Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет3/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлімше1.2Мәтінніңмазмұнынболжау

Оқу мақсаты




3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/ диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?

Тышқанның айласы







  • Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып, мәтін құрастыр.




    • Оқиға неден басталды?

    • Оқиға қалай жалғасты?

    • Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың?

Дескриптор

Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

  • сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Оқу мақсаты




3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады

  • Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұл оқиға қай жерде болды? Қыз бала не істеді? Олар не туралы сөйлесуі мүмкін?






  • Сурет бойынша диалог құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы

  • сурет мазмұнына сәйкес диалог құрастырады;

  • тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Оқу мақсаты




3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген жоспар бойынша «Көше тәртібі» тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.


Жоспар:
1.Арманның дүкенге баруы 2.Жолдағы оқиға
3.МАИ қызметкерінің кеңесі


Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол, МАИ қызметкері, жол тәртібін білу, аман-есен жүру



Дескриптор



Білім алушы

  • жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;

  • тірек сөздерді орынды пайдаланады;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару

Оқу мақсаты




3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
«Табиғат - ортақ үйіміз» дегенді қалай түсінесің? Сурет бойынша қаратпа сөздерді қолданып, табиғатты қорғауға қатысты ойыңды жеткізуге тырыс.








Дескриптор



Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес дәелді ой қорытып айтады;

  • қаратпа сөздерді қолданады;

  • сөйлеу мәдениетін сақтайды.

Бөлім: Оқылым





Бөлімше 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

Оқу мақсаты




3.2.1.1 Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің түрлерін ажыратады

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз

Қамқорлық


Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді. Таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.

  • Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Ойыңды дәлелде.



Дескриптор



Білім алушы
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.
-мәтіннің түрін анықтайды және негіздейді.

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты




3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.

Үй шаруасы

Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.



  • Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?

  • Қолым тимеді, ағай!

  • Не істедің?

  • Үй шаруасымен айналыстым.

  • Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?

  • Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр. Мұғалім аяғандай болды.

  • Отыра ғой,шырағым!- деді.

Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік.
Аттарына, сиырларына шөп салыстық.



Дескриптор



Білім алушы

  • мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.




Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты




3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

  • Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы

Жаз.
Өрісте лақ, құлын, қозы үшеуі кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын ойнайтындарын талқыға салды. Сөзді ақ лақ бастады.



  • Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан-тасқа секіріп ойнау. Әрі қан тарайды, әрі миың тынығады, —деді. Қошақан лақтың сөзін жаратпады.

  • Секіріп, шошаңдап ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарша сүзісіп ойнау. Әрі күшің толады, әрі құмарың қанады.

  • Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік,— деді құлын.

Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры бір-бірімен келісе алмай, тарап кетті.



    • Мәтін не туралы?

    • Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?

    • Мәтіннен қандай ой түйдің?

    • Мәтінге ат қой.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннің тақырыбын анықтайды;

  • мәтіннің негізгі ойын тұжырымдап айтады;

  • мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасайды;

  • мәтін мазмұнына сәйкес ат қояды.



д

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты




3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді

  • Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының еңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын үсіндір.

Қайың
Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп. Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөппен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет. Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді.


Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.



  • Сен үшін мәтіндегі қай ақпарат маңызды болды? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндегі белгіленген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • мәтіннен маңызды ақпаратты анықтап, негіздейді.




т





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет