Литература: Стилистический энциклопедический словарь русского языка. — М:. "Флинта", "Наука". Под редакцией М.Н. Кожиной. 2003.
Шведова Н.Ю., Арутюнова Н.Д., Бондарко А.В. и др. Русская грамматика. Т.II. – М.: «Наука». 1980.
Нуршаихова Ж.А. «Русский язык и алгоритмы», - Алматы, 1999 г.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТТІҢМАҢЫЗДЫҚҰРАМДАСБӨЛІГІ
Берденова К.А.
Педагогика ғылымдарының магистрі, шебер-педагог, оқулық авторы
№ 81 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Бостандық ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан
Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетке айналуы, экономика бағытының на- рықтық модельде құрылуы, ұлттық білім беру жүйесіне енуі білім берудің жаңашыл бағыты мен сипатының объективтік факторларымен түсіндіріледі. Қоғамымыздың түбегейлі жа- ңаруы сол жаңаруға сай мамандар потенциалын дайындамайынша мүмкін емес, ақпараттық және білім беру технологиясын жетілдіруге саяды. Бұл проблемалар ғылыми негізделген, оқыту процесінің мақсаттылығына, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге, оның ішінде оқу процесіне, оның мақсаты мен мазмұнына, ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына қатысты жаңа жолын ойластыру қажеттілігі қоғамның дайындалған мамандар сапасына қана- ғаттанбауынан туындауда, ол бірінші кезекте педагогиканың әлеуметтік сұраныс деген кате- горияны нақтылау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қыз- метіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс- әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгерістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі - өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын, дербес білімді маман болуы керек.
Менің мақсатым: Білім алушылар бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру.
Менің міндетім: - педагогикалық шеберлік мазмұнын түсіну; - педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу; - педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін көрсету; - жанашыл педагогтар идеясын, оқыту формасын пайдалану.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей біз, ұстаздар қауымы, өз білімімізді жетілдіріп, уақытпен бірге қадам басу үшін үнемі дамып, кәсіби шеберлігімізді шыңдап отыруымыз қажет.
Еліміздегі орын алған пандемияға байланысты қашықтан білім беруде оқушыларға қа- жетті білімді жеткізу және бағалауды жүзеге асыруда көптеген кедергілерге ұшырап, ұстаз- дар қауымына жауапты міндет жүктелді. Атап айтсақ, ол оқу бағдарламасының құрылы- мын қашықтан білім беру жүйесімен астастыру, оқушыларға тиімді интеркативті сервис- терді, мақсатқа бағытталған тапсырмаларды даярлау,оларды заманауи платформалар арқылы сапалы жеткізу,бейнесабақтар түсіру.
2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанында біз қашықтан оқытуға көштік. Қашықтан оқыту кезеңіндегі оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеруге мұғалімдер көп уақы- тын жұмсап, тапсырмаларды орындауда біршама проблемалар туындады.Қашықтан оқуға көшкендіктен білім алушыларды бағалау форматы өзгерді. Біз, ұстаздар қауымы, қашықтан оқытуға қаншалықты дайынбыз?
Жалпы оқыту кезінде қандай платформа арқылы оқыған тиімді, оқушының білім сапасын арттыруға қандай оқыту және бағалау құралдарын пайдаланамыз деген сұрақтар төңірегінде және ақпараттық құзіреттілігімді арттыру мақсатында түрлі марафондар мен курстарға қатысып, білімімді жетілдірдім.
Өзіме үш сұрақ қойдым
Мен оқушыларымды неге үйреткім келеді ?
2 .Оқушылар мұны қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай жетеді)?
3. Мен оларға қалай қолдау көрсете аламын?
Қандай форматта болсын жұмыс жасап жатқан мұғалімнің оқушыға сапалы білім беруі үшін жан-жақты ізденіп, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауы қажет, сол қажеттіліктің бірі сабақ тақырыбына байланысты сапалы бейнесабақ ұсыну. Бейнесабақтың екі түрі бар. Бірі-скрин- каст, екіншісі – бейне дәріс.Мен бейнесабақтарды түсірмес бұрын сабағымның құрылымын жоспарлап,яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша мақсатқа бағытталған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімде берілетін тасырмаларды,интерактивті сервистерді (learning Apss, Padlet, ward wall, jamboard, quiziz) креативті инфографикаларды пайдалана отырып презентация даярлап аламын.Сабақ құрылымы толық аяқталған соң Bandikam және Camtasia studio бағдарламалары арқылы бейнесабақ түсіремін. Camtasia бағдарламасында сабақ тақырыбына қатысты жасалған суреттер, презентация мен көрнекіліктерді тиісті жа- зылған аудиожазба немесе камераға түсірілген видеожазбамен сәйкестендіріп, қате тұстарын өңдеп, монтаждауға болады. Сонымен қатар, аталған бағдарламада тақырыпқа сай дайын- далған материал бойынша мұғалімнің бейнесі көріне отырып нақты уақыт кезінде бейне- сабақ жасауға, яғни скринкас жасауға болады.
Оқыту құралдарының мұғаліме де оқушыға да ыңғайлы болуы үшін бастапқыда бір - екеуін қолдану әбден жеткілікті. Бұл құралдардың неғұрлым қарапайым болғаны да жақсы. Белгілі бір құралды меңгеріп алғаннан кейін сізге және оқушыларыңызға онымен жұмыс істеу қаншалықты ыңғайлы екенін және өзіңізге пайдалануға қолайсыз деп тапқан құралды
алмастыруға дайын болу керек. Оқушылармен жұмыс істеуге пайдаланбас бұрын жаңа құ- ралды міндетті түрде сынақтан өткізіп алу қажет.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұ- ғалімнің рөлін анықтау, оқушылар мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбек- тенсе, идеялық жағынан сенімді, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагоги- калық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауат- тылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаз- дық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педа- гогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқу- шылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберлік- терінің басты сипаты болып табылады.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістеме- сін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман. Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер. Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбие- леу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табы- лады. Педагогикалык шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі кұрылымды қамтиды: 1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсе- тілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері); 3. Педагоги- калық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің педагогикалық шығармашы- лық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Педагогикалық шығармашылық – педагогтің жекедаралығының, оның тәжірибесінің, дарындылығының, қабілеттілігінің және тұлғалығы- ның, қиялы мен түйсігінің жоғары көрінісі. Кәсібилігі мен шеберлігінің жоғары өлшемі; мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне тиімді және стандартты емес педагогикалық шешімдер әзірлеу мен орындауы, тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын байытуы. Педаго- гикалық шығармашылық алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибеге, ғылым жетістіктеріне, педагогикалық шешім табудағы өз тапқырлығына сүйене отырып, мақсаттардың, құралдар- дың және нәтиженің тиімді арақатынасын іздеу түйсігі мен сипатының ықтыималдығына негізделген. Интегралды сипаттары: - педагогте терең, жан-жақты білімнің болуы және оларды сыни өңдеу мен пайымдауы; - теориялық және әдістемелік ережелерді педагогикалық әрекетке аудара алу білігі; - өзіндік жетілуі мен өз бетінше білім алу қабілеті; - жаңа әдістер,
формалар, амалдар мен құралдар әзірлеу және олардың бірегейлі үйлесімділігі; - іс-әрекет жүйесінің диалектикалығы, вариативтілігі, өзгермелілігі; - қолдағы бар тәжірибені жаңа жағдайларда қолдану тиімділігі; - өзінің жеке іс-әрекетін және оның нәтижесін рефлексивті бағалай білуі, педагог тұлғасының эталондық және жеке қайталанбас сипаттарын үйлестіру мен әзірлеуге негізделген кәсіби іс-әрекет стилін қалыптастыруға қабілеттілігі; - білім мен түйсікке негізделген импровизацияға қабілеттілік. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек.
Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз өзінің мамандығына сай игеруі тиіс барлық ерекшеліктердің жоғары деңгейін, тұлғаның кәсіби қызметті өзінше ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің жинағын, сондай-ақ кейбір педагогикалық ерекшеліктердің дамуының жоғары деңгейінің салдарын білдіреді, ал педагогтың жалпы мәдениеті, оның теориялық білімі және педаго- гикалық техниканы меңгеруі осы шеберліктің іргетасы болып табылады. Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің 37 жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігі- мен, білімімен, шеберлігімен, тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Бүгінгі ақпараттар ағылған технологиялық мәдениет дәуірінде заманауи ұстаздық қызмет- тің жауапкершілігі мол. Сондықтан да мен өз ісімді жоспарлауда ең алдымен «ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек?» — деген сұрақ тұрады. Осы сұрақ жауабын табу жолындағы ізденіс жұмыстарым, бүгінгі заманауи жаңашыл мұғалімді қалыптастырудағы жаңа істеріме бастама болды. Себебі, XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, ұстаздардың алдына қойған мақсаты – заман талабына сай, жаңашыл, АКТ технологияларын жетік білетін, жан-жақты, психолог, рухани бай болу, көшбасшы болуы. Жаңашыл мұғалім- дер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасын- да шеше алатын; педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс алатын және тұлға болуы керек деп есептеймін.
Кәсіптік шеберлікті, заманауи ақпараттық технологияларды толық игерсе ғана, бүгінгі қоғамымызды интелектуалды және мәдени байытатын, дамытатын және жаңартатын мол мүмкіндіктерге жол ашылатыны тәжірибеде дәлелденді.
Еліміздің қазіргі жағдайда жасалынып отырған «Педагогтың мәртебесіне» қанағаттана- мын. Себебін түсіндіріп кетейін, біріншіден педагог қызметінің жылдан-жылға өсіп жатқан жалақысы. Екіншіден, педагог мәртебесі - прогресс факторы болып табылады. Барлық про- гресстер – ұстаздың арқасында жүзеге асады емес пе? Ұстаз – үлкен тұлға. Үшіншіден, «Ұс- таз мәртебесі» заңының қабылдану дер едім, себебі мұғалімнің, педагогтың біздің еліміздің де, жалпы әлемнің де бүкіл білім беру жүйесінің басты тұлғасы екенін түсіну мен толық түсінудің қиын және ұзақ кезеңінің нақты аяқталуы болды. Мұғалім адамзат өркениетінде ерекше рөл атқарады. Ол, шын мәнінде, өркениетті төртінші өлшемде – уақытпен байла- ныстыратын буын ретінде қызмет етеді. Бұл адам жинаған білім мен дағдыларды әрбір келесі ұрпаққа беретін мұғалім. Тек білім ғана емес, сонымен бірге әлемді түсіну мен дүниетаным, ойлау тәсілдері, ұлттың жаны, адами құндылықтар, мәдениет және тағы басқалар. Мұғалім- дер - бұл әрбір жаңа ұрпаққа ата-бабалар ұрпақтарының жетістіктері мен қамқорлығын жеткізіп, әрқайсысына болашаққа есік ашатындар. Мұғалімнің тұлғасынсыз адамзат өмірінің басты динамикалық процесі тиімсіз болмақ. Осы орайда ұлы Абайдың: «Ең жақсысы адам- ның – мұғалімнен» деген сөздері еске түседі. Сонымен, менің ойымша мұғалім мәртебесі бұрыннан болған да, бұдан кейін де биіктей бермек.
Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енумен сипатталады. Қазіргі кезде мемлекеттік тіл– қазақ тілі, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – үш тілдік оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану–қоғамдық заман талабы болып отыр. Білім
берудің мазмұны жаңарып, оқытуда жаңаша көзқарас пайда болды. Осы негізде ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартыл- ған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағат- тындыратын тың бағдарлама. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде ұстаздардың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өз- дігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпеліске, өзгеруге дайын және талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбе- гін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Қазіргі жас мамандардың белгілі бөлігінің кәсіби қалыптасуына кедергі келтіріп отырған қиыншылықтардың туындау себептері неде? Көптеген мұғалімдермен әңгімелесу, жұмыс барысындағы жетістіктері мен қиыншылықтарын талдау барысындағы байқалатын басты кемшілік – мұғалімдердің жыл сайынғы заманауи өзгерістермен бірге түрленіп отырған оқу- шы психологиясындағы айырмашылықты көре білу мен соған қатысты қызмет саласындағы бетбұрыстарды уақытында енгізіп отырудан сәл кеш қалуы немесе осы басымдықтарға то- лық мән бермеуі тәрізді. Бұл жерде көптеген мұғалімдердің басты қателігі - тек қана өз пәніне оқушыларды қызықтыруды, жеке пәні бойынша әріптестері арасында жоғары көрсет- кіштерге жетуді ғана ойлап, жоғарыда аталған педагогикалық - психологиялық ерекшелік- терге толық мән бермеу нәтижесі екендігін көрсету. Мектептегі білім сапасы мұғалімнің кәсібилігі мен мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «…Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Жас ұрпақты жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары түрде қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелей білу. Бұл жұмысты атқаруда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бұған мұғалім бойындағы келесі қасиеттерді қосуға болады:
білім беру үрдісіндегі жауапкершілікті сезіне білу;
білім беру технологияларын пайдаланудан бұрын толық түсіну, меңгеру, қолдануда жоғары шеберлік таныта алуы;
өз жұмысының қоғамдық маңызын түсінуі;
өз саласында үнемі ізденісте бола білуі;
мұғалімнің өзін – өзі дамыту, өзіндік үздіксіз білім алу және оны жаңартып отыру қа- білеті;
барлық жинақталған ақпаратты жүйелеу, материалдар арасындағы сабақтастықты таба білу қабілеті;
дүние жүзілік білім беру тәжірибесіндегі кең тараған педагогикалық тәжірибелердің өз тәжірибесіне қажетті тұстарын таңдай білуі мен сол элементтерді өз тәжірибесіне енгізе білу қабілеті;
үздіксіз білім алу нәтижесіндегі алынған ақпаратты талдап, жүйелеп, пайдалану мүмкіндіктерінің ең тиімді тұстарын таба білуі қабілеттері түрінде алуға болады.
Жаңа заманның кәсіби мұғалімінің қалыптасуында қызметкердің өз міндеттері мен жауапкершілігін сезіне білу мүмкіндігінің де ролі зор. Мұғалімнің қоғам алдындағы, мемлекет алдындағы, ата - аналар мен қарапайым оқушы алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті мүлтіксіз орындауға деген, тек қана қоршаған орта алдындағы сыртқы бейнесімен ғана емес, пәк күйдегі ішкі сезімінің болуы арқылы – қазіргі замандағы қарапайым мұғалім мен «патриот», яғни шығармашыл, кәсіби мұғалім арасындағы басты айырмашылығын көреміз. Осының нәтижесі мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білу мүмкіндігі, өткен мен жаңаның байланысы арқылы тиімді тәсілдердің өміршеңдігін көрсете білуі, қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып, оқушы бойындағы қиындықтарға және сенімсіздіктерге қарсы тұра білуі мен кез - келген құбылысқа (табиғи, әлеуметтік) жеке көзқарасын білдіру дайындығынан көрініп отырады, яғни мұғалімнің жұмысқа деген ниеттілігі деген тағы бір қабілеті байқалады.