4
Неография
– неологизмдерді лексикографиялық сипаттау теориясы мен
тәжірибесі туралы ғылым.
Неолексема
– неологизм болып табылатын лексема.
Неологизм
– ғылым мен техника дамуына байланысты қоғамдағы саяси,
мәдени, экономикалық салаларда қалыптасқан жаңа ұғымдардың атаулары
ретіндегі сөздер мен сөз тіркестері.
Неология
– неологизмдер туралы ғылым саласы.
Неосемема
– сөздің жаңа мағынасы.
Номинация
– тіл бірліктерінің атқаратын
атауыштық қызметі.
Окказионализмдер (тосын сөздер)
– белгілі бір жағдайға байланысты
жеке автор қолданысында пайда болатын, тілдік нормаға, сөздіктерге кіру
қабілеті шектеулі, контекст қалауына қарай қызмет атқаратын сөздер.
Ономасиология
– тілдегі атауыш сөздердің тілден тыс заттың аталу
себебін, аталу мен белгілену уәжін зерттейтін лексикологияның бір саласы.
Прагматика
– тілдік бірліктің қандай мақсатта қолданылғанын, не айтпақ
болғандығын қарастырады. Прагматика міндеті – тікелей адресатқа ықпал етуге
бағытталған тілдік қатынас коммуникациясын қолдану заңдылықтарын реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: