Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Кежім – атты жау қаруанған қорғайтын жабу-сауыт. ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ



бет171/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Кежім атты жау қаруанған қорғайтын жабу-сауыт.


ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ
Жай – кермесіне жебе салып тартатын көне дәуірдің қаруы, садақ.
Жақ – сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсаған ағаш садақ.
Садақ – қатты, берік ағаштан иіп жасалған ертедегі ату құралы. Жасалған ағаш түрлеріне қарай: қайың садақ, қарағай садақ, үйеңкі садақ, алтын садақ деп аталады.
Атпан – садақтың кішкене түрі.
Саржа (сарыжай) – қайыңның қабығымен қапталып, сүйекпен әшекейленген сәнді садақ.
Бұхаржа (бұқаржай) – Бұхар қаласының қару үлгісінде жасалған, елге сатып әкелінген садақ.
Санай – татарлар үлгісіндегі садақ.
Атпа найза – қарапайым серіппе арқылы атылатын садақтың күрделі түрі.
Адырна, созақ – садақтың кермесі, иіп тартқан қайыс.
Найза – бетпе-бет айқаста, жақын қашықтықта түйреу арқылы қолданылатын қару. Жебесінің өткір ұшының жасалуына қарай: көк найза, төрт қырлы найза, алты қырлы найза, сегіз қырлы найза; сабы жасалған ағаш түріне қарай: емен найза, қарағай найза; тағылатын белгісіне байланысты: жалаулы найза, шашақты найза, қоңыраулы найза деп аталған.
Ақ найза – жебесі үшкір, төрт, алты, сегіз қырлы, асыл болаттан, алмастан соғылған найза.
Сүңгі – ұзын, екі басы да үшкір ұшты, сауытты тесуге арналған найзаның өткір түрі.
Аша – болатган екі айыр етіліп соғылған, тармақ аралығы 10 см, ұзындығы 30-40 см, сабы қалың, жауды шаншатын қару.
Қамшы (дырау қамшы, қайыс өрме қамшы, сегіз өрме бұзау қамшы, тобылғы сапты қамшы, шыбық қамшы т.б.).
Ақ сүңгі – сабына шынжыр байлаған, бастан асыра шыр айналдыра лақтыратын қару.
Қылыш – қоян-қолтық айқаста жауды шауын, кесу үшін қолданылатын қару.


Қылыштың түрлері:
Алдаспан – алмастан, болаттан соғылған, бас жагы ұлкен, жалманы (жүзі) жалпақ, ауыр қылыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет