Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін
түрлерін/ стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
Бағалаукритерийі Білімалушы
Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді (түрін/жанрын) салыстырады
Ойлаудағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Берілген мәтіндерді оқы және салыстыр. Кестені толтыр.
Олардың қандай ұқсастығы бар.
Дескриптор Білімалушы
мәтіндердің түрін ажыратады;
мәтіндердің жанрын анықтайды;
мәтіндердің ұқсастығын сипаттайды.
Бөлім: Жазылым
Бөлімше3.3Түрлістильдемәтінжазу
Оқу мақсаты
3.3.2.1Өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Өзіндік іс-әрекетін сипаттап күнделік жазады
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Оқушы күнделігінің үзіндісін оқы.
1-шілде Бүгін атамның үйіне қонаққа барамын. Атам Іле Алатауының баурайында тұрады. Алақай! Таулы аймақтың жазы қандай болатынын көремін.
5-шілде Атамның ауылына келгеніме бірнеше күн болды. Ауа райы ыстық емес.
Әсіресе, кешке қарай салқын. Шіліңгір ыстықтан кейін рақат екен!
шілде
Бүгін тауға шықтым. Керемет! Аспанда аппақ мамық бұлттар көшіп барады. Тура төбемде жылжып бара жатқандай. Қолымды созып, шап беріп ұстап алғым келді. Бірақ қолым жетпеді. Таудың басындағы аппақ қар күнге шағылысып, көзді қарықтырады.
Үлгіге сүйеніп, өзіңнің үш күндік іс-әрекетіңді күнделік түрінде жаз.
Дескриптор
Білімалушы
күнделік жазу стилін сақтайды;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.
Бөлімше3.5Қатенітабужәнетүзету
Оқу мақсаты
3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Өлеңді көркем жаз.
Зымырандай ғимарат Алыстан көз тартады. Әлемге аян атағы: 155 метр –биік ол, Бұлттан да әрі асады. Қиюласып тастар нақ,
Кеткен шырқап аспандап: 34 қабат үй емес,
Көкке бастар баспалдақ.
Дескриптор
Білімалушы
бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.
өлеңді қатесіз жазады.
Бөлімше3.7Пунктуациялықнормалардысақтау
Оқу мақсаты
3.3.7.2 Мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Берілген сөйлемдерді оқы. Бастауыш пен баяндауышқа сұрақтар қой. Олар қай сөз табынан жасалған? Не байқадың? Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын 2 сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор
Білімалушы - бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін түсіндіреді;
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға
сөйлеммен мысал келтіреді.
Менің шахтаны көргім келді. Көкем сыйлаған қолшамды алып, шахтаға келдім.Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп
есіктен өтіп, үл ішінен қоңыра жағында тұрға
Дескриптор
кен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор у шылдырлады. Мұртты ағай тордың есігін жапты. Темір есіктің арғы н шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.
Білімалушы
сөйлемдерді қатесіз көшіреді;
тұрлаулы мүшелерді анықтайды.
Бөлімше4.2Грамматикалықнормалардысақтау
Оқу мақсаты
3.4.2.8 Мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінен жайылма сөйлемдерді тауып, жалаң сөйлемге айналдырып жаз.
Жаз келді. Демалыс басталды. Әли мен Айя Астанаға келді. Қаланың көрікті жерлерін аралады. Оларға Бәйтерек ғимараты өте ұнады. Олар қалада ұзақ
қыдырды.
Дескриптор
Білімалушы
жайылма сөйлемдерді анықтайды;
жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазады.
ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше1.1Тыңдағанматериалдыңмазмұнынтүсіну
Оқу мақсаты
3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
Қазақ халқының би өнері жақсы дамыған. Ол ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Қазақ халқының бишілері де көп болған. Менің де биші болғым келеді, сондықтан би үйірмесіне барып жүрмін.
Сахна – бишілер үшін ең қастерлі, ең қасиетті орын. Би өнерінің жолы жеңіл емес екен, сондықтан би үйірмесіне жұма сайын барып тұрамын. Үйірменің жетекшісі – Майра апай өз уақытын аямай аптасына төрт рет бізге сабақ береді. Сабақтары өте қызықты.
Би өнері – өте қиын өнер екен, сондықтан оны ұзақ үйрену керек.