Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Күлдіреуіш – шаңырақ шеңбері арасында айқастырыла көтеріліп бүгілген алты-сегіз шыбық. Кепілдік (кепіл ағаш)



бет176/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Күлдіреуіш – шаңырақ шеңбері арасында айқастырыла көтеріліп бүгілген алты-сегіз шыбық.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп тұтастыратын ағаш.
Қаламдық немесе шаңырақтың көзі – шаңырақ шеңберінің сырт жақ кенересінен ішіне қарай жоғары шапшыта қашалған уықтың қаламы (ұшы) кіргізілетін төрт қырлы тесіктер.
Кереге – қайың не талдан иіліп, жұмыр жонылып, бастары қалақшаланып жасалған, аяғы таяқша, орта белі сыртына қарай бүгіңкі, мойны ішіне ойыса беріп түзелген тор көзді киіз үйдің жиналмалы қабырғасы. Бір кереге бір қанат аталады. Биіктігі 1,5 метр, жазылғандағы ені 2-2,5 метр жиналғанда – 70-80 см.


Керегенің сипаты:
Шолақ кереге – екі үлкен керегенің жапсарына, екі керегенің түйіскен жеріне, сыртына қабаттастырыла қаланатын, биіктігі бірдей болғанмен, кәдімгі бір қанаттан ені екі-үш есе қысқа, көбінесе үйдің жүк жинайтын, жел көп соғатын тұсына орналастырылатын әрі ұры-қарыдан сақтайтын кереге.
Желі – керегені құрайтын шыбықтар.
Ерісі – шыбықтардың ұзындығы.
Көз – кереге желілерінің арасындағы тор, жел көз аталатын тор тесіктер.
Тар көзді кереге – шыбықтары жиі қаланған, төрт қабырғасы тең төрт бұрышты кішкене көзді, әр қанаты 20-22 басты кереге.
Жел көзді кереге – шыбықтары сирек, кең текше көзді, әр қанаты 17-21 басты.
Азаттық – кереге желілерінің жеке басы.
Керегенің басы – жоғары жағындағы уық байлайтын аша.
Керегенің аяғы – жерге тірелетін іргелігі.
Кемпір тіс – үнемі топыраққа сұғынудан, ылғалдан аяғы ісініп, жемірілген керегенің атауы.
Көк, көк қайыс – кереге шыбықтарын бір-біріне тізіп, біріктіріп түйіндейтін, түйенің иленбеген не өгіздің мойын терісінен тілінген таспа. Кергі – керегені керіп тұратын ұзын шыбықтар.
Сағанақ – керегенің бір-бірімен жалғасатын жапсарындағы шығыңқы ұштары. Кереге мен уық жақсы қабысу үшін басы сәл қайқы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет