Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


ҚОСЫМША А  Қазақша-түрікше сөзтізбе..........................................................166



Pdf көрінісі
бет3/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

ҚОСЫМША А 
Қазақша-түрікше сөзтізбе..........................................................166
 
ҚОСЫМША Ә
Түрікше-қазақша
сөзтізбе..........................................................176 
 
 
 



АНЫҚТАМАЛАР
 
Диссертациялық жұмыста төмендегідей терминдер мен олардың 
анықтамалары қолданылады: 
Антропоөзектік бағыт
– тлді адам болмысымен бірлікте зерттеу. 
Ассоциативті өріс
– танымдық үдерісте белгіленуші құбылыстарды 
ұғымдық, заттық және функционалдық ұқсастығына қарай мазмұн ортақтығында 
біріккен
тілдік бірліктер жиынтығы. 
Әлемнің тілдік бейнесі
– өмір шындығының нақты ақиқат 
құбылыстарының санадағы, адам танымындағы, ұғымындағы тіл арқылы 
жасалған бейнесі.
Тілді этноспен, оның ой-санасымен, дүниетанымымен, 
парасатылығымен, ұлттық мәдениетімен байланыстыра зерттеу арқылы 
дүниенің тілдік бейнесі анықталады.
Әлеуетті сөздер
– тілдік қолданыста бар, бірақ әлі тұрақты бекітілмеген 
сөздер, олар тілде бар сөздердің өнімді сөзжасамдық үлгілерімен жасалуы 
мүмкін. Тіл астарынан шығып, қажет болған жағдайда кез келген уақытта тілдік 
қолданысқа енуі мүмкін. Бұлардың кейбіреуі уақыт өте келе әдеттегі сөзге 
айналады.
 
Балама сөздер
– екiншi бiр атау орнына жүретiн, оған тең, барабар, сай 
келетiн атау. Сырттан енген термин не жаңа аталымды ұлт тiлiнде ашып бере 
алатын сөз. 
Жаһандану
– жаңа, жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және 
ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жаңа қолданыс
– тілдің өз әлеуеті негізінде ғылыми-техникалық, мәдени 
т.б. даму мен заман, қоғам жаңғыруына байланысты пайда болатын жаңа заттар 
мен құбылыстардың, жаңа танымдық ақпарат пен ұғымдардың атауын білдіретін 
жаңа сөз немесе сөз тіркесі.
Инновация
(жаңартпалар) – қалыптасқан ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным 
ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесіне сай ескіні өңдеп, жаңғырту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет