қайта ал», – деп дұға етеді. Сол кезде Аллаһтан уахи келіп: «Біз олардың ризығын сенің қолыңа
тапсырдық», – дейді. Хақ пайғамбар: «Аллаһым! Ендеше оларға бұдан былай жауын берме!» –
деп дұға етті. Артынша жауын тоқтап, жер бетіне бір тамшы да, жауын жаумады. Осы
қуаңшылық үш жылға жалғасты. Исрайыл елінің малы жаппай қырылып, бау-бақшалары қурап,
егіс даласы шөлге айналды. Олар күндер өте келе осы пəлекеттің бəрі Пайғамбарға
сенбегендіктен болғандығын аңғарып Илиястан кешірім сұрап,
дініне кіріп, хақ жолға түсе
бастайды. Хақ тағала да сол шақта олардың төбелерінен төнген нəубатты алып тастап, мол
жауын нəсіп етті. Исрайыл ұрпақтары бір мезгіл тура жолда жүріп, мол байлыққа кенеліп,
қорасы қойға, даласы өнімге толған шақта биттері
семіріп тура жолдан тайып, есіре бастайды.
Бұрынғы пұттарына табыну қайта белең алды. Илияс пайғамбардың сөзіне құлақ асуды қойды.
Хазірет пайғамбар оларға: «Сендер тура жолда боламыз, қайта пұтқа табынбаймыз» деп уағда
етіп едіңдер. Қайда сол уағдаларың?» – дейді. Олар: «Осы əңгімені доғарсақ қайтеді?
Біз алты
аршын алтын пұтымызды қалай ғана қиып, сенің жолыңмен қашанға дейін жүре бермекпіз? Сен
де бұдан былай біздің алдымызды кесуші болма» деп қоқан-лоқы жасайды. Осыдан кейін Илияс
Хақ тағаладан бұл елден кетуге рұқсат сұрады. Аллаһ тағала рұқсат берген соң, ол елді тастап
басқа жаққа хижрат етті. Сол жақтағы елді мекендерде Тəуратты жасырын үйрете бастады.
Кейбір деректерде Илияс пайғамбардың ажалы жетіп өлгені айтылса, кейбір ғалымдар оның
көкке көтеріліп, əлі күнге дейін бұл өмірде өмір сүріп жатқандығы айтылады. Əйтсе де ақиқаты
жалғыз Аллаһқа ғана аян.
Хазірет Илияс өз міндетін толығымен атқарып, бұл өмірден көшкенде, Хақ тағала сол елге
хазірет Əлиасаъны пайғамбар етіп жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: