ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Сыдықов Е.Б. Шәкәрім: ғылыми-танымдық басылым. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. –
441 б.
2.
Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 б.
3.
Шәкәрім. Иманым. 2-басылымы. - Алматы: Арыс, 2008. - 322б.
4.
Төреғали Тәшенов. Пәруанадай шыр айналған Мәулана. "Айқын" газеті:Мақала. Электронды
нұсқа.
5.
Қуанышбек Әлишерұлы. Хазіреті Мәулана Жәләл әд-дин Руми.Мақала. Электронды нұсқа.
6.
Топбаш Осман Нұри. Мәснәуи бақшасынан бір шоқ гүл. Алматы, 2003. - 313 б.
470
УДК 82.0
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ӨЗІ» МЕН «ӨЗГЕНІ» ТАНУДАҒЫ АЙНА ОБРАЗЫ
Әйгерім Карбозова
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., СДУ доценті Баян Керімбекова
Зерттеу жұмысының мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер: Айна образы, бейне
(отражение), өзімшілдік
Зерттеу жұмысының әдістемесі: тарихи-әдеби саралау, жүйелі-кешенді, салыстырмалы
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім: екі тараудан, тараушалардан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының көлемі: 10-15 бет
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ әдебиетіндегі «айна» образы болмаса оның
символдық қызметін қазіргі әдебиетіміздің арқауында қарастыру – біздің әдебиеттануда әлі де
қолға алына қоймаған мәселе. «Айна» образының бастау көздерін мифтік танымнан алады. Бұл
жұмыстың өзектілігін ұлттық әдебиеттанудағы әдебиет пен мифологияның ара қатынасы
мәселесімен байланыстырамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ әдебиеті шығармаларындағы «айна» ұғымының
образдық деңгейге көтеріліп, авторлық идеяны танытудағы маңызды компонент екенін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақ прозасы мен поэзиясында «айна»
образы осы уақытқа дейін арнайы зерттеу жұмысы болған жоқ. Алайда орыс, түрік, өзбек
әдебиеттерінде бұл тақырып өз алдына жеке зерттеу нысанына айналып, жүйелі зерттелген.
Сондықтан да қазақ әдебиетіндегі де бұл тақырыптың зерттелуі өзіндік жаңалық болары анық.
КІРІСПЕ
І тарау
Әдебиеттегі «Айна» образының қалыптасуы мен тарихи-әдеби даму жолдары
Айна – адамзат әлемінің жұмбақталған және сиқырлық белгілерінің бірі. Ертедегі
адамдардың өздерін тұлға ретінде тануындағы бірінші белгісі болып, айналардың пайда болуы
деп айта аламыз. Олардың ең алғашқылары болып шалшықтар мен су қоймасы болған. Осы
орайда ертедегі грек аңызындағы Нарцисс туралы мәліметтерді келтеруге болады. Оған көптеген
әйелдер ғашық болған, соның ішінде грек мифологиясындағы табиғаттың әр түрлі күштерін
жасайтын ие (Нимфа Эхо). Бірақ Нарцисс одан бас тартқандықтан, ол қатты кеуіп кетіп, оның
тек даусы қалады. Осы кезде ашуланған әйелдер оған жаза қолдануды сұрап, Намезида құдайы
оған Нарцисс өзінің кескінін өзеннен көргенде қатты ғашық болып, жауапсыз махабаттан өмірі
аяқталады. Содан кейін көлдің жағасында суық нарцисс гүлі өсіп шығады.
Көптеген елдерде айна ұғымына байланысты әр түрлі аңыздар көп. Мысалы, Қытай елінде
айна құрметті, сонымер қатар бақытты некелік өмірдің белгісі болып есептелінген. Ал жапон
халқының дәстүрінде айна өзіндік танымды білдіреді. Себебі ертедегі аңыз бойынша
Изданаги құдайы балаларына айна әкеліп беріп, оларға жауыз ойлары мен сезімдерінен
арылмайынша, күнде таңертең және кешке айнаның алдында тізірлеп тұруға бұйрық берген.
Ислам дәстүрі бойынша, айнада белгілі бір нүкте бар, сол нүкте әлемнің шыңы бар деп
есептелінеді. Ал славян аңызында айна ақиқаттың еселенген бейнесі болып саналады. Айна бұл
– екі әлемнің шекарасы іспетті. Сол себепті сынған айна – шекараның бұзылуының белгісі және
қандай да бір қайғының хабаршысы деп ұғынылады. Осы түсінік бойынша, үйде мәйіт болса,
айнаны қабырғаға қарай аударған немесе бетін жабатын болған. Үнді дәстүрінде айна –
ақиқаттың, шындықтың белгісі болған.
471
Сонымен қатар көне аңыздар бойынша айнаға түнде және найзағай соққан кезде қарауға
тиым салынған. Айнадағы аса бір қауіпті кезең болып адам дүниеге келгенде немесе дүниеден
өткендегі кезең болып саналған.
Әсіресе жас босанған әйелдерге және нәресте бір жасқа толғанша айнаға көрсетпеген.
Айнаның тағы да бір қасиеттерінің бірі оны бал ашуда қолданғаны. Осы айна арқылы бал ашуды
тек батыл адамдар ғана қолданған. Рәсімнің басты шарты болып толыққанды жалғыздық пен
тыныштық болу керек. Осы рәсімдер арқылы қыз-келіншектер өзінің болашақтағы жарының
бейнесін көре білген.
Еуропадағы айна ұғымымен байланысты өзін-өзі тану түсінігі қайта өркендеу дәуіренен
бастау алады. Адамдарда өзінің сырт келбеті арқылы ішкі жан-дүниесін тану қалыптаса бастады.
Осы жерде айнаның басты құрал ретіндегі ролі айрықша. Айнадағы кескінді тану арқылы
адамның өзін тануы, өзінің ішкі жан-дүниесін тану идеясы туындайды. Баланың жеке адам
ретінде қалыптасуындағы айнаның ролі өте үлкен. Себебі бала ең бірінші айнадағы бейнені
шынайылық деп тани келе, сол бейненің өзі екеніне көз жеткізеді. Адам баласы айнаға қарау
арқылы, өзін тануындағы маңызды жақтарын дамыта алады.
Орыс әдебиетіндегі айна образы
Әдебиеттің таңқаларлық қасиеттерінің бірі – өмірді бейнелеу. Сондықтан болар, «айна» образы
әдебиетте маңызды рол атқарады. Біз күн сайын айнаға қарағанда жаңа кескін, жаңа бейне
көретініміздей, әдебиетте де ақындар мен жазушылардың «айна» образы жыл өткен сайын жаңа
мағынаға ие болып келеді. Орыс әдебиетіндегі «айна» образы өзінің бастауын аңыздармен және
тылсым дүниелермен байланыстырады. Әдебиеттегі «айна» образының анық көрінісі – ауыз
әдебиеті. «Айна» образы көп таралған және маңызды бөлшектердің бірі. Бірақ әдебиетте «айна»
образының қолданылуы әр түрлі. Мәселен, грек мифологиясында Персей медуза Горгоны
айнадай жарқылдаған қалқан арқылы өлтірген, Горгоның назары адамдарды тасқа айналдырған.
Ал басқа туындыларда «айна» образы анық көрудің белгісі. Орыс әдебиетіндегі «айна»
образының бастауы А.С.Пушкиннің шығармашылығымен тікелей байланысты. Оның «Сказке о
мёртвой царевне и о семи богатырях» ертегісінде айна өгей шешеге сенен де әдемі адам бар деп
айтады. Орыс әдебиетіндегі «айна» образы көбіне ертегілерде ұшырасады. П.
Бажовтың «Таюткино зеркальце» ертегісінде жұмыскерлер бұлақтан ерекше бір айнаға
ұқсайтын тас тауып алады, байбатша әйел оған әкелуін бұйырады, бірақ нағыз тау иесі оған
ашуланып, айнаны сындырады. Оскар Уайльдтың «Звездный мальчик» ертегісінде басты
кейіпкер анасын қуып жібергеннен кейін, ұсқынсыз ергежейліге айналады, айна оның
қимылдарын қайталағанда өзінің бейнесін қабылдай алмайды.
И.А.Крыловтың «Айна және маймыл» мысалында маймыл майысып, қылмыңдасып жүрсе
де, өзі екенін аңғара алмайды.
Зеркало и Обезьяна
Мартышка, в Зеркале увидя образ свой.
Тихохонько Медведя толк ногой:
«Смотри-ка», говорит: «кум милый мой!
Что́ это там за рожа?
Какие у нее ужимки и прыжки!
Я удавилась бы с тоски,
Когда бы на нее хоть чуть была похожа.
А, ведь, признайся, есть
Из кумушек моих таких кривляк пять-шесть:
Я даже их могу по пальцам перечесть».—
«Чем кумушек считать трудиться,
Не лучше ль на себя, кума, оборотиться?»
472
Ей Мишка отвечал.
Но Мишенькин совет лишь попусту пропал.
Таких примеров много в мире:
Не любит узнавать ни кто себя в сатире.
Я даже видел то вчера:
Что Климыч на-руку нечист, все это знают;
Про взятки Климычу читают.
А он украдкою кивает на Петра.
Орыс әдебиетінде «айна» образы сан қырлы сипат алған. Соның бірі көркем әдебиеттегі
айна арқылы болашақты болжау, балгерлік. Жуковскийдің «Светлана» балладасынан үзінді:
«Вот в светлице стол накрыт
Белой пеленою;
И на том столе стоит
Зеркало с свечою;
Два прибора на столе.
«Загадай, Светлана;
В чистом зеркала стекле
В полночь без обмана
Ты узнаешь жребий свой:
Стукнет в двери милый твой
Легкою рукою;
Упадет с дверей запор;
Сядет он за свой прибор
Ужинать с тобою».
Бұл жердегі айнаның атқарып тұрған ролі – екі әлемді байланыстырушы қызметінде.
Осындағы өзінің болашақ жарының тағдырына алаңдап тұрған қыздың бейнесі орыс салты үшін
дәстүрлі әдеттердің бірі.
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романында болашақты болжау киелі сипат алған тәрізді.
Басты кейіпкер Татьяна айна арқылы болашақ күйеуін көруді көздейді:
Морозна ночь, все небо ясно;
Светил небесных дивный хор
Течет так тихо, так согласно…
Татьяна на широкий двор
В открытом платьице выходит,
На месяц зеркало наводит;
Но в темном зеркале одна
Дрожит печальная луна…
Ал, М.Ю.Лермонтовтың «Герои нашего времени» романында да «айна» образын
кездестіруге болады. Көп уақыт айнаның алдында өткізген Печорин өзінің түр келбетін әбден
қарап, зерттеп отырады. Ер адамдарға тән емес қылықпен, қай кезде болмасын айнаға қарап,
өзінің түр келбетіне риза болып отыратын сюжеттерді кездестіруге болады.
Келесі кейіпкер – Евгений Онегин Оның айна алдындағы образы Нарцисстың бейнесімен
көбірек ұқсас келеді. А.С.Пушкин басты кейіпкерді өзіңе көп көңіл бөлетін, өзімшіл, меңменшіл
ретінде суреттейді:
473
«...Он три часа по крайней мере
Пред зеркалами проводил
И из уборной выходил
Подобный ветреной Венере,
Когда, надев мужской наряд,
Богиня едет в маскарад.
Оплошного врага;
Приятно зреть, как он, упрямо
Склонив бодливые рога,
Невольно в зеркало глядится
И узнавать себя стыдится;
Приятней, если он, друзья,
Завоет сдуру: Это я!».
Орыс әдебиетіндегі «айна» образы поэзия жанрында да жақсы дамыған. Оған мына өлеңдер
дәлел:
ЗЕРКАЛА... Из цикла "Миниатюры"
Зеркала умеют говорить,
Говорить лишь правду, без утайки.
Но с годами трудно правдой жить,
Коль над морем глаз - морщинок чайки.
Натали САМОНИЙ
Красавица перед зеркалом
Взгляни на милую, когда свое чело
Она пред зеркалом цветами окружает,
Играет локоном — и верное стекло
Улыбку, хитрый взор и гордость отражает.
Александр Пушкин
Өзбек әдебиетіндегі «айна» образы
Өзбек халқының әдет-ғұрпына сай, жаңа туылған нәрестенің жастығының астына айна,
пышақ, бұрыш қояды, яғни адамды теріс күштерден қорғайтын сиқырлық күштер бар деп сенеді
және символдық мәні бар деп есептелінеді. Айна тек қана физикалық бейне түрінде ғана емес,
сонымен қатар рухани түрінде де кездеседі, сол арқылы халықтың наным-сенімінде орын алған:
қайтыс болған үйде айнаның бетін жабық болуға тиіс және түнде айнаға қарауға тыйым
салынады. Айна бұл адамның түр келбетінің бейнесі ғана емес, сонымен бірге рухыны, жанының
көрсеткіші. С.Раевскийдің құнды деректері бойынша, үндістерде, тәджіктерде, персиялықтарда
және тағы да басқа көптеген халықтарда ұқсас бір той рәсімі бар. Бұл рәсім бойынша күйеу жігіт
пен қалыңдық бір айнаға қарау керек. Өзбек халқында бұл дәстүр әлі күнге дейін маңыздылығын
жоғалтпаған, яғни осы рәсім күйеу жігіт пен қалыңдыққа бақыт тілеумен қатар, оларды рухани
жақындастырады деп есептелінеді.
Өзбек әдебиетіндегі «айна» образын ұғынуда, ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінен айна мен
судың ұқсастығын, жақындығын көреміз. Мысалы, басты кейіпкер жалмауыз кемпірден қашып
келе жатып, жерге айна тастай қалса, ол үлкен өзенге айналып, кейіпкерді құтқарып қалады.
Мысалы, Әлішер Науаидің «Шах и его зеркало» әңгімесінде «айна» образы ның берілуі:
Қаср-тан, ондакўнгулникўзгу бил,
Кўзгудашаҳҳуснининаззорақил.
Бермайинбукўзгугааввало жило,
474
Акс олдасолмағайулподшо.
Замок – тело, в нем душа как зеркало,
В зеркале увидишь красоту шаха.
Не дав этому зеркалу блеск,
Не увидишь шаха того.
Ш. Шарипов осы өлең жолдарына мынадай пікір айтады: «Замок – тело человека, зер-
кало – его душа, а шах – образ бога». Сопылық ұғымы бойынша Құдайды тану жүрекпен және
жанмен байланысты. Осыған орай Әлішер Науаидің мына өлең жолдарын келтіруге болады:
Қаро кўзим, келу мардумлик эмди Фан
қилғил,
Кўзимқаросигамардумкибиватанқилғил».
«Моя черноокая, приди,
нарисуй мне благосклонность – милосердие, верность, ты дорога
мне, как зрачок моих глаз».
Науаидің бұл өлеңінен көз-жүректің айнасы ұғымына алып келеді. Себебі сопылық
ұғымында «мардум» сөзі қарашық, адамгершілік мағынасында. Сопылық сөздіктерінде көз
кемелденген, жетілген адамның белгісі, яғни өзін көрмейді, ал өзгелерді көреді. Әдебиеттегі
Әлішер Науаидің «айна» образын беру үлгісі бір жағынан көркемдік жағынан болса, екінші
жағынан діни сипат алады.
Өзбек әдебиетіндегі «айна» образының атқарған функциясы адам болмысын танудағы
басты символикалық құрал ретінде және адам жанының күйі мен жомарттық пен жамандықтың
күресі бейнесінде суреттеледі.
ІІ тарау
Қазақ әдебиетіндегі «Айна образы»
Қазақ әдебиетіндегі «айна» образының бастауы – халық ауыз әдебиетінен басталады.
Соның ішінде ертегілерде, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерде, әндерде көрініс тапқан. Мысалы,
«Айна» халық ертегісіндегі кірпінің, қоянның, керіктің айнаға қараған кездегі, әркім өз бейнесін
көріп, өзгелерді көре алмайды. Өзі мен өзгені танудағы айна образына қатысты қолданылатын
ұғым сонау халық ертегілерінде де көрініс тапқан секілді. Айна образы сонымен қатар тек қана
танымдық мақсатта қолданылмайды, сұлулықты да білдіреді. Соның бір дәлелі халық әні
«Айнамкөз». Бойжеткен қыз Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары
Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол:
«Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да «Айнамкөз»
болсын» дейді.
Абай шығармаларында мол көрініс табатын «жүрек» категориясы ең әуелі оның дүние
танымдық түсінігінен, соның ішінде адам болмысы туралы, оның түпкілікті мәні жайындағы
философиялық-танымдық, моральдық-эстетикалық пайымдарынан айқын көрініс тауып, онан
әрі әдеби-көркем бейнелеулермен, тілдік ажарлы айшықтаулармен астасып жатады. Абайдың
жүректі эмоциялық сезімнің, адамгершілік негіздегі рақым-шапағаттың көзі ретінде таниды.
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлының айтуынша, Абай шығармаларында 1886 жылдан бастап-
ақ жүректің сырына тереңдеп үңілу, оны сан түрлі мағынадағы күрделі ұғымдардың баламасы
ретінде қолдану жағы жыл өткен сайын қоюланып, молыға береді.
Абайдың жүрек жайындағы ой толғауларының негізі мен өзекті желістері «Әуелде бір
суық мұз ақыл зерек» (1889), «Кейде есер көңіл құрғырың» (1890), «Малға достың мұңы жоқ
475
малдан басқа» (1896), «Алла деген сөз жеңіл» (1896) сияқты төл шығармалары мен «Менің
сырым, жігіттер, емес оңай» (1897), «Жүректе көп қазына бар, бәрі қызық» (1899) деген
аудармаларында қысқа тұжырымдала баяндалған.
Абай дүниетанымында жүрек адамзат бойындағы сезімдік мүшелерінің ең күрделі әрі
ішкі органдардың бірегейі деп саналады. Ол өзінің 17 қара сөзінде жүректің атынан «... қан менен
тарайды, жан менде мекңен қылады» деп аңғартқан. Мұндай көзқарастың түп-төркіні орта
ғасырдағы ой алыбы Әл-Фарабидан бастау алады. Сондай-ақ, Абайдың Шығыс шайырларынан
көп үйренгендігі байқалады. Жүрек культін көтере жырлау Рудаки, Фирдоуси, Низами, Руми,
Жами шығармаларында басымырақ болғаны белгілі.
Абай:
Жүрегі – айна, көңілі – ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез? [86 б, бир том]
Ақын поэзиясында «Дүрсіл қағып жүрегі» дегенде «жүрек» өз мағынасында қолданылып
отырса, «ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін», «жүрегі - айна», «жүрегіменен тыңдамай», «жүрек -
теңіз» дегенде «жүрек» өз мағынасында емес, ауыстыру мағынасында, яғни метафоралық
қолданыста. Адам өз болмысына өзі үңіліп, жақсылық пен жамандықты екшеп, ылғап,
қасиетсіздіктен өз бойын, жүрек айнасын таза ұстауы шарт.
«Айна» образының Шәкәрім шығармашылығындағы көрінісі ерекше сипат алған. Олай
дейтін себебіміз,Шәкәрімнің «айна» образын қолданудағы өзіндік мақсаты бар. Ол мақсат - өзін
тану, өзінің болмысы мен кемшіліктерін тану деп ұғынамыз. Оған мына өлең жолдары дәлел:
Айна қойдым алдыма,
Көрейін деп өзімді.
Екі құлақ тарс бітіп,
Шел басыпты көзімді.
Иіс білер мұрын жоқ,
Түзелерлік түрім жоқ,
Жалған деме сөзімді.
Ақ ниетім бұрын жоқ,
Жүрегімде нұрым жоқ,
Жасыратын сырым жоқ,
Айтпай арам безімді.
Жалғыз мені деме қор,
Мені көр де, сене көр,
Сен де емессің менен зор,
Дәл мен деп біл өзіңді.
Адамның бәрін елесе,
Аламын деп ірісін,
Бәрі өтеді әрі қарай,
Сен де соның бірісің.
Електеқалмасынбірадам,
Не ғылымды, не надан.
Бізсияқтыбаршажан
Сорғасатқанырысын.
Ындыны таза ешкімжоқ,
Сыртында май, ішіндеоқ.
476
Түпқарынытолғанбоқ,
Жасырыпжүрмұнысын.
Шәкәрімнің «айна» образын проза жанрында көрініс тапқан.«Шын бақыттың айнасы»
әңгімесіндегі мына үзіндіні келтірсек болады: «Шын бақ – сол айнаның ең түбіндегі ата-
анадағы шын махаббат пен балалардағы шын таза жүрек еді. Сол махаббат әм таза жүрек
сізге де біткен еді. Соны қалдырмай, бұзбай ала жүріп, барша адам баласын өз балаң, өз
бауырыңдай көріп, махаббат, ғадалат қылсаң – шын бақыт сол еді. Оны іздеп жүріп көрген
бейнет, тартқан қайғы, аңшының қанша бейнетпен іздеген аңын алғанда қуанышқа айналғаны
сықылды, сәудегердің пайда іздегендегі бейнеті көп пайда тапқанда қызыққа айналғаны
сықылды
болушы
еді.
Сіз ол махаббат пен ақ жүректі жолдағы жалған атақтарға айырбастап кеткенсіз. Келер
басқа түрлі өміріңізде осыны қатты ескерерсіз. Өкініштен пайда жоқ, енді иманыңызды
айтыңыз!» — дегенде, талып қалыппын».
Ал, М.Ж.Көпейұлының «айна» обрызын қолданудағы ерекшелігі адамды жаман әдеттен
аулақ болуға үндейді. Жылтыраған айна сықылды көңілің ақ, таза болсын деген мағына жатыр:
Түлкінің басыңды тарт қайласынан,
Жырақ жүр сұмның айтқан пайдасынан.
Ақ болсын хаққа көңілің бұл сықылды,
Шынының жалтыраған айнасынан.
Қазақ әдебиетіндегі «айна» образы мысал жанрында да жақсы дамыған. Оған дәлел
А.Байтұрсынұлының М.Ю.Крыловтан аударған «Айна мен маймыл» мысалы:
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,
Айнада өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
«Бері қара!
Бұ кім өзі мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.
Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім.
Ол рас бесеу-алтау бар екені
Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».
«Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:
Әуре боп бөлелерің санағанша,
Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»
Аюдың бір ақылы айтқан досқа,
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа,
«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,
Тыңдаусыз, құр далада қалды босқа.
* * *
Мысалы, адам - Маймыл, өлең -
Өлеңді түсінгенге бар көп пайда.
477
Айтылған өлеңдегі мінін көріп,
Түзейтін мінез-құлқын адам қайда?
Айна,
Біреудің мінін айтса
А.Байтұрсынұылының «Айна мен маймыл» мысалындағы негізгі ой - адамның өз
қателіктерін, өз кемшілігін білмей тұрып, басқа біреуге сын айтуы дұрыс емес-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |