Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет64/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Талуттың əскері
Исрайыл ұрпақтары Юшадан кейін шамамен бес жүз жылдай патшалық құрып шат-шадыман
өмір сүрді. Осы жылдар ішінде оларға көптеген пайғамбарлар келіп, жол көрсетіп отырды.
Дегенмен олар өздеріне келген пайғамбарларға тек қатты қысылып істері түскен жағдайда ғана
бағынып, ақыл сұрап, жайшылық кезеңде оларды тыңдамады. Бағынбаумен ғана шектеліп
қалмай, ақиқатты бетке айтқандары үшін көптеген пайғамбарларды өлтірді. Құранда Аллаһ:
«Біз Исрайыл ұрпақтарының берген сөзі мен кепілдігін алдық. Оларға пайғамбарлар жібердік.


Қай уақытта болмасын олар өздеріне ұнамаған сөздерді айтқаны үшін пайғамбарды
жақтыртпады. Кейбірін өтірікші санаса, ал кейбірін өлтіріп тастады»
[309]
дейді.
Ақыры, бұларға пəлекет те келіп жетті. Амалика елінен Жалут
[310]
деген бір залым патша
шығып, бұларға іркес-тіркес шабуыл жасап, қатты шығынға ұшыратты. Жалут олардың əйелдері
мен қыздарын күң, ұлдарын құл етіп езіп қанады. Исрайыл жерінің көбін басып алып, халқына
ауыр салық төлетіп отырды. Жалуттан əбден зорлық-зомбылық көрген Исрайыл халқы осы
бодандықтан құтылып, қасиетті жерлерін қайтарып алудың түрлі жолдарын қарастыра бастады.
Осы кезеңде Хақ тағала оларға бір пайғамбар
[311]
жіберген болатын. Олар көп ойланып
ақырында амалсыз өздеріне жіберілген пайғамбарға барып ақыл сұрауларына тура келді. Олар
пайғамбардан:
Бізге бір əділ патша сайлап бер. Аллаһ жолында ғазауатқа шығайық, – дейді. Сонда
Пайғамбар:
Егер мен сендерге бір патша тағайындасам, онда сендерге соғысу, сол жолда өлу, соғыстан
қашпау парыз болып қалады. Ал күн ертең-ақ сұрапыл шайқас үстінде жаумен бетпе-бет
келгенде, естеріңді жинай алмай, бытырап қашып жүрмейсіңдер ме? Сондықтан парыз етілген
соғыстан қашатын болсаңдар, онда сендердің жағдайларың қазіргіден де мүшкіл болады, –дейді.
Сол кезде халқы шулап:
Бізге Аллаһ жолында ғазауаттан қашып соғыспайтындай сонша не болыпты? Жалут біздің
туған жерімізді басып алып, өзімізді қуып шықты. Қатын бала-шағымызды иеленді. Мұндай ит
қорлыққа кімде болса да төзе алмайды ғой. Ар-намысымыз аяққа тапталып, кеудемізді кек
кернеген мынау сұм заманда өшімізді алмай қалай шыдаймыз? Бүйтіп қорлықпен күн
өткізгеннен, ғазауатта шайқасып өлген əлдеқайда артық емес пе? – деп ант-су ішеді.
Олар пайғамбарларының алдында уағдадан таймауға осылай ант етті. Барлығы бір жеңнен
қол, бір жағадан бас шығара отырып, кек алуға келісті. Осыдан кейін Пайғамбар оларға келген
уахиды жеткізіп:
Аллаһ сендерге Талутты патша етіп тағайындады
[312]
, – деді.
Талут хазірет Жүсіптің інісі Бунияминнің ұрпағынан тараған болатын. Исрайыл халқы
арасында ұзын бойлы, еңгезердей, біртуар сымбатты жігіт еді. Алайда бұл жігіт халыққа ұнай
қоймады. Олар «бізге бір патша сайлап бер» дегенде, Пайғамбар олардан «өздерің ойластырып
жүрген біреу бар ма?» деп сұрайды ғой деп ойлаған еді. Бірақ іс олардың күткеніндей болмай
шықты. «Қайдағы бір жалаң аяқ, жалаң бұт, мансаптан жұрдай кедейдің баласын сайлағаны
несі?!» деп қатты ашуланды
[313]
. Исрайалдың беткеұстарлары дереу:
Ей, сенің бұрын-соңды дəл бұлай қателескеніңді көрмеп едік. Үрерге иті, сығарға биті жоқ
бұл байғұс бізге қайтып қана патша бола алады?! Қайта патша болуға біздің ішіміздегі кез
келген біреуіміз лайық емеспіз бе? Мансап десең мансап, дүние десең дүние бар. Төрт
құбыламыз түгел адамдармыз, – дейді. Хақ пайғамбар:
– Уа, халқым! Хақ тағала осы жігітті сендерге патша етіп тағайындады. Бұл жігітке Хақ
тағала байлық бермегенмен, сол байлыққа бергісіз ілім дарытқан. Мансап бермегенмен, батырға
лайық өр тұлға, күш-жігер берген. Қорасын қойға толтырмаса да, халқына пайда, соғыста айла
табатын, жауының басын шабатын, кез келген қамалды алатын ақыл мен айла берген. Жаратқан
Иеміз дүние-мүлікті қалағанына береді. Құдай тағаланың рақымы шексіз, ілімі бəрін қамтыған.
Ал ендеше Талутты Аллаһ тағаланың патша еткендігі туралы дəлел – «сандықтың» келуі. Оның
ішінде Жаратқан сендерге нəсіп еткен «сəкинасы»
[314]
болған көктем-көңіл бар. Һəм Мұса мен
Харунның шаңырағынан мирас боп қалған бірнеше заттар бар. Сол сандықты пенделер емес
періштелер алып келеді. Егер жүректеріңде иман, саналарыңда саңылау болса, сол айғақты


қабыл алыңдар
[315]
, – дейді.
Бұл сандық олар үшін аса қасиетті болатын. Алайда соғыстардың бірінде жау жағы иеленіп,
хабар болмай кетіп еді. Кенет осы сандық ешкімнің көтеруінсіз-ақ ауада өздігінен қалықтап
келе жатты. Бейне ұшып келе жатқандай, бірте-бірте жақындап алдарына келіп тоқтады. Олар
сандықты ашып, қасиетті аманаттарды көрген соң, сол сандықтың дəл өзі екеніне көздері жетті.
Осыдан барып олар Талуттың патша екендігін амалсыз мойындады
[316]
.
Талут таққа отырысымен, дереу іске кірісіп, қол жинай бастады. Қолына қару ұстауға
жарайтын еркек кіндіктің бəрінің басын қосып, жауға қарсы жорыққа аттанды. Оның қалың
қолы шамамен сексен мыңдай болған еді
[317]
. Исрайыл ұрпақтары соғысты өз қалауымен
бастаса да, соғысуға аса құштарлық танытпады. Жолда бір өзен бар еді. Сол өзеннің арғы жағы
жауға берген өз жерлері болатын. Өзенге таяй бере, Талут əскеріне тоқтап дем алуға бұйырды.
Өзі қалың қолдың алдына шығып:
– Уа, əскерлерім! Алдымызда көлденең өзен жатыр. Арғы беті жау басып алған жерлеріміз.
Аллаһ тағала сол өзенді біз үшін сынақ етті. Осы өзеннен өтіп бара жатып су ішуші болмаңдар.
Кімде-кім ішетін болса, онда ол менің əскерім емес. Ал суды бір қолымен ғана іліп ішкен адам
менің əскерім саналады.
Əскерлер ішінде əр түрлі əңгіме өрби бастады. «Осы жерге дейін қаншама жол жүріп келдік.
Шыжыған күннің кейпі мынау. Судың таусылғанына да неше күн болды. Судан қаталап əрең
келеміз. Енді келіп мынау қолбасшы: «Алдарыңнан өзен шығады. Бірақ одан ішуші болмаңдар»,
– дейді. Сонда су ішпесек, ол өзен несіне ағып жатыр? Біз қанып ішсек, өзеннің суы сарқылып
қала ма сонда? Əу баста осыны бекер сайладық. «Қарадан шығып хан болмас» деген. Жауды
емес бізді құртатын болды. Алдымен сол өзені құрғыр көрінсінші өзі. Сосын көре жатармыз.
Кім ішіп кім ішпейтінін». Əйтсе де араларынан «Жо-жоқ, қолбасшы айтса, бірдеңе біліп айтқан
шығар. Оны бізге Құдай тағаланың өзі басшы етіп таңдаған жоқ па? Қаталап шөлдеген адамға
бір жұтым судың өзі жетіп жатыр. Одан көп ішуге болмайды» деген адамдар да болды.
Көп ұзамай алдарынан бір өзен көрінді. Өзен мөп-мөлдір болып көздің жауын ала
сыңғырлап ағып жатыр. Шөлдеп кенезесі кепкен қалың қол өзенге қарай лап қойды. Олар өзенге
илеудегі құмырсқадай үймелеп жатқанда, Талут ұзақтан қарап тұрды. Олар бір-бірін өзенге
жапа-тармағай итермеледі. Бірі су кешсе, енді бірі суға сүңгіп, шөлдері қанғанша əбден ішіпті.
«Су ішіп, сенің əскерің болмағанда біздің қай жеріміз кеміп қалады?!» деп шуласты. Олар судан
мейлінше ішіп, артынан аттарын суарып болып кері шегініп, су жағасына шықты. Олар осылай
дем алып тұрған шақта, су ішпей Талутпен бірге тұрған азғантай қол жаймен барып судан іліп
алып бір жұтқанды қанағат тұтып кері қайтты. Бірақ олар осы кезде өздеріне не болғанын
білмей қатты таңырқап тұрып қалды. Өйткені алақан толы суға шөлдері басылып қалды. Тіпті
сахарадағы көрген шөлдерін де ұмытып кетті. Онымен қоймай, бойларына бұрын-соңды
болмаған бір күш-қуат бітті. Жүректеріне батылдық орнады. Дəл қазір қарсы алдынан қара
нөпір жау шыға келсе де, жалғыз-ақ «аттандап» шығуға əзір тұрды. Бəрі бірдей осы ғазауатта
шейіт болуға құлшынып тұрды. Олар іштей «Мінеки қолбасшыға қалтқысыз бағынудың сыры!
Бойға біткен бұл неткен ғажайып күш десеңізші! Дəл қазір қарсы жақтан жаудың жүз мың қолы
келсе де, мына өзенді бір-ақ аттап, жауға қарсы жалғыз шапқым келіп тұр. Шіркін-ай!
Қолбасшыға бағынудың сыры осы болса Жаратқанға мойынсұнудың сыры қандай болмақ?» деп
ойлап тебіреніп тұрды. Бір кезде Талут өзеннің арғы бетіне өтіп, шабуылға шығуға əзірленуге
бұйрық берді. Барлығы өтуін өтсе де, əскер ішінен «Есі ауысқан адам болса, жауға шапсын. Біз
Жалутқа қарсы шығып шыбын жанымыздан айырыла алмаймыз. Əлімізді білмейтіндей есімізден
əлі адаса қойған жоқпыз», «Жалутқа қарсы тұру өзіңе өлім тілеу деген сөз», «Біз осы жерге


дейін дуаланып алданып келдік. Ес жияр кез келді» деген дауыстар естілді. Ақырында, бірнеше
адам қалың қолдың пікірін жеткізбек болып, Талуттың құзырына келді. Олар:
– Ей, Талут! Бүгін бізде Жалут пен оның құмырсқадай қаптаған қалың қолымен шайқасатын
күш-қуат жоқ. Сондықтан тірі тұрғанымызда осы жерден ары бармай кері шегінейік, – деді.
Бірақ Талут соғысты олардың өздері қалағандарын жəне жарты жолда кейін
қайтпайтындықтары туралы уəделерін естеріне түсірді. Һəм осы соғыста жеңсе əйел, бала-
шағасын тұтқыннан құтқарып, жерлерін қайтарып алып, бостандыққа шығатындығын естеріне
салды. Дегенмен олардың көнетұғын ыңғайы байқалмады. Соғыспайтынына да көзі жеткен
Талут:
– Ендеше соғысқысы келмейтіндер ана жерге барып тұрсын, – деді.
Сол кезде қалың қолдың басым көпшілігі жапа-тармағай Талут айтқан жерге барып тұра
қалды. Бұлардың бəрі де əлгінде ғана судан өлгенше ішкен сарбаздар болатын. Суды көп ішкен
кезде-ақ олардың жүректеріне қорқыныш ұялап, күллі батылдықтарын сол су шайып кеткен еді.
Бұл жерде қолбасшы Талут əскерін сынақтан өткізіп, мықтыларымен ғана соғысқа шықпақ
болды. Өйткені шөлге төзе білген жауға да төзе біледі. Жаумен шайқас нəпсімен шайқасудан
əлдеқайда оңай. Өз нəпсісін тежей алған, жеңе білген дұшпанын қаңбақ құрлы көрмейді.
Нəпсімен шайқас үлкен жиһад, кəпірмен айқас кіші жиһадқа жатады. Һəм шөлге шыдай алмай
қолбасшысына бағынбаған қол жаумен шайқаста қолбасшысына тіпті бағынбайды. Əрі
шайқастан бұрын қорқақтарды айырып алмаса, қызу шайқас үстінде қашса мұжаһидтердің сағын
сындырумен қоймай жаудың жігерін өсіреді. Һəм шөлге қаталаған адамға суды бірден қанып
ішуге болмайды. Мұндай адамның өзі де, аты да жауға қарсы тұра алмайды. Күшін жоғалтып,
бойында бойкүйездік пайда болады. Əсіресе терлеп келген атты суарса, өліп кетуі де мүмкін.
Оның үстіне бұл бір Хақ тағаланың сынағы болғандықтан, суды қанып ішкендер түгелдей
қауқарынан айырылған еді. Əрі ғазауатқа шыққан, өзін Аллаһ тағала жолына бағыштаған
адамдар тек Соның разылығын ғана ойлап, өз нəпсілерін ойламау қажет. Сондықтан шөлге
шыдай алмай суға жүгіргендер Аллаһ жолында қызмет ете алмайды. Өйткені күндердің бір күні
алдарынан дүние яки олжа табылса, соған беріліп орта жолда қалуы мүмкін.
Һəм Исрайыл ұрпақтары өздеріне келген көптеген пайғамбарларға қарсы шыққан болатын.
Соның салдарынан осындай күй кешкен еді. Енді олар есін жиған болып пайғамбарларына
келіп, оған қалтқысыз бағынатындарын айтып, уағда еткен еді. Міне, Аллаһ тағала олардың осы
бағыныштылығы мен сабырлығын сынау үшін шөл далада бірнеше күн сандалтып, алдарынан
өзен ағызып, одан ішуге тыйым салған еді. Бірақ осы сынақтан басым көпшілігі өте алмай
өздерінің арам пиғылдарын əшкерелеп алды.
Қолбасшы Талут:
– Енді соғысқысы келгендер менімен бірге ерсін, – деді де, жауға қарай бет алды.
Ат төбеліндей ғана адам Талуттың артынан ілесті. Олардың көлемі соғысқа қатыспай
қалғандарға қарағанда ат төбеліндей ғана еді. Олар кетіп бара жатып: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет