Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет178/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Күйеу қазық – үй сыртында, іргесінде жел арқан байланатын қазық.
Алабақан – үй ішіне көлденең қойылатын сырық.
Ісіріп – үйдің іргесі.


2. Киіз үйдің киіздері түндік, үзік, дөдеге, туырлық, ірге киіз, киіз есік, уыққап.
Түндік – шаңырақтың төрт бұрышты, төрт баулы жабыны. Үйге жарық берер, ауасын желдетіп тазартар, сондай-ақ жауын-шашыннан қорғар жабдық.
Үзік – туырлықтың жоғарғы жағынан, кереге басы мен уықтар байлауы тұсынан бастап шаңыраққа дейін жеткізіле жабылатын, толмаған Ай бейнелес пішілген екі бөлек үлкен киіз.
Жабық – үзік етегінің туырлықты баса жабылған тұсы.
Дөдеге – сән үшін үзіктің етегін айналдыра бөлек-бөлек бастырған өрнекті, алақандай жапсырма киіз.
Туырлық – үзіктің етегін ала жабылатын қалың киіз. Екі түрлі. Бірі – уықтың орта беліне дейін жететін жай туырлық. Екіншісі – шаңыраққа дейін жететін көтерме туырлық.
Жапсар – туырлықтардың өзара жалғасқан шегі.
Ірге киіз – туырлықтың жерге жетпеген етегінен керегенің аяғына дейін үйді айналдыра орай тартылған, баулар арқылы кереге шыбықтарына іліне байланған, ені бір метрдей киіз. Іргесі түріліп үй ауасы тазартылады.
Киіз есік – жоғарғы жағы үш бұрышты, төменгі жағы төрт бұрышты үзынша жабын. Түрмелі киіз есік деп те аталады.
Ергенек – үй есігінің алдына қоятын тосқауыл, есік бастырғыш.
Белдік ағаш – есіктің үй белдеуіне дәл келетін тұсының, іш жағына көлденең жапсырылған жұқа, енсіз тақтайша.
Уыққап – көшкенде тасымал кезінде сынбас үшін біріктіріліп, буылған уықтардың басына кигізілетін киіз не кенеп қап. Сыптығыр (көне атауы).
Ішкі көшкі – шаншылған уықтардың ішкі бетін саба, айнала ұсталған түрлі түсті әдемі мата.
Сыртқы көшкі – үзік пен туырлықтың үстіне жабылатын ақ мата.


3. Киіз үйдің бау-шуы ағаш жабдықтарды бір-біріне жалғастырып байлау және сәндік үшін қолданылады. Қой, түйе жүндерінен, жылқының қылынан есіліп тағылады.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіретін және уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан орай бастырып таңатын өрнекті жалпақ бау. Ұзындығы киіз үйді ішінен айналдыра орап шығардай, ені 20-30 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет