Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет6/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлімше1.6Тыңдарманныңназарынаудару

Оқу мақсаты




3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Қаратпа сөздерді қолданып, сурет бойынша жарнама құрастыр.



Күні: Уақыты: Өтетін орны:



Дескриптор



Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес жарнама құрастырады;

  • қаратпа сөздерді орынды қолданады.




Бөлімше 1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Оқу мақсаты




3.1.7.1 Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл, т.б.)

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген сөздерді оқып, айтылуы бойынша жаз. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.


Қонысбек сенбі Жангүл Жаңақорған

Аманкүл сәнқой Дүйсенқали жаңбыр



  • Қай дыбыс өзгеріп айтылды? Қандай дыбысқа өзгерді?

Дескриптор

Білім алушы

  • сөздерді айтылуына сәйкес жазады;

  • сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты сипаттайды.



Бөлім: Оқылым





Бөлімше 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

Оқу мақсаты




3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.

Мен таба алмай бұрышты,


Қарадым бар қуысты. Таусылған соң шыдамым, Інімнен кеп сұрадым.
Мен іздесем бұрышты,
Көрсетті- ау ол бұрышты.



  • Берілген сөздерді тура және ауыспалы мағынада қолдануға мысал келтір.



Тіл, терең, бет, жылы, көз


Тура мағынада Ауыспалы мағынада


















Дескриптор



Білім алушы

  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • сөздерді тура мағынада қолдануға мысал келтіреді;

  • ауыспалы мағыналы сөздерді анықтайды.

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты




3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.

Сабақтан кейінгі уақыт


Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Мектепте «Қызықты грамматика», «Шахматшылар», «Көркем өнер», «Математика әлемінде» т.б үйірмелер бар.


Жандос екеуміз «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамыз. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Жуырда досым екеуміз олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық. Біздің ойымызша, бұл ең қызықты үйірме. Ал Досжанның пікірі бойынша «Көркем өнер» үйірмесі ең қызықты. Өйткені бұл үйірмедегі жас «әртістер» мектепте ғана емес, жиындарда, ата-аналар алдында да өнерлерін көрсетіп тұрады.
Біздің сабақтан кейінгі уақытымыз осылай қызықты өтеді.

  • Олар нешінші ауысымда оқиды? Белгіле (🗸).

бірінші ауысымда екінші ауысымда





  • Балалар қайдан жүлделі орын алды?

концертке қатысты пәндік олимпиадаға қатысты





  • Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге арналған 1 сұрақ құрастырып жаз.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;

  • сұрақтың құрылымын сақтайды.




Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты




3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
Бір дана адам шәкірттерін жинап алып, бос құмыраны таспен толтырыпты да, олардан

  • Құмыра толы ма? – деп сұрапты.

  • Иә, – деп жауап беріпті шәкірттері. Дана кісі бұршақ толы банканы алып, түгелде құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерлерді толтырды.

–Енді құмыра толы ма? – деп сұрайды. Шәкірттері бас изейді. Енді ол құмыраға құ салады. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Ол шәкірттері тағы да сол сауалды қойып, «иә» деген жауап алады. Содан соң су толы кесені алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі.
Сонда дана кісі былай депті:

  • Мына құмыра – біздің өміріміз. Тас – өміріміздің басты бөліктері:балалар, отбасы достар, денсаулық. Бұршақ – бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрс емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар т.б. Құм – кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқ да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, ең бастысына уақытың жетпейді...




    • Мәтінге ат қой.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды;

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды.




Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты




3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді

  • Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесің? Түсіндірмелі сөздіктен мағынасын анықта.
Көне Отырар


Көне Отырар – 2000 жыл өмір сүрген қала. Отырарда қаңлы, қоңырат т.б. тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған. Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың назары көп түскен.
Мықты қорғанысы бар Отырарды монғол басқыншылары алты ай бойы жаулай алмаған. Кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған, қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50 жылдан кейін ғана қайта өмірге келді.



  • Мәтіннен маңызды деген ақпараттарды тауып оқы.

Дескриптор

Білім алушы

  • белгіленген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет