Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет59/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135

 

Сәкен өлеңдеріндегі осы бір "сенім" "Қызыл жұлдыз" өлеңінде де бар. Жазылған дүние 

жазылып қалған соң, оны да беруді жөн көрдік:  

...Қызыл жұлдыз кең советтің төрінде, 

Және ішкі жүрек пенен үнінде.  

Маркс, Ленин салған жолы әлі ұзақ, 

Түссең жолға, жұлдыз қолда, ерінбе! [9,11]. 

 

19 жасында туған елден қуғын көрген Назым Хикметте бұл сарында өлең жазуына сол 



кездегі қоғамды айыптаймыз ба, халықты айыптаймыз ба, жоқ әлде ақынның өзін бе, біз түгілі 

түрік халқы да білмей жатыр. Сондықтан ақын қаламынан туындаған сол кезде өзіндік бағасын 

алған жырларын ұсынуды жөн көрдік. Шамамыз жеткенше Сәкенмен салыстыруға тырыстық. Өз 

еліне  коммунистік  идеяны  еңгізуді  армандаған  ақын  өлеңдерінде  көрініс  тапты.  Бүгінде 

оңшылдар мен солшылдар осы үшін сөз таластыруда. Ақынның ең бірінші "Мәмедке жолдаған 

соңғы хат" өлеңінде ұлына да ұлы арманы туралы сөз етеді. Оны мына жолдардан көре аламыз: 



462 

 

...Ал, Түркия- ғажап ел, 



Біздер -оның өркені.  

Адамдары ақжарма, һәм бейнетқор, ержүрек, 

Қасқа кедей шетінен, 

 Маңдай соры төрт елі. 

Білем, кейін халықтың аңсап бақыт табарын, 

Мол ырысқа кенелер шалқып бір шартарабым. 

Сен көрерсің ол күнді, 

Өзің туған өлкеңде 

Коммунизм құрарсың өз қолыңмен, қарағым.  

 

Назым  ақында  Сәкен  секілді  халқының  бір  бақытқа  кенелеріне  сенді,  ол  бақытқа 



жеткізетін-  коммунизм  деді.  Ұлына  да  соны  өсиет  етті.  Ақынның  1932  жылы  жарық  көрген 

"Түнде келген телеграф" өлеңі де түрік халқын демократия жолындағы күресте табандылықққа 

шақырды. "Портреттер" жинағы мен "Таранта Бабуға хаттар" поэмасында, "Неміс фашизмі және 

нәсілшілдік" атты еңбегінде фашизмді және оны қолдаған түрік ұлшылдарын сынға алды.  

 

Назымның  да  коммунистік  партияға  сенімін  өлеңдерінде  көру  қиын  емес.  "Сені 



ойлаймын" өлеңінде ақын:  

Түркия коммунистік партиясы, 

ТКП-ым менің- 

Тыншымаймын сені ойлап,- деген жолдар сөзімізге дәлел бола алады. (13) 

 

Екі ақын өлеңдеріндегі коммунистік идея және коммунистік партия сөз болғанда Ленин, 



Сталин туралы сөз болары ақиқат нәрсе. Ол кезде екі "көсемге" жыр жазбаған ақын кемде -кем 

шығар. Сәкен өз өлеңінде Ленинді былайша жырлайды: 

... Жалшыларға жалпы азаттық Байдан. 

Не теңелмек, не қазаттық Майдан. 

Бостандықтың таң азаны Ленин, 

Саясаттың мыс қазаны Ленин....  

 

Ал  түрік  ақыны  Назымның  "көсемдерге"  жазғандарына  қарап,  түрік  халқы  "Ол  өзін 



Сталин  мен  Ленин  жаратты  деп  жүр"  дейді.  Бірақ  ақынның  сол  жылдары  жазылған 

күнделіктерінде  ақын  осы  көсем  турасында  "Мен  Ленин  мырзаны  сыйлаймын,бірақ  оны  Күн 

көсемі деп табынатындарына қарсымын" деген сөзін қайда қоямыз?! Әрине бұл жерде ақталудан 

аулақпыз.  Енді, Назымның Ленин туралы өлеңіне көз жүгіртейік.  

Bahar geldi çocuklar 

Çıkın kırlara 

Çiçek LENİN çocuklar çiçek LENİN 

Güneş bütün varlığıyla tezahür etti 

Güneş LENİN çocuklar güneş LENİN 

Hayvanlar tekrar çayırlara çıktı 

Sütlerini için 

Kuvvet LENİN çocuklar kuvvet LENİN!  

Аудармасақта белгілі дүниеге ғой кім туралы, не туралы екені.  

 

Тарауымызды  қорыта  айтсақ,  екі  ақын  өлеңдеріндегі  ұлттық  идеологияны  барынша 



айтуға,  салыстыруға  тырыстық.  Поэзияларындағы  ұлттық  идея  тақырыбы,  коммунистік  идея 

тақырыбы болсын ұлтын сүйгеннен туындап отыр. Өйткені ұлтын сүймейтін ақындар болса, бірі 

НКВД-ң қабырғасында "ұлтжанды" деген айып тағылып, атылып кетспес еді. Екіншісі, сатқын 

болса, "...Сүйегімді алып, жолдастар, Анатолияға жерлеңдер" демес еді. Қос ақынның қай өлеңін 

алып қарасақта, өлеңдеріндегі барлық образ -ақынның өзі болып отырады.  

 

Коммунизм идеяларының жаршысы болғандар халыққа қастандық жасаушылар емес. 



Олардың  трагедиясы,  соры  –  сол  идеяны  насихаттаушылардың  қарадүрсін  түсіндірмелеріне 

463 

 

имандай  ұйып,  ойланбауы.  Сәкеннің  табандылығы,  құбыла  білмейтіндігі,  өтірік  айтпайтын 



шыншылдығы,  адалдығы  сияқты  қасиеттері  себепші  болғандығын  айрықша  баса  айту  керек. 

Кеше ғана Кеңес деп өзеурегендердің бүгінгі сөз әлпетінен шошып, «мұндайлар қай қоғамды 

болса да оңдырмас» демеске амалың қалмайды. [10,1]. 

 

Қос  ақын  поэзияларында  тағы  бір  ұқсас  келетін  сарын-абақты  жырлары.  Түрме 

жылдарында жазылған өлеңдерінде туған елге деген сағыныш , абақтыда отырған адамның халін 

көру  қиын  емес.  Осы  жылдары  Сәкен  "Дүйсенбі",  "Манап  Шамиль"  деген  бүркеншек  атпен 

жүрсе, Назым Орхан Селим, Огуз, Мүмтаз Осман және Ерджүмет  Ер деген бүркеншек аттармен 

жүрген. 

Өмірінің  28  жылын  түрмеде  өткізген  түрік  ақыны  Назым  Хикметтің  түрме  тақырыбында 

жазылған  өлеңдері  Сәкенге  қарағанда  әлдеқайда  көп.  Мысалы,  "Абақтыда  отырған  адамға 

айтатын  ақылым",  "Абақтыдан  жолданған  хаттар",  "  Абақтыдан  босанғанда",  "Мен  түрмеге 

түскенде" өлеңдері бар. Сәкенің "Қамаудан" өлеңін оқып, Назымның жағдайының да түрмедегі 

өмірі де бұдан мәз болмағанын білуге болады.  

Тас үйдегі тұтқынды 

Аяған жан болмады. 

Аяды бірақ табиғат, 

Көңілім соған тоқ болды.  

 

Отырмын күзет-қамауда 

Дұшпаннан тәнім жеңілді. 

Жеңе алмас бірақ еш пенде 

Асау  еркін көңілді. [11,8]. 

 

Назымның 4 қалада абақтыда отырып жазған өлеңдер желісі Сәкенмен үндес келеді. Мысалы:  

"Абақтыдан жолдаған хаттар" өлеңдер циклында: 

Бәрібір біз қамаудамыз, сүйіктім- 

Мен-түрмеде, 

Сен-бостанда жүргенмен.  

Оны қойшы. 

 Айығармыз дертінен бұл күйіктіктің.[12,6]. 

Осылай  27  цикл  бірінен  соң  бірі  кете  береді.    Сәкеннің  қамаудағы  өлеңдері  де,  әлгі  ұзын 

циклдарды қарап тұрсақ, Назымның әлемге мәшһүр болған өлең жолдары есімізге түседі.  

Мен жанбасам лапылдап, 

Сен жанбасаң лапылдап.  

Біз жанбасақ лапылдап,  

Аспан қалай ашылмақ ?! деген өлең жолы келеді. Алыстағы бауырына дем бергендей осы өлең 

жолдары.  

 

Абақтының  саналы  адамға  сұм  өмір  екенін  Мағжан  айтқандай,  екі  ақында  түрмеден 



қашады. Сәкен " Түрмеден қашып шыққанда" өлеңінде сол кезде жазған еді.  

 

Назым  өлеңдерінен  елге  сағыныш  пен  бірге  түрмедегі  ауыр  жағдай  көрінісі  көруге 



болады. Сол  кездегі түрік елінің зиялыларының жағдайы және өзінің жағдайы ақынның абақты 

өлеңдерінде жақсы ашылады. Ақын түрмеде де жазған. Сәкен өлеңдерінде елге, жерге, анасына, 

жарына деген сағыныш сазы есіліп тұрады.  

 

Не  десекте,  қос  ақынның  абақты,  түрме  жырлар  циклы  сол  кезеңнің  көрінісі  еді.  Жас 

ұрпақтың санасында "Ит жеткен", "Кочактың түрмесі" болсын, "Чанаккыры", "Стамбул", Бурса" 

түрмелері болсын осындай өлеңдердің желісінде қалды. Өйткені, бұл да бір тарих.  



 

  

464 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



 

1. Т. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы. Қазақ Университеті,2005. 

2.  Т.  Кәкішев.  Қазақты  Сәкен  Сейфуллин  –  мәдениетті,  өркениетті  елдер  қатарына  қосуды 

армандаған тұлға. Адырнай сайты, 2011. 

4. А. Дүкенбаева.  Қиямға самғаған тұлға. - Жетісу, 2015. 

5. С.Сейфуллин.  Өткен күндер. -Алматы,1969. 

6. Назым Хикмет.  Таңдамалы. -Алматы,1975. 

7. Қ. Жұмағалиев. Назым Хикмет аудармалары. Алматы,1975.  

8.  Т.  Кәкішев.  Қазақты  Сәкен  Сейфуллин  –  мәдениетті,  өркениетті  елдер  қатарына  қосуды 

армандаған тұлға. Адырнай сайты, 2011. 

9.  С.Сейфуллин.  Өткен күндер. -Алматы,1969. 

10. Қ. Жұмағалиев. Назым Хикмет аудармалары. Алматы,1975. 

11. М.Леонтич. Nazım Hikmetin şiirleri ve onun yapısı, dili. Ankara,2005. 

12. Х. Токак. Н. Хикмет туралы естеліктер. Анкара,2006.  

 13. T. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы. Қазақ Университеті,2005. 

 14.Шапай  Т.  Ой 

түбінде жатқан сөз // Бүгінгі лирика бағдары. – Алматы:      Жазушы, 1989. – Б. 194-196. 

15. N. Hikmet. 835 Satır. İstanbul, 1932. 

16. Y. Odabaşı. Şiir ve şair. Ankara, 2000. 

  

УДК 821 (091) 

 

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ МЕН МӘУЛАНА ЖӘЛӘЛ ӘД – ДИН  РУМИ 



ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОРТАҚ САРЫНДАР   

Шығысыова Фариза 

Ғылыми жетекшісі: PhD  Абиыр Ақбота 

 

  

Шәкәрім  Құдайбердіұлы  (1858-1931).  Семей  облысының  Абай  ауданының  Шыңғыстау 



бөктерінде  туған.  Ол  -  ақын,  жазушы,  философ,  тарихшы,  композитор.  Абаймен  замандас  әрі 

інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген 

ортаның  қоғамдық-саяси  және  өлеуметтік  сыр-сипаттарын  керебілуде,  қоғам  мен  адам 

табиғатындағы  кемшіліктерді  зерделеуде,  туған  халқына  түзу  жол  көрсетуде  Құдайбердіұлы 

Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен 

туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда 

жеті жасына дейін оқиды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ақын  

тарихшы 


жазушы 

сазгер 


"Қазақ айнасы" (1912),  

"Әділ-Мария" романы, "Шын бақыттың айнасы" 

"Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" (1911) 

"Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Анадан алғаш туғанымда", 

"Бозторғай" (күй) (жалпы 30-ға жуық әні бар). 

аудармашы 

Физулидің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасы, А.С.Пушкиннің "Боран", 

"Дубровский" повестерін т.б. 



465 

 

 



 

 

 



 

 

Шәкәрім  парсы  және  басқа  да  шығыс  тілдерін  жетік  меңгеріп,  өзі  үшін  Шығыстың  ұлы 



ақындарының  –  Науаидің,  Низамидің,  Сағдидың,  Фирдоусидің  әлемін  ашты.  Ол  осы  шығыс 

әдебиетінен нәр алғандығын мына өлең жолдарында айтады: 

Оятқан менi ерте – Шығыс жыры, 

Айнадай айқын болды әлем сыры. 

Талпынып орыс тiлiн үйренумен 

Надандықтың тазарып, кеттi кiрi.  [1, 143] 

Шәкәрім  поэзиясында    жан,  ұждан,  өмір  мәні  жайлы  білімдерін  тұжырымдады.  Атақты 

Мәулананың  "Мәснәуиінде"  жырланған  ақиқатқа  жету  жолы  мен  Аллаға  деген  ғашықтық, 

махаббат қазақ әдебиетіндегі Шәкәрім Құдайбердіұлының " Шыннан өзге Құдай жоқ" екендігі 

және "Үш анығымен"  астасып жатқандай. Ш. Құдайбердіұлының үш анығы: бірі  - Жаратушы 

жалғыз және хақ, екіншісі - "өлгеннен соң да бұл тiршiлiкке тіпті ұқсамайтын бiр түрлi өмiр 

бар", ал үшіншісі - "дене өлсе де, жан жоғалмайды". Екеуі сопылықтың жолын қуған. Шәкәрім 

сопылық поэзияда «Құдай» деп аталатын «Жары», жайлы жазды: 

Жар есіркеп, бері қарап

Нұрына жүрек қанған күн. [2, 22] 

Ал  Мәснәуи  "Тасаввуф"  ілімін  жалғастырушы.  Анадолы  түрік  әдебиеттануында  ол 

Тасаввуф  әдебиеті  терминімен  көрсетілген.  Кейін  уақыт  өте  келе  оны  Текке  әдебиеті  деп 

атаушылық белең алады. Текке, яки зеввийе - дәруіштердің бас қосып жиналып, пікір алмасатын, 

уағыз оқитын, халықтық мәселелерді талқылайтын орны болған.  

 

Текке  халық  әдебиеті  –  діни-сопылық  әдебиеттің  негізін  қалады.  Ол  Анадолы  жерінде 



сопылық тариқаттар құрып, Ислам мен түркі мәдениетінің мәйегіне айналған ғұлама ақындарды 

туғызды. Айрықша, Жүніс Әмре, Мәуләна Жалаледдин Руми, Қажы Бекташ Вели, Сұлтан Велед 

сынды  гуманист  шайырлар  Анадолы  жерінде  өздерінің  шығармашылық  биігіне  көтеріліп, 

"рухани ұстаздар" атанды. 

Мәулананың шын есімі Мұхаммед Жәләл әд-Дин. «Мәулана» және «Руми» есімі атаулары 

кейіннен  берілген  атаулар.  «Көсеміміз»  деген  мағынаны   білдіретін  «Мәуләне»  атауы  жас 

кезінде, Конияда дәріс беріп жүрген кезінде берілген. Бұл атауды ұстазы Шәмси әд-Дин Тәбризи 

және Велед Сұлтаннан бастап, Жәләл әд-Динді жақсы көрген адамдардың бәрі қолданып, оның 

шын  есіміне  айналып  еткен.  «Руми»  болса  «Анадолы»  дегенді  білдіреді.  Оның  «Руми» 

аталуының себебі, өткен ғасырларды  «Рум аймағы»  (Грек аймағы) деген атпен белгілі  болған 

Анадолыда орналасқан Кония қаласында ұзақ уақыт өмір сүріп, тіршілігінің көбін сонда өткізуі, 

сондай-ақ кесенесінің сол жерде орналасқанына байланысты болса керек. 

Жәләл  әд-Дин,  бүгінгі  Ауғанстандағы  көне  түрік  мәдениетінің  орталығы  болып 

табылатын  Белх  қаласында,  1207  жылы  30  қыркүйекте  дүниеге  келді.  Ақсүйектер  әулетінен 

шыққан   Жәләл  әд-Диннің  анасы,  Белх  әмірі  Рунә  әд-Диннің  қызы  Мүминә  Хатун,  ал  әкесі 

Сұлтан ул-Уләма (Ғалымдардың сұлтаны) атағымен танылған Мұхаммед Баха әд-Дин болатын. 

1273 жылы 17 желтоқсанда қайтыс болған.

 

[4] 



Хазреті  Мәулана  рухани  кемелдікке  жеткен,  байсалды  ғалым  болатын.  Нәсіл,  дін,  сондай-ақ 

тариқаттағы  айырмашылықтарға  онша  көңіл  аудара  бермейтін  мейірімді,  адамзатқа  деген 

сүйішпеншілігі,  қарапайымдылығы  арқылы  Ислам  әлемін  ғана  емес,  бүкіл  адамзатты  қайран 

қалдырған  ойшыл  әрі  өнер  адамы  болып  табылады.  Шығармалары:  "Мәснәуи",  "Диуани 

Кәбир"(«Үлкен  дәптер»,  ақындардың  өлеңдер  жинағы  жазылған  дәптер),    «Мәжалиси  Сәба»( 

философ 


"Үш анық"  

466 

 

Мәулананың  «Жеті  мәжілісінің»,  яғни  уағызының  жазылып  алуынан  дүниеге  келген),  хаттар 



(насихат  беру  мақсатында,  сондай-ақ  діни  және  ғылыми  тақарыптарға  арналған  түсініктеме 

түрінде жазылған 147 хаты). 

Мәснәуи  - классикалық шығыс адебиетіндегі өлең жаныры. Сөздік мағынасы:  «екеу, екеулік» 

дегенге  келеді.  Әдебиетте,  жазылған  қос  жолдық  барлық  туындылары  мен  қатар,  жеке-жеке 

ұйқасты өлең жолдары да «Мәснәуи» деп аталады.  

Мәснауи, Мәулананың шәкірті әрі хатшысы Челеби Хусома әд-Диннің өтініші бойынша 

жазылса  керек.  Челеби  Хусома  әд-Диннің  айтуына  қарағанда,  Мәулана  өлеңдерін  Мерам 

қаласында  қыдырып  жүргенінде,  немесе  қандайда  болған  бір  бос  уақыттың  мүмкіндігін 

пайдаланып,  отырса  да,  жүрсе  де  айта  береді  екен.  Челеби  өлең  жолдарын  қағазға  түсірумен 

айналысқан.  Қағазға  түсіру  1259-1261  жылдары  басталып,  «Мәснауи»  1264-1268  жылдар 

аралығында толық,  парсы тілінде жазылып  бітеді.  Бүгінде Мәулана  мұражай қорындағы 1278 

жылдарға  тән  келетін,  қолымыздағы  ең  ескі  мәснәуидің  нұсқасына  қарағанда,  өлеңдер  саны 

25618-ге жеткен. Бұл 6 томдық үлкен «Мәснәуи» оқыған сайын қызықтыра түсетін шытырман 

уақиғалар желісіне құрылған. 

 Хазреті  Мәулана  Жәләл  әд-Дин  Руми  мәснәуиді  «Сырнай»  сөзімен  бастайды.  Мұның  негізгі 

себебі, Аллаһу Тағалаға берілген (ариф) әрі көтерілу мәртебесіне лайық болған кемел пәнделерді 

көрсету.  Бұл  -  кемел,  жаны  пәк  адамдардың  аузынан  тек  сүйіспешілікке  толы,  ләззатты  әрі 

мағыналы сөздер ғана шыққан. Яғни «Сырнай», кемел пенделердің бейнесі болса, махаббат және 

сүйішпеншілік - Аллаһқа құлай берілген ықыластың белгісі. Мәснәуидегі ғашықтық, ынтықтық 

арифтің Раббысына деген үлкен ықыласының көрінісі.  

Сырнай  әдетте  қамыстан  жасалады  (най  -  парсы  тілінде  қамыс).  Қамыс  кесіліп  алынбастан 

бұрын, өз мекенінде, жайқалған көптеген қамыстың ішінде өсіп тұрған еді. Кесілген соң солып, 

қурады. Кемел адамдар рухы да Аруах әлемінде (рухтар дүниесінде) шексіз ләззаттың ішінде 

өмір сүрді. Бұл дүниеге келіп, адам денесіне орналасқан соң еркіндіктен қол үзіп, Раббысының 

сарқылмас  нұрани  сусынынан  шектелді,  кесіліп  алынған  қамысқа  ұқсап  сола  бастады. 

Сырнайдан сүйіспеншілікке, ләззатқа толы сазды әуендер таралғаны сияқты, ариф адамдардың 

аузынан  да  Раббысына  деген  ыстық  махаббатқа  бөленген  сөздер  шыға  бастайды.  Сырнайдың 

сазды әуенінен көбіне махаббатқа толы ғажайып хикая әрі сүйіспеншіліктің ыстық лебі еседі. 

Дәл сол сияқты арифтың лебізінен де Раббысына деген шынайы сүйіспеншілігін көрсететін жан 

тербелісі және руханият әлемінің Иләһи сырлары тыңдалады. 

Міне осындай көріністер мен ұқсастықтар арқылы хз. Мәулана Жәләл әд-Дин Руми кемел адам 

бейнесімен бізді кеңінен таныстырады.  Шығарма, оқыған сайын қызықтыра түсетін шытырман 

оқиға желісімен өрнектеле келіп, жалпы көпшілікке  ислам негізі мен иман шарттарын үйретеді.  

Сырнайым кәне не дейді, тыңдағын, 

Айырылыстан шағымдалған мұң барын. 

Барлық сырым зар әуенмен үндесіп,  

Көз, құлағым нұр бұлаққа ашты есік ,- деп ақын сырнайындағы әуенмен сырын бөлісіп отыр. [4] 

Мәулананың бәйіттері де он сегіз жолдан тұрады. 18 саны — Алланың Хай деген, яғни 

тірі,  өмірді  сыйлаушы  деген  атының  саны.  Ұзын  дөңгелек  сақалды,  кең  шапан  киген  сопы 

мүсіндері мүлгіп отырған тірі адамдар сияқты. «Сикке» деп аталатын бас киімдері мазар тастары 

сияқты,  яғни  ылғи  өлімді  еске  салып  отыратын  формада  пішілген.  Сопылардың  кейбірі  қара 

шекпенмен, кейбірі дөңгеленген ұзын етекті ақ шекпен киіп отыр. Мұның мағынасы: қара түс — 

бұл материалдық дүние, оны шешіп тастап, ақ шекпен кию қажет. Яғни материалдық дүниені 

тастап, толығымен ақыретке берілдім деген мағынаны білдіреді. Біреуі қайтыс болса, сопылар 

қуанып, той жасаған. Билей бастаған. Ажалын марқұмның шынайы өмірге кетуі деп қабылдаған. 

«Сема» ғибадат биін жамағатпен де, жеке де билеуге болады. Билеуші дәруіш айналасында сегіз 

адам бар деп сезініп, жамағатпен бірге билеп жатқандай әсерленген. Шеңбер ішіне шеге қағып, 

тұз  сеуіп  қойған.  Дәруіштер  екі  башпайларының  ортасын  әлгі  тұзға  әбден  күйдіреді.  Күс-күс 



467 

 

болған  башпайлар  шыр  көбелек  айналғанға  жақсы.  «Сема»  —  ғибадат  биі,  Алланы  еске  алу 



сияқты  зікірдің  түрі.  Бұл  зікір  толық  ақыретті  көрсететін  бір  ғибадат.  Планеталар  бір-бірін 

айналса, дәруіштер өзге мұсылмандардың төңірегінен айналады. Бастарын сәл қисайта ұстауы 

жұмыр  жердің  сопақша  екендігін  сездіргені.  Билеп  жүрген  дәруіштердің  бір  алақаны  аспанға 

жайылса, бір алақаны төмен қараған. Бұл — біз Алланың сүйген құлдары ретінде Одан аламыз 

және оны адамдарға береміз деген мағынаны білдіреді. 

Мәулана өлең жырында жан мен тән байланысы туралы айтылып, бірақ жанның орны ерекше, 

жан - мәңгілік дегенді айтқысы келетіні мына жолдардан анық байқалады: 

Тәнім жаннан, жаным тәннен бөлінбес,  

Бірақ бұл жан еш адамға көрінбес.  

"Жан  менен  дене  һәм  көңіл"  деген  Шәкәрімнің  өлеңінде  жанның  негізге  алынуы,  оның  көзге 

көрінбеген  күйде  адамда  болатыны,  оның  заттық  әлеммен  байланысы,  таным  үдерісіндегі 

жанның рөлі туралы: 

Анық  қара: жан - өзің, дене - киім, 

Мақтан,  бояу  -денеге  берген  сыйың,  -  дейді.  Сонымен  қатар  Жан  туралы  өзінің  "Үш  анық" 

еңбегінде де толықтай тоқталады. 

Яғни бұл жерде айтпақ ой -  Аллаһ адамды жаратуда сыртқы дене пішінін қалап, оған жан бітірді. 

Ол көзге көрінбегенмен, мына өмірде де, келесі  өмірде де болады, ал тән  -  тек бұл  дүниенің 

жалғаны, уақытша берілген "сый". 

Мәулана: 

 Махаббаттан жүрек от боп жанады,  

Ғашықтықтан қайнап жанның шарабы. 

Құлай сүйген құлдың сырнай мұңдасы,  

Азат болған жүрек үнін тыңдашы. [4] 

Немесе  


Ынтыққандар кең ғарыштан жай табар

Ғашықтықтан тау бишіге айланар.     

Махаббат тірі, рухта сезілетін, 

Ол гүл хауызы емес, езілетін.

 

[4] 


 

Ақынның  айтпағы:  ақиқи  махаббат  тірі  әрі  мәңгі,  ол  гүл  хауызы  сияқты  езіліп,  жойылып 

кетпейді.  Дүниеден  өткен  кемел,  жетілген  пенделердің  (әулиелердің)  Аллаһ  Тағалаға  деген 

махаббаты  адамдардың  жанына  нұр  құйып,  тәніне  қуат  беріп,  Аллаһ    пен  пенде  арасын 

жақындастыратын байланысшы қызметін атқарады. Аллаһ Тағаланы сүйген пайғамбарлар мен 

уәлилердің қалдырған сұхбаттарын, кітаптарын тауып оқудың, білетіндерден тыңдаудың және 

қабырларды зиярат етудің түпкі негізі осында. 

Жарының нұры қосылған, 

Мол керемет менде бар. 

Жалғыз жарға шоқынған, 

Қандай мендей пенде бар? 

Менің жарым қыз емес, 

Хақиқаттың шын нұры. 

Оны сезер сіз емес,

  

Көзге таса бұл сыры, [1,93] - деп   «Шын ғашықтар жоқ енді» өлеңінде Шәкәрім махаббаттың 



қызға арналмағандығын, ол ақиқат нұрына ғашық екенін сендіре айтады. 

Дегенмен мәтіннің астарында шынайы махаббат туралы ниет жатыр. Шәкәрім серілігінің шыңы 

–  әлемді  «кеудедегі  сасық  қаннан»  жаппай  тазарту  арқылы  құтқару  идеясы.  Ақынның 

махаббаттың  екі  түрі  –  Құдайға  деген  махаббат  және  пендеуи  махаббат  –  жайындағы  түсінігі 

сопылық ұстанымдарға ғана сай емес, еуропалық Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасымен де ұқсас.  


468 

 

Сонымен Мәулана - Құдайын құлай сүйген, сырнаймен мұңдас болған құл, ал Шәкәрім - жалғыз 



жарына (Құдайға) шоқынған пенде. 

Қос  ақында  айтылған  "айна"  концепциясы  бар.  Айна  -  нәрсенің  сыртқы  бейнесін,  кескінін 

айнытпай,  анық  көрсететін  шыны  және  металл  дене.  Адам  айнадан  өзінің  шынайы  бейнесін 

көреді,  бірақ  ішкі  бейнесі  көре  алмасы  анық.  Әдеби  тілде  "жанымның  айнасы",  "көңілімнің 

айнасы" секілді тіркестер қолданылуы - символ. Адам тек сыртқы түрін, бет-әлпетін әрлендіріп 

қана  емес,  ішкі  жан-дүниесін  де  өзгерту,  әсемдендіру  керек.  Осы  мақсатта  Хазіреті  Мәулана 

"Мәснәуиінде": 

Ғашық жан сырын ашып береді де - 

Көрсетпесе айнаның керегі не? 

Бұл айна көрсетпесе себебін біл, 

Жүзінде болғаны ғой дақ пенен кір, -десе, Шәкәрім "Қорқыттың сарыны"өлеңінде: 

Бері кел, тотсыз асыл айнам 

Білдір анығын, не хақиқат, 

Не жөн, не пайдам? 

Сал тура жолға мені, жетекшім, 

Бұл – сынасатын майдан.[1, 396]

 

Бұл  «тот-тесіксіз»  айнаға  тілегін  айтудың  символикалық  мәні  бар.  Шәкәрімнің  лирикалық-



философиялық ғибадатында айна жағымды қасиеттерді көрсететіндіктен, сәуле, шындық, өзін-

өзі тану және ақиқат аллегорияларымен байланысты болып келді. 

Руми: 

Надандықпен адам атын өшірер, 



Ей құрметті дос, сені қалай кешірер.

 

[4] 



 

Ұлық  нәбилердің, құрметті  уәлилердің  қолдауымен  ұсынылған  Раббани заңдылықтарға  қарсы 

әрекет еткен адам, қалай ғана Аллаһу Тағаланың жақсылықтарынан  үміт етеді? Надандықпен, 

айтқанға құлақ аспасаң, уә дос, саған жақсылық бола қояр ма екен? 

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық, 

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық. 

Надандықтан еліріп босқа жүрсек, 

Мына заман көрсетер бізге тарлық! 

Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық, 

Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық. 

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,

 

[2, 31] 



 

Мен  де  анаудай  болсам  деп  таласарлық.  Бұл  өлең  жолдары  кейіннен  «Жастарға»  деген  атпен 

үлкен үндеуге айналды. Сонымен қатар,  «Мұтылғанның өмірінде», жетілмеген қоғамның төрт 

кеселін  бөліп  көрсеткен  тұсында,  бұл  пікірлерін  алғаусыз  жария  қылады,  олар:  халықтың 

надандығы («Туған елім – надан жұрт»), атақтылардың тәкаппарлығы («Жуандық тағы, бір қыл 

құрт»), билік үшін күрес және бос сөзділік («Мансапқа мінген мен бір мас»). 

Шәкәрім  де,  Мәулана  да  өмірдің  өткінші  екендігін  толғап,  ажалдың  жетіп,  ақиқат  өмірге  аяқ 

басатындығымызды жырға қосады.  

Діндарлар үшін ажал желі, ежелден, 

Гүлзарлардың жұпар исі боп келген. 

Ибраһиймге оттың тісі батпады,

  

Өйткені оны Хақ Тағала жақтады, [4] - деп Руми діндарлар үшін өлім - Аллаһу Тағаламен қауышу 



дейді.  Аллаһу  Тағала  уәде  еткен,  ол  дүниедегі  жақсылық  нығыметтерінен  дәм  тату.  Раббы 

қалаған нәрсе болады. Кәпірлер Ибраһиймді /ғ.с./ отқа өртемек болып, лапылдаған жалынның 

ішіне лақтырады.  


469 

 

   Бірақ:    «Әй  от!  Ибраһиймге  салқын,  зиянсыз  бол  дедік»  аятымен  от  күйдіру  қабілетін 



айырылды. /Әнбия с-сі. 69-аят/. 

«Ажал жетсе, өлдiң бе, 

Өлiм келдi, көрдiң бе? 

Баянсызға салынба»‚ – 

Десе, тоқтау бердiң бе? 

Жетпестi қудың, жеттiң бе, 

Барша жаннан өттiң бе? 

Тағдырың жазған ақ өлiм, 

Құтылып онан кеттiң бе? «Абай марқұм өткен соң өзіме 

айтқан жырларым» [2,83] 

 

Немесе «Қоштасу сөзі» өлеңінде былай деп жазады: 



Бостандық таңын көргенім – 

Кемеліме келгенім. 

Қорқытпайды мені ажал, 

Арман емес өлгенім, 

Қайтер істің кемдігі, - [1, 323] 

деп Шәкәрім де көп ұзамай ол аңызға айналған азапты да тақуалық сапарына жинала бастады. 

Кез  келген  өмірді  ойластырып  жоспарлаудың  кез  келгені  адами  тіршілігіңді  ақтауды  мақсат 

тұтатыны  белгілі.  Шәкәрім  де,  Мәулана  руми  де  ақиқатты  тану,  кемелдікке  жету,  өмірлік 

мұратты  іздеу  туралы  толассыз  толғанысқа  берілетін.  Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ) 

ғашықтыққа, ынта мен шабытқа толы өмірін үш сөзбен және үш сатыда былайша баяндайды: 



"Шикі едім, пістім, жандым!.." Соңғы саты тасаввуфта "фәнә филләһ" және "бәқа билләһ" деп 

аталады. Құл "фәнә филләһта" нәпсілік болмысын жойып, барлық құмарлықтарынан құтылады. 

"Бәқа  биллаһта"  болса,  Аллаһтың  көңілдегі  көрінісін  сезінеді.  Бұл  мәртебеге  жеткен  құлдың 

жүрегінде тек Аллаһтың нұры жарқырайды. Ал Шәкәрім талапты ақылы оны танымның терең 

шытырманына  өзі  тартқандай.  Осының  ықпалымен  ол  өлеңмен  философия  ұсынуға  батыл 

қадамдар  жасады:  сауал  қойып,  оған  жауап  іздеді;  шаттанды,  таңданды;  ақиқат  пен  жалған 

сияқты метафоралық нышандарды ойталқыға салды, шендестірді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет