Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет4/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлім: Жазылым




Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу

Оқу мақсаты




3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жоспар бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып жазады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, әңгімелеу мәтінін құрап жаз.


Жоспар



  1. Балапандарға арналған ұя




  1. Балапанның ұядан құлап түсуі




  1. Балалардың қамқорлығы




  1. Қараторғайлардың алғысы

Тірек сөздер: көктем, қараторғай, ұя, үш балапан, пайда болу, құлап түсу, ала мысық, шырылдап ұшу, құтқару, қаша жөнелу, шат-шадыман, әсем әуен.

Дескриптор

Білім алушы

  • жоспарға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

  • тірек сөздерді орынды қолданады;

  • сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

  • сөйлемдерді қатесіз жазады.

Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба
жұмыстар жазу

Оқу мақсаты




3.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Түлкі мен ешкі


Бір түлкі далада жортып келе жатып, байқаусызда апанға түсіп кетеді.
Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.
Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның түбіндегі түлкіні көрді. Одан апанда тұруының себебін сұрады. Түлкі апанның іші салқын,түбінде мөлдір суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті.
Осыны күтіп тұрған түлкі бірден ешкінің үстіне секіріп мінді. Одан мүйізіне мініп, апанның сыртына қарғып шығып кетті.



  • Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.




    1. Оқиға неден басталды? 2.Содан кейін не болды? 3.Түлкі не істеді?




  • Құрастырған жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтін бойынша жоспар құрастырады;

  • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;

  • сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

  • орфографиялық нормаларды сақтап жазады

  • пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.










Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты




3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыныс белгілеріне қатысты қателерді тауып,түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңдегі тыныс белгілеріне қатысты жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.

Атаммен әңгіме


Өмірде ата, кім мықты?! Айтқан адам шындықты! Өмірде, ата кім әлсіз.


Надан, Жалқау, Шыдамсыз!
Өмірде не ең жаман. Сақтай алмау елді аман!



Дескриптор



Білім алушы

  • тиісті тыныс белгілерін қойып, жазады.

  • мәтінді қатесіз көшіреді.




Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.

Торғай
Мен торғаймын, торғаймын, Суықтан да тоңбаймын.


Құрт - құмырсқа, шіркейден Бау - бақшаны қорғаймын.



Дескриптор



Білім алушы

  • бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;

  • әріптердің мөлшерін сақтап жазады;

  • әріптерді үзбей, көлбеу жазады;

  • әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.




Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




3. 3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қаратпа сөздерді ажыратады

  • Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңнен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшір. Кейіпкерлердің берген жауабын қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Кім қайда барады?





  • Атай, қайда барасыз?

  • Немереме базардан Қауын, қарбыз әкелем.

  • Әжей, қайда барасыз?

  • Немереме қыздардан Сағыз сұрап әперем.

  • Ағай қайда барасыз?

  • Балам жақсы көретін Қарап жүрмін күшік мен.

  • Апай қайда барасыз? Балам қыста киетін Іздеп жүрмін ішік мен.



Дескриптор



Білім алушы

  • қаратпа сөзі бар сөйлемдерді анықтайды;

  • қаратпа сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды;

  • қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды.



Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы





Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




3.4.1.1 «э», «ф», «в», «ц» әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • э, ф, в, ц әріптерінің жазылу емлесін сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттегі заттардың атауын жаз. Э, ф, в, ц әріптерінің астын сыз. Әр әріпке қатысты бірнеше сөз тауып жаз.






1) 1) 1) 1)


2) 2) 2) 2)



  • Әр әріпке қатысты 1сөзбен сөйлем құрастырып жаз.



Дескриптор



Білім алушы

  • суреттердің атауын әріп емлесін сақтап жазады;

  • э, ф, в, ц әріптеріне қатысты сөздерді жазады;

  • сөйлем құрылымын сақтайды.

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




3.4.1.3 «ч», «щ» әріптері бар сөздердің емлесін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ч, щ әріптері бар сөздерді қатесіз жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Құрамында ч әрпі бар сөздерді жатқа жаз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.

Чертеждардың жаңасын Чуваштармен таныстым, Шабаданға салдым да, Чили жерін көрмедім.


Чехтың кездім қаласын, Чукот тауын әрі астым, Черкес жатты алдымда. Чукча жерін өрледім.



Дескриптор



Білім алушы

  • ч әрпі бар сөздерді қатесіз жазады;

  • ч әрпі бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау Оқу мақсаты 3.4.1.4 «х», «һ» әріптері бар сөздерді ажыратып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Х, һ әріптері бар сөздерді ажыратады




Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану



Тапсырма
Көп нүктенің орнына «х» және «һ» әріптерін тиістісін жаз.



Дескриптор Білім алушы

  • х әрпі бар сөздерді ажыратады;

  • һ әрпі бар сөздерді ажыратады.

2-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым











Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

Оқу мақсаты




3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/ диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Осы оқиғадан соң не болуы мүмкін? Берілген тақырып пен сурет бойынша мәтін құрап айт.


Аяныш




Дескриптор

Білім алушы

  • сурет пен тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;

  • мәтіндегі оқиғаны жүйелі баяндайды;

  • сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Оқу мақсаты




3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады

  • Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет