11. Ұғым және сөздің өзара байланысын салыстырып (ғалымдардың пікірлерін қосып), өз тұжырымыңызды жасаңыз. Мысалдармен дәлелдеңіз. Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім. Ұғым мағынамен байланысып,оймен,ойлаумен ұштасып жатады. Ойлау мен сөзді бірінен- бірін тағы да бөліп алуға келмейді. Бірақ екеуін біріне тепе-тең деп қарауға да болмайды. Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қирамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді. Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады. Ұғымды қалыптастыруға, оны айтуға сөз керек болды. Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін. Ұғым түйсіктен басталады. Табиғаттағы (сырттағы) зат адам түйсігіне әсер еткенде адам ойлай бастайды. Философияның заңы бойынша кез –келген көрінген зат адамда ой тудырады. Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды. Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз – түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады. Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды. Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады.
Мағына –ұғымның қалыптасқан, айқындалған түрі. Мағынаның ұғымнан айырылатын мынадай ерекшеліктері бар: 1) ұғым категориясы дүние жүзіндегі тілдердің бәріне де ортақ, бәрі де тас, ағаш, көл, тау, жақсы, жаман дегенді ұғады, яғни ұғым қай халыққа болсын бірдей. Ал сөздің мағынасы бәрінде бірдей емес, онда (сөз мағынасында) ұлттық ерекшеліктің ізі болады. Әсіресе бұл ерекшелік сапаны белгілеуде айқын көрінеді. Ұғым ұлттық ерекшелік жоқ десек те болады. Мысалы, қазақ тілінде көмір деп сөнген шоқты түсінсек, шоқ деп жанған күйін айтамыз. Шынында, бұл екі сөз екі түрлі заттың атауы емес, заттың екі түрлі күйін білдіреді. Бірақ екеуі екі басқа, біріне-бірі қаттыссыз атау болып сезіледі. Ұғымның мәні- сөз мағынасынан гөрі кеңірек, әрі жалпылау.
13. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтерінің жіктелуін көрсете отырып, мысалдармен дәйектеңіз.
Сөздің лексикалық мағынасы деп, әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасын айтады. Сөздің лексикалық мағынасын тура негізгі мағынасы деп атайды.
Ал, сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындап, саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Мыс: Бала кітап, жолдас, алып, оқыды әрқайсысының лексикалық мағынасы бар. Осыны Бала кітапты жолдасынан алып оқыды. Бала – заттық атауды білдіруі лексикалық мағынасы, ал жекеше екендігі және атау септігінде туруы грамматикалық жағы. Кітапты – бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар. Жекешелік және табыс септігінің жалғауы – грамматикалық мағыналары. Жолдасынан – бір лексикалық, үш грамматикалық мағына бар. 3. Жекешелік - ы – тәуелдік жалғау, нан – шығыс септігінің жалғауы. Алып – ал қимыл атауы, ып – көсемше грамматикалық мағынасы. Оқыды – ды – өткен шақ, үшінші жақ грамматикалық мағынасы.