарай  балалар  себеп-салдарлық  байланысты  түсіне  бастайды. 
Олармен «Егер сен осылай жасасаң... , онда .... былай болады» дегендей ережелер 
мен салдары туралы сӛйлесуге болады. Олар тӛрт жастан бастап біреумен бӛлісу 
немесе кезекпен орындауды түсініп, басқа балалармен ойнай алады. 
Мектепке  баратын  уақытқа  дейін  кішкентай  балалар  мектеп  ахуалынан 
қорықпайтын  дәрежеге  жеткілікті  нақты  әлеуметтік  және  эмоционалдық 
дағдыларды  иеленеді.  Солай  тұра,  мектеп  ӛмірінің  бастамасы  балалар  үшін 
күйзелісті  болуы  да  мүмкін.  Осындай  сәтте  олардың  түсіністік  пен  қолдауды 
сезінуі  маңызды.  Кері  жағдайда  оқыту  мен  тәртібінде  проблемалар  туындауы 
мүмкін.  
Мектеп ӛмірінің басында балалар нені дұрыс, нені дұрыс емес екенін біліп 
және түсінгенімен, олар ӛз елестері мен шынайылықтың айырмашылығын түсіне 
алмай, шындықты айту маңыздылығы мен қажеттілігін сезіне бермейді. Егер олар 
біраз  ӛтірік  айтса,  оларды  тәртіпсіз  деп  есептеуге  болмайды.  Олар  ӛз 
айтқандарына,  шын  мәнінде  сенгісі  келеді  немесе  жағымды  жауаппен  сіздің 
кӛңіліңізді кӛтергісі келеді, және, әрине, егер жазадан қорықса, онда шын айтудан 
қашуға тырысады. 
Тіпті,  бала  нені  дұрыс,  нені  дұрыс  емес  екенін  біле  тұрса  да,  әдейі  тәртіп 
бұзуы  жиі  кездеседі.  Барлық  балалар  осылай  істейді.  Олар  сізді  не  сіздің 
әрекетіңізді  тексеру  үшін,  немесе  ӛздерінің  қорғалмағандығын  сезініп, 
сүйіспеншілікті  қажет  ету,  немесе  тілектерін  орындату,  немесе  ӛздеріне  назар 
аударту  үшін  жасайды.  Кез  келген  әрекеттің  себептері  бар.  Себебін  түсінуге 
тырысыңыз. 
Егер баланың  тәртібі ӛз жасына  сәйкес келмей шеттен  шығып  тұрса, онда 
бұл  мәселенің  себебі  не  болуы  мүмкін  деп  ойлануыңыз  қажет.  Бала  тәртібіне  әр 
түрлі  нәрселер  әсер  етуі  мүмкін.  Бұл  жеткіліксіз  тамақтану,  ауру,  дәрілер,  есту 
және  кӛруге  байланысты  проблемалар,  жанұя  немесе  қоғамдастықтағы  ахуалға 
байланысты күйзелістер болуы мүмкін. 
Ең  дұрысы  балаға  оның  жас  ерекшеліктеріне  қарай  қарау.  Бұл,  әсіресе, 
дамуы  баяу  балалармен  қарым-қатынас  жасауға  маңызды.  Баладан  шамасынан 
артық нәрселерді күтпеңіздер және талап етпеңіздер. 
Жақсы қарым-қатынасты қалай орнату керек? 
Егер  баланың  жанұядағы  жағдайы  жайлы,  ата-аналарымен  қатынасы 
сенімді  болса,  олар  біз  күтетін  дағды  мен  құндылықтарды  жақсы  игереді. 
Сондықтан,  баламен  жақсы  қарым-қатынас  орнату  –  баланың  тәртібін  дұрыс 
бағыттаудағы алғашқы қадам. Тӛменде бірнеше кенестер беріледі: 
Баланы жақсы кӛретініңізді кӛрсетіңіз 
Ананың  балаға  деген  тығыз  байланысы  туғаннан  бастап  орнайды  және 
баланың жалпы дамуы мен тәрбиесіне әсер етеді. Алғашқы ӛмірінен бастап тығыз 
байланыстың  жеткіліксіз  болу  себептерінен  бала  мен  ересек  адамдарда  кӛптеген 
мінез-құлық проблемалары туындайды. Бала туған соң, мүмкіндігінше, ерте қолға 
алыңыз, құшақтаңыз, кеудеңізге қысыңыз. Бұл тығыз байланысты емізу кезінде де 
жалғастырыңыз, баламен  сӛйлесіңіз, ән  айтыңыз, жылағанын  жылы қабылдаңыз. 
Баланың  есеюі  кезінде  де  оған  деген  сүйіспеншілік  пен  мейірімділікті  үнемі 
кӛрсетіңіз. Барлық кішкентай балалар ең жақын деген адамдардың жақсы кӛруін 
қажет етеді.  
 

 
 
 
 
Баламен сӛйлесіңіз 
 
Сіздің сӛзіңізді әлі түсінбеген кезден сәбиге сӛйлеу маңызды. 
Сӛйлеу баланың тілін дамытуға ықпал беруімен қатар, сіз бен 
баланың  арасындағы  байланысты  нығайтады.  Мысалы, 
сәбиге  сӛйлегенде,  ол  сіздің  сӛзіңіз  бен  бет  әлпетіңіге 
күлімсіреп,  іңгәләп,  т.б.  жауап  қайтарады.  Осылай  жаңа 
сӛздер  мен  қимылдар  арқылы  сіз  бен  балаңыз  арасында 
сұхбат орнайды. Осы әлеуметтік байланыс бүкіл балалық шақта жалғасып, кеңейе 
беруі  тиіс.  Егер  балаңызбен  жақсы  қарым-қатынаста  болсаңыз,  онда  олар  сізбен 
ӛздерінің  алаңдататын  сұрақтарымен  бӛлісуі  мүмкін.  Бұл  есейгендегі  баланың 
тәртібіндегі проблемаларды шешуге кӛмектеседі. 
Баланы мақтаңыз 
Егер  бала  жасағанын  бағалайтынына  кӛзі  жетсе,  онда 
оның 
ӛзін-ӛзі 
бағалауы 
жоғарылайды, 
кӛңіл-күйін 
жақсарады. Балаңыз жаңа нәрсені үйреніп немесе ойлағанына 
қол  жеткізсе,  онда  мақтаңыз.  Бұл,  әсіресе,  тәртібі  қиын 
балаларға  қажет.  Балалар  ӛздеріне  назар  аударғанын 
ұнатады,  олардың  жақсы  тәртіптерін  байқап,  мақтаса,  сол 
жақсы әрекетті қайта орындауға тырысады. Егер оның жаман 
тәртібін ғана ескертіп отырса, онда ол сол әрекеттерді қайталағысы келеді, ӛйткені 
мүлдем назар аудартпағаннан гӛрі, әйтеуір бір қаратуды жӛн кӛреді. 
 
Уақыт бӛліп, тәжірибемен бӛлісіңіз 
 
Егер  жанұяда  бірнеше  бала  болса,  онда  оның  әрқайсысы 
жеке  назар  аударуды  қажет  ететінін  тез  ұмытуға  болады. 
Анасы  да,  әкесі  де,  барлық  балаларымен  бірге  және  жеке 
болуға  уақыт  бӛлуі  тиіс.  Бұл  баламен  бірге  жай  үй 
шаруасындағы жұмыстарды орындау да болуы мүмкін. Бұл 
баламен  оны  толғандыратын  проблемалар  туралы 
әңгімелесуге жақсы мүмкіндік. 
 
Бала тәртібін бақылау және басқарудың позитивті әдістері 
Балалармен  жақсы  қарым-қатынас  –  қоғамда  қабылданған  ережелер  мен 
құндылықтарды  меңгерген  соң,  бағыт  беру  үшін  мықты  іргетас.  Бірақ  кішкентай 
балалардың  тәртіптері  кей  кезде  үлгілі  ата-аналар  үшін  де  сынақ  болуы  мүмкін. 
Жаман  тәртібі  үшін  ұру  және  жазалаудың  басқа  түрлерін  қолдану  арқылы  оларға 
дене  немесе  психикалық  зақым  келтіру  әбден  мүмкін.  Бұл  баланың  ӛз-ӛзін  дұрыс 
ұстауға үйретпейді. Балалардың тәртібін бақылауға арналған басқа да тәсілдер бар. 
Тӛменде  баланың  тәртібін  дұрыс  бағыт  және  қиын  тәртіпке  позитивті  түрде 
қарауға арналған бірнеше стратегиялар ұсынылады: 
Ӛз балаңыздан кӛргіңіз келген тәртіпті моделдеңіз 
Кішкентай  балалар  ӛз  ата-аналарының  және  оларды  қоршаған  басқа 
адамдардың  тәртіптерін  бақылап  отырып,  тіртіптеріндегі  дұрыс  не  дұрыс  емес 
жақтарын тез қабылдайды. Мысалы, ер адам әйел адамға қарсылық кӛрсетсе немесе 
ересек  адамдар  жануарларға  тиіссе,  бала  да  кӛргенін  қайталауы  мүмкін.  Осыған 

 
 
 
ұқсас, егер ересек адамдар жануарларға қамқор болса, онда балалар да оларға жақсы 
қарайды.  
Нақты  шектер  мен  тәртіп  ережелерін  анықтаңыз  және  себеп-салдар 
байланысын түсіндіріңіз 
Ата-аналар  мен  тәрбиешілер  балаларға  қарапайым  сӛздер  және 
қимылдармен  олардан  не  және  неліктен  күтетінін  түсіндіру  қажет.  Оларға  неге 
болады  немесе  неге  болмайды  екенін  түсіндіру  керек.  Мысалы,  «Сен  гүлдерді 
қарап  тамашалауыңа  болады, бірақ қолмен ұстауыңа  болмайды, ӛйткені  сен  оны 
байқаусызда сындырып алсаң, иесі саған ашулануы мүмкін»; «Кіші ініңе тиісуге 
болмайды,  ӛйткені,  егер  олай  жасасаң,  інің  жылайды  және  анаң  саған  ренжіп, 
ініңмен  ойнауға  рұқсат  бермейді».  Баланы  кемсітпейтіндей  немесе  оған  зияны 
келмейтіндей  дәрежеде  оның  тәртіп  бұзғанының  соңы  неге  әкелетіні  әрқашан 
түсіндірілуі керек. Бұны жазалаудың түрі емес, бала тәрбиесінің дұрыс тәсілі деп 
қарастырылуы  және  бұл  баланың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  болуы  тиіс. 
Мысалы,  егер  сӛз  ереже  жайында  болса,  «Сен  есік  алдында  ойнауыңа  болады, 
бірақ  бақшаға  барма»,  яғни  ереже  бұзылған  жағдайда  баланың  далада  ойнау 
тұрмақ, біраз уақытқа үйден шығуына рұқсат берілмейтінін бала бірден түсінеді. 
Реттілікті сақтаңыз 
Кішкентай балалар ересек адамдар белгілеген шектен асуға тырысады. Бұл 
қыңырлық  емес;  бұл  қойылған  шектің  қаншалықты  нақты  екенін  және  сіздің 
қаталдығыңызды  тексеру  тәсілі.  Сондықтан,  бұл  сұраққа  және  тәртіп  бұзылған 
жағдайдағы салдарға реттілікпен қарау қажет. 
Жақсы тәртібін бағалаңыз 
Ересек адамдарға баланың жаман тәртібі тез кӛзге түседі де, жақсы тәртібі 
ескерілмей  қалады.  Жақсы  тәртібіне  назар  аударыңыз  және  балаңызға 
ризашылығыңызды  білдіріңіз.  Бала  ӛзінің  дұрыс  жасаған  қылығын  сіздің  сӛзіңіз 
бен қимылыңыз арқылы бірден түсінеді. Мысалы, егер бала далада ойнап жүріп, 
жемістер  ӛсіп  тұрған  жерден  алыстауға  тырысса,  ата-аналары  оған  күлімсіреп 
немесе сӛздермен ризашылықтарын жеткізуіне болады. 
Жаман тәртіпке кӛңіл аудармаңыз 
Балалар  кей  кезде  ересектердің  назарын  аударту  үшін  әдейілеп 
ашуландыратын  қылықтар  жасайды.  Егер  қылығы  сондай  қауіпті  болмаса,  назар 
аударудың  қажеті  жоқ.  Әдетте,  балаға  назар  аудармаса,  ол  әрекетін 
жалғастырмайды  немесе  қайталамайды.  Назар  аудару  арқылы  жиі  жасауға 
ұрындыруыңыз мүмкін. 
Балалардың қате жіберуіне дайын болыңыз 
Кішкентай  балалар  кӛп  нәрсені  үйренуі  керек.  Ӛзіңізге  жаңа  нәрсені 
меңгеруге  қаншалықты  уақыт  кетсе,  сол  сияқты  балаға  да  дұрысты  үйренуге 
уақыт  қажет.  Балалар  кей  кездерде  ережелерді  ұмытып,  қателесуі  мүмкін.  Оған 
ренжімеуге тырысыңыз. Керісінше, оларға ережелерді және одан не күтетініңізді 
еске түсіртіңіз. 
Балаларға ӛз сезімдерін білдіруге кӛмектесіңіз 
Балалар ӛз сезімдері мен әсерлерін басқаруды үйрену үшін, оларды білдіру 
мүмкіндіктеріне  ие  болуы  керек.  Олар  сӛйлеуді  үйренгенге  дейін,  не  сезіп 
тұрғандарын  жылау,  күлкі,  күлімсіреу  немесе  айқаймен  жеткізеді.  Бірақ,  тілдік 
және  басқадай  коммуникациялық  дағдылары  даму  барысында  олар  ӛз  сезімдері 
туралы айтуды үйренеді және қимыл, сурет, рӛлдік ойындар, би және тағы басқа 
әрекеттер арқылы ӛз сезімдері мен әсерлерімен бӛліседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет