Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет65/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96
«Өмірде небір аз топтар
болған. Олар Аллаһ тағаланың қалауымен өте үлкен топтарға қарсы тұрып, жеңе білген. Аллаһ
сабырлық еткендермен бірге»
[318]
, – деп дауыстады.
Көп ұзамай екі жақтың əскерлері бір-бірімен бетпе-бет келді. Жалуттың қалың қолы
сахарада құмырсқадай құжынады. Қару-жарақтары да өте мықты болатын. Талуттың қолы
олармен салыстырғанда теңіз бен көлдің парқындай еді. Əрі соғыс құралдары да олардікіне
қарағанда ескі-құсқы бірдеңелер болатын. Əйтсе де артқа шегінуге жол жоқ. Оның үстіне осы
соғыста сөзсіз жеңіп шығу керек. Өйткені бұлар жеңілетін болса, онда сол аймақ пұтқа
табынған Амалика елінің қолына өтеді де, тəухид діні жоғалады.


Осы сəтте Талут пен оның сарбаздары қол жайып: 
«Ей, Раббымыз! Бізге мықты сабырлық
нəсіп ет. Табанымызды нықтап, бізге кəпір елге қарсы жəрдем ете гөр!»
[319]
– деп дұға етті.
Аздан соң сұрапыл шайқас басталды да кетті. Шаңы аспанға көтеріліп, айнала қанға боялып
жатты. Қылыштар шаң-шұң етті. Аттардың кісінеген, жаралылардың шыңғырған дауыстары
төңіректі кернеп кетті. Көп ұзамай кəпірлердің құжынаған əскері біртіндеп жеңіліп кері шегіне
бастады. Олар өздерінің не үшін ойсырай бастағанын сезбеді. Кенет Талуттың əскерінің
арасынан бір сарбаз атылып шығып Жалутқа қарай ұмтылды. Бұл хазірет Дəуіт болатын. Ол
Жалутқа қарай қол шоқпарын үйіріп-үйіріп жіберіп қалып еді, Жалут жерге құлап түсіп, тіл
қатпай кетті. Қолбасшыларының жерге құлап өлгенін көрген құмырсқадай қаптаған əскерлері
жарықтан қашқан тарақандай жан-жаққа бытырып қаша жөнелді...
ДƏУІТ ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Дəуіт пайғамбардың есімі Құранның он алты жерінде ұшырасады
[320]
. Дəуіт пайғамбар
хазірет Жақыптың ұлы Яһуданың ұрпағы еді. Дəуіт (а.с.) Исрайылұлдарына жіберілген
пайғамбар. Сонымен қатар, өз қауымының патшасы еді. Дəуіттің (а.с.) тұсында «қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған» заман орнап, Исрайылұлдары бейбіт те берекелі өмір сүрді. Дəуіт
(а.с.) темір өңдеудің хас шебері болатын
[321]
. Құран кəрімде Дəуіттің (а.с.) үні биязы екендігі
айтылады. Бұған қоса, Дəуіт пайғамбар Забурды дауыстап оқығанда, оның айналасына таулар
жылжып, құстар ұшып келетін болған
[322]
.
Əкесінің аты Иса болатын. Қой бағып жүріп үйірген сақпан тасы өте ұзаққа түсетін. Сом
денелі күшті жігіт еді. Сондықтан алып Жалутты шайқас үстінде сақпан тасын бір сілтегеннен
мүрдем кетірді. Оның осы батылдығы ел ішіне кең таралып, аты жалпақ жұртқа мəлім болды.
Талут та оның бұл іс-əрекетіне тəнті болып, қызын беріп өзіне күйеу бала қылды. Өзі өлер
алдында тағына отыруын өсиет етті.
Талут бұл өмірден өткенде, таққа хазірет Дəуіт отырды. Исрайылдың он екі руы да оның
патшалығын мақұлдады. Біршама уақыт өткен соң, Хақ тағала оған пайғамбарлық міндет
жүктеді. Осылайша хазірет Дəуіт патшалық пен пайғамбарлықты бірдей атқарған алғашқы
пайғамбар болды. Хазірет Дəуіт қалың қол жинап сол арқылы шартарапты өзіне қаратып,
Құдысты астана етті. Сондай-ақ оған елін туралыққа бастау үшін Забур атты қасиетті кітап
берілді
[323]
. Бұл кітаптың жүз елу сүреден тұратындығы айтылады. Забур ибрани тілінде
Рамазан айында түскен. Хазірет Дəуіттің өзі хазірет Мұсаның шариғатымен амал еткен.
Дəуіт пайғамбар аса тақуа, əр қадамын Аллаһтың разылығы үшін басатын Аллаһтың
салихалы құлы еді. Ол күнара ораза ұстайтын. Түннің бір уағында сəждеге бас қойып, Хақ
тағалаға көп құлшылық жасайтын. Ол туралы Құранда Аллаһ: 
«Мықты құлымыз Дəуітті есіңе
ал! Өйткені ол өте бойсұнушы»
[324]
, – деп, оның Өзінің құзырында рухы қаншалықты биік құл
екендігін айтқан.
Хақ тағала оған көптеген мұғжизалар берген. Атап айтқанда, ол сөзге өте шешен еді. Бір
нəрсені түсіндіре қалса, тыңдағандар тегіс қанағаттанатын. Сондай-ақ оған ғажайып дауыс
берілген. Ол Забурды оқыған кезде, дауысын естіген жан еріксіз тəнті болатын. Һəм темірден
түйін түйетін ұста еді. Осы өнеріне сүйеніп əр түрлі құралдар жасау арқылы, өзіне жəне от
басына нəпақа табатын. Өзі патша болса да, ешқашан мемлекет қазынасын жеке басының
шаруасы үшін жұмсамайтын. Бірақ ол темірді балқытпай-ақ қамырдай илеп қалаған қалпына


келтіретін. Бұл оған берілген мұғжиза еді.
Пайғамбар – патша ел ішіндегі қазылық міндетті де өзі атқаратын. Бірде оған екі адам келіп,
бірі екінші адамды көрсетіп «мынау менің өгізімді тартып алды» дейді. Əлгі адам «жоқ,
алмадым» деп мойындамайды. Жəбірленуші оған куə көрсете алмайды. Кейіннен хазірет
Дəуіттің түсінде əлгі адамды өлтіру туралы үш рет аян беріледі. Хазірет Дəуіт əлгі адамға осы
əмірді жеткізеді. Бірақ ол «куəсіз адамды өлтіруге болмайды» деп уəж айтады. Дəуіт пайғамбар
бұл əмірдің айқын екендігін дəлелдеп бергенде ғана əлгі адам амалсыз мойындап: «Мен оның
өгізін тартып алмадым. Бірақ бұрынырақта əкесін өлтіргенім бар. Осы ісімді тірі жан білмейтін.
Əйтсе де соның жазасы пешенеме осылай жазылған екен» дейді. Əлгі адам кінəсын мойындаған
соң, жазаға тартылып өлтіріледі. Осы оқиға желдей есіп Исрайыл халқына тарайды. Сол сəттен
бастап халқы жасырын түрде қылмыс жасауды сап тияды.
Патшалық пен пайғамбарлықты қатар алып жүрген Дəуіт (а.с.) қырық жыл тақта отырып
дүниеден өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет