Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет78/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Пайғамбарлықтың келуі
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) қырыққа таяғанда, оңашада ой кешіп, жаратылыстың тылсым
құпияларына үңілетін. Елден жырақ құлшылық жасайтын. Осы мақсатта ара-тұра Хира
тауындағы үңгірге барып-тұруды əдетке айналдырды. Азық алу үшін ғана үйге келіп, көп
кідірмей қайта кететін.
610 – жылдың Рамазан айының бір күні сол үңгірде оған пайғамбарлық міндет жүктелді.
Жəбірейіл періште арқылы Аллаһтың алғашқы аяттары түсті.
Бұл жайлы Аллаһ елшісінің өзі былай дейді: «Сол уақытта періште мені қапсыра құшақтап
алды. Тынысым тарылып кетті. Бір уақытта мені қоя берді де: «Оқы!», – деп бұйырды. Мен «Оқу
білмеймін», – деп жауап бердім. Ол мені қайта құшақтап «Оқы!» деді. Мен оқи алмайтынымды
айттым. Жəбірейіл періште үшінші рет қысқанда «Нені оқиын?» деп сұрадым. Сонда ол мына
аяттарды оқыды:
ﯾَ
ﻌْ
ﻠَ
ﻢْ ﻟَ
ﻢْ ﻣَ

ا
ﻹِْ

ﺴَ

نَ
ﻋَ
ﻠﱠ
ﻢَ
ﺑِ
ﺎﻟْ
ﻘَﻠَ
ﻢِ
.
ﻋَ
ﻠﱠ
ﻢَ
اﻟﱠ
ﺬِ
ي
ا
ﻷْ
َ
ﻛْ
ﺮَ
مُ
.
وَ
رَ
ﺑﱡ
ﻚَ
اﻗْ
ﺮَ
أْ
ﻋَ
ﻠَ
ﻖٍ
.
ﻣِ
ﻦْ
ا
ﻹِْ

ﺴَ

نَ
ﺧَ
ﻠَ
ﻖَ
ﺧَ
ﻠَ
ﻖَ
.
اﻟﱠ
ﺬِ
ي رَ
ﺑﱢ
ﻚَ
ﺑِ

ﺳْ
ﻢِ اﻗْ
ﺮَ
أْ
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы!
Раббың аса ардақты. Ол адамзатқа білмеген нəрсесін үйреткен»
[377]
».
Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы оқиғаның əсерінен айыға алмай үйіне оралады. Келген бетте жан
жары Хадиша анамызға басынан өткенін баяндады. Хадиша анамыз оған: «Ант етейін, Аллаһ
тағала сені жамандыққа ұшыратпайды. Бұл тегін емес. Өйткені сен туыстықты жақтайсың,


шыншылсың, сабырлысың, қонақжайсың, мұқтаж адамдарға көмектесесің...»
[378]
дейді.
Іле Хадиша бұл оқиғаны Тəурат пен Інжілден хабары мол Уарақа ибн Нəуфалға айтқанда,
оның таңданысында шек болмады. «Аллаһқа ант етейін, егер айтқаның рас болса, онда ол
Мұсаға да келген үлкен періште Намус акбардың өзі болды ғой»
[379]
 деп түсіндірді.
Уарақа ибн Нəуфал хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық жүктелгенін ұқтырып, ендігі
жерде дінді тарату жолында көп қағажу көретінін ескертті. Тіпті не түрлі жала жабылып, елден
қуылуы мүмкін екендігін де айтты. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) «Сонда туған жерімнен қуыламын
ба?» деп таңғала сұрағанда, ол «Кезінде қауымы сенбей, жала жаппаған, елден қуылмаған,
ауыртпалық тартпаған ешбір пайғамбар болмаған» деп жауап берді
[380]
.
Осыдан кейін періште көпке дейін ат ізін салмады. Бірде таудан қайтып келе жатқанда, əлгі
періште пайда болды. Қатты қорыққан Пайғамбарымыз (с.а.с.) табалдырықтан аттар-аттамастан
қымтанып жатып қалады. Сол кезде періште Құранның «Мүддəссир» сүресінің алғашқы
аяттарын баян етеді.
Аятта:
4
}
ﻓَ
ﻄَ
ﻬﱢ
ﺮْ
وَ
ﺛِ
ﯿَ

ﺑَ
ﻚَ
{
3
}
ﻓَ
ﻜَ
ﺒﱢ
ﺮْ
وَ
رَ
ﺑﱠ
ﻚَ
{
2
}
ﻓَ
ﺄَ

ﺬِ
رْ
ﻗُ
ﻢْ {
1
}
اﻟْ
ﻤُ
ﺪﱠ
ﺛﱢ
ﺮُ
أَﯾﱡ
ﻬَ
ﺎ ﯾَ
ﺎ }
«Ей, жамылғымен қымтанып жатқан (пайғамбар)! Орныңнан тұр, адамдарға (ақырет
азабын) ескерт. Раббыңды ұлықта. Үсті-басыңды таза ұста!»
[381]
делінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет