Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет34/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
73 
ғылым саласы. Осы ғылым арқылы адамның дүниетаным көкжиегі 
кеңейе түседі. Адам өзін-өзі тануына, кемелденуіне жол ашады. 
Нумерологияның екі қыры болады. Біріншісі, сандардың 
жағымды, дұрыс мағынасы. Мұнда сандар адамның өмірден дұрыс 
жолдарын 
тауып, 
өзінің 
рухани 
танымын 
дамытып, 
мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Ал екінші, теріс, жағымсыз 
қыры. Мұнда адамның болашағы бұлыңғыр, жолына кедергі 
болатын қадамдарға жетелейтін сандардың сипаты туралы 
айтылады. 
Нумерология ғылымының негізгі мақсаты адамның өмірінде 
жетекші рөл атқаратын сандардың ықпалын анықтау болып 
табылады. Ондай сандарға мыналарды жатқызамыз: 
1. 
Өмір жолы сандары (адамның туған күні (датасы)). 
2. 
Білдіру (выражения) сандары (адам есіміндегі әріптердің 
суммасы) 

3. 
Тұлғалық сандары (адам есіміндегі дауыссыз дыбыстардың 
суммасы). 
4. 
Рух сандары (адам есіміндегі дауысты дыбыстардың 
суммасы). 
5. 
Кемелдену сандары (туған күн датасы мен есім санының 
суммасы). 
Осы аталған сандар адамның жалпы нумерологиялық портретін 
ашып береді. Нумерологияны зерттеу арқылы адам тек өзін-өзі 
ғана тұлға ретінде қалыптастырмайды, сонымен қатар айналасын 
жақсы түсінуге мүмкіндік береді [2, с.7] .
Ғаламның жаһандық универсал заңдары болатыны белгілі. Бұл 
заңдар адамның оларды сезуіне не болмаса сезбеуіне тәуелді емес 
және олар өзгермейді. Мұндай универсал заңдар нумерологияда да 
қолданылады. Нумеролог ғалым С. Некрасова оларды былайша 
жіктейді:
1. Өмірде кездейсоқтық болмайды. Әр нәрсенің өз себебі болады. 
(Случайностей не бывает. У всего есть свои причины).
2. Дүниедегі оқиғалардың бәрі Құдіретті жоспарға сәйкес болып 
жатады. Адам өз өмірінде осы жоспарды қалай, қайтіп жүзеге 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
74 
асырады деген құқыққа ғана ие. (Все происходит в соответствии с 
Божественным планом. Мы обладаем свободой выбора, как, и 
каким образом реализовать этот план в своей жизни). 
3. Өмір қалай болу керек болса, солай реттеледі. Қателік 
болмайды. (Жизнь складывается так, как должна сложиться). 
4. Егер адамға бір нәрсе дұрыс болып көрінсе, ол бәріне де дұрыс 
болады. (Если что то правильно для вас, то это правильно и для 
всех). 
5. Адамға ешқашан шамасынан артық нәрсені міндеттемейді. (На 
нас никогда не возложат больше того, с чем вы можете справиться) 
[2, с. 7-8].
Жоғарыда келтірілген заңдардың жалпы адамзатқа ортақтығын 
байқауға болады. Бұл жерде адамның қандай дінді ұстанатыны 
қарастырылмаған. Мәселен, Ислам дінінің қағидалары осы 
заңдармен сабақтас десек артық айтқандық болмас. Құран 
кәрімнен бір мысал келтірер болсақ, соңғы бесінші заңдағы адамға 
шамасынан артық нәрсені міндеттемейді деген жолдар Бақара 
сүресінің соңғы 286-аятындағы «Алла (Т) кісіге шамасы келетін 
міндетті ғана жүктейді; Істеген жақсылығы өз пайдасына да, 
жамандығы зиянына...» сөздермен сәйкес келетінін байқаймыз [3, 
б. 604]. Келтірілген үзіндіге қарап Жаһандық заңдардың кездейсоқ 
емес, шынында Жаратушы тарапынан болатынын түсіну керек деп 
санаймыз. 
Ежелгі өркениеті дамыған Египет, Қытай, Үндістан, Вавилон, 
Аравия, Иран және Түркілер мемлекеті сияқты елдердің 
мәдениетінде 
өздеріне 
тән 
нумерологиялық 
дәстүрлері 
қалыптасқан, күні бүгінгі дейін дамып келеді. Ол кезде сандарға 
қатысты 
ғылым 
арифмомантия 
деп 
аталған. 
Қытай 
нумерологиялық дәстүрі қазіргі таңға дейін Фэн-шуй принципі 
шеңберінде дамып келе жатыр. Фэн-шуй ғылымы жайында ғалым 
С. Некрасова былайша пікір білдіреді: «Наука Фэн-шуй изучает 
структуру потока энергии жилого пространства вашего дома и 
предметов, размешенных в нем (то есть внешний мир)» [2, с. 9]. 
Қытай нумерологиясына зерттеу жүргізген ғалым ары қарай Фэн-
шуй ережесі бойынша үйдің кеңістігіндегі энергияны өзгертуге 
мүмкіндік береді. Сол сияқты адам өз өмірін де өзгертуге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет