Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет25/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   143
Байланысты:
УМКД -Мектепке дейінгі педагогика готовый

8.Бағалау ақпараты

Бақылау түрлері (ағымдық,аралық,қорытынды)

Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)

9. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады

Бағалау баламасы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

сабаққа қатысуы;

сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау ережесін сақтау;

сабақтағы белсенділігі;

мадақтау және жазалау;

кітапханада, үйде өздік жұмыспен айналасу;


1тақырып: Мектепке дейінгі педагогиканың көкейкесті мәселелері.

Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі педагогика пәні және оның көкейкесті мәселелері.

  2. Мектепке дейінгі педагогиканың міндеттері, мазмұны, функциясы.

  3. Негізгі педагогикалық ұғымдары.

  4. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы.

Дәріс мақсаты: Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту мәселелерін анықтау.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Мектепке дейінгі педагогика жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және оның заңдылықтары туралы ғылым. Ол жалпы педагогиканың басты қағидаларына сүйенеді, оны басшылыққа алады.



Мектепке дейінгі педагогика пәні – мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық және психологиялық жағынан даму ерекшеліктерін қарастыратындықтан, оның мазмұны да жалпы педагогикадан өзгеше. Бұл кезеңде бала организмнің дамуы тез, үдемелі болғанымен, әлсіз де нәзік, кінәмшіл келеді. Бала осы шақта қимылды, ойлауды, сөйлеуді меңгереді. Бұл кездегі бала тәрбие мен қоғамның, ортаның ықпалын қабылдағыш, тез әсерленгіш, ми қатпарлары шартты байланыстардың шапшаң құрылуына қабілетті болады да, бұл шартты байланыстар тұрақты келеді, орталық жүйке жүйелері икемділігімен ерекшеленеді. Осы кезеңде қабылдағаны баланың бүкіл өміріне, сана-сезіміне, мінез-құлқына ерекше әсер етеді. Ол өмірден алғашқы тәжірибелер жинақтайды, сана-сезімі, адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Адамдардың тіршілігі, айнала, табиғат туралы алғашқы түсініктері дамиды. Мектепке дейінгі педагогика пәні туғаннан бастап 7 жасқа дейінгі балаларды отбасы мен балабақшада қоғам талабына сай тәрбиелеудің мазмұнын, жеке басының адамгершілік сапаларының қалыптасу процестерін зерттеп, оларды оқыту мен тәрбиелеудің ең тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырады.

Мектепке дейінгі педагогиканың міндеттері оның теориялық, қолданбалы рөлі мен әлеуметтік-педагогикалық маңыздылығы келесіні тұжырымдайды:

-қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес балалардың білім беру мен тәрбиесіне себеп болу;

-баланың тәрбиесі мен оқыту негізі нысаны ретінде МДҰМ білім беру процесінің болашағы мен тенденциясын оқу;

-мектепке дейінгі балаларға білім беру мен тәрбие технологияларын және жаңа концепциясын өңдеу.

Мектепке дейінгі педагогиканың міндеті - мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие берудің мазмұны мен әдісін, тәсілдерін қарастыру, ал нақты міндеті – дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балабақшада тәрбие жұмыстарын жан-жақты ұйымдастырудың теориялық, практикалық жақтарын және ойын, еңбек, оқу әрекеттері, балабақшаның күн режимі, ясли-бақша тәрбиешілерінің ата-аналарымен өткізетін жұмыстарының түрлері сияқты жеке мәселелері де қарастырады.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы кезде игерген баланың рухани байлығы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс дамуына негіз болады.

Мектепке дейінгі педагогиканың функциялары:

-қолданбалы – сипаттауы болашақ бағдарламалардың, моделдердің білім беру технологияларының процестерінің ғылыми сипаттауында қорытындыланады;

-болжамдылық, жобалаушылық ғылыми болжамдары іске асыру, жаңарту және МДҰМ білім беру модернизациясының процесі;

-шығармашылық қайта құруы ғылыми болжамдау, ғылыми зерттеулер мен жоба сындарлы технологиясын құру есебін жобалау.

Кез келген ғылым саласының өзіне тән мәнін, категорияларын,байланыстарын, қатынастарын сипаттайтын ұғымдары болады. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары: тәрбиелеу, оқыту, білім беру.



Тәрбиелеу дегенімізалға белгілі мақсат қоя отырып, тәрбиелеушілердің психикасына жүйелі түрде әсер ету, бойына моральдық қасиеттерді, саналылықты, тәртіптілікті, қоғамдық өмірге, еңбекке көзқарасты қалыптастыру. Тәрбие жұмысы мектепке дейінгі шақтан бастап балалардың жас ерекшелігіне, түсінігіне лайықты жүргізілсе, балалар тәрбие процесінің әсеріне көнгіш, еліктегіш, белсенді келеді, олар өзін қоршаған адамдардың іс-әрекетіне баға беруді үйренеді. Баланың адам бойындығы моральдық жақсы қасиеттерді білуі, ұнамды іс-әрекеттерге белсенді жаттығуы, өзінің тәртібіне қойған талапты саналы түсініп,сол талапқа сай өзін-өзі ұстауы – оқу-тәрбие әсерінің нәтижесі, сонымен қатар моралдық тәжірибені қалыптастырудың негізі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет