Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Пунктуацияны меңгертуге арналған оқу мақсаттарын (5-9 сыныптар бойынша) талдап жазыңыз



бет11/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
СЕС (ҚТОӘ) (копиия)

18.. Пунктуацияны меңгертуге арналған оқу мақсаттарын (5-9 сыныптар бойынша) талдап жазыңыз.
Жауап: 5.4.5.1 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану 7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші)дұрыс қолдану 8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану 9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану. Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы. Пунктуация жазылған мəтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мəнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау. Яғни, пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру – адамның сауаттылық мəдениетін арттырады. Мектеп оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту əдістемесі қарастырады. «Əдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады: 1) орфографиялық норма; 2) орфоэпиялық норма; 3) лексикалық норма; 4) грамматикалық норма; 5) пунктуациялық норма. Пунктуацияны меңгертуге арналған оқу мақсаттары: 5 сынып. пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. 6 сынып. пунктуациялық норма: қазақ тіліндегі тыныс белгінің түрлері, даралаушы тыныс белгілері. 7 сынып. пунктуациялық норма: сөйлем соңында жəне сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы жəне ерекшелеуші) дұрыс қолдану 8 сынып. пунктуациялық норма: қабаттаса қолданылатын тыныс белгілері. 9 сынып. пунктуациялық норма: құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану.



19. Қазақ тілі пәнінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуды талдап жазыңыз. Қазақ тілі сабағында «Сократтық семинар» әдісін пайдалануға мысал келтіріңіз.


Жауап: Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың жақсы бір үлгісі сократтық семинар әдісі. Бұл жерде балалар екі шеңбер болып тұрады. Ішкі шеңбер өз пікірлерің айтып талқыға түседі. Ал сыртқы шеңбер сырттай бақылай отырып, өз пікірің айтарда ішкі шеңбермен алмасады. Мысалға, алтыншы сыныптың бірінші тоқсанында ұлттық және отбасылық құныдылықтар бөлімі бойынша ұйымдастыруымызға болады. Оқушылардың түсінігінде құндылық дегеніміз не? ұлттық және отбасылық құндылықтарға нелер жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет