Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет241/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Key words: theory of knowledge, cognitive psychology, the adoption of the text, the text in the 

process of development of cognitive empathy.




321

  «Тіл ойлаумен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен 

ойлаудың заңдары туралы ғылым – логикамен, ойлау процестері жəне олардың тілде көрінуі 

туралы ғылым – психологиямен байланысы келіп туады»[1]. Көркем мəтінді ұғынуда таным 

теориясын ұтымды пайдалану тиісті нəтиже беретіні хақ.

  Психология ғылымындағы танымдық процестердің – түйсіктен қабылдауға дейінгі бей-

нелерді  тану,  зейін,  ес  ұғымының  қалыптасуы,  ойлау,  қиял,  есте  сақтау,  тіл,  эмоция,  яғни 

даму процестеріне дейінгі психологиялық ерекшеліктердің бүкіл ауқымын, мінез-құлықтың 

барлық мүмкін болатын салаларын қамтитын бөлімі когнитивтік психология деп аталады. 

  Когнитивтік  психология,  психикалық  процестердің  ішкі  ұйымдасуының  ролін  жоққа 

шығарған бихевиоризмге балама ретінде 20-ғасырдың 50-жылдарының соңы – 60-жылдары-

ның бас кезінде пайда болды. 

  Бихевиоризм  жалпы  психологияда  оның  сана  жөніндегі  ғылым  емес  екендігін,  бұл 

тұжырымдаманы  толықтыру  немесе  ауыстыру  мақсатын  орындау  негізінде  пайда  болды. 

Бихевиоризм  теориясын  қалаушы  Э.Торндайк  бала  мен  хайуанаттар  психикасын  зерттей 

отырып, олардың əрекет қылығы – сыртқы орта əсеріне (стимул) болған организмнің кері 

(сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік қалыптастырды. Психология 

ғылымына бихевиоризм терминін енгізген Д.Ж.Уотсон (1878-1958) былай деп жазды: «Сізде 

көру елестері, есту елестері немесе психиккалық (денесіз) процестердің басқа қадай да бір 

түрлері бар екендігін маған дəлелдеп беруге тырысыңызшы. Əлі күнге дейін менде тек Сіздің 

осылардың барлығы менде бар деген адам сенгісіз жəне ештеңемен бекітілмеген хабарлама-

ларыңыз ғана бар. Ғылымға оның теориясы үшін тек сенімді негіз бола алатын обьективті 

дəлелдер қажет» [2]. 

  Бихевиоризм мен гештальт психологияны табиғи ғылыми пəн ретінде құруға тəуелсіз 

қадамдар жасады. 

  Гештальтпсихология  уотсондық  формадағы  бихевиоризмге  қарағанда  психологиялық 

ойдың біршама радикалды бағыты болды. Бұл бағыт 20-ғасырдың бас кезінде Германияда 

пайда болған. Басты өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин. Гештальтпси-

хология  механикалық  жаратылыстану  ғылымының  жалпы  дағдарысқа  ұшырауына  байла-

нысты  ассоциативті  психологияға  қарсылық  білдіру  рухында  туды.  Гештальттылар  «эле-

менттер  психолгиясына»  қарсы  əрбір  психологиялық  процестіің  біртұтастығы  мен  өзіндік 

сапасын жақтады. Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі 

заңдылығынан  туып,  өзгеріп  отыратын,  түсіндіріп  болмайтын,  тек  баяндауға  ғана  келетін 

құбылыс деп пайымдайды. Гештальт психологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуа-

ция мен оның формальді құрылымының бір бүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. «Геш-

тальт» ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым мынадай мазмұнды 

қамтиды: айталық, бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес-тіркес берілді дейік. Сонда бұл 

дыбыстар бір-бірімен байланыссыз əсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол 

дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «əуен» ретінде қабылданады. 

  Гештальпсихология  бағытының  осал  тарапы  –  психологиялық  құбылыс  –  бейне  мен 

оны туындататын нақты əрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. «Гештальт-

тылар ұғымы бойынша бейне (образ) тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мəнді құ-

былыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйінде қала берді. Осы екі 

маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты 

талдаудың ортақ жүйесін бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебі тарап 

кетті» [3,66]. 

  Сонымен қатар психология ғылымында фридизм, генетикалық психология бағыттары 

болды. 


  Фрейдизм негізін австриялық психолог З.Фрейд қалаған. Басында есі ауысу сырқатына 

тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл 




322

ілім адам табиғаты қоғамдық дамиу заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштердің 

ықпалында болады деп дəріптеді, адам əрекетінің бəрі агрессив, оны тəрбиемен өзгерту мүм-

кін емес деп тұжырымдады. «Фрейдизм жеке адамның жан төркіні, дамуын иррационализм 

(саналы  дəлелі  жоқ)  мен  мистика  (тылсым  құпия)  сияқты  психикалық  факторларды  сана-

лы əрекетке тікелей қарсы қоюмен дəлелдеуге тырысқан психикалық бағыт [3,67]. Генети-

калық  психологияның  негізін  салған  швецария  ғалымы  Ж.  Пиаже  болды.  Өз  зерттеулерін 

негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық əдісті психологиялық болмысты тануда жетекші 

əдіснамалық ұстаным дəрежесіне көтерді. «Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың 

біртұтас  дамуын  ескерместен,  ақыл-естің  өрістеу  тұғырын  инттеллекттің  өзінен  іздеді,  ал 

сананы  дамытушы  факторлар  арасында  ол  қоғамдық  тарихи  əрекет  болмысына  ешқандай 

орын  қалдырмады.  Интеллект  даму  деңгейінің  бірінен  екіншісіне  өтуде  оқудың  маңызды 

орны бағаланбай, əлеуемттік-қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мəні жоққа 

шығарылды» [3,67]. 

  Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым 

когнитивтік  психология  болды.  60-жылдардың  аяғында  АҚШ-та  бұл  бағыт  бихевиори-

стердің əрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық даму-

ды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасында келген еді. Когнитивтік психология 

необихевиористер зерттеулерінің нəтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен 

ақпарат  өңдеуші  адам  организмі  жүйелі  құрылым  деген  танымды  əрі  қарай  жалғастырды, 

яғни адам əр қилы ақпараттарды ықпалды етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына 

келтіре алады, одан əрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз 

мəліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнитивтік психологиясының көрнекті өкілдері – 

Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Линдсей, Г.Саймон. 

  Біздің зерттеу жұмысымызда американдық психологтар Р.Солсоның «Когнитивтік пси-

хология», Джон Роберт Андерсонның «Когнитивті психология» еңбектері талданып зерттей 

мəселесіне байланысты «Тілдің құрылымы» жəне «Тілді түсіну» ұстанымдары басшылыққа 

алынды. Ғалымдардың пайымдауынша, «Тілді ұғынудың үш кезеңі бар: қабылдау, синтак-

систік талдау жəне қолдану. Ұғынудың өзі есту, оқу процестерінде қарастырылады» [1,19]. 

Р.Солсонның когнитивті саладағы есте сақтаудың орны тұжырымдары зерттеу жұмысымыз-

дың психологиялық негіздерін құрайды. Ғалымның зерттеу жұмысында келтірген есте сақтау 

механизмінде қолданылатын Аткинсон жəне Шифрин моделі тілдік таңбалардың табиғатын 

толық сипаттайды [1,208]. Аткинсон мен Шифрин моделі ақпараттың үш сақтау орнын қа-

растырады: сенсорлы регистр, қысқа мезрзімді есте сақтау (ҚМЕ), ұзақ мерзімді есте сақтау 

(ҰМЕ) орны. Олардың түсіндіруінде ес ұғымымен сақталуы тиіс мəліметтер белгіленді, ал 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет