қолыма – Айды ұстатса да мен бұдан бас тарта алмаймын» деп жауап қатты
[389]
.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мұндай жауапты естіген құрайыштықтар Дарун-Нəдуада
[390]
бас
қосады. Олар пайғамбардың көзі жойылмайынша, бұл істен бас тартпайтынын, сондықтан оны
өлтірген адамның алдына жүз түйе салып беретін болып уағдаласады. Мұндай қомақты сый
тігілгеніне қарамастан пайғамбардың көзін жоюға ешкімнің жүрегі дауламайды. Тек Омар ибн
Хаттаб қана «бұл істі өзім жайғаймын» деп орнынан сілкіне тұрады.
Омар қолына қаруын алып, Пайғамбарымызды (с.а.с.)
өлтіруге бара жатып, қарындасы
Фатима мен күйеу баласы Саид ибн Зəйдтің мұсылман болғанын естиді. Естиді де, əуелі өзінің
туыстарын өлтіру үшін кері бұрылады. Дəл осы кезде əпкесінің отбасы «Таһа» сүресінің
алғашқы аяттарын оқып жатқан еді. Олар ағасын көрген сəтте Құран аяттарын жасырмақ
болады. Бірақ жасырып үлгермейді. Алғашында ашуы алқымына тығылып, күйеу
баласына қол
көтереді. Ара түскен қарындасын да қалпақтай ұшырады. Дегенмен олардың алған бетінен
қайтпайтынына көз жеткізеді. Құран парақтарын қолына алып оқиды. Құранды оқыған кезде
бойын ерекше бір сезім билеп, қатты толқиды. Артынша тілін кəлимаға
келтіргенді жөн
санайды. Осыдан кейін ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп өзінің мұсылмандықты
қабылдағандығын айтады
[391]
.
Сол күні алғаш рет Қағбада Пайғамбарымыздың өзі бас болып жамағатқа намаз оқытты. Бұл
мүмкіндік хижретке дейін тумады.
Омардың (р.а.) мұсылман болуы мұсылмандардың рухын бір көтеріп тастады. Өздерін еркін
сезініп, батыл қимылдайтын болды. Алайда, мүшріктер өздерінің жеңіске жететініне əлі де
болса сенімді еді.
Омардың (р.а.) мұсылман болуы туралы əрі Бəйтуллаһта (Аллаһтың үйі қасиетті Қағбада)
жамағатпен намаз оқылды деген хабарды Эфиопиядағы мұсылмандар басқаша түсініп қалды.
Осыған байланысты кіндік қаны тамған жерлерін аңсаған Эфиопиядағы мұсылмандар Меккеге
қайтып оралудың сəті туды деп біліп, еліне оралады. Алайда, Меккеде бəз баяғыша
мүшріктердің дəурені жүріп тұрған болатын. Оралғандардың бір бөлігі кейбір дəулетті
мүшріктердің
қорғауымен Меккеге кірсе, екінші бір бөлігі жасырынып қалаға түнде кіруге
мəжбүр болды. Шаһарға түн жамылып кірген мұсылмандар Меккедегі жағдайдың
өзгермегендігіне көздері жетті. Соққыға жығылды. Бірақ бəрібір Меккеден кеткілері келмеді.
Осы аралықтарда Мекке мүшріктері жиналып келіп Аллаһ елшісінен аспандағы айды қақ
екіге бөлетін мұғжиза көрсетуін талап етті. Мақсаттары –
оны тұқыртып, елдің алдында
абыройын айрандай төгеді. Мүшріктердің пиғылын сезсе де Пайғамбарымыз олардың бұл
орынсыз талабын: – Егер мен сендерге сол мұғизаны көрсетсем, иманға келесіңдер ме? – дейтін
шартпен орындауды жөн көреді. Олар келісетіндіктерін білдіреді. Пайғамбарымыз Аллаһқа
сиынып, сұқ саусағымен түнгі аспанға ишарат жасауы мұң екен, жиналған халықтың көзінше ай
қақ екіге бөлінді. Тіпті бір бөлігі Əбу Қуайыс, екіншісі Қуайқыян қырқасына барып қонды. Бұл
ғажап мұғжиза Ислам тарихында «Шаққы қамар» (айдың бөлінуі) деген атпен қалды. Алайда,
өкініштісі, мүшріктер бұны да сиқырға балап,
ақиқатты көрсе де көрмегенсіп, теріс
айналды
[392]
.
Достарыңызбен бөлісу: