Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет33/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124
 
 
 
 
 
 
 
БӨЛІМ 5 
 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНІҢ 
НУМЕРОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҰҒЫМДЫҚ ТАНЫМ 
 
Рауан Орикбаевна Досымбекова 
 




Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
71 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНІҢ 
НУМЕРОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҰҒЫМДЫҚ ТАНЫМ 
Рауан Орикбаевна Досымбекова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ph. D. 
Алматы қ., Қазақстан, e-mail: rauan-d@mail.ru 
Қоршаған ортадағы кез келген заттар мен құбылыстардың немесе 
дүниенің беймәлім сырларын, пайда болу тарихын зерттеп білмей, 
оның ішкі мәнін, мағынасын, танымдық сипатын түсіне 
алмайтынымыз белгілі. Зерделеп отырған тақырыбымыздың 
негізгі мақсатына жету үшін зерттеуді алғашқы қоғам 
адамдарының 
идеологиялық 
көзқарасынан, 
олардың 
дүниетанымдық ұғымдары мен сандардың шығу тарихы, оның 
ішінде кейбір сандарға ерекше қасиет берілу себептерін сөз етуден 
бастауымыз 
қажет. 
Өйткені 
кез 
келген 
халықтың 
дүниетанымының түп-төркіні алғашқы қоғамдық кезеңдегі 
адамдардың магиялық ұғымдарынан бастау алады. 
Сандар жүйесін зерттейтін ғылымның нумерология деп аталатыны 
мәлім. Нумерология ғылымы соңғы кезде зерттеле өзекті 
тақырыпқа айналғанымен оның тарихи дамуы ерте заманнан 
басталады. Ежелгі үнді, грек, вавилон, мысыр елдері сандарың 
жасырын, құпия сырларын тануда, білуде ғылыми жетістіктің 
биігіне шыққандығын батыстық шығыстанушы ғалымдардың 
зерттеу еңбектерінен білеміз. Кейбір ғылыми мәліметтерге 
қарағанда, санның өзіндік тілі, қалыптасқан ережесі мен заңы 
болған. Алғашқы кітаптарда әрбір әріп санмен белгіленген, 
сөздердің санмен жазылғандығы айтылады.
Грек ғалымы, математик Пифагор сандық жүйеге байланысты 
зерттеулерінде заттардың сандық мәні болады деп, ал қоршаған 
әлемді сандардың гармониялық жүйесі мен олардың қатынасынан 
тұратындығын есептеп, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың 
жаратылысына ой жіберген ғалым адам да, тас та бірыңғай судан 
немесе оттан жаралғанын, сол адам мен тастың бір нәрсе еместігін 
зерделей отырып, олардың айырмашылығын іздейді. Зерттей келе 
айырма бұлардың ішкі құрылымында болар деген пікірге келеді 
де, олардың бөлшектерінің ара қатынасы мен мөлшерін анықтауға 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
72 
ден қояды. Табиғаттағы жалпы жаратылыс иелерінің арақатынасы, 
олардың мөлшері сан арқылы анықталатына сүйене отырып, әлем 
саннан құралады деген пікірге келеді [1, б. 45].
Нумерологияны математика саласына жатқызғанымызбен
сандардың этнолигвистикалық қырын саралау тіл білімінің 
зерттеу нысаны деп санаймыз. Ал, математика ғылымы адамзат 
тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі десек, оның 
алғашқы дамыған ошақтарының бірі Мысыр елі болды. Адамзат 
даналығының ойлап тапқан басты жаңалықтарының бірі жазу 
өнері болса, сандар мен олардың таңбалануы осы жазулардың 
негізінде пайда болғандығын айтқымыз келеді. 
Нумерология – сандардың таңбалық ұғымын, мағынасын 
білдіретін көнеден келе жатқан ғылым. Оны кейбір ғалымдар 
сандардың магиясы деп атайды. Ол философия мен астрология 
ғылымдарымен сабақтас, сарындас ғылым саласы болып 
табылады. Ежелгі адамдар нумерологияны табиғаттың тылсым 
күштерін, өздерінің жан дүниесінің құпиясын ашуға және басқа да 
қоршаған ортадағы проблемаларды шешуге пайдаланған. 
Нумерология метафизикалық ғылым ретінде адамның кім 
екендігін, қайдан келді, қайда барады, қалай жетістіктерге жетуге 
болады деген сауалдарға жауап іздеуде таным құралы болған деп 
айтуға болады. Нумеролог ғалымдардың пікірілерімен, зерттеу 
еңбектерімен таныса келе, бұл ғылым саласының пайда 
болғанына, шамамен, 2500 жылдай болғандығын байқаймыз.
Нумерологияны, бір жағынан, адамды тұлға ретінде дамытуға 
негіз болатын практикалық пән деп атауға болады. Адам өзіне-өзі 
қалай көмектесе алады, өзін-өзі қалай тануға болады деген 
сауалдарына жауап беретін ғылым. Нумерология тек сандар 
жөніндегі ғылым ғана емес, сонымен қатар адамның өмірі мен 
оның құндылықтары жайында бірден-бір сүйенетін ғылым саласы 
деуге болады. Нумерологияның әсерін минут сайын сезінеміз 
десек артық айтқандық болмас. Себебі күнде жаңа бір оқиғалар 
орын алып, екінші бір дүниелер аяқталып жатыр. Осының бәріне 
нумерологияның қатысы бар деп ойлаймыз.
Нумерология адамның рухани таным-түсінігін кеңейтеді. 
Табиғаттың тылсым сырларының құпиясын ашуға көмектеседі. 
Адамның көзіне көрінбейтін әлеммен байланыстыратын ерекше 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет