Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз


Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар



бет8/21
Дата22.02.2023
өлшемі53,5 Kb.
#69926
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:
1.Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
2.Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
3.Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
4.Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.
14. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналарын қарастыру қажеттігін дәйектеңіз.
Мұндай мағыналар қатарына сөздің түпкі мағынасы, туынды мағынасы және синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді: күн, таң, жаңбыр, өзен, бар, кел. Сөздің түпкі мағынасын айқындау үшін, этимологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сөздің ішкі формасын табу керек. Мәселен, ақ жауып арулау фразеологиялық тіркесіндегі арулау сөзіне назар аударайық. Бұл сөз алтай, сары ұйғыр, хакас, татар т.б. түркі тілдерінде тұлғалық жақтан арула//арығла түрінде кездесіп «тазалау, жуыну, жуу» мағынасында қолданылады. В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречии І‐ІҮ» еңбегінде ару (арыг, арік, ерік, ары) тұлғасы «таза, жақсы, кіршіксіз», «әулие» мағынасында кездеседі. Олай болса, арулау сөзінің түбірі ару//арығ түрінде дыбысталып, түпкі мағынасы таза, жақсы деген мәнді иеленген екен. Ш.Сарыбаев: «осындағы арығ сөзінің қазақ тілінде ару болуы ғ дыбысының түсіп қалуымен байланысты (салыстыр: сары ‐ сарығ, кіші ‐кішік, тірі ‐тірік», - дейдАл қазіргі қазақ тілінде ару қыз қолданысында әдемі, сұлу, ару ана тіркесінде ардақты, аяулы, құрметті деген мағынада жұмсалады. Олай болса, сөздің ішкі формасы бір‐бірінен алшақ кетпейді, сөз семантикасындағы қандай да бір семалық бөліктің тарылып, екіншісінің кеңеюі арқылы бұл сөз әдемі, сұлу, ардақты мағыналарда жұмсалатын болған.
Туынды мағына – басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып табылады. Сол себепті туынды мағына сөзжасам процесімен тікелей байланысты. Туынды мағына өзін тудырған сөздің алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді. Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш, буландырғыш, булы, булық деген сөздер туындаған.
Лексикалық құрамның толығып, сөздің ішкі мағынасының дамып отыруына байланысты туған синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар да лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады. Синонимдік мағына - екі не одан да көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақындығынан туған (ес-ақыл, жынды – нақұрыс); омонимдік мағына - іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бірдей тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) - бақыр (ұсақ ақша), от (жалын) – от (жердің шөбі); антонимдік мағына - бір деңгейдегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-бірне кереғарлығынан туған мағына (келу – кету, қатты - жұмсақ ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет