Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет79/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

- Я заметил, что в нашем процесе все большее становаться мелкометья, 
начинает преоблдать жестокость по отношению к персонажам, недоста-
точное освещение интернационализма.
- Интернационализм?! Дружба народов? В дружбе обязательным являет-
ся равенство. А где ты увидел у нас равенство?
- Но я говорил по убеждению...
- До тех пор, пока глаза твои видят во внешнем только хорошее, во вну-
треннем мире будет скапливаться плохое [6, 62 б.].
Мұнда Аскар Сүлейменов пен автордың арасындағы диалогтарда біз 
«соқыр» дүниетанымнан арылып, көріп кетпесе де, естеуге жарарлықтай 
деңгейге жету үмітін байқаймыз. Бақытжан Момышұлы мұнда түрлі əдеби 
əдістерді қолдана білді.
«Большой человек завернул к маленькому, чтобы первым привествовать 
его. Как я могу не плакать перед величием?!» [3, с.142]. деген үзіндіден 
Қабдоловтың жөн сұрасқаныңа риза болған Баукеңнің жылап жібергенін 
байқаймыз. Өткір қалам, екпінді стиль, дəл сурет, көпшілікті тез ұйыстырушы 
бағытта еңбек ететін зерттеуші қағидалары бүгін де мəн-мағынасын жойған 
жоқ. Бұл тұрғыда Зейнолла Қабдолов – өз ісіне адал болған, талай очерктер 
туындатқан қарымды қаламгер. Бұл тұрғыда əке мен бала арасындағы диа-


271
логта астарлы ой жатыр. Зейнолла Қабдолов – артында адамзат баласы айтып 
жүретін талай нақыл сөз, дана пайымдаулар қалдырған дана. Солардың бірі – 
«Əдебиет – ардың ісі» дегені қолмен қойылғандай философиялық толғаныстың 
айқын көрінісі емес пе?
- Не суди по внешнему. Если спешат мои ноги, это не значит, что торро-
пится и моя душа. За долгие годы я научился уравновшенности и внутреннему 
покою, в которорм происходят самые мои главные действия, самые безупреч-
ные поступки. 
- Место запоминает твой голос, даже елси ты молчишь, ибо безмолвству-
ешь ты внешне, а внутри ведешь безупречный разговор. 
- А чувства?
- Их уловить даже легче, чем голоса, ибо они переполняют срдце, потому, 
где бы ты не сидел, старайся излучать в мир высокие чувства и думать до-
стойно [3, 44 б.].
Автор бала Бақытжан мен Зейнолла ағамыздың арасындағы диалогте қағазға 
бір сөз ғана түсті, бірақ ішіндегі бар сезімі сол сөздің көлеңкесіндей болып əлі 
тұр. Оны бүгін оқып отырған сіз бен біз анық сеземіз.Сөздің тылсымы сөздің 
əдемілігінде емес. Əсілінде, шын сөз өте қарабайыр болып шығатын болса ке-
рек. Ал көп жазушылар шығармасына сол сөзді өмірдегідей етіп көшіре алмай, 
өзінше көркемдеген болып, мəнін қашырады-ау. Əдеби туындының идеялық-
эмоционалдық, сюжеттік-композициялық жүйесіндегі диалогтың орны ғаламат 
кең. Ол жайлы бұрын да əрекідік сөз болып келген, қазір де жеке бір автордың 
шығармаларына сүйеніп, ондағы көркемдік құбылыстарына жинақтай талдау 
беруге қоса, немесе, ғылым алдындағы дербес теориялық проблема ретінде 
жазыла бастағаны мəлім.
Жазушының «Преломление света» атты орыс тілінде жазылған роман отыз 
тараудан тұрады. Тараулардың аттары болмаса да əр қайсысының айтар ойы, 
атқарар көркемдік жүгі, тақырыбы бар. Бұл романның ішінен бір ғана кейіпкер 
туралы айта кетеміз. Ол 18 жыл түрмеде болған Рахмалы Байжасаров туралы, 
сынды белгілі қоғам жəне партия қызметкері жөніндегі естеліктері, екеуара 
əңгімесі шығармадағы диалог поэтикасын құрайды. Біз диалогты оның қызметі 
зор драма жəне проза түрлері негізінде салыстырып қарастырып көрелік. 
Драмада диалог кейбір монологтардың араласуымен бүкіл баяндаушылық 
деңгейді тұтас алып жататынын білеміз. Авторлық ремаркалар əрекет ететін 
жердің жалпы көрінісі мен жағдайын танытып, актер ойынына нұсқау береді, 
кейіпкерлердің эмоционалдық, психологиялық əуенге дайындалуына кеңес 
қосады. Бірақ мұның бəрі де сахналық текстен тыс нəрселер. Сондықтан диа-
лог сюжет, конфликт дамыту, характер ашуда айырықша сапаларға ие болуға 
тиіс. Бұған қоса драма қаһармандарының сұхбаты арқылы мезгілдік жəне 
мекендік өлшемдер көкжиегі кеңіп, соның нəтижесінде образдың қалыптасу 
тарихы анықталады, əрекет-қадамдардың психологиялық дəлелдемелері дай-
ындалады. Кейде авторлық жəне лирикалық шегіністер бірлесе түсіп, сөз 


272
түрінде шығарманың идеясын ашады да, характерлер сол сəттегі диалогтар-
мен ұштала дамып, жалғасын таба береді. Бүгінгі күн тұрғысынан істер са-
рапталып, болашақ бейнесі болжанады. Драмадағы диалог адамдар ойы мен 
сезімінің мəңгі қозғалысы, өмір символы іспетті.
- Кстати, слышал, что твоя сестра погибла под копытами коня.
- Да, так и было.
- Хорошая смерть.
- Что?
- Гибель в движенни достойна уважения. Смерть в полете достойна вос-
хищения. А тем более, когда тело человека слито с телом крылатого суще-
ства, понимающего, что восторгу нет предела [7, 69 б.].
Қазіргі философиялық-эстетикалық ойда кеңінен көрініп жүрген постмо-
дернизм бағытының өкілдері баса мəн беретін диалог Б.Момышұлы рома-
нында зор рөл атқарған. Суреткер Бақытжан Момышұлы адамзат қоғамына 
сабақ болар кешегі тарих пен бүгінгі кезеңнің мəселелерін интерпретацияла-
уды сұрақ-жауап ретіндегі нақты мəліметтерге құрған. Адамзаттың санасын 
сілкіп, оның ішкі өміріне өзгеріс əкелетін жаңа қоғамдағы психологиялық 
құбылыстар роман мəтініндегі жаңа мазмұн мен жаңа пішіннің өмірге келуіне 
себеп болған. [8, с.2]. Əрине кемеңгерлігі, ойшылдығы, даналығы, ең басты-
сы ақындығы жөнінен тым биікте тұрған Бауыржан мен оның айналасындағы 
ірі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, тану, насихаттау, 
тағылым алу кезек күттірмейтін келелі мəселелердің бірі деуге болады. Осы 
жағдайлардың бəрін ескере келгенде Бақытжан Момышұлы романдарының 
күрделі əрі қызықты болуы заңды құбылыс. 
Композициялық тəсілдер шығарманың барлық деңгейлерімен байланы-
сып жатады. Көркем шығарма құрылымының алуан түрлі қырлары бар. Оған 
кейіпкерлер жүйесі мен олардың ара-қатынасы, суреттелетін оқиғалардың 
орналасуы (сюжет композициясы), заттық-психологиялық болмысты беру, 
бейнелеу ерекшеліктері (портрет, пейзаж, ішкі көрініс, диалог, монолог), ба-
яндау тəсілдерінің динамикасы, тілдік бірліктердің, оның ішінде өлең фор-
масы элементтерінің сабақтастығы да кіреді. Яғни, композиция туындының 
тұтастайкөркемдік пішінін түгел қамтып, əр бөлігін ретімен орналастырады 
[9, 3 б.]. Қаламгер романдарында молынан ұшырасқан бояуы қанық пей-
заждар мен сезімге тікелей əсер етуге арналған авторлық толғаулар, немесе 
шығарманың басқа да бөліктеріндегі кейіпкердің рухани əлемін терең əрі 
жан-жақты ашу құралы ретінде зерттеле отырып, жазушы романдарындағы 
диалогтың кейіпкер бейнесін сомдаудағы, характер ашудағы қолданысы 
айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет