3. Лексикологияның мақсаты мен зерттеу нысаны туралы түсінік, зерттеулерді кестеге салыңыз.
Мақсаты: Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық тармақ болып қарастырылады. Әрбір тілдің сөздік құрамында қаншама көп болғанымен, олар бір-бірімен байланысты. Өзара жүйе ретінде өмір сүреді. Әрбір тілдің лексикологиясы нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Атауы
|
Анықтама
|
Этимология
|
Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.
|
Семасиология
|
Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.
|
Лексикография
|
Лексикологияның лексикография саласы сөздіктер, олардың түрлерін қарастырады. Грекше лехис – сөз және грапхо «жазамын» сөзінен жасалған. Лексиканың қарастыратыны – табиғат пен қоғамдағы сан алуан құбылыстар мен заттардың аттары болатын дербес сөздер. Сөз жеке нәрсені аңғартады, сонымен бірге оның жалпылама мәні болады. Мыс: өзен, тау жалпы атама.
|
Фразеология
|
Фразеология турақты сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын қарастырады. Фразеология – phrases «сөйлемше» және логос «ілім» жасалған.
|
4.Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз.
Қазақ тілі лексикологиясы қазақ тіл білімінің фонетика және грамматика салаларымен тығыз байланыста болады. Фонетикамен байланысы қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мыс: ақ-а/қ дыбыс тіркесімен айтылып түсті білдірсе, бутақ – заттық уғымды, бес – сандық, бару-қимылдық ұғымды білдіріп тур. Сөздердің бір-бірінен ажыратылуы да фонемалардың саралап ажыратушы қызметіне байланысты. Мыс: сан, сен, бар, бер, бүр, кел, кәл, күл, кіл т.б. Тіл дыбыстары әдетте, сөз ішінде айтылады, сөзден тыс өздігінен өмір сүре алмайды.
Лексикология әсіресе грамматикамен байланысты. Тілдегі сөздер номинативті (атау) қызметпен бірге, грамматикалық қызмет те атқарады. Сөздер жеке дара күйінде емес, өзара байланыста қолданылады. Мыс: Жулдыз сабақ жақсы оқы. Осындағы сөздердің жеке турғандағысы – лексикалық мағыналары. Ал, грамматикалық турғыдан алғанда Жулдыз, сабақ – зат есім, жақсы – сын есім, оқы – етістік. Әрқайсысы сөйлемнің дербес мүшелері қызметінде жұмсалады. Мыс: Жулдыз – бастауыш, сабақты – толықтауыш, жақсы – анықтауыш, оқиды – баяндауыш. Міне, сөздің грамматикамен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |