Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет63/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Қасиетті мекен
Мұсаның (а.с.) мақсаты Исрайыл халқын қасиетті мекенге апарып, сол жерде жаңа мемлекет
құру еді. Атасы хазірет Ибраһим де сонда өмір сүріп, сонда жерленген болатын. Қасиетті жерде
Əриха, Нəблус, Құдыс деген үш үлкен қала бар еді. Хақ пайғамбар бастаған ұлы көш ұзақ
уақыттан кейін Əриха қаласының маңына барып қоныстанды.
Хақ пайғамбар он екі рудан он екі адам таңдап алып, қаланы бақылап келуге жіберді.
Оларға: «Сол жерде көрген ұнамсыз нəрселерді тек өзіме ғана айтыңдар», – деп қатаң ескертті.
Он екі адамнан Юша ибн Нун мен Кəлиб ибн Юфанна деген екі адам ғана көрген ұнамсыз
нəрселерін Мұса пайғамбардың өзіне ғана айтып, халыққа қаланы алу оңай екендігін паш етті.
Əйтсе де қалған он адам өз руларына барып: «Ол жердегі адамдар өздерінен екі есе үлкен,
қолдары күректей, жауырындары қақпақтай, біздің бірнеше адамымыз олардың бір адамына
ғана шамасы келеді», – деп, жүректеріне қорқыныш ұялатты.
Мұса пайғамбар елін жинап алып: «Уа, халқым! Аллаһтың сендерге берген нығметін еске
алыңдар! Өз іштеріңнен пайғамбарлар шығарды, əрі сендерді патша етті. Сондай-ақ сендерге
əлемде ешкімге берілмеген нығметін берді», – деген соң, «Уа, халқым! Бізге Хақ тағала
перғауынды теңізге батырып, азаттық нəсіп етті. Ол бізден Қасиетті жерге кіріп, сол жерде жаңа
мемлекет құруымызды қалайды. Ол жер біздің ата-бабаларымыздың қоныстанған жері», – дейді.
Исрайыл халқы осы жерде өздерінің қыңыр мінездерін тағы да көрсетіп: «Ей, Мұса! Ол
жерде зорлықшыл ел бар. Олар ол жерден шықпайынша, біз онда əсте кірмейміз. Олар кеткенде
ғана кіреміз», – дейді. Осы кезде олардың араларынан Юша ибн Нун жəне Кəлиб ибн Юфанна
суырылып шығып: «Қаланың ең осал жері саналған қақпадан ішке жасырын кіре алатын болсақ,
оларды жеңу оңай, оның үстіне Хақ тағала бізді қорғайды», – деп халықты жігерлендіруге
тырысты. Осыған қарамастан, Исрайыл халқы басқа он барлаушының сөздерінен жүректері
шайлығып қалғандықтан, əрі жылдар бойы перғауынның қол астында бодан болып, жігерсіз құл
болғандықтан, рухы ояна қоймады. Һəм басты себеп, олардың имансыздығы мен өлімнен
қорқулары еді. Өйткені олар əлі күнге дейін «Ей, Мұса, «Раббыңа айт», «сенің Раббың» деп
келген еді. Хазірет Мұса да оларға көп насихат айтып батылдандыруға тырысып баққанмен,
олар күн сайын кері кетіп, ең соңында: «Ей, Мұса! Əлгі еңсесі биік, жауырындары қақпақтай,
алақандары күректей, дауыстары жер жарған, түрі құбыжық тəрізді адамдармен соғыспақ
тұрмақ сол қаланың маңына да жолай алмаймыз. Олардың біреуінің өзі онымызды жерге
жығып, жүзімізді жарға құлатар. Қаланы аламыз деп олардың табандарының астында тапталып
өлгенше, шыбын жанымызды қорғап сахарада тыныш жүргеніміз əлдеқайда жақсы. «Өлі
арыстаннан тірі тышқан артық» деген осы. Бізде олармен алысар айла, күресер қауқар жоқ.
Мықты болсаң, Раббыңмен бірге бар да, өзің-ақ соғыс. Біз осы жерде сендерді күтіп тапжылмай
отырайық?">»
?">[307]
?">, – деп арам ойларын хазірет Мұсаның алдына жайып салады.
Олардың мына сөздері Мұса пайғамбарға (а.с) үлкен соққы боп тиді. Қаншама жылдан бері
барлық қиыншылықтарды жеңіп мақсатқа жетуге бір қадам қалғанда, олар: «Біз бұдан əрі бір елі


жылжымаймыз», – деп пайғамбарларына опасыздық жасады. Егер осы кезде баяғы сиқыршылар
болғанда, олардың осы опасыздықтарын ашық айтып, беттеріне түкіріп, Пайғамбарларына
қарап: «Уа, қасиетіңнен айналайын ұлы Пайғамбар! Басқан ізіңе, сөйлеген сөзіңе, жүрген
жолыңа сен үшін қашанда жанымызды пида етуге əзірміз. Осы күнге дейін жаныңда жүріп
кəусардай сарқылмас сөздеріңе қанып, күндей жарқыраған мүбəрак жүзіңді тамашалап келдік.
Күндіз өңімізде көрсек, түнде түсімізден шыққан емессің. Əйтсе де ғажайып қасиетіңе тəнтіміз.
«Бір адам таққа қонса, қырық адам атқа қонады» деген. Сен жиһадқа шақырсаң, біз ақтық
деміміз қалғанша соғысуға бармыз. Сенің жолыңда соғысып, шейіт болу біз үшін қол жетпес
арман. Бір кездері теңізді қақ айырып, Тұр тауын бастарына көтерсең де, иманы қоғаның
шоғындай мына елден не үміт не қайыр. Біздің санымыз аз болса да, саған еруге татимыз», – дер
еді. Алайда олар əу баста Мысыр халқына «Бұл пайғамбардың айтқаны ақиқат. Оған дəлеліміз –
оның жолында жанымыз пида», – деп, өз міндеттерін толық орындап барып шейіттік шəрбатын
ішкен болатын.
Хақ пайғамбар олардан үмітін үзген соң қолын жайып: 
«Я, Раббым! Мен сөзімді өзіме жəне
бауырыма ғана өткізе аламын. Бұзақы елден арамызды ажырата гөр!»
?">[308]
деп дұға етіп
жалбарынады.
Аллаһ тағала оның дұғасын қабыл етіп, Исрайыл ұрпақтарын жазалап, қырық жыл бойы
«Тиһ» деген сахарада адастырып қояды. Олар күні-түні жүрсе де, сол сахарадан шыға алмайды.
Кейде түнімен жүріп отырып, таңертең қарағанда, батыс емес шығысқа қарай, шығысқа қарай
жүрсе, батысқа қарай бұрылып, адасып, сол сахарадан жол таба алмай, қырық жыл сандалады.
Осы қырық жыл ішінде хазірет Мұса сол елдің жаңа туған сəбилерін өзі тəрбиелейді. Бірақ оның
қасиетті жерге бастап баруға өмірі жетпей оның ісін Юша жалғастырады. «Елу жылда ел жаңа,
жүз жылда қазан жаңа» дегендей, иманы аса мықты, перғауынның қиыншылығын да, сахарада
дүниенің лəззатын да көрмеген, тек Хақ тағаланы ғана ойлап күн кешкен, жүз мыңдаған жауға
жалғыз өзі шапқанда «селт» етіп сескенбейтін, өлімді мəңгілік бақытқа, Хақ тағалаға қауышу
деп айқын сенетін сол бір қырыққа келіп қыннан шыққан қылыштай жарқылдаған жігіттер
Юшаның бастауымен көп ұзамай қасиетті жерлерді басып алады. Мұсаның (а.с.) Юшаға аманат
етіп кеткен өсиетін орындайды.
Ал хазірет Мұса пайғамбар сол күндерді көре алған жоқ. Бірде ол бір төбенің басына шығып
талай жыл армандаған қасиетті жерлерге қасіретке толы сағынышпен ақырғы рет көз тастап
ұзақ қарады. Өйткені ажалы жақын еді. Бауыры Харун пайғамбар да бұдан бір жыл бұрын
қайтыс болған. Енді, міне, мұның да ақыретке көшер сəті əні-міне дегенше келіп те қалған.
Мүмкін ол осы кезде «міндетімді толық орындай алдым ба?» деп ойланған да болар. Əйтсе де
Хақ пайғамбар өзіне тиесілі міндетін толықтай орындады. Одан кейінгісін орынбасары Юша
жалғастыруы тиіс еді.
Кейбір деректерде хазірет Мұса жалғыз өзі сахарада жүрген кезінде қайтыс болып, оның
жаназасын періштелер шығарып жерлегені туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет