Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Ойын технологиясының артықшылықтарын негіздеп жазыңыз. Көнерген және неологизмдерді меңгертуде пайдалануға болатын ойын түрлеріне мысал келтіріңіз



бет17/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
СЕС (ҚТОӘ) (копиия)

49. Ойын технологиясының артықшылықтарын негіздеп жазыңыз. Көнерген және неологизмдерді меңгертуде пайдалануға болатын ойын түрлеріне мысал келтіріңіз.
Н. Крупская :” Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірдегі қажетті дағдыларды игеру үшін берілген”- деген пікір айтады.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы, олар
арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойындарды дене ( қозғалыс ), ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
Ойын:
- сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
- сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
- сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тəжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мəселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы əрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. 10. Ойын материалдары дəстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нəтижесі, өз жетістіктері, əсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек əңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет