«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оның артына қалдырған ғылыми мұраларының салаларын есте сақтаңыздар



бет69/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   204
170-тапсырма. Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оның артына қалдырған ғылыми мұраларының салаларын есте сақтаңыздар.




























5-апта. 14-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш.
171-тапсырма. Мұхаммед пайғамбардан кейінгі мұсылмандар әулие тұтқан киелі адам – Қожа Ахмет Яссауи туралы мәтінді мұқият оқып, түсініп, мазмұндаңыздар.


Түркі халқының ұлы ақыны, діни поэзияның негізін
салушы – Қожа Ахмет Яссауи ( ?-1166)

Қожа Ахмет Йассауи – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын. Өз аты – Ахмет, есімінің алдындағы «қожа»­ мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йассауи»­ ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ Йасы қаласы оның туған жері емес, оның бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.


Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни идеялардың ірі насихаттаушысына айналады.
Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы, әрі тәрбиешісі атақты Арыстан баб болған. Ел арасында қалған аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбар мұсылман діні туралы «аманатын»­ Арыстан бабқа табыс етеді. Одан кейін арада 500 жыл өтеді. Бір күні Арыстан баб даланы кезіп жүрген 11 жасар балаға жолығады. Бала: «Ақсақал, аманатты маған беріңіз»,- дейді. Сол бала Ахмет еді. Сөйтіп, ол «аманатты» алады.
Қожа Ахмет Яссауи Мұхамед пайғамбардан кейінгі мұсылмандар әулие тұтқан
киелі адам саналады. Арыстан бабты жерлегеннен кейін Қожа Ахмет Бұхараға көшіп барады. Онда ол атақты Қожа Юсуп Хамадани шайхында сопылық оқуын оқиды. Кейін Ясы (Түркістан) қаласына ауысады. Түркістан Ахмет Яссауидың дінді уағыздаушы ретінде ұзақ жыл қызмет еткен киелі мекені болады. Ол ғұмырының көбін осында өткізеді, осында жерленеді.
Қожа Ахмет түркі халқының ақыны ретінде әйгілі. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» («Хикмет жинақ»). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Аталған кітабында ол сопылық танымды негіз етіп алады. Онда бала күнінен бастап, пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте көрген азабын, қайғысын айтады. ­ Бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың­, бектердің, қазылардың (билердің) жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл өмірдің жалғандығын білдіреді, адамдарды қайырымдылыққа уағыздайды, әділеттілікті жақтайды. Оның өлеңдері қарапайым халық арасында ауыздан-ауызға жатқа айтылып, кең тараған.
Сонымен қатар, Қожа Ахметтің «Диуани Хикмат» еңбегінен қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет 1166 жылы қайтыс болады. Түркістан қаласында жерленген. Оның басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Кейіннен Қожа Ахмет Йассауидың өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналады.


Сөздік:
уағыздаушы – проповедник сопышылар – софисты
сопы – праповедник; аскет; подвижник бек – аристократ; феодал
сопысыну – считать себя подвижником ислама
әулие, қасиетті – безгрешный; святой
аманат – поручение; вклад; заклад; залог
уағыз – заповедь; пропаганда; увещевание; проповедь
қайырымдылық – великодушие; отзывчивость; чуткость; милосердие
сопылық – аскетизм; затворничество; подвижничество; подвижнический

172-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.


1. Қожа Ахмет кім? 2. Оның есімі қандай мағына береді? 3. Ол қай жерде дүниеге келген? 4. Қожа Ахмет нені насихаттаған? 5. «Аманатқа» байланысты қандай аңыз-әңгімелер бар? 6. Оны кімнен кейінгі киелі адам деп санаған? 7. Қожа Ахмет ұзақ жылдар бойы қай жерді мекендеген және онда қандай қызмет атқарған? 8. Оның қандай ірі шығармасын білесіздер? 9. Ол еңбегінде нені баяндаған, кімдерді сынаған? 10. Оның өлеңдері қарапайым халыққа қалай жеткен? 11. Қожа Ахметтің «Диуани Хикмат» еңбегінен қандай бағалы деректерді табуға болады? 12. Ол қашан, қай жерде жерленген?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет