«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен»



жүктеу 5.01 Kb.

бет24/40
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
частью  из  русского  материала,  а  частью  из  материала  иноязычного  слова,  которое  по 

словообразовательной  структуре  так  же  точно  соответствует  аналогичным  словам  языка-
источника,  из  которого  идет  заимствование.  Одной  из  отличительных  особенностей  новой 
заимствованной лексики является заметное уменьшение пропорции калек.  
Среди  всех  заимствований  наиболее  употребительными  в  разговорной  речи  являются 
единицы из английского, немецкого и французского языков, именно они в большей степени, чем 
другие, маркированы в словарях новых слов пометой «сленг». 
Одной  из  отличительных  особенностей  новой  заимствованной  лексики  является  заметное 
уменьшение  пропорции  калек.  Среди  всех  заимствований  наиболее  употребительными  в 
разговорной речи являются единицы из английского, немецкого и французского языков, именно 
они в большей степени, чем другие, маркированы в словарях новых слов пометой «сленг». 
 
Литература  
1.
 
Скляревская  Г.Н.  Новое  в  русской  лексике  :  словарные  материалы-88  /  Ред. 
Е.А. Левашов. – СПб., 1996. 
2.
 
Заботкина  В.И. Первый  опыт  лексикографического  описания  русских  неологизмов. 
М., 1999. 
3.
 
Толковый словарь русского языка начала XXI века:  Актуальная лексика  /  под ред. 
Г.Н. Скляревской. – М., 2007. 
 
УДК  801 
Б 12 
 
  ҚАЗІРГІ  ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ  БОЛМЫСЫ   
 
Д.М.Бабашова, К.Р.Қазақбаева  
Тараз мемлекеттік педагогикалық  институты  
 
Резюме 
Тақырыбы: Қазіргі қазақ антропонимдерінің ұлттық болмысы 
Бұл  ғылыми  жобаның  өзекті    мәселесі  қазіргі    қоғамдағы  қазақ  антропонимдерінің  ұлттық 
болмысы зерттелінеді. Т. Жанұзақовтың зерттеулерін үлгі ете отырып, анторопонимдердің ұлттық 
маңыз екендігі қарастырылады.  
Кілт сөздер: қазақ антропонимдері, кірме антропонимдер, ұлттық антропонимдер 
 
Резюме 
Тема:    Национальная самобытность современных казахских имен 
В  научной  работе  исследователи  предлагают  возродить  древние  самобытные  казахские 
имена. В качестве источников исследованы труды  Т.Жанузакова. 
 
Resume 
Theme: The national originality of modern Kazakh names 
In  scientific  work  researchers  suggest  to  revive  the  ancient  original  Kazakh  names.  As  sources 
T.Zhanuzakov’s works are investigated 
 
Халықтың  өткендегі  тарихын,  дәстүрін  білуде  антропонимиканың  ролі  зор.  Есім  беруде 
сәбидің  ата-анасы  ғана  емес,  туған-туыс,  дос-жарандармен  қатар  азаматтық  хал  актілері 
мекемелерінің  қызметкерлері  де  мүдделі.  Өйткені  адам  есімі  қоғам  өмірімен,  оны  қоршаған 
ортамен тығыз байланысты. Қоғам өміріндегі көптеген тарихи оқиғалар мен әлеуметтік өзгерістер 
ірі тұлғалар есімдерімен  байланысты болса, көпшілігі есте жоқ ескі, айшықты да сұлу, мағынасы 
жарасымды, айтуға оңай, ықшам есімдерді талғап, таңдап қою-жұрт санасынан берік орын алған, 
жалпыхалықтық  дәстүр.  Осымен  байланысты  көптеген  тарихи  оқиғалар  атақты  адамдардың  әс-
әрекет,  белгілі  есімдері  арқылы  бүгінге  жетіп,  ұрпақтар  санасынан  берік  орын  алуда.  Ондай 

мыңдаған  есімдер  тіліміздегі  мағыналы  сөздер  сияқты  ұзақ  ғасырлар  өмір  сүріп  ескіріп,  оның 
орнын  жаңа  есімдер  алып  ауысып  отырады.  Көне  заман  жәдігерлері  сияқты  олар  да  өткен 
ғасырлардың  үні  сақаталады.  Әлбетте,  атақты  батырлар  мен    ақылгөй  даналардың,    белгілі 
ақындар  мен  тілмар  шешендердің,  хандар  мен  сұлтан,  билердің  есімдері  ұрпақтан-ұрпаққа 
ауысып, жалғасын табуда. Қазіргі қазақ есімдері құрамы мен саны жағынан орасан бай да көп.  
  Антропоним  дегеніміз-  ономастиканың  бір  саласы.  “Антропонимика”  грек  сөзі  аудармасы 
“антропос-  кісі,  ономо-  есім”  деген  сөзінен  шыққан.  Сонымен  антропонимика    кісі  есімдерін 
зерттейтін  сала.  Антропонимиканың  негізгі  обекътивті-  кісінің  шын  аты,  әкесінің  аты  мен 
фамилиясы  және  лақап  аттар  мен  бүркеншік  есімдер.  Қазақ  есімдерінің  шығу  тарихы  ру,  тайпа 
аттарымен  тікелей  байланысты.  Олардың  құрамында  қазіргі  әдеби  тілдегі  қолданылмайтын  ескі 
сөздер  мен  формалар  да  сақталған.  Антропонимика  тарих,  этнография  ғылымдарымен  тығыз 
байланысты.  Қазақ  антропонимдері  тілдегі  сөздік  құрамының  бір  бөлігі  болып  саналады.  Ол  өз 
арнасын  жалпы  халық  тілі  орнынан  алады  да,  тіліміздің  ішкі  заңына  сәйкес  дамиды.  Сөйтіп  ол 
тілдегі 
сөздердің 
барлық 
салаларынан 
жасалады. 
Балаларға  ат  қоюда  ертеде  белгілі  дәрежеде  ырым  мен  дәстүр  ерекше  орын  алып  отырған. 
Олардың  кейбірін  сөздің  киелі  күшімен  де  байланыстырып  отырушылық  көне  дәуірде  бар 
құбылыс. 
Өмірге  келген  жас  бөбек,  сәбиге  жарасымды  ат  қойып,  есім  беру-ертеден  келе  жатқан  ата 
дәстүр, дағдылы әдет. Есімдердің әдетте  адамды екінші адамнан ажырата білу үшін  қойылатыны 
хақ.  Ұлы  Гомер:  «Есім  дегеніміз  алуа-шекер  сыйлық.    Ал  сыйлық  пен  тарту  адам  үшін  зор 
қуаныш»  деген  екен.  Адам  үшін  өмірлік,  шексіз  қуаныштың  бірі-  уақыт,    дәуір  талабына,  өз 
талғамына сай  айшықты да сұлу, мәнді де мәнерлі есім иемдену екенді даусыз. Ескіліктен келе 
жатқан өмірлік маңызы зор бұл мәселе өз мәнін бүгін де жойған жоқ,  әлі де маңызды, аса өзекті 
қалпында қалып отыр.  
Олардың  көпшлігі  ұлттық  болмыс,  салт-сана,  тарихи  дәстүр,  әдет-ғұрып,  өмірлік  тұрмыс-
күйіміз  бен  тірлігімізді  бейнелегендіктен  мағыналары  ашық,  айқын  болып  келеді.  Алайда 
олардың  ішінде  мән-мағыналары  белгісіз,  құпия  сырға  толы  ескі,  көне  дәуірдегі  түркі-қазақ 
тілдеріне  және  Х  ғасырлардан  бері  араб,  иран,  арамей,  моңғол,  орыс,  украин,  Батыс  Еуропа 
тілдеріне  тән.  Өйткені  әрбір  дәуірде  өмір  сүрген    адамдардың  есімге  деген  көзқарасы  айрықша 
болса, есімдердің қоғамдық қызметі де алуан түрлі болған.  
Жержүзі  халықтарының  бәріне,  әрбір  кісінің  өзіне  тән  үйреншікті  аты-жөні  бар.  Адамзат 
қоғамында есімі, аты жоқ адам кездесуі мүмкін емес.  Жалпы адамдардың бірінен-бірін ажырату 
үшін  ат  қоюы,  белгілі  бір  есіммен  аталуы,  қай  заманда,    қашан  шыққаны  туралы  ғылымда 
деректер  баршылық.  Адамға  ат  қою  дәстүрінің  сонау  рулық  қоғамнан  барын,  сол  заманның 
өзінде-ақ әрбір адамның есімі иемденгенін Л. Морган айтып кеткен. 
 Қазақ есімдер де санаулы жыл ішінде тосыннан пайда бола қалмаған. Оның өзіне тән тарихы, 
шығу, пайда болу жолы бар. Қазіргі есімдеріміздің ішінде сол ерте замандарда қойылып, көненің 
қарт куәсі, жұрнағы ретінде өмір сүріп келе жатқандары да, орта ғасырға тән және жаңа дәуірде 
жасалғандары  да  көп.  Ол  есімдер  адамдардың  өткендегі  тұрмысын,  қоғамдық-әлеуметтік 
құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің қыр-сырын да керсете алады. Олардың кейбір 
топтары  халық  тұрмысының  ертедегі  шаруашылық  күйінен  мағлұмат  береді.  Сондай-ақ  әдет-
ғұрып,  тарихи  дәстүрлер  мен  кісі  есімдерінің  арасында  тозбас  желі  бар.  Кісі  аттарынан    тілдің 
лекcикалық материалы, фонетика-морфологиялық, құрылымдық  сипаттарын анық байқаймыз.  
   Бұл дәлелдерді қазақ есімдеріне де тән деп қарауға болады. Осымен қатар адам атттарының 
ерте  кезде  рулар  мен  ру  басыларының  аттарымен  де  байланысты  болғанын,  ру  атын  өз  атымен 
қоса айту да болғанын көрсеткен ғалымдар бар. Бұл дәлел алғашқы қоғамда адамдардың жалпы 
ру,  яки  ру  басшыларының  атымен  аталғанын,  соның  қалдығы  екендігін  көрсетеді.  Кейіннен 
адамдарды  бір-бірінен  ажырату  үшін  арнайы ат  беріле  бастайды.    Ол  ат  өмірге  келгеннен кейін 
жеті күннен соң қойылатын болған. Бастапқы кездердегі кісі аттарының тіліміздегі  байырғы төл 
сөздерінен  қойылғандығы  байқалады.  Мысалы:  Алтын,  Алтынбек,  Күміс,  Күмісбай,  Темір, 
Темірбек, Айжарық, Күнбек, Қойбақ, Қойлыбай т.т. 

Қазақ  есімдерінің  басым  тобы  халқымыздың  өткен  замандардан  бастап  күні  бүгінге  дейінгі 
мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.  
Лексикалық  тұрғыдан  қарағанда,  олардың  көне  қабаттары  негізгі  де  ұйытқы  тірек  боп 
табылып,  төмендегідей  лексика-семантикалық  топқа  жіктеледі:  1)  Мал  шаруашылығына 
байланысты  есімдер:  Бота,  Бұқа,  Аққозы,  Құлыншақ,  Жылқыбай,  т.б;  2)  табиғат  құбылысымен 
байланысты есімдер: Таубай, Боран, Күнай, Айдай, Шолпан, т.б; 3)тағы аңдар мен үй хайуандары 
және  құстарға  байланысты  есімдер:  Арыстан,  Түлкібай,  Бүркіт,  Қарлығаш,  Лашын  т.б;  4)  асыл 
металдар  мен  қымбат  заттар  атауларына  байланысты  есімдер:  Алтын,  Болат,  Гауһар,  Маржан, 
Жібек, Торғын т.б; 5) өсімдік аттарымен байланысты: Қызғалдақ, Райхан, Гүжан, Гүлнар, т.б; 6) 
жеміс-жидек  аттарымен  байланысты:  Алма,  Анар  Мейіз,  Жаңғақ,  Сарымсақ  т.б;  7)  туыстық 
атаулармен  байланысты:  Атабек,  Баба,  Дадабай,  Жиенбай,  Туғанбай  т.б;  8)  жер-су  аттарынан 
қойылған  есімдер:  Алтай,  Алатау,  Аралбай,  Орал,  Еділ,  Ертіс  т.б;  9)  үй  жиһаздары  мен 
мүліктеріне  байланысты  есімдер:  Шара,  Табақбай,  Айнагүл,  Шөмішбай,  Шишагүл  т.б;  10) түрлі 
тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Сүттібай, Шырынбай, Шекер т.б. 
Балаларға  ат  қоюда  ертеде  белгілі  дәрежеде  ырым  мен  дәстүр  ерекше  орын  алып  отырған. 
Олардың  кейбірін  сөздің  киелі  күшімен  де  байланыстырып  отырушылық  көне  дәуірден  бар 
құбылыс. Сол ескі замандарда балаларға көз тиюден немесе жын шайтаннан сақтау мақсатымен 
елеусіз  оғаш  есімдер  қойып  отырған.  Мәселен,  Итбай,  Күшікбай,  Жаманбай  т.б.  кейбір  есімдер 
тотеммен  байланысты  беріліп  келді.  Мәселен,  Барақ,  Қанден,  Тұйғын,  Сырттан,  Төбет,  Бөрібай, 
Қасқырбай,  Аюбай  т.т.  Есім  берудегі  кеңінен  тараған  дәстүрдің  бірі  –  сан  есіммен  байланысты 
болып  келеді.  Ондай  сан  есімдерден  қойылған  кісі  аттары  бір  сан  есімнен  мың  санына  дейін 
кездеседі.  Мысалы:  Бірбай,  Біржан,  Бесбай,  Жетібай,  Сегізбай,  Үшбай,  Елубай,  Сексенбай, 
Тоқсанбай,  Жүзбай, Мыңбай. Керісінше, сан есімнен қойылған әйел есімдері некен-саяқ қана. Ал 
балаларға  жарасымды  да  сұлу  есім  беруде  ешбір  шек  болмаған.  Есімдер  тарихында  ғасырлар 
бойы жаңару, ескіру, архаизмге айналу процесі болып отырады. Бұл- заңды құбылыс. Адамға ат 
қоюдың себептері алуан түрлі тілек мақсаттармен байланысты да болып отырған.  1) бала дәуелтті 
де бай, ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай, Алтынбай, малбай; 
2)  күшті  де  батыл,  қырағы  да  сақ,  ер  жүрек  болсын  деп  қойылған  есімдер:  Арыстан,  Батырбек, 
Батыр, Қаһармен, Алпамыс, Тарғын, Қобыланды, Қамбар, Қожақ, Әлибек (қазақ батырлары, эпос 
батырларының  есімдері);  3)  бала  сұлу  да  көрікті,  ажарлы  да  әдемі  болсын  деген  тілекпен 
қойылған  есімдер:  Айсұлу,  Нұрсұлу,  Әсем,  Аққыз,  Әппақ,  Арайша,  Ботагөз,  Жамал;  4) 
денсаулығы зор болып, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есімдер: Ұзақ, Өмірзақ, Мыңжасар; 
5)  бала  ақылды  да  тапқыр  болсын  деген  тілекпен  қойылатын  есімдер:  Ақылбай,  Ақылбек, 
Данышпан,  Есбол,  Дана;  6)  бала  мырза  да  жомарт  болсын  деген  тілекпен  қойылған  есімдер: 
Жомарт,  Жомартбай,  Мырзабек,  Мәртай  т.б.  Көп  ретте  ертедегі  есімдер  халықтың  әдет-ғұрып, 
салт-сана, тарихи дәстүрлермен байланысты қойылып отырғаны белгілі. Ал балалары тұрмай өле 
берген үйлерде өмірге жаңа келген сәбилерге: Тоқтар, Тоқтамыс, Тұрар, Тұрсын, Өтеміс, Төлеген, 
Ұлтуар, Ұлтусын, Ұлжан деген есімдер қойылып отырған.  
Расында, қазақ халқының ат қою кеңістігінде, қиялында шек жоқ. Сондықтан қазақ тіліндегі 
кісі  аттарының  жалпы  санын  білу  қиын.  Әйтсе  де,  керісінше,  кейбір  түркі  тілдерінде  ат  қою 
шеңбері шектеулі болып келеді. 
Дүние  есігін  жаңа  ашып,  өмір  табалдырығынан  енді  ғана  аттай  бастаған  нәрестеге 
жарасымды, айшықты ат беру-ежелден келе жатқан халықтық мәні зор дәстүр. Иә, адам есімі өзі 
өмір сүрген қоғаммен, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Тарихта талай әлеуметтік істердің, 
қоғамдық құбылыстар мен ірі оқиғалардың адам есімімен аталып, кейінгі ұрпаққа, тарихқа мәлім 
болып жүргені осының айғағы. 
   Егерде  есімдердің  дәуір,  қоғам  өміріне  қарай  даму,  толысу,  өзгеру  сырына  ден  қойып, 
айрықша  зер  салсақ,  онда  ұлтымыздың  әр  кезеңдегі  тарихи  дәуірлердегі  рухани  және  мәдени 
өмірінен мол мағлұматтар аламыз.  
Есімдеріміздің дені ана тіліміздің сөздік қорындағы байырғы сөздерден қойылғанымен, араб, 
парсы,  моңғол,  орыс,  батыс  елдері  тілдерінен  алынғандары  да  аз  емес.  Олар  қалай  болса  солай, 
себепсіз  қойыла  салмаған.  Оның  әрқайсысының  білдіретін    мән-мәнісіне  ерекше  көңіл  бөліп, 

белгілі  бір  мақсат,  себеп,  тілекке  сай  беріліп  отырған.  Әдетте  халқымыздың  мәдени  өмірі  мен 
тұрмыс  жайына,  шаруашылығы  мен  кәсіп-тірлігіне  байланысты  сөздерден  кісі  есімдерінің 
қойылуы басым жағдай. Бұл құбылыс жалпыға бірдей ортақ қасиет. 
Әрбір  қоғамдық  дәуірде  қоғамдық  қатынасқа  байланысты  жаңа  сөздер  туып,  көп  сөздер 
ескіріп,  сөздік  қордан  шығып  қалады.  Жаңа  сөздердің  пайда  болуы  әдетте  екі  ел  арасындағы 
мәдени  қарым-қатынасқа  яки  бір  ел  тілінің  екінші  тілге  ықпалына  байланысты  болып  отырған. 
Осы  жөнінде  толығырақ  мәлімет  алу  мақсатында  өз  облысымның  АХАЖ  бөлімінің 
қызметкерлеріне жолығып біраз ой бөлісіп, соңғы деректерге сүйене отырып мынадай қорытынды 
жасалды.  
Бүгінгі  таңда  мәнді  де,  мағыналы  есім  беру  халық  санасында  жақсы  қалыптасып  келе 
жатқанымен,  әлі  де  әттеген-ай  тұстарының  да  баршылығы  алаңдатады.  Бұлай  деп  отырған 
себебіміз,  соңғы  2  жылдық  деректерге  сүйенсек  жас  сәбиге  қойылған  есімдердің  мағыналы, 
айшықты  және  мәнерлі  болуы  бір  жағынан  қуаныш  сыйласа,  екінші  жағынан  өзге  тілден  енген 
сөздердің  қазақ  есімдері  болып,  тілімізде  белең  алып  бара  жатқандығы  қыңжылтады.  Осы 
есімдерді сараптай келе, мынадай тоқтамға келдім. 
Қазақ,  қызын  қашанда  төрге  отырғызып,  төбесіне  көтерген.  Міне,  осындай  мақсатпен  тал 
бойында бір міні жоқ сұлу да, ақылды болып өссін деп, қыз балаға есім беруде салғырт қарамаған. 
Әдет-ғұрып  пен  наным-сенімге  етене  жақын,    рухы  биік  халқымыз  табиғаттың  тылсым 
жаратылысы айды, күнді  қадір тұтқан.  Сұлулықтың символы толықсыған аймен, нұрын төккен 
күнге  табынып  осы  себептен  қыз  баласына    ай  мен  күнді  кірісітіріп  одан  мәнді  есім  шығара 
білген.  Мысалы:  Нұрай,  Айсана,  Айбану,  Айым,  Айзере,  Асылай,  Айсезім,  Айару,  Айана,  және 
т.т. Айды қорғаныш, табиғаттың әсем жаратылысы деп білген халқымыз, айбарлы, мықты болсын 
деген мақсатта жігіт есімдерінде осы сөзбен атап қойған екен.  Мысалы: Айбар, Айқын, Айберген, 
т.т. 
   Адам аты бір адамнан екінші адамға, яки бір халықтан екінші халыққа ауысып отырады. Бір 
аттың өзі мыңдаған адамға қойылуы мүмкін. Қазақстанның бір облысында ғана мыңдаған Болат, 
жүздеген  Алма  болуы  ықтимал.  Әдетте,  жаңа  туған  балаға  ат  сән  (мода)  не  дәстүр  бойынша 
қойыла береді. Өзінің генеологиялық барысында бір ат әлденеше қайталанып қойылады, бірден-
бірге ауысып отырады. Хан, бек, жан, арқылы жасалған  есімдер қазіргі таңда сәнді есімдер болып 
есептелінеді  Мысалы:  Бек,  Бекарыс,  Бекнұр,  Бексұлтан,  Досхан,  Ырысхан,  Батырхан,  Асылжан, 
Жансерік т.т. 
Сондай-ақ,  халқымыз  нәрестесінің    нұрлы  жүзді,  сұлу  болып  өссін  деп,  нұр  сөзін  есімге 
қосып  өзге  түбір  сөзбен  біріктіріп  есімнің  сыры  мен  мәнін  аша  білген.  Мысалы:    Нұргүл, 
Нұрайым, Нұрсәнді, Ақнұр, Нұрай, Нұраят.  
Бүгінгі  таңда  қоғамдық  дамуға  байланысты  адам  есімдерінің  өзіміздің  төл  дыбыстарымыз  
«ә»,  «і» дыбыстарының түсіп қалып, оның орнына «а»,  «и» дыбыстарының енуі қарқындап бара 
жатыр.  Мысалға:  Әлімжан-Алимжан,  Әмірхан-Амирхан,  Әлижан-Алижан,  Әмір-Амир,  Әрсен-
Арсен,  Әлинұр-Алинұр    болып    құжатқа    ата-аналарымыздың  өз  еріктерімен  ұсыныс  білдіріп 
енгізіп жатқаныдығы мәлім.
 Бұл, әрине, қате жазылған кісі есімдерінің бір парасы ғана. Іздесеңіз 
мұндай  сорақылықтарды  кез  келген  төлқұжаттан  оп-оңай  таба  аласыз.  Бұған  кім  кінәлі? 
Әрине, бұған төлқұжат иелері кінәлі емес. Бұл төлқұжатты беруші мемлекеттік қызметкерлердің 
кесірі.  Олардың  саналарының  кеңестік  идеологиямен  уланғандығы  соншалықты,  кеңес  үкіметі 
құлап қалса да, әлі күнге дейін сол баяғы әдетінен жаңылмай келеді. «Мұның қалай? » деп жатқан 
балалардың әке-шешелері жоқ. «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын қазақша жазуға 
байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын» 
(1996  ж.2  сәуір)  неге  орындамай  жүрсіңдер?  ?  »  -  деп  сұрап  жатқан  ішкі  істер  министрлігінің 
қызметкерлері  тағы  жоқ.  Егемендік  алғанымызға  21  жыл  өтсе  де,  бодандықтан 
құтылмағандығымыздың  бір  көрінісі  осы  ма  деп  ойлаймын.  Қысқасы,  бұған  кінәлі    бірінші 
кезекте үкіметіміздің құлықсыздығы мен құнтсыздығы, екінші кезекте халқымыздың енжәрлығы 
мен еренсіздігі.
 Ең бастысы - баршаға міндетті арнайы нормативті құжат-Нұсқаулықтың болмауы 
бұл істе қолбайлау болып отыр.  Алайда қазақ азаматтарының тегі мен әке аттарының құжаттарда 

толтырылуы, тіркеу, жазылу мәселесі өз шешімін оңай тауып жүрген жоқ. Оның себеп-салдары да 
әртүрлі. 
Дүниеге келген сәбилерге қуана отырып, ат қойып, жаңа өмір иесіне болашақта мынадай бол 
деу  арқылы,  өз  армандарының  да  орындалуын  да  тілек  ете  білген.  Сонымен  қатар  қарабайыр 
сөзбен  емес  өрнектеп,  жүректен  терең  орын  алардай  есім  таңдаған.  Есім  таңдауда  халық  түрлі 
сенімге сүйенгенін, оның ішінде көктен сұраған сәбиіне нұр бақыт пен ақ пейілділіктің белгісі деп 
баласының  болашақ  өмірінің  ашық  болуын  мақсат  еткен.  Осы  екі  сөздің  бірігуінен  араб  тілінен 
енген  терең  маңыналы  есімдерді  қойған.  Мысалы:  Ақназар-  есім  құрамындағы    ақ  сөзі  арабтың 
хақ,  әкім,    пайғамбар  деген  сөзінен  тіліміздегі  өзгерген  түрі,  (назар)    қарау,  көзқарас,  көз  салу. 
Демек,  бұл  есім  Алланың,  пайғамбардың    назары  ықыласы  ілтипаты  деген  мағына  береді. 
Ақсұңқар  есімі  де  сұңқардай  қыран  болып,  ақ  пейілмен  көкте  еркін    самға  мағынасында 
жұмсалып  тұр.  Әрине  бұл  есімдер  естір  құлаққа  қонымды,  мағынасының  да  ап-айқын  екендігі 
көрініп  тұр.  Бұл  есімдер  халық  санасында  жатталып,  тіптен  өзіміздің  төл  есімдерімізге  де  еніп 
кеткендігі анық.  
VIII  ғасырда  Оңтүстік  Қазақстанда  ислам  діні  пайда  бола  бастағаны  тарихтан  белгілі,  ал  Х 
ғасырда  ол  Орталық  Қазақстан,  Жетісу  жерлеріне  келіп  жетті.  Ислам  діни  сенімдері  халық 
санасына  еркін  сіңірді.  Әулие,  пайғамбар,  Құдай,  Алланы  халыққа  түсіндірді.  Ислам  дінінің 
негізгі  құралы  Құран  еді.  Құранды  халық  арасында  насихаттаушы  молда,  ишандар  оны  керемет 
заң  ретінде  дәріптеп,  уағыздады.  Өлген  адамға  Құран  оқу,  намазға  жығылу,  Құдайға  құлшылық 
ету сияқты діни жағымды уағыздардың бәрі осыдан  жатталып айтылатын. 
Жас сәбиге ат қоюда да Құранды ақтарып, оның бетінде қандай жағымды, ұнамды, мәнді сөз 
кездессе,  соны  қойып  отырған.  Азан  шақырып,  Құраннан  қойған  аттардың  көбі  араб,  парсы 
сөздері  болатын.  Олар  халықтық  этимологияға  көніп,  фонетикалық  өзгеріске  ұшырап,  қазақ 
тілінің  заңына  бағынып,  етене  сіңіп,  берік  қалыптасып  отырған.  Мысалы:  Хасен,  Хасан,  Нүсіп, 
Дүсіп, Түсіп, Махмұт, Мақамбет, Мұқамбет, Махамбет т.т. 
Тіл  халық  тарихымен  тығыз  бірлікте  дамып,  өсіп-өркендейді.  Қазіргі  қазақ  тілінің  сөздік 
қорында кездесетін кірме сөздер де халықтың тарихи, қоғамдық-экономикалық өміріндегі қарым-
қатынастан пайда болған, сондай-ақ көршілес отырған жұрттардан ауысқан. 
Қазақ тілінде кезедесетін шығыс тілдері элементтерінен қатары молырағы-араб текті сөздер. 
Соның бір саласы - кісі есімдері.  
Қазақ  тіліндегі  кісі  есімдерінің  негізгі  басым  тобы-  төл  сөздерімізден,  ал  шағын  шоғыры 
басқа  тілден  енген  сөздерден  қойылған.  Өзге  тілден  ауысқан  адам  аттары  араб,  парсы,  моңғол, 
орыс,  т.б.  негізі  болып  келеді.  Олардың  ішіндегі  тілімізде  өте  мол  ұшырасатыны-араб  текті  кісі 
есімдері. XVIII ғасыр мен  XIX ғасырдың аяғында тілімізде араб тілінен сөз алу ерекше дамыды. 
Бұл  жайт  Ғ.  Мұсабаев  еңбегінде  мейлінше  дұрыс  көрсетілген.  Ол  араб-иран  тілдерінен  енген 
сөздердің тарихы мен ауысу кезеңдеріне талдау жасай отырып, оларды бірнеше дәуірге бөледі де, 
басты себептерін айқындап көрсетеді. Тілімізге енген араб-парсы сөздері батыста-татар, шығыста-
өзбек,  тәжік  тілдері  арқылы  келді,  -  деп  тұжырым  жасайды.  Ал  Л.  З.  Рүстемов  араб-иран 
сөздерінің тілімізге ену кезеңін үлкен екі дәуірге бөліп қарайды: бірінші дәуір – XV ғасырға дейін
яғни қазақ халқының қалыптасуына  дейін  болса,  екіншісі  –  XV  ғасырдан  Қазан  революциясына 
дейінгі дәуір. 
Қазақ  тіліндегі  араб-парсы  кірме  сөздері  туралы  бізде  бұрын-соңды  жазылған  еңбектер 
баршылық.  Бұл  ретте  Л.З.  Рүстемовтің  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  араб-парсы  кірме  сөздері»  атты 
еңбегінің маңызы зор. Автор нақты материалға сүйене отырып, қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы 
тілдерінен енген сөздердің алатын орнын, олардың семантикасын, этимологиясын, ену  жолдары 
мен  пайдаланылуын,  семантикалық,  фонетикалық  және  грамматикалық  өзгерістерін  ғылыми 
тұрғыдан дәлелдеген.  
Жаңа есімдердің көптеп қойылуы қоғам өміріндегі заңды да елеулі құбылыс. Бұл жайт- қазақ 
халқының  басқа  халықтармен  мәдени-тарихи  байланысы,  бауырлық  ынтымақ,  татулығының 
айқын көрінісі. 
Соңғы  жылдардың  мәліметіне  сүйенсек,  араб,  иран,  моңғол  тілдеріне  тән  есімдердің  де 
қойылып  жатқандығы  көптеп  кездеседі.  Кездескені  соншалық  өзге  тілден  енген  сөздердің 

мағынасы  мен  аталуынан-ақ  үркене  қарап,  қазақтың  баласы  ма  жоқ  әлде  өзге  ұлт  өкілінің 
баласыма деген күдікпен қарайтын болдық. Мысалға: Изар есімі бізге араб тілінен енген.  Иззат, 
даңқ,  атақ,  бек,  аса  даңқты  мағынасын  берсе,  Инаят  есімі  де  араб  тілінен  еніп,  мейірімді, 
қайырымды  мағынасын  береді  екен.  Сондай-ақ,  Алданар  араб  тілінен,  алланың  құдайдың  досы 
деген ұғымда, ал Хангелді есімі ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойған. Сауран 
есімінің екі мағынасы бар көрінеді, 1) сый тарту, 2) ескіше екінші ай аты, сол айда туылған балаға 
қойылған есім. Бұл біздің соңғы жылдарда ер кіндікті  нәрестелерімізге қойылып жатқан есімдер 
болса,  ал  қыздарымыздың  араб  тілінен  енген  есімдері  тіптен  түсіну  күрделі  болып  барады. 
Мәселен,  Ляйсана  араб  тілінен  түн,  кеш    мағынасын  беретін  көрінеді,  Камалия-  толықтық, 
жетіктік  ұғымында.  Мунира  нұрлы,  жарық,  айқын  дегенді  білдірсе,  Аделя  тәжік  тілінен  ади-
әділдік, ақиқаттық, +ия қосымша. Иба есімі араб тілінен ілтипат, әдеп мағынасында, Азия тәжік 
тілінен  азза-  қымбатты,  сүйкімді,  сүйікті  мәнінде.  Сонымен  қатар  Малика  араб  тілінен  1) 
ханшайым,  2)  шах  әйелі  есебінде  қолданылса,  Минура  жарқыраған  деген  мағына  береді  екен. 
Көріп отырғанымыздай бұл есімдер араб, тәжік тілдерінен алынып, бүгінгі күннің жас сәбилеріне 
жарыса  қойылып  халық  түсінігінен  алшақтап  барады.  Әрине,  әрбір  ата-ана,  туған-туыс  дүниеге 
келген қуаныштарына әдемі есім таңдап қоюды мақсат етеді. Алайда солай бола тұра, қазіргі жас 
ұрпақ  болашақ  ел  тұтқасын  ұстар  үлкен  азамат  болып  өсуі  сөзсіз.  Сонда  олар  ер  жетіп,  бой 
жеткенде осындай өзге тілден енген есімдердің түсініксіз қазақ азаматы мен азаматшасы екендігін 
растайтынына    күмәнмен  қарайтын  шетелдік  азаматтарымыздың  көзқарасы  қандай  болар  екен? 
Біз осы жөнінде ойландық па? Жаһандану процесі өршіп бара жатқан елімізде батыс пен шығысқа 
еліктеушілік  әлі  де  қалмай  келе  жатыр.  Осындай  себептермен  көгілдір  жәшіктен  берілген  түрік 
және басқа да сериялдардың әсерінен бе ондағы әртістердің есімдерінің қазақ балдарына қойылуы  
бүгінде сарнап бара жатыр. Мысалға: Элиф, Шехризат, Айбике, Мерт және т.т.  
Мемлекеттік  тілдің  тазалығы,  мәдениетінің  арта  түсуі,  сауаттылық  үшін  күрес  қаншалықты 
қажет  болса,  адамдардың  аты-жөндерінің  қолдану  аясы  мен  қоғамдық  қызметіне,  олардың 
сауатты  жазылуына  мән  беру-ерекше  ден    қойып,  баса  назар  аударарлық  мәселе.  Өйткені  аты-
жөн-тарих.  Тұлғалардың  есімдерінсіз  тарих  жасалмайды.  Олай  болса,  қазіргі  егеменді  еліміздің 
ертеңі  үшін  еңбек  етіп,  тер  төккен  мәдениет  пен  әдебиетте,    спорт  пен  саясаттағы  ұлы 
тұлғаларымыздың  есімдерін  неге  қоймасқа?  Мәдениеттің  бүгінгі  шоқ  жұлдыздары  Мейрамбек, 
Сәкен,  Қайрат,  Қарақат,  Бейбіт,  Алтынай,  Мәдина,  Айгүл,  әдебиет  пен  тарихымыздың  көз 
шынарлары  билері,  шешендері  арыстары  мен  бәйтеректері,  алаш  ардагердерінің  есімдері    Төле, 
Қазыбек, Дулат Бабатайұлы, Ахмет, Ілияс, Абылай, Қасым хандарымыздың есімдері қандай үлгі 
тұтарлық  нағыз  иісі  қазақ  аңқып  тұрған  есімдер.  Еліміздің  туын  көктен  көтеріп  шет  елге 
таныстырып  жүрген  спорт  саңлақтары  Бекзат,  Бахтияр,  Ермахан,  Әлия,  Ардақ,  Жаңқоштардың 
ерліктері  мен  жүректіліктеріне  баса  назар  аударып,  ырымдап  азан  шақырып  есімдерін  осындай 
мақсатпен    қойып  жатса  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Әлемдік  қауымдастықтың  құрамдас  бөлігі 
ретінде  де  алдымен  аты-жөнімізді  реттеп,  мәдени  өремізді  жоғары  дәрежеге  жеткізуіміз  басты 
міндеттердің бірінен саналмақ.  
Халқымыздың  егемендікке  қолы  жетіп,  тәуелсіз  ел  болып,  ана  тіліміздің  мемлекеттік  тіл 
мәртебесін алуы нәтижесінде жүздеген жаңа сөздер мен терминдер қосылып,  сөздік қорымызды 
байытып отырса, адам аттары да жаңарып, жаңғыру үстінде. Осымен байланысты өмірге келген 
сәбилерге  қойылып  жатқан  әдемі  де  айшықты,  мән-мағыналары  айқын,  айтуға  жеңіл  де  ықшам, 
жарасымды сұлу есімдер бүгінгі өмірінің, алдағы болашығының куәсі болмақ. 
Аты-жөн,  ататегіміздің  орынды  қолданылып,  олардың  ана  тілімізде  және  орыс,  ағылшын 
тілдерінде  орфографиялық  ереже  мен  әдеби  нормаға  сай  жазылуын  дұрыс  жолға  қою  жайында 
айтылып та, жазылып те келе жатқан пікірлер бұрын да, қазір де толастаған емес. Бұл адамдарың 
жеке қара бастарына ғана қатысты емес, тіптен мемлекеттік мәні зор мәселе. Оған Елбасы 
 Н.  Назарбаевтың  1996  жылы  сәуірдің  2-сі  күні  «Ұлты  қазақ  азаматтардың  тегі  мен  әкесінің 
атын  жазуға  байланысты  мәселелерді  шешу  тәртібі  туралы»  Жарлығы  толық  дәлел.  Жарлық 
жарияланған  уақыттан  бері  мыңдаған  азаматтар  тегі  мен  әкесінің  атын  ұлттық  дәстүр  бойынша 
жазған  құжаттарға  ие  болып,  қуанышқа  кенелуде.  Бұл  игі  істің  әлі  де  толассыз  жалғасын  таба 
берертіні шүбәсіз.   

Еліміз  егемендігін  алып  әлемге  танылып  жатқанда  бүгінгі  бейбіт  заманда  Сезім,  Кәусар, 
Іңкар, Інжу сынды есімдердің пайда болуы да қазақ халқының арманшыл халық екенін және сол 
армандаған мақсатына жететінін дәлелдейді. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
 
1.
 
Т. Жанұзақов «Қазақ есімдері»  Алматы, (1988) ж; «Есіміңіз кім?» (1989) ж; 
2.
 
Т. Жанұзақовтың «Қандай есімді ұнатасыз?» Алматы,  (1968) ж; 
3.
 
Т. Жанұзақов «Қазақ есімдерінің  тарихы»,  Алматы, (1971) ж; 
4.
 
Т. Жанұзақов «Есіміңіз кім?», Алматы, (2008) ж; 
5.
 
Рустемов Л.З. «Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских 
заимствованных слов» , Алма ата,  Мектеп, (1989) ж 
6.
 
Қазақ тілінің аймақтық лексикасы Ш. Сарыбаев (1989) ж. 
                   7.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, (2006) ж.

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал