«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен»


Кілт  сөздер:сөзжасам, түбір, сөзжасамдық жұрнақ, құранды жұрнақ



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата22.12.2016
өлшемі5,89 Mb.
#32
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40

Кілт  сөздер:сөзжасам, түбір, сөзжасамдық жұрнақ, құранды жұрнақ 
Қазақ  тілінің  қалыптасқан  сөзжасамдық  жүйесі  -  сан  ғасырлық  даму  процесінің  жемісі. 
Қазіргі таңда  қазақ тіл білімі ғылымының іргелі зерттеулерінің нәтижесінде сөзжасам саласының 
тармақтары мен деңгейлері  сараланып, дамып, толығуы айқын көрініп отыр. Қазақ тіл білімінің 
жеке  саласы  ретінде  танылған  сөзжасам  мәселелерінің  ғылыми-теориялық  негіздерін  зерттеу 
барысында  көптеген  сұрақтарға  сол  салаға  тән  заңдылықтар  мен  қағидаттарға  сай  қарастыру 
қажеттілігі туындайды Мысалы, сөзжасамдық тұлға тек морфемдік тұрғысынан  ғана сөз етілмей, 
жаңа  туынды  сөз  жасауға  қатысатын  сөзжасамдық  бірліктердің    сөз  жасау  процесіндегі  қызметі 
және оның ерекшеліктері тұрғысынан тереңірек  сипатталуы қажет  сияқты. Айталық,  түбір  және 
қосымша терминдерінің қолданылуы көне түркі және орта ғасырлық ескерткіштер тілін зерттеген 
еңбектерде де (Ә.Қайдаров, Е.З.Қажыбеков, А.Есенғұлов, Ж.Отарбаева, Р.Досжанова), жекелеген 
сөз  таптарының  жасалуына  қатысты  зерттеулерде  де  (Ә.Төлеуов,  Б.Құлмағамбетова,  Ә.Хасенов, 
К.Бейсембаева,  З.Бейсембаева т.б) сөз болды, авторлар  бірқатар  тұжырымдар айтты. Түбір мен 
қосымша  қызметіне  қатысты  көптеген  ойлар  А.Ысқақов,  А.Қалыбаева,  С.Исаев  сынды 
ғалымдардың  еңбектерінде  де  сөз  етілді.  Бұл  еңбектерді    бүгінгі  сөзжасамның  теориялық 
мазмұнына  негіз  болған  пікірлер  десек  те  болады.  Соңғы  жылдары  сөзжасам  саласына  қатысты 
мәселелерді  арнайы  зерттеген    ғалымдар  Н.Оралбаева,  Ғ.Қалиев,    А.Салқынбай,  Б.Қасым, 
К.Құрманәлиев,  Н.Қоқышова,  Б.Есімсейітова,  Н.Сүйінжанованың  т.б.  еңбектерімен  таныспыз. 
Осы орайда біз сөзжасам бірліктері ретінде танылатын түбір мен жұрнақтың  сөзжасамдық әлеуеті 
қандай  және  жоғарыда  аталған  еңбектерде  қалай  қарастырылған  деген  сұраққа  қызығушылық 
білдірдік.  Қазақ  тіл  біліміндегі  түбірдің  қызметі,  өлі  түбірлер  және    түбірдің  диахрондық, 
синхрондық  сипаты  деген  жайттың    түбірдің  деривациялық  қызметіне  қаншалықты  қатысы  бар 
деген мәселелерге де назар салдық. Сонымен қатар  қазақ тіл біліміндегі жұрнақтың қызметі және 
жұрнақтарды жіктеуде қандай заңдылықты  басшылыққа алуға тиесілі деген мәселелерге де назар 
салдық. 
Ең алдымен, бізге  түбір морфеманың өзіндік қызметі мен тілдік табиғатын айқындап алған 
дұрыс  сияқты. Себебі  күні  бүгінге дейін  
түбір 
морфеманың 
табиғатын 
танытарлық 
анықтамаларда көптеген қайшылықты пікірлерге кездесеміз. Түбір морфема мәселесіне қазақ тілі 
тұрғысынан  қарасақ,  түбір  белгілі  бір  мағынаны  білдірумен  байланысты.    Бірақ  түбір  деген 
ұғымға қазіргі  кезде  ешбір мәнге ие бола алмайтын не жеке қолданыла алмайтын өлі түбірлер де 
енеді.    Мысалы,  оян,  оят,  баданадай,  алпамсадай,  момын,  момақан,  шалқақ,  шалқалау  сияқты 
сөздердің  түбірі,  сөз  жоқ  ,  оя,  бадана,  алпамса,  мом,  шалқа  екенін  түбірден  өрбіген  түбірлес 
сөздер  де  көрсетіп  тұр.  Бірақ  бұлар  қазіргі  тілімізде  түбір  күйінде  қолданылмайды  және  жеке 
тұрып  та  ешбір  мағына  да  білдіре  алмайды.    Сөйтіп  түбірлік  қасиеті  қазіргі  тұрғыдан  келгенде 
жоқ, я жойылып кеткен. Бірақ бұндай түбір  сөздерге салыстырмалы тарихи талдау жасасақ, қатар 
тұрған түбірлес сөздердің өзі ақ көрсетіп тұрғандай, берілген сөздердің  өздері негізгі түбір емес 
екенін  байқаймыз.  Ғалым  С.Исаев  «  ...Осы  жағынан  келгенде,  (ғалымның  пікірі    өлі  түбірлерге 
қатысты) түбір деген ұғымның өзін әрі айқындап, әрі шектеп алудың мәні ерекше.  Яғни түбірдің 
ең басты белгісі, ерекшелігі не дегенге нақты , дәл жауап берілу керек»[1;8 б.] деген тұжырымды 

алға  тартады.  Түбірдің    тілдік  табиғатын  танытарлық  анықтамаларда  әлі  күнге  дейін  түбірдің 
тілдік сипаты толық ашылмаған. Мысалы, М.Томанов  «Түбір, түбір сөз деп тіл білімінде дербес 
морфемаларға бөлінбейтін, тұтас күйінде ұғынылатын сөздің мағыналы бөлігі айтылады» [2;70 б.] 
десе, Ы.Маманов түбір сөзді негізгі түбір, қосымшалы түбір сөз деп жіктеп, негізгі түбір сөздер 
қазіргі  қазақ  тілінде  жеке  сөз  элементтеріне  бөлінбейтіндігін,  жеке    тұрғанда  толық  мағыналы 
единица  болатындығын  ескертеді    немесе  кейбір  грамматикаларда  түбір  деп  сөздің  ең  кіші 
маыналы  бөлшегі    деген  анықтамаларды  кездестіреміз.  Ал  мағынасыз  өлі  түбірлерді  қалай 
атаймыз?  Мұндай  мағынасыз  түбірлерді  тілімізден  аластау  керек  пе,  әлде  жүре  беруі  керек  пе? 
Аластау  қиынның  қиыны  болмақ,  себебі  сол  өлі  түбірлерден  өрбіген  тіліміздегі  қаншама 
атауларды яки сөздерді қосып сөйлеген халыққа билік айту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдің 
иесі -  халық.  Ал жүре берсін дейтін болсақ, өлі түбірлердің тілдік табиғатын қайта қарастырып, 
ғылыми тұжырым жасау қажет  екенідігі айқындалмақ. 
Қазақ  тілінің  түбір  морфемасы  жайлы  сөз  қозғағанда,  түбірдің  тілдік  табиғатын  тану  үшін 
оның  синхрониялық  және  диахрониялық  тұрғыдан  қарастырмай  өту  мүмкін  емес.  Қазақ  тілінің 
түбір  морфемасы  бір  буынды    болып  келеді.  Сондықтан  да  алғашқы  түбір,  негізгі  түбір  деген 
ұғымдар  сол ұғымды құрайтын  буынның сипаты жайлы ұғыммен тығыз байланысты.   Сонымен 
байырғы  түбірлер  бір  буынды,  ал  көп  буынды  түбірлердің  қалыптасуы,  орнығуы  қазақ  тілінің 
типологиялық  ерекшелігі  деп  көрсетеді  М.Томанов.  Ал  академик    Ә.  Қайдардың  еңбегінде  
көрсетілген  деректер  бойынша    қазақ  тіліндегі  2704  бір  буынды  түбірлердің  тең  жартысы  (1352 
ед.) қазақ тіліне шет тілдерден еніп, сіңіп кеткен элементтер де, сол 1352 бірліктің тағы жартысы 
бүгінде  қазақ  тілінің  өзінде  мағынасы  күңгірттеніп,  жеке-дара  қолданылмайтын,  қолданылса  да 
сөз құрамында ғана кездесетін томаға-тұйық элементтер екен.  
Бүгінгі  таңда    зерттеуді  қажет  ететін  тіл  фактілері  түбір    морфемалардың  арасында  да 
жетерлік.  Сөзжасам саласының көш ілгері дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым Н.Оралбай: «жаңа  
сөз  жасауға  тілдегі  түбірлердің  барлық  түрі  қатысады.  Оларды  атағанда,  мұндай:  негізгі  түбір, 
туынды  түбір,  біріккен  түбір,  қос  сөз  және  қысқарған  сөз»  [3;10б.]  -  деп  көрсетеді.  Бұл 
жіктелімдегі түбірлердің барлығы дерлік сөз тудыру нәтижесінде пайда болған. Десек те, олардың 
әрқайсысының  жаңа  сөз  жасауға  қатысуы,  түбірлердің  жаңа  аталым  жасаудағы  қызметі  бірдей 
емес екендігі авторлар тарапынан сөзжасамдық деңгей аясында толық талданды деуге болмайды. 
Тіліміздегі  лексикалық  мағынасы  бар  түбірлердің    бәрі  де  сөзжасам  процесінде  актив  қызмет 
атқара  ала  ма,  алмай  ма  деген  сұрақ  қажетті  түрде  статистикалық  мәліметтерге  сүйенбеген.  Тек 
академик    Ә.Қайдаровтың  «Структура  односложных  корней  и  основ  в  казахском  языке»  деп 
аталатын ғылыми еңбегінде мәселе кеңінен, терең қарастырылған. 
Түбірлердің  тарихи  тұрғыда  сипатталуына  зер  салатын  болсақ,  бір  кездері  актив  қолданып, 
сөз тудыру қабілеті де белсенді болған түбірлер қазіргі таңда түбір мен қосымша ретінде ара-жігі 
танылмайтын дәрежеге жеткендері баршылық.  Автор Ә.Қайдаров тілімізде өлі түбірлердің санын  
1352-ге жуық деп көрсетеді. Ал енді осыншама  өлі түбірлердің тілімізде туынды сөз жасаудағы 
негіз  ретіндегі    әлеуеті  қандай  немесе  өлі  түбірлер  қандай  тәсілдермен  туынды  сөз  жасайды  
немесе сол өлі түбірлерді жеке сөз, туынды сөз жасауға негіз болған дербес түбір, құрамы айқын 
тілдік единица деп қарастыра  аламыз ба деген заңды сұрақ туады. Қазіргі таңда біз түбір ретінде 
танып жүрген «күй мен күл,күн, той мен тоқ , көз бен көржан мен жақ  секілді сөздерді түбір 
деп  қарастырмай,  кү-й  мен  кү-л,  кү-н,  то-й  мен  то-қ,  кө-р  мен  кө-з  деп  ара  жігін  ажыратып, 
бұларды  түбір-негіз  деп  атауды  ұсынады»  ғалым  А.Қалыбаева  [4;  37  б.].    Ал  тарихи  тұрғыдан 
зерттеген    М.Томанов  еңбегінде  мынадай  мысалдар  келтіріледі.  Туынды  түбір  құрамында 
сақталып, жаңа сөз жасау қабілетінен айрылған көне түбірдің бірі  – үміт зат есімнің құрамынан 
кездеседі. Томанов бұл түбірді түркі тілдерімен салыстыра қарап, «тарихи тұрғыдан үм түбірі мен 
-т  қосымшасына  ажырайды  деп  көрсетеді  және  осы  орайда  өлі  түбірлердің  үлкен  бір  тобы    -с 
қосымшасымен келеді деп, үлес деген негіз сөзден үлестір, үлестіруші деген жаңа сөз жасалады» 
[2; 82б.]  деп топшылайды. Ал Н.Оралбаева еңбегінде «ұят, ұял, оян, оят, жұбан, жұбат, шалқала, 
шалқасынан,  шалқалай,  момын,  момақан»  сияқты  туынды  сөздерге  негіз  болып  тұрған  ұя,  оя, 
жұба, мом элементтерінің қазір дербес мағынасы танылмайды, олар жеке тілдік бірлік ретінде де 
қолданылмайды.  Десек  те,  осы  туынды  түбірлер  жасалған  кезде  олардың  бастапқы  лексикалық 

мағынасы болған. Егер де олардың лексикалық мағынасы болмаса, туынды түбірлер жасалмас еді 
деген  қорытындыға  келеді.  Бұл  тұжырымдарды  салыстыра  отырып,  өлі  түбірлердің  бір  кездері 
сөзжасамдық процесті басынан кешіргенін байқаймыз. Олар сол сөзжасамдық процеске қатысып 
барып,  өзінің  бастапқы  лексикалық  мағынасынан  толықтай  немесе  жартылай  айрылып,  жаңа 
туынды мағынаның жасауына түрткі болған. Бұл жерден мынадай тұжырым жасауға тағы да негіз 
бар.  Ара  -жігі  ажыратылмастай  қалыптасып  қалған  түбірлерді  диахрониялық  тұрғыдан 
қарастырып,  тілдік  фактілерге  сүйене  отырып,  олардың  тілдің  зволюциялық  дамуы  жүйесінде 
сөзжасам  жұрнақтарын  қабылдап,  жаңа  сөздердің  жасалуына  әсер  етуі.  Мұндай  түбірлер 
ғалымның  статистикалық  мәліметі  бойынша,  сөз  тудыру  амалын  бастан  кешірген.  Бұл  жерден 
сөзжасам  саласына  қатысты  тағы  да  бір  мынадай    қорытынды  жасауға  тілдік  негіз  бар.  Ол 
сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларынан кейін қалыптасқан  саласы болса да, ол ерте кезден 
бастап    тілде  көрініс  тауып  отырған.  Оның  айқын  дәлелі  өлі  түбірлердің  құрамындағы  сөз 
тудырушы жұрнақтардың қызметі. 
Осы  орайда  сөзжасам  саласының  тілдік  бірлігі    ретінде  қарастырылатын  жұрнақтардың 
ғылыми еңбектердегі көрінісіне де тоқтала өтелік. Себебі сөзжасамдық жұрнақтардың қатарынан  
да екі ұшты пікірлерді кездестіреміз. 
Қазақ  тіл  білімінде  барлық  қосымшаларды    сөз  тудырушы,  сөз  түрлендіруші  және  сөз 
байланыстырушы  деп  үш  түрге  бөлу  дәстүрге  айналған.  Мысалы,  ғалым    А.Ысқақов  қазақ 
тіліндегі  сөз  тудыратын  (сөз  тудырғыш),  сөз  түрлендіретін  (сөз  түрлендіргіш)  және  сөз 
жалғастыратын  (сөз  жалғастырғыш)    деп  үш  топқа  бөлсе,  ғалым  С.Исаев  оларды  сөзжасам 
қосымшалары  және  форма  тудырушы  қосымшалар  деп  екіге  бөледі  де,  жалғауларды  форма 
тудырушы қосымшалар ішінде қарастырады.  Ал А.Ибатов еңбегінде  қазақ тіліндегі  жұрнақтар 
күрделі  үш  салаға  бөліп  топтастырылады:  а)  жаңадан  сөз  тудырушы  лексика-грамматикалық 
аффикстер,  яғни  сөзжасам  аффикстер,  ә)сөзді  түрлендіруші  функционалды  аффикстер,  яғни 
сөзтүрлем аффикстер, б) сөз бен сөзді байланыстырушы таза грамматикалық аффикстер .  
   Демек,  морфемаларға  қатысты  терминдер  қолданысында  тұрақтылық  байқалмайды.    Ал 
бүгінде  сөзжасамдық жұрнақ термині  сөзжасам саласында тұрақталды деуге болады. Профессор 
Н.Оралбаеваның  «морфология  үшін  жұрнақ  терминін,  ал  сөзжасам  үшін  сөзжасамдық  жұрнақ 
терминін  анық  көрсету  арқылы  мәселені  шешуге  болады»-деген  тұжырымы  болашақ  тілші-
ғалымдар еңбектерінде ескерілсе дейміз [6,46б.]. 
   Туынды  сөздер  табиғатын  зерттеген  ғалым  А.Ибатов    жаңадан  сөз  тудыратын  
жұрнақтарды «сөзжасам аффикстері» деп көрсетеді. Ғалым А.Ибатов  сөзжасамдық жұрнақтарды 
реестрлік тәртіппен беріп, аталған жұрнақтың қай сөз табына қатыстылығын да көрсетіп отырған. 
Сонымен  қатар  еңбекте  ғалым  «сөзжасамдық  жұрнақтар  түгелдей  қамтылған»-  дейді  [8,129б.]. 
Сөздіктің  қосымшасы  ретінде  берілген  дерегінде  сөз  тудырушы  319  жұрнақты  атап  көрсетеді. 
Бүгінде  жұрнақ  қызметінің  мәртебесін  анықтауда  дау  туғызып  жүрген    еркелету,  кішірейту 
мәндегі жұрнақтарды сөзжасамдық жұрнақтар дейміз бе, әлде сөз түрлендіруші жұрнақтар дейміз 
бе  деген  талас  мәселе  бар.  Ал  А.Ибатов  сөздігінде  еркелету,  кішірейту  мәнді  жұрнақтар 
сөзжасамдық  жұрнақ  ретінде  қарастырылған.  Бұл  тұжырым    ғалым  Н.Оралбайдың  еңбегінде  де 
сөзжасамдық  жұрнақ  ретінде  қарастырылады.  Н.Оралбай:    «лексикалық  мағынаның  түрленуі 
жалпы  тіл  білімінде  де  сөзжасамға  жатады»  деген  тұжырымын  сабақтастырып,    зат  есім 
лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мән қосатын 24 жұрнақты  сөзжасам жұрнағы ретінде 
таниды. 
Қазақ  тіліндегі  қосымшалардың  эволюциясын  зерттеген  ғалым  Ж.Тектіғұл  еркелету, 
кішірейту  мәнді  жұрнаққа  байланысты  мынадай  пікірін  білдіреді:  «...  қошақан  сөзінің 
құрамындағы  –қан  қосымшасының  бойынан    сөз  жасаушылық  мағынаның    басымдығын  айқын 
көруге  болады.  Өйткені  «қошақан»  сөзінің  түбірі  «қош»  түрікмен  тілінде,  «құша»  алтай  тілінде 
«қой»  мағынасында    жұмсалады.  Бұны  қазақ  тіліндегі  этимологиялық  тұрғыдан  «қой-еркек» 
болып  жіктелетін  «қошқар»  сөзінің  құрамы  да  дәлелдей  түседі.  Сонда  «қой»  зат  есіміне  –қан 
жұрнағы жалғану арқылы  «қойдың баласы»,  «қойдың төлі» деген жаңа  мағыналы сөз жасалып, 
қазақ тіліндегі бұрыннан бар «қозы» сөзімен синонимдес қатар құрып  тұр. Мұндағы «қозы» сөзі 
<қоша сөзінің қысаңданған варианты болса керек»-деген тұжырымы арқылы кішірейту, еркелету 

мәндегі  жұрнақты  таза  сөзжасамдық  жұрнақ  ретінде  таныған  [9,38б.].  Осы  пікірлерді  саралай 
келсек,  қазақ  тілінің  сөзжасам  саласында  бұл  жұрнақтарды  да    сөзжасам  жұрнақтары  ретінде 
қарастыруға болады деген ой-пікір басым. 
  Жұрнақтарға қатысты тағы бір даулы тұсы – құранды жұрнақтарға байланысты. Мәселен, -
ымпаз, імпаз, -мпаз жұрнағын құранды жұрнақ деп қарастырамыз ба, әлде ара-жігі ажыратылатын 
жеке жұрнақтар ма,  не болмаса жұрнақ құрамындағы тұлғасындар  деп таныған дұрыс па деген 
мәселе    әлі  де  зерттей  түсуді  қажет  етеді.  Себебі  осы  жұрнақты  А.Ысқақов    әр  түрлі  сөз 
таптарынан  сын  есім  жасайтын  екі  жеке  жұрнақ  ретінде  қарастырған  болса  [7,176б.],  
А.Айғабылұлы  –ымпаз,  -імпаз,  -мпаз  жұрнағының  құрамындағы    -м,  -ым,  -ім  дыбыстарын  сөз 
ішіндегі  қыстырма  дыбыстарға  жатқызады.  Ғалым  А.Ибатов  бұл  жұрнақтарды  құранды  жұрнақ 
қатарында  көрсетеді.    Сөзжасам  саласында  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  өнімсіз  жұрнақтардың 
сөзжасамдық  әлеуеті»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғаған  зерттеуші 
С.Шоқабаева «бұл жұрнақтар  білімпаз, келісімпаз сияқты туынды сөздердің құрамында келгенде, 
-ым+-паз,  -ім+-паз  деп  бөлшектеуге  көнгенімен,  қыдырымпаз,  жасампаз,  көнімпаз,  жеңімпаз, 
сұрампаз  т.б.  сөздердің  құрамында  келгенде  –ым+-паз,  -ім+-паз  түрінде  бөлшектенбейдігін 
дәлелдейді.  Мұндағы  –ым,  -ім,  -м  –  қыстырма  дыбыстар  емес,  екі  жеке  компоненттерге 
ажырамайтын біртұтас жұрнақ.        ...-ымпаз, -імпаз, -мпаз жұрнақтары  екі түрлі жұрнақ емес, 
тілімізде атқаратын қызметі бір жұрнақ ретінде танимыз»-деп өз тұжырымын тілдік деректермен 
дәлелдеп  көрсетеді.  Зерттеуші  С.Шоқабаеваның  тағы  бір  сүйенген  пікірі  бұл  жұрнақтардың  екі 
түрлі сөз табына жалғанғанымен, олардың қатысуымен жасалған туынды сөздердің бір лексика-
семантикалық  топ  құрайтындығы.    [10,25б.].  Ал  2002  жылы  шыққан  «Қазақ  грамматикасында» 
аталған жұрнақтар қазақ тіл білімінің  морфонология саласына тән дәнекер тұлғасындар ретінде 
түсіндіріледі.  «Қазақ  грамматикасындағы»  пікір  бойынша,  ара-жігі  ажыратылмайтын  жұрнақтар 
қатарындағы  –ым,-ім,-м  тұлғасындар  ретінде,  ал  ара-жігі  ажыратуға  келетін  жұрнақтарды  жеке 
алып  қарастыруға  болатынын  атап  өтеді.  «Қазақ  грамматикасының»  авторлары:  «шындығында 
бұларды жұрнақ және тұлғасын ретінде бөлудің қиындығы көп. Мәселен, білімпаз, өнімді, өнімсіз, 
сенімді,  сенімсіз  деген сөздер мен  қыдырымпаз, тартымды, ұнамды, ұнамсыз сияқты сөздердің 
сырттай  қарағанда  жасалу  жолы  жағынан  ешқандай  өзгешелігі  жоқ  сияқты.  Бірақ  морфемаға 
жіктеп көрсек, бұлардың айырмашылығы көрінеді. Демек, соңғы топтағы сөз ішінде тұрған –ым, -
ім  сөзге  қосатындай  мағынасы  жоқ  тұлғасындар  екені  белгілі  болды»  [11,166б.].  Осындай 
ұқсастыққа қатысты төмендегі мысалдарды келтірейік: 
 
Кесте №1 
 
Морфонология   түсінігінде         
Сөзжасам түсінігінде 
 
Еркін 
тұлғасынлар 
Дәнекер 
тұлғасындар 
 
 
-
лы 

лі 
 
Қызықты,  дәлді, 
кесірлі, 
зиянды,мейірбанды 
лайықты,  
 
 
 
сөзжасамдық жұрнақ 
арлы,  ақылды,  инабатты, 
әдепті 
 
 
 
-
ым 
-
ім 
-
м 
мейірім, 
қайырым 
Жарамды, 
жасампаз, 
ұстамды, 
тартымды, шыдамды 
 
киім, 
өнім, 
тізім, 
жайылым,қысым, білімді 
-
шы 
-
Бармақшы, 
келмекші 
 
 
 
 
Жұмысшы, 
аспазшы, 
өлкетанушы 
 

ші 
 
-
ыс 
-
іс 
 
Белес, 
дөңес, 
кеніш, мәніс 
 
 
 
 
Ұқсас,  алыс,  беріс,  тіркес, 
өзгеріс, қуаныш 
 
-
лық 
-
ты 
 
 
 
 
осыншалық, 
осыншалықты, 
соншалық, 
соншалықты 
 
 
 
 
 
 
 
 
Майлық,  сұлулық,  кісілік, 
кішілік, ұлылық 
 
 
 
 
-
р 
 
 
Кешір, 
жекір, 
ұзар,қаңғыр 
 
 
 
Көпір, ескір,қызар, жақсар 
 
 
-
ын 
-
ін 
 
 
жасанды,  үйінді, 
қиынды, үгінді 
 
ағынды,егінді 
 
 
   
малы 
-
мелі 
 
таңдамалы, 
салыстырмалы, 
көшпелі, ауыспалы 
бүрмелі, бөлмелі, түймелі, 
ашпалы, жаппалы, сырғымалы 
 
 
Сонымен,  құранды  жұрнақтарға  қандай  жұрнақтарды  жатқызамыз  немесе  морфонология 
объектісі  тұлғасын ретінде қарастырамыз ба деген үлкен сауал   әлі де белең алады. Қазақ тілінің 
сөзжасамдық  жұрнақтарының  ара-жігін  нақтылап,  белгілі  заңдылықтарға  сай  қайта  қарастырып, 
топтастыру қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге қазіргі тілімізде сөзжасам саласы тұрғысынан  
түбірдің  сөзжасамдық  әлеуетін  анықтау  –  өзекті  мәселелердің  бірі  деп  есептейміз.  Тілімізде 
синхрондық  тұрғыдан  тұтас  түбір  болып  морфемаларға  жіктелмеген,  шығу  тегі  мүлде  басқаша 
талдауды  қажет  ететін  сөздер  де  бар.  Мысалы:  ардагер,  Құлагер,  бөкебай,  насыбай,  кірпі,  әуес, 
әуезе,  оралман    т.б.  Тіл  дамуының  бір  кезеңінде  дербес,  толық  мағынаға  ие  болып,  туынды 
сөздерге  ұқсас    көптеген  сөздерге  тілдің  белгілі  бір  даму  кезеңінде  өлі  немесе  өнімсіз 
қосымшалардың  әбден  кірігіп,  жігі  білінбей  жымдасып  кетуінің  нәтижесі  деген  қорытынды 
айтқан ғалымдар пікірлерінің жылдар өте келе, жаңа материалдармен толықтырылып, мамандар 
тарапынан  ұсынылғаны  абзал  болар  еді.  Қазіргі  тілімізде  сөзжасамдық  бірліктердің  әлеуетін 
сөзжасам саласы тұрғысынан  ғылыми сипаттау  –  әлі де аяғына шейін зерделеніп бітпеген өзекті 
жайттардың бірі деген қорытындыға келеміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, Рауан 1998, 304 
б. 
2.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы: Фонетика. Морфология.- Алматы, Мектеп 
1981, - 208 б. 
3 Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 2002 

4. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі – Алматы: Ғылым, 
1986. – 192 б. 
5.Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке.  
Павлодар: С.Торайғыров ат. ПMУ, 2010, 426 б. 
6. Оралбаева Н. Грамматикалық жұрнақ пен сөзжасамдық жұрнақ туралы// «Тіл және әдебиет: 
кешегісі мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары - Алматы: Арда, 
2006, 5 сәуір - 42-51б. 
7. .Ысқақов А.  Қазіргі қазақ тілі.- Алтаты: Ана тілі 1991, -384б. 
8.Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –Алматы: Мектеп, 1998, 136б. 
9. Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы.- Алматы: «Ғылым» 
ғылыми баспа орталығы, 2002, 303б. 
10.Шоқабаева С. Қазіргі қазақ тіліндегі өнімсіз жұрнақтардың сөзжасамдық әлеуеті: филол. 
ғылымд. канд.дисс. Астана, 2010ж. 
11. Қазақ грамматикасы: фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис/жауапты ред. 
Е.Жанпейісов.- Астана, 2002, -784б.  
12. Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы.-Алматы: Санат, 1995, -136б. 
 
 
ӘОЖ 811.512 1 
 
ҚАЗІРГІ ТҮРІК ТІЛІНІҢ ҮНДЕСТІК ЖӘНЕ ЫҚПАЛ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 
 
Төреханова М.Қ., 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Шығыстану факультеті 
Түркітану және үндітану кафедрасы 
ІҮ курс студенті, 
Ғылыми жетекшісі 
Қалиев А.Қ. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Шығыстану факультеті 
Түркітану және үндітану кафедрасының аға оқытушысы, 
Алматы, Қазақстан 
e-mail: 
Amanzhol.kali@mail.ru
 
 
  Түйіндеме: Мақала қазіргі түрік тілінің үндестік заңы мен ықпал категориясы 
ерекшеліктеріне арналған. 
Аннотация: Данная статья посвящена особенностям изучения закона сингармонизма и 
ассимиляции в современном турецком языке. 
Summary: This article is devoted to the study of modern Turkish language assimilation and vowel 
harmony specifics. 
Кілт сөздер: uyum, büyük ünlü uyumu, küçük ünlü uyumu, ünlüler uyumu, ünsüzler uyumu, 
benzeşme, ilerleyici benzeşme, gerileyici benzeşme, ünlüler uyumuna uymayan ekler, ünsüz değişimi, 
vb.  
 
Үндестік заңы «Ses Uyumu». Түрік тілінде сөз құрамындағы дауыстылар мен 
дауыстылардың, дауыстылар мен дауыссыздардың, дауыссыздар мен дауыссыздардың бір-бірімен 
сәйкесіп, үйлесуін үндестік дейді. Түрік тілінде буын (дауыстылар)  үндестігінің екі түрі бар: 
 Жуан және жіңішке дауыстылар (буын)  үндестігі (Büyük Ünlü Uyumu). Жуан дауыстылы 
буынға аяқталған сөзге жуан дауыстылы қосымшаның, жіңішке дауыстылы буынға аяқталған 

сөзге жіңішке дауыстылы қосымшаның жалғануына жуан және жіңішке дауыстылар үндестігі 
(büyük ünlü uyumu) дейді. Мысалы: arkadaş + ı (жолдасы), öğret + men (оқытушы), okul + a  
(мектепке), ince + lik (жіңішкелік, талғампаздық, сезімталдық, жан-жақтылық), göz + lük 
(көзілдірік) және т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет