22. Ізгілендіру қағидасын шарттарын жіктеп жазыңыз. Өз тарапыңыздан қандай шарт ұсынасыз. Неге? Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.
Ізгілендіру принципінің шарттары:
• оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;
• оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;
• үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
• баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;
• қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;
• жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;
• баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою;
• оқушының табысына шынайы түрде қуану;
• баланың көңіл-күйін ескеру;
• баланың дене кемістігін сөз етпеу;
• баланың өздігін баспау;
• балаларды басқа балалармен салыстырмау;
• баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.
23. Сөз және оның мағыналарын талдай білу дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлерін сипаттап жазыңыз. Талдау үлгісін жасаңыз. (Апайдан сұрау) Жауап: Б. Сағындықұлы: «Тіл үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп отыратын тарихи категория. Жетіліп, ұштасып, қалыптасу процесі өздігінен жүрмейді, белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Жалпы заңдылықтардың лексикадағы көріністері өз алдына бір шоғыр».
Оқушы лексикалық қорды жетік игере отырып, ана тіліндегі сөз мағынасының дамуы, олардың шығу тегі, қолдану аясы жөнінде білім алады. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер мен омонимдер, синонимдер мен антонимдерді жете білуі арқылы қазақ тілінің сөз байлығын, мағыналық қыр-сырын меңгереді.
Лексика тарауын оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі оқушының дұрыс сөйлеуін қ алыптастыру, ойын анық та айқын жеткізуге дағдыландыру болып табылады. Оқушы сөздік қор мен сөздік құрамды жете меңгермей, тілдік қатынасты толық игере алмайды.
Ш.Байменова: «Сөздерді меңгерту үшін істелінетін жұмыстың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау мәселелері лексикалық мағыналарын дұрыс түсініп, дұрыс қолдануға төселдіреді. Әрі сөздердің тез ұмытылуын тежейді».
• Кітап оқуға дағдыландыру (көркем шығарма)
• Теориялық білімді практикада қолдану.