81:39+81`373.21=512.122
ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ
ТҰРҒЫДАН КӨРІНІСТЕНУІ
(БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША)
Өмірбек Динара Болатбекқызы
Қазақстан, Астана Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология
факультеті филология: қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Әбдіғалиева Т.Ә.
Мақалаға арқау болған қазақ тарихының, қазақ халқының қадірлі, қастерлі өңірінің бірі
болып саналатын Баянауыл аймағы топонимдері. Әдет-ғұрыптарға, діни наным-сенімдерге,
халықтың танымына негізделген атаулардың тарихи дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыр.
Қазақ ономастикасында ру, тайпа атаулары жүйесіне, соған байланысты шежіре, әңгімелердің,
жер-су атауларының қойылуы жайында аңыз-әңгімелердің екінші рет номинациялану үрдісін
танымдық тұрғыдан зерттеудің, лингвомәдени, этнолингвистикалық, танымдық-когнитивтік
негізде зерделеудің маңыздылығы талданады және көрсетіледі.
аналитикалық
тәсіл
сөзқосым
қосарлану
тіркестіру
қысқарту
электржетек,
шалаөткізгіш
вольт-ампер,
ватт-сағат
электр тогы,
электр тізбегі
ЭҚК, ПӘК,
ЭЖЖ, ЖТҚ
В данной работе исследуются топонимы Баянаульского региона издавна считающегося
уникальной местностью казахского народа и казахской истории. Топонимы обоснованные на
традиции и религиозной вере, а также связанные с познанием народа соединяют несколько
поколений. Наименования географических объектов Баянаула представляют тесную культурно-
социологическую связь среди исторических племен. В статье топонимы рассматриваются как
этнолингвистический, лингвокультурологический, когнитивный феномен.
In this work there are investigated toponyms of the Bayanaul region of the Kazakh people
considered by the unique district and the Kazakh history .Toponyms proved on tradition and religious
belief, and also connected with knowledge of the people connect some generations. Names of
geographical objects of Bayanaul represent close cultural and sociological connection among historical
tribes. In this article toponyms are considered as an ethnolinguistic, lingvo-cultural and cognitive
phenomenon.
Кілт сөздер: этнолигвистика, танымдық сипат, топонимдер
Әр халықтың қоршаған дүниеге деген көзқарасы, ұлттық дүниені шындық ретіндегі қабылдау
ерекшеліктері топонимиялық атаулардан көрінеді. Қазіргі кезде қазақ топонимиясы –
географиялық жалқы атаулардың жай ғана жиынтығы емес, ол ментальдік факторларды
көрсететін ономастикалық деңгейдің лексикалық бірліктерінің жүйесі деген ой басым.
Топонимдерде тек табиғат пен географиялық объектілер ғана емес, осы табиғат пен оның
объектілерінің этнос тарапынан қабылдануы, көріністенуі қалай деген сұрақ маңыздылыққа ие.
Мәселен, көшпелі қазақ оны табиғатқа және географиялық ортаға, өзінің шаруашылығына қарай
икемдеп жасаған. Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясын зерттеуші А.Е. Жартыбаев: «Төрт
түлікті қолға үйрету барысында оны күту, бағу қажеттілігі туындап, өсімдіктер дүниесінің мал
азығы ретіндегі рөлін анықтау, өсімдік түрлерін жұғымды, жұғымсыз қасиеттеріне орай сөзбен
таңбалау қажеттілігі артты. Бұл адам баласының табиғи өсімдіктер дүниесі мен жан-жануарларды
рухани тұрғыдан танып-білуіне жол ашты. Жер бедері мен қоршаған орта құбылыстарын
танымдық тұрғыдан бағалау үрдісі топонимдерде өзіндік белгілерімен айшықталды», - дейді [1;
278]. Қазақ жалқы есімдерінің концептілік құрылымы деген ойды зерделеу мәселесі жаңаша
сипатқа ие болды. Ғалымдар тарапынан концепт сөздердің беретін ұғымын жеке бір адамнан
бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісін, дүниетанымының
ерекшеліктерін түйістіретін кешенді түсінік екенін ескертеді. Адамның ой-санасына, ішкі
дүниесіне байланысты басты-басты ұғымдардың жеке элементтері ретінде таңбалана отырып,
олардың мән-мағынасы бұрынғы түсіндірме ұғымдарды жаңа қырынан бағалауға мүмкіндік
туғызатындығын атап көрсетеді.
Ұлттық дүниені қабылдау ерекшеліктері өмір салтымен және этностың шаруашылық
жүргізуімен байланысты. Осы салт-дәстүр мен шаруашылықтың жүргізілуі қазақ тілінің
топонимдік кеңістігін қалыптастырады, жүйелейді, құрылымдайды. Географиялық қоршаған орта
шындықты қабылдаудың жүйелілігі мен байланыстылығын, қазақ топонимиясының таңбалық
жүйесін қалыптастырады.
«Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт.
Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде
қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - дейді М.Әуезов [2; 60]. Осыған
қарағанда, жер-су атауларының қойылу үдерісі қазақ халқы үшін өте маңызды болғанын білеміз.
Атаулар өздігінен себепсіз пайда болған жоқ, сол жердің табиғи ерекшеліктеріне, жер бедеріне,
шаруашылығына, кәсібіне байланысты қойылған. Топонимдердің аталуынан халықтың тірлік-
болмысын, дүние-таным көзқарасын, тарихи-әлеуметтік жайы мен ұлттық мәдениеттің нышанын,
тіліміздің байлығын, сан ғасырлар бойында сақталып келе жатқан тарихын айқын көреміз.
Көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігінде, күн көрісінде жергілікті жердің табиғи жағдайы,
соның ішінде, жер бедері, гидрография, климаттық ерекшелігі, өсімдік жамылғысының құрамы,
жан-жануарлардың түрлері маңызды рөл атқарған. Әсіресе, жаз жайлау, күз күзеу, қыс қыстау,
көктем көктеуге көшіп жүрген уақытта суы мол, шөбі шүйгінді, таулы, ық жерге қоныстануға
тырысатын елдің табиғат құбылысын бес саусақтай білуі керек екені сөзсіз түсінікті. Бұдан
шығатын қорытынды, ортаның бейнеленуі тек қана лексикалық деңгейде ғана емес, топонимдер
негізінде де қалыптасады. Топонимдер тек адрестік қызмет атқарып қоймай, сол жердің
ерекшелігі мен өзіндік қасиетінен де хабардар береді. Ал сол жер-су атауларының авторы, яғни ат
қоюшысы халық екенін ескерсек, онда сол халықтың танымын, дүниеге көзқарасын,
психологиясы мен наным-сенімін топонимдер арқылы біліп ажыратуға болады. Демек, кез келген
халықты танып-білу үшін оның тұрмыс-тіршілігі мен жергілікті жердегі атауларына мән беру
керек.
Су көздеріне деген сұраныс көшпенді халықта аса зор болған. Судың қажеттілігі мен
жетіспеушілігі су нысандарын қасиетіне қарай терең танып жіктеуге себепші болған. Қазақ халқы
өзен, көл, бұлақ, құдықты жер бедері, айналасындағы өсімдік және жануар дүниесі, ағыстың
жылдамдығы, тереңдігі, ұзындығы, көлдер: пішіні, ащы-тұщылығына, бұлақты судың қозғалысы,
қасиетіне (судың химиялық құрамы), құдықтардың тереңдігі, т.б. белгілеріне қарап ажыратқан [3;
67]. Мысалы, Баянауыл ауданына қарасты Қаращы (Қараащы) ауылының атауы - суға
байланысты қойылған атау. Ауыл ағынсыз, тоқтап тұрған судың жанында орналасқандықтан,
солай аталып кеткен. Бұл жерде судың сипатын (ағынсыз су), дәм көрсеткішін (ащы су) білдіріп
тұр. Бұл жерде «қара» сөзінің түр-түске тікелей байланысы болмағанымен, тоқтап тұрған ағынсыз
судың түсі де қарайып басқаша болатыны халық танымында бар нәрсе. Дәл сол сияқты
Егіндібұлақ ойконимнің қойылуы қызық. Ол үшін оның этимологиясына назар аудару қажет.
Егіндібұлақ сөзінің құрамындағы егін сөзінің қазіргі қазақ тілінде қолданылатын егін сөзімен
ешқандай мағыналық қатысы жоқ. Егін сөзінің этимологиясын анықтауда көне түркі тілі
жазбаларына жүгінетін болсақ, оның бастапқы тұлғасы – иін. Бұл сөз иірім, иірмелі деген ұғымды
білдіреді. Кейінірек тілдің даму тарихында игін, содан соң егін болып қалыптасқан. Яғни бұл сөз –
«иінді, иірімді, иілмелі» тұлғасындағы сындық атау. Сонымен бұл топоним белгілі бір жердегі
бұлақтың иірімді болуына байланысты иірімді бұлақ, яғни Егіндібұлақ деп аталған. Бұл
топонимнің құрамындағы –ды жұрнағы бұлақтың қандай қасиеті бар екендігін білдіру үшін иірім
// егін сөзімен тіркесіп, белгілі бір мағыналық қызмет атқарып тұр.
Жергілікті жерді мекендейтін жануарлар дүниесіне байланысты туған Шортанды, Шабақты,
Балықты, Жыланды деген топонимдер бар. Жылан атауы көбінесе өзен, тау, төбе, шоқы, бұлақ,
сай аттарына тән. Көбінесе оронимдерде жиі кездеседі. Жылан сөзінің қатысуы арқылы жасалған
топонимдер аталған географиялық нысанда жыланның бар екенін аңғартады. Кейбір тауларда
немесе сайларда жыландардың ордасы да кездеседі. Ескі діни нанымдар бойынша жергілікті
тұрғындар қасиет тұтып, жыландарға тимеген. Баянауыл ауданындағы Теңдік ауылының маңында
Жыланды тауы бар. Жергілікті халық «жыланы көп мекендейтін тау» деп айтады.
Баянаула – жаратылысы жағынан ерекше қасиетке толы жер. Жоңғар Алатауы мен
Балқаштың, Көкшетау мен Шыңғыстың, Тарбағатай табиғатының бір-бірімен түйіскен тұсында
орналасқан. Бұл – халқымыздың этнографиялық тұрмыс-тіршілігін көрсететін тарихи, әдеби, діни
аңыздарға толы өлке. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Едіге», «Қоңыр Әулие» т.б. бізге жеткен
аңыз-әңгімелердің азы ғана. Соның бәрі жартылай аңызға айналған тарихи шындық [4; 29].
Б.Н.Бияров: «Кез келген аймақтағы топонимдердер белгілі бір халықтың немесе бірнеше
халықтың тілдік негізінде жасалады да, ұзақ тарихи-лингвистикалық өзгерістерді бастан кешеді.
Аймақ топонимиясын диахрондық тұрғыдан талдап, тілдік стратиграфиясын дұрыс көрсету үшін,
ең алдымен, тарихқа, содан соң топонимнің этимологиясына сүйену керек», – деген ой білдіреді
[5; 23]. Ол да рас. Халық танымының көрінісі тарихи оқиғаларға да байланысты дамиды. Баянаула
өңірінде ХҮІІІ ғасырда орын алған негізгі тарихи оқиға – қазақ-жоңғар арасындағы соғыс. Өңірде
қазақ даласы қалмақ басқыншылығынан босату тарихына байланысты жерлер аз емес. Ол
оқиғалар жыр, аңыз, ертегілерде жақсы айтылған. Мысалы, «Баянаула» деген жырда:
Жауласқан ертеден-ақ қазақ-қалмақ,
Бірде қазақ, біресе қалмақ алмақ.
Бәрінің қызыққаны Баян еді,
Бәрі де бұл жерлерді мекен қылмақ, – деп айтылады. Ел аузында қазақ-қалмақ соғысының
салдарынан қойылған жер-су аттары да ұшырасады. «Баянауыл туралы дастанда»
Шүршітқырылған, Соғысты атаулары жайлы мәліметтер бар.
Қандыадырдың атауы (кейде Шүршітқұрылған деп те атайды) – Ақтабан шұбырындыдан
бұрын шүршіттер көшіп-қонып жүргенде, қазақтар оларды осы жерде қырған деседі-міс. Бұны
Ш.Шалбай мынадай өлең жолдарымен береді:
Ақтабан сұламадан бұрынырақ,
Қазақтың Сырдан ауып кеткен кезі.
Қосуға «Шүршітқырылған» жерді жырақ,
Естуім көп, айтуым шағынырақ.
Шүршіттер көшіп-қонып жүрген кезде,
«Қандыадыр» деген жерде қырса керек [6].
Соғысты – қазақтың Ұлы жүзден шыққан Қара батыры мен Орта жүздің Шоқпар батыры
бастаған қолы Қоңтажы, Сиқым, Ежен, Қалден, Ысқақ батырлары бастаған қалмақ қолымен
кездесіп, үлкен шайқас болған жер. Оған дастанның мына жолдары дәлел:
Қоңтажы, Сиқым, Ежен, Қалден, Ысқақ,
Бәрі де бұл жерлерді мекен қылған.
Бәрінің қызыққаны Баян тауы,
Бекініс, айнала көп, жаудың жері.
...«Соғысты» деп үлкендердің айтқан
Көріпті мұның бәрі кімнің көзі.
Далба тауының ортаңғы асуында «Ақбел асуы» деген жер бар. Бұл жердің де аты тарихи
оқиғаларға толы. Қазақ халқының басына күн туған заманда, яғни «ақтабан шұбырынды» кезінде
қалған із, жер дейді. Бұл жерде күні бүгінге дейін шөп өспей, жер ағарып жатады екен.
Біз Баянауыл өңірі топонимдерін зерттеу барысында, негізінен, Қ.Т.Сапаровтың осы аудан
бойынша жинақтаған материалдарын басшылыққа алдық. Павлодар облысының топонимикасын
арнайы зерттеген ғалым Қ.М.Сапаров Баянауыл ауданының төңірегінде 120 көл, 46 өзен, 15
құдық, 8 бұлақ, 2 жылға, 85 елді мекен, 340 қоныс-жайлау мен қыстаулар, 220 тау, 89 бұзылған
елдер, 28 зират бар деп көрсетеді [7; 10-11]. Осы статистикаға сүйене отырып топонимдердің
халық танымын бейнелеуде алатын орнын қысқаша баяндап кетейік.
Қазақ халқының топонимдік номинациясына негіз болатын факторлардың бірі – түр-түс
атаулары екені белгілі. Кеңістіктегі алуан түрлі түсті ажырату процесі адамның перцептивтік
қабылдауы арқылы орталық жүйке жүйесінде өңделіп, жүзеге асады. Топоним құрамында кездесу
жиілігі жоғары, бес түрлі таза табиғи қанық түстерді атауға болады: қара, ақ, қызыл, сары, көк
түстер. Осы жайттарды қарастыру барысында ғалым Қ.Рысбергеннің еңбегіне жүгіндік [8; 25-
26]. Ал ғалым Қ.Сапаров еңбектерінде «орографиялық, гидрографиялық, ландшафтық нысандарда
жиі кездесетін лексемалар ақ (243), қара (350), көк (56), қызыл (99), қоңыр (4), сары (103) рет
қайталанып жергілікті топонимдерде көрініс тапты» дейді [7;9].
Жинақталған материалды статистикалық талдау нәтижесінде Баянауыл ауданы
топонимдерінде де түр-түске байланысты атаулардың көптеп кездесетіні белгілі болды.
а) көл: Ақкөл, Аққозы, Ақсор, Алакөл, Бозшакөл, Қарақоғалы, Қараши, Қарасор, Қызылкөл,
Қызылқайнар, Қызылсор, Қызылсу, Сарыкөл, Сарықамыс, Торыат, т.б.;
ә) өзен: Ақөзек, Ақсары, Ақсу, Қараадырсор, Қарабұлақ, Қаражар, Қарасу, Қарақұдық,
Қараөзек, Сарыөзек, Сарыөлең, Шұбарөзек, т.б.;
б) құдық: Аққұдық, Қызылқұдық, Сарыапан, т.б.;
в) бұлақ: Қарабұлақ, т.б.;
г) елді мекен, қоныс-жайлау мен қыстаулар: Ақбаз, Ақбас, Ақбидайық, Ақбота, Ақжайлау,
Ақкелін, Аққозы, Аққұдық, Ақмектеп, Ақмола, Ақөзек, Ақсан, Ақши, Ақшоқы, Алабайтал, Алабас,
Бозбай, Екінші Қараадыр, Жиренкөл, Кершоқы, Көксу, Көкдомбақ, Қараадыр, Қараащы, т.б.;
ғ) тау-тас: Ақбел, Ақбет, Ақбиік, Ақирек, Ақкелін, Аққозы, Ақоба, Ақсан, Ақтас, Ақтасты,
Ақтау, Қоңыртас, Қызыладыр, Қызылтас, Қызылтау, Қызылтөбе, Қызылшоқы, Сарыадыр,
Сарыжал, Сарытау, Сарышоқы, т.б.;
д) зират: Ақмырза, Сарыжал, т.б.
Бұл жерде топонимдердегі түр-түске қатысқан атаулар әрқашан да түстің тікелей өзін білдіре
бермейтінін ескеру қажеттігі туындайды. Мысалы, Аққозы, Ақсу, Ақсор, т.б.суға қойылған
атаулар көру арқылы қабылданатын ақ түсіне байланысты емес. Өйткені ақ су болмайтыны
белгілі. Бірақ халықтың танымында, оның түсінігінде ақ түсі жақсылықтың, тазалықтың белгісі
екенін ескерсек, сол судың түсінен басқа да қасиетіне байланысты қойылғанын аңғарамыз.
Сонымен бірге қазақтың ұғымында жасыл түс айтылмаған. Оны көк деп атаған. Мысалы: көк
шөп, көгорай шалғын. Тіпті «шөп шықты» дегеннің өзін «көк шықты» деп айтқан. «Көгеру» сөзі
құлпыру, гүлдену дегенмен бара-бар. Қара түс те дәл солай. Қараащы, Қарасу, Қарабұлақ
гидронидері судың түсі қара болғандығынан не қара түс кейде зұлымдықтың, жамандықтың, қара
күштің мағынасында жұмсалып судың жаман қасиетінен қойылмаған. Олардың әрқайсының
қойылу тарихы, түсінігі бар. Демек, топонимдер құрамындағы түр-түске қатысты сөздер әрқашан
сол географиялық нысанның түсін білдіріп қоймай, оның астарында басқа да танымдық мағына
жатқанын ескеру керек.
Айта кететін тағы бір жайт, иран тілінен енген сар сөзін Е.Қойшыбаевтың көрсетуінше,
«кең», «басты», «негізгі», «айқын» деген мағыналарды білдіреді [3; 40]. Сарыадыр, Сарыжол,
Сары дала, Сарыапан, Сарыарқа, Сарытау, Сарышоқы орографиялық нысандардың кеңдігін
айқындайды. Шынтуайтына келгенде, сары сөзі қазақтың ұғымында молшылықтың, берекеліктің
белгісін білдіреді. Мысалы, сары май аузы аққа молынан жетіп отырған, дастарханның сәні
болған байлықты білдірсе, сары күз жеміс-жидек атаулы пісіп, молшылық кезі саналады.
Сонымен бірге діни наным-сенімге байланысты қойылған топонимдердің де этнолингвистикалық
та, танымдық та сипаты қатар жүреді. Мысалы көлге қатысты Молалыкөл, өзенге байланысты
Әулиебұлақ, елді мекен, қоныс-жайлау мен қыстаулар: Мұсылманкөл, Хазірет, тау-тас: Әулиетас,
Құдайшоқы, Ақбет тауындағы «Қоңыр әулие» деген қасиетті үңгір бар екендігі белгілі. Ол жер
жергілікті халық қана емес, туристер, ауырып-сырқаттанған адамдардың денсаулығына шипа
іздеп келетін географиялық нысанға айналған. Биік таудың басындағы қараңғы үңгірдегі тас
қазанның ішіндегі судың қайдан келгені де адамдарды ойландыратыны анық. Бұл үңгірді ежелгі
заманнан киелі санап садақа беріп, қазан суының қасиетімен ауырған адамдардың әр түрлі
дерттерден емделіп, тәңірден тілек тілеп, түнейтін қасиетті орны болған. Сондықтан жергілікті
халық бұл үңгірдің атын «Қоңыр әулие» деп атаған. Ақбет тауының астынан ағып шығып,
бұрқырап жатқан бұлақ суының қасиетіне байланысты халық «әулие бұлақ» деп атаған.
Қазақ тарихының, қазақ халқының қадірлі, қастерлі өңірінің бірі болып саналатын Баянауыл
аймағы топонимдерінен көне заманда өмір сүрген тайпалар арасындағы қарым-қатынастар
байланысы өзара жақындасып, мәдени-әлеуметтік бірлігі мықты болған орта екендігін көреміз.
Әдет-ғұрыптарға, діни наным-сенімдерге негізделген атаулар тарихи дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып отыр. Қазақ ономастикасының ең қызықты да күрделі саналатын ру, тайпа атаулары
жүйесін, соған байланысты шежіре, әңгімелердің, жер-су атауларының қойылуы жайында аңыз-
әңгімелердің екінші рет номинациялану үрдісін тілдік тұрғыдан зерттеудің танымдық сипаты
өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті ендігі кезекте бұл онимдік топтарды лингвомәдени,
этнолингвистикалық, танымдық-когнитивтік негізде зерделеу маңызды деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясы. – Қарағанды,
«Болашақ-Баспа» РББ, 2008. – 379 б.
2.
Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы
Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 240 б.
3.
Сапаров Қ.Т. Павлодар облысы топонимикалық кеңістігі (Қазақтардың кеңістікті
игеру тәжірибесінің жер-су атауларындағы көрінісі). Павлодар, ЭКО, ҒӨФ, 2007. – 308 б.
4.Баянауыл. –Астана: «Фалиант», 2001. –239 б.
5.Бияров Б.Н. Өр Алтайдың жер-су аттары. –Алматы, 2002. -84 б.
6.
Шалбай Ш. Әділдікті ту еткен //Баянтау, 2004. 1 қазан
7.
Сапаров Қ.Т. Павлодар облысы топонимикасы қалыптасуының геоэкологиялық
астарлары: географ. ғыл. канд. дис. автореф. –Алматы, 2004. –26 б.
8.
Рысберген Қ.Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени
негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның авторефераты. Алматы, 2010. - 48 б.
ӘОЖ
81` 373.611: 811.512.122
СӨЗЖАСАМ БІРЛІКТЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДЕҢГЕЙЛІК СИПАТТАЛУЫ
Раева Әсемгүл Жеткергенқызы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті
филология:қазақ тілі мамандығының 3-курс студенті, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д.,проф. Әбдіғалиева Т.Ә.
Ғылыми баяндамада сөзжасам саласының тілдік бірліктеріндегі күрделі мәселелер
қаралған. Қазақ тілінің ғылыми зерттеу еңбектеріндегі тілші ғалымдардың пікірлерін басшылыққа
ала отырып, сөзжасам саласындағы түбірдің, сөзжасамдық жұрнақтың сөзжасамдық әлеуетін
тану – негізгі мақсатымыз болды. Баяндамада құранды жұрнақтарға қандай жұрнақтарды
жатқызамыз немесе морфонология объектісі тұлғасын ретінде қарастырамыз ба деген үлкен
сауалдың мән-жайы тілші ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, тұжырымдалды. Осыдан соң
қазақ тілінің сөзжасамдық жұрнақтарының ара-жігін нақтылап, белгілі заңдылықтарға сай қайта
қарастырып, топтастыру қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге қазіргі тілімізде сөзжасам саласы
тұрғысынан түбірдің сөзжасамдық әлеуетін анықтау – өзекті мәселелердің бірі деп есептейміз.
Тілімізде синхрондық тұрғыдан тұтас түбір болып морфемаларға жіктелмеген, шығу тегі мүлде
басқаша талдауды қажет ететін сөздер де бар. Мысалы: ардагер, Құлагер, бөкебай, насыбай, әуезе,
жаза, оралман, кірпі, т.б. Тіл дамуының бір кезеңінде дербес, толық мағынаға ие болып, туынды
сөздерге ұқсас көптеген сөздерге тілдің белгілі бір даму кезеңінде өлі немесе өнімсіз
қосымшалардың әбден кірігіп, жігі білінбей жымдасып кетуінің нәтижесі деген қорытынды
айтқан ғалымдар пікірлерінің жылдар өте келе, жаңа материалдармен толықтырылып, мамандар
тарапынан ұсынылғаны абзал болар еді. Қазіргі тілімізде сөзжасамдық бірліктердің әлеуетін
сөзжасам саласы тұрғысынан ғылыми сипаттау – әлі де аяғына шейін зерделеніп бітпеген өзекті
жайттардың бірі деген қорытындыға келеміз.
В научном докладе рассмотрены сложные проблемы языковых единиц в разделе
словообразования. Взяв во внимание мнения лингвистов в научных исследовательских работах,
нашей главной целью являются словообразовательные возможности словообразующего суффикса
и корня в разделе словообразования. В докладе трудами лингвистов объясняются и
подытоживаются вопросы касательно таких тем: какие суффиксы относятся к сложным или
можно ли считать их как формы морфонологического объекта. Уточнив различия
словообразовательных суффиксов казахского языка и рассмотрев их повторно согласно
определенным законам, появляется потребность группировать их. Вдобавок к этому, определение
словообразовательных возможностей корня в разделе словообразования является одной из
актуальных проблем. В нашем языке есть слова, этимология которых совсем иная по сравнению с
другими и которые в синхронном виде целого корня не разделены на морфемы - требуют
анализа. Например: ардагер, Құлагер, бөкебай, насыбай, кірпі,әуес,әуезе, жаза, оралман и мн.др.
Было бы не плохо, если через несколько лет проблематика слов, которые по мнению лингвистов,
в одной из стадии развитии языка при помощи вымерших суффиксов обрели полное значение и
стали как производные, пополнились новыми трудами и были предложены специалистами. В
связи с этим приходим к заключению, что в современном казахском языке научное описание
возможностей словообразовательных единиц в разделе словообразования – одна из актуальных
проблем, которые не изучены досконально.
In the scientific report are considered the complex problems of language units in the word formation
section. Having taken in attention of opinion of linguists in scientific research works, our main goal are
word-formation opportunities of a word-forming suffixes and a root in the word formation section. In the
report we attemt to sum up works of linguists sconcerning such subjects: what suffixes are belong to
difficult ones or whether it is possible to consider them as forms of morfonological object. Having
specified distinctions of word-formation suffixes of the Kazakh language and having considered them
repeatedly according to certain laws, we need group them. In addition to it, definition of word-formation
opportunities of a root in the section of word formation is one of actual problems. In our language there
are the words whose etymologies are absolutely other in comparison with others and whose whole root
aren't divided into morphemes in synchronous type - it demands the analysis. For example:ардагер,
Құлагер, бөкебай, насыбай, кірпі,әуес,әуезе, жаза, оралман and e.g. It wouldn't be bad if a
perspective of words which according to linguists, in one of a stage language development by means of
the died-out suffixes found full value and became as derivatives in some years, replenished with new
works and were offered by experts. In this regard we come to conclusion that in modern Kazakh
language the scientific description of opportunities of word-formation units in the word formation section
– one of actual problems which aren't studied thoroughly.
Достарыңызбен бөлісу: |