Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз



бет6/21
Дата22.02.2023
өлшемі53,5 Kb.
#69926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
С е ма с и о л о г и я (гр. semasia — мән, мағына + logos — ілім сөздерінен)
сөздердің мағыналық құрылымын зерттейді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.
10. Сөз – лексикалық бірлік ұғымын кеңінен ашып, мысалмен дәйектеңіз.
Сөз — тіл білімінің барлық саласынын негізгі зерттеу объектісінің бірі болып саналады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің универсалды касиетін емес, олардың күрделі құбылыс екендігін білдіретін бір белгісі ғана. Сондықтан да сөздерді фонетикалық жақтан ғана талдап, барлык, қасиеттерін анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ сөздерге грамматикалық жақтан талдау жасау мүмкін, бірақ сөздердің барлық касиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашу мүмкін еместігін жасыруға болмайды. Фонетиканың ең кіші элементі болып саналатын фонема болсын, грамматиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын — барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер.
Сөз — мағына мен дыбыстардың бірлігі. Бұл аныктама оқулықтарда көп кездеседі. Байыптап қарайтын болсақ, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатындығы анық. Дыбысталусыз сөз болмайтыны сияқты, мағынасыз да сөз болмайды.
Бірақ бұл анықтама сөздердің барлық касиеттерін анықтап бере алмайды. Мысалы, бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр түрлі сөз арқылы беріледі. Салыстырыңыз, қазақша нан, орысша хлебу азербайжанша чөрек, немісше das Wrot. Тіпті мұндай бір мағынаны басқа-басқа сөздер арқылы беру туыстас тілдер арасында да байқалады. Мысалы, қазақша қара, әзірбайжанша бах; қазақша жалаңаіи, әзірбайжанша лүт, чылпаг; қазақша аяныиі, әзірбайжанша языг, ейф, құмықша язығ, ажиз, татар тілінде кызганыч, т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет