Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Кіріспе
Қашанда   қазақ   халқы   ұлттық   киімді   қадір   тұтқан.   Қазақ   қыздарының   ұлттық   киімін   –
баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып бүрмелі
етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбендете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе? Қыз балалардың, әйел
адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек –
жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығы, үрімді-бұтақты екендігі, мейірімді, қонақжайлылығы, даладай кең пейілі,
қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер,
жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел
атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. Үстіндегі киімі арқылы қай елден келгенін,
кім екенін біліп отырған. Қыз балалар мен әйел адамдардың киім кию ерекшелігі арқылы айыра білген. Қазір қазақтың
ұлттық киімін тігіп жүргендер сол қазақ көйлегінің етегінің желбірі жеті сатыдан тұратынын біле бермейді. Тіпті желбір
салып тігуді қойып келеміз. Табиғатпен біте қайнасып, жер еміп өсіп, ырымға салғырт қарамаған бабаларымыз тұрмыс-
тіршілік салтының болмыс бедері біздің еркіндігімізді алыс заманалармен жалғастырып жатыр емес пе?
Алина бұл жұмысты теориялық жағынан саралап практикалық жағдайда дәлелдей білген.
11

Жұмыстың   мақсаты:  Қазақ   халқының   ата-бабасынан   келе   жатқан   ұлттық   киімдерінің   ерекшеліктерін,   түрлерін
көпшілікке танымал ету, қажеттілігіне жарату, бір жүйеге келтіре отырып, маңыздылығын түсіне білу.
Міндеттері:

Эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін 
дамыту;

Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін көрсету;

Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі  тұрғысынан салт-дәстүрі мен ырымдарына сипаттама беру.
Жұмыстың өзектілігі:  Ата-бабаларымыз асыл мұраларды, тәрбиелік терең мәні бар өнегені күнделікті тұрмысымызда
елеулі орын алатын ұлттық киімдер арқылы беріп отырған дәлелдеу.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: «Кереген кең, екі босаған тең болсын», «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп
қызын ал» деп түсінген бабаларымыз киім үлгісіне, күнделікті тұрмыс құралдарына баса назар аударған. Күнделікті тұрмыс
құралды,   дәстүр   салт   арқылы   ұрпағын   үздіксіз   тәрбие   бесігінде   тербетіп   отырған.   Олай   болса   бүгінгіде   хиджап   киіп,
өрмекшінің   суреті   салынған   жейделерді   модаға   айналдырып   отырған   тұста   қазақтың   ұлттық   киімдерін   арнайы   тігетін
орындар ашып, үлкен тарихи мәнге ие ою-өрнекті символ ретінде тануға тиіспіз.
3
Қазақтың ұлттық киімдері
Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен  қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың
ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит – тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа
киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отрып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді
неолит   дәуірінен   бастап   өру,   иіру,   тоқу   кәсібі   өмірге   келіп,   иықтан,   мықыннан   киілетін   киім   түрлері   пайда   болды.
Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз
бойын   мекендеген   қазақтардың   киім-кешегін   палеоэтнологиялық   деректермен   салыстыра   зерттеген   С.И.Руденко,   тіпті
күпінің қазаққа, оның ата-бабасына  кем дегенде екі мың жыл  бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді.
Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.
4
Киімнің негізгі түрлері
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер,
ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады:
Іштік киімдер:
2
Бешпет;    2.Дамбал;        3. Жейде, көйлек;   4. Камзол;   5. Күртке (желетке);    6. Шалбар.
Сыртқы (өң) киімдер:
1.
Жадағай шапан;   2. Жарғақ;   3. Күпі;   4. Сырмалы шапан;   5. Тайжақы;                     
6. Тон;   7.Шапан;   8. Шидем;   9. Ішік.
Сулық киімдер:

Аба;   2. Кебенек;   3. Кенеп;    4. Сырттық;    5. Шекпен.
Ерлердің бас киімдері:

Башлық; 2. Бөрік; 3.  Жалбағай;  4. Жекей тымақ; 5. Күлапара;   6. Қалпақ
7. Құлақшын;  8. Малақай;  9. Мұрақ;  10. Тақия;  11.Тымақ;  12.Шалма.
Әйелдердің бас киімдері:

Бергек;  2. Бөрік; 3. Жаулық;  4. Желек;  5. Кимешек;  6. Күндік;  7. Шәлі
8. Орамал;  9. Қарқара;   10.Сәукеле;   11. Тақия.
Аяқ киімдер:

Кебіс;  2. Көк етік;  3. Мәсі;  4. Мықшима;  5. Саптама етік;  6. Шоңқайма
3.Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
Қазақ халқы киімге аса жоғары мән берген. Ешқандай арнайы фабрикасы  болмай-ақ, ешбір оқу бітірмей-ақ ұл – қызын
өзінің төл киім – кешегімен қамтамасыз етті. Және де киім болғанда қандай! Оған қарап ел – жұртын, жасын, атақ – даңқын,
қоғамдағы орнын ажыратуға болады. Сәбиіне үкілі тақия кигізіп, ұзатылатын қыздың сәукелесін бір үйір жылқыға бағалап,
арындай аппақ жаулығынан сәбилі болғанын, күмбездей кимешегімен үбірлі – шүбірлі ана екенін танитын болған. Ұлттық
киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық,
маусым   аралық,   жаздық,   күздік  киімдер болып  бөлінеді.   Жас   және  жыныс  ерекшеліктеріне   сәйкес   мынандай  түрлерге
жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпет,
шапан), бозбала киімі ( тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәжекей), қалындық киімі
(сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше) , күйеу, жас жігіт,
ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпет, сырма шалар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Біздің арнайы зерттеп,
пайымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші
жүз үлгілері деп те танып жатады. Біздің ұлттық  киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты     арнайы салт – дәстүр,
ырымдар бар.
4.Ұлттық киімдерге байланысты салт – дәстүрлер мен ырымдар.
Баскиімдер бойынша
Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып
асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге  шақырудың
ең үлкен белгісі.
Бас киімге қауырсын тағу. «Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде
де қауырсынды  баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол
мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. 
Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге,
кімнің құн төленетінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел
өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.
Баскиімге қатысты тыймдар
12

Баскиімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер
адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ және қара орамал
тартпауға   тиісті.   Ақ   –   жаулықтың,   қара   –   қайғының   белгісі.   Жалаңбас   отырып   бала   емізбейді,   ас   –   су   әзірлемейді.
Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа
баскиім алып беруге болады.
Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыймдар.
Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын
баспайды, ол жамандық шақырады. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап
шешеді.  Киімді  желбегей  жамылуға  болмайды.  Өйткені  аруақтар  ғана  (мүрделер) жеңсіз  кебін  киеді,  кебінің  желбегей
жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей 
Той киіміне қатысты ырымдар мен тыймдар.
Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл
«келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара
жатқанда оның етегінен басып, шапаның алып қалады. Бұл күйеу бала киіміне жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып.
Жаңа түскен келін киімін тектен – текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін. 
Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар ме тыйымдар.
Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақатайды,
кім   көрінгенге   бермейді.   Оның   сыры,   қазақтар   иткөйлек   баланың   бақытын   сақтайды,   сәбидің   бақыты   иткөйлек   киген
күннен басталады деп сенеді.
Аяқ киімдерге байланысты ырымдар.
Аяқ   киімді   төңкеріп   қоймайды,   теріс   кимейді.   Олай   жасаса,   адамның   жолы   болмайды.   Қазақ   аяқ   киімнің   табанына
қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына
қараған   адамның   көзінің   ұшынуы   мүмкін.   Жорықта   басқа   жастанатын   ешнәрсе   болмағанда     етігін   жастанып   жатады.
Өйткені,   «етік   жолға   бастайды,   шалбар   (жастансаң)   сорға   бастайды».   Сұқ   тиген     баланы   ұлтарақпен   үш   мәрте   ұрып,
ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын
жасайды.
Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін қатарлап қояды. Төңкеріліп қалса, қайтадан оңдап орналастырады.
Батыратын   шашып   тастауға   да   болмайды.   Аяқ   киім   төңкеріліп   қалса   иесі   қайғыға   ұшырайды,   шашылып   жатса   жолы
кесіледі деп санаған. Аяқ киімінді сол аяқтан бастап кимейді. Қазақта басқа кісілерге қаратып аяқ киім шешпейді. Әйелдер
аяқ   киімді   тасаланып   киеді   немесе   шешеді.   Иен   түзде,   жаугершіліктен   босып   –   көшкенде   немесе   түрлі   жағдайларға
байланысты түнде ұйықтаған кезде басына жастанатын ештеңе болмаса аяқ киімді жастануға рұқсат етілген. Ол туралы
қазақта «етік жолға бастайды, шалбар сорға бастайды» деп етікті жастануға болады дейді. Ал шалбарды жастануға мүлдем
тыйым  салынады. Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды. Мұны ұлтарақтың жолын ашу
дейді.
Қорытынды
Біздің   заманымыздан   бұрынғы   қиян   дәуірлер   шежіресі   бүгінгі     таңда   тек   қана   мұражай   мұрағаттарында   сақталған
мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, мерзімді ұлттық мерекелі жиындарға ғана елес беріп қалады. Мәдени мұралар
арқылы ғана тіл қатып, тарих сахнасында мыңдаған жылдар бұрын өзіндік болмыс бітімі бөлек көшпенді бабаларымыз
ойсыз көзге шалына бермес асыл мұраларды, тәрбиелік терең мәні   бар өнегені күнделікті тұрмысымызда елеулі орын
алатын   ұлттық   киімдер   арқылы   беріп   отырған   екен.   Қолымызда   бардың   қадірін   білмейтін   аңғал   басымыз   мәні   терең
құндылықтардың сырын ұқпаған екенбіз.
Халықтық мәдениет, біздің түп тамырымыз, тініміз. Бірақ біз осы бір қарапайым киім үлгісін ұлттық мерекелерде ғана
жоспар бойынша ғана пайдаланамыз. Киімнің мұндай үлкен тәрбиелік мәні бар сырын ешкім айтып түсіндіріп жатқан жоқ.
Өйткені, оған мән беріп жатқан да ешкім жоқ. 
Егер ұлттық киімнің қадірін біліп, сырын ұғып, ұлтын құрмет тұтса өзге ұлттың киімін кимеген болар еді. Ұят та болса
мойындауға   тиіспіз!  Қырдағымыздың   да   ойдағымыздың   да,   оқығанымыздың   да,   тоқығанымыздың   да   қазақтың   ұлттық
киімдері туралы білетініміз тым таяз. Әйтпесе, бүгінгідей белінің қай тұста екенін білмейтін қыздар мен түр ұсқынын
српайтып, суық қылып көрсететін өзге ұлттың киімдерін әуелде  - ақ кигізбеген болар едік.
«Керегең кең, екі босаған тең болсын», «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деп түсінген бабаларымыз киім
үлгісіне, күнделікті  тұрмыс құралдарына баса назар аударған. Күнделікті тұрмыс құралдары, дәстүр салт арқылы ұрпағын
үздіксіз тәрбие  бесігінде тербетіп отырған.  Олай болса  бүгінгіде  хиджап киіп, өрмекшінің суреті  салынған жейделерді
модаға айналдырып отырған тұста қазақтың ұлттық киімдерін арнайы тігетін орындар ашып, үлкен тарихи мәнге ие ою –
өрнекті символ ретінде тануға тиіспіз.
Біздің   ел   басы   Н.Ә.Назарбаевтың   мынадай   сөзі   «Біз   кешегі   бабаларымызбен   ғана   емес,   бүгінгі   бағамызбен,   ертеңгі
шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек».
  * * * * *
13

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: АСЫҚ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі
Жоба авторы: Сембиев Нурсултан  2 «в» класы
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі  Жупалаева Г. А.
   
Бағыты: Этномәдениеттану
                                                   
Мазмұны
Түйіндеме ( Аннотация)
Пікір 
            1.Кіріспе бөлім
             2.Негізгі бөлім
                         2.1.Асық туралы ойлар 
                         2.2.Асықтың түрлері мен атаулар 
                          2.3.Асық ойындары
            3.Қорытынды бөлім .Ұсыныстар. Пайдаланған әдебиеттер 
Түйіндеме ( Аннотация )
Жұмыстың   мақсаты:Асық   ойнының   ұмытылып,   мүлде   ойналмай,   ережелерінің   сақталмай,   ойнаудың   өзіндік
сырларының ( техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде
көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.
Жұмыстың міндеті:  Қазақтың ұлттық ойынын меңгерту.Асықты үй жануарларынан алатынымызды дәлелдеу.Ұлттық
ойынның қажет екеніне көз жеткізу.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақтың ұлттық ойыны- асық,ол туралы оқып білу.
Жұмыстың нәтижесі: Егер қазақтың ұлттық ойындарында асықтың түрлерін дұрыс қолдана білсек, асықпен ойнауға
деген қызығушылықпен сұраныс артар еді.
Пікір
Халқымыздың   ата-дәстүрлерін   жаңғыртып,   оны   жас   ұрпақтың   санасына   сіңіру   мақсатында   асықтың   түрлері   мен
атауларын   зерттеу   барысында   2-сынып   оқушысы   Сембиев   Нурсултан   өзінің   халқымыздың   салт-дәстүріне,   ұлттық
ойындарға деген қызығушылығы мен білімділігін таныта білді.Нурсултан қазақтың ұлттық ойыны–асықты бар ынтасын
сала, қызыға ойнайды және зерттеу жұмысын жүргізбестен бұрын ойын түрлерін, олар туралы материалдар жинақтайды
екен. Бұл қызығушылығы асық туралы материал жинау барысында Нурсултанға көп септігін тигізді. Сонымен қатар ізденіс
нәтижесінде асық ойнаудың адам денсаулығына, қимыл-әрекетінің ширақ болуына, көздің көру қабілетінің жақсаруына, бір
сөзбен айтқанда, шынайы өмірде асықтың пайдасының барлығына көз жеткізді.Ол зерттеу нәтижесінде бірнеше ұсыныстар
тастамақшы.   Осындай   жас   буын   Нурсултанның   талпыныс   еңбегі   жақсы   бағаланып,   ұсыныстары   қабылданып,   жастар
халқымыздың ұлттық ойындарын дұрыс пайдаланып, іске асырады деген сенімдемін. Жетекшісі: Жупалаева Г. А.
Кіріспе бөлім
Барлық халықты бір ғана арнаға салуға бағытталған өктем билік орнаған заманда қазақтың ұлттық әдебиеті де, мәдениеті
де, салт-дәстүрі де қатты қысымға ұшырап,өрісі тарылғаны мәлім.Ұлтқа тән барлық қайнарлардың көзі тығындалып,бірте-
бірте ізі өше бастады.Сондай саланың бірі –қазақтың ұлттық ойындары.Сол өктем билік орнаған заманда ұлт ойындарының
ұлттық өнермен астасып жататынына мән бермеді Ойынның неше түрі біздің халықта.Дегенмен де, қазақ жастары ұлттық
ойындардан   алыстап   кетті.   Махмуд   Қашқаридің   «Түркі   тілдері   сөздігінде»   көне   түркілердің:   «Інген   ыңыранса,бота
боздайды» деген мақалы бар. Мынау қайта жаңғыру кезеңінде ұлт ойындарымыз да қажетке жарап қалар... Салт – ұлттың
ғұмыр бойы жиған мәдениеті,ұлттың ұлт екенін әлем халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі.Біз асылы бар, жасығы
бар,құдайға шүкір,салтқа бай халықпыз.Асық –ойыны  сол бай салтымыздың бір дәстүрі.Кезінде қазақ шаруашылықпен
жаппай   шұғылданған   тұсында   асық   –әр   үйдің,   әр   ауыл   балаларының,   жастарының   да   бас   қосуының   негізі.Ертеде
қазақхалқы асықты бала кезінде қолына алып,жас кезінен бастап ойнай бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып,жас
нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. 
Негізгі бөлім
Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз
асықты қастерлеген.Біз пәлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты мәселенің бәрінің майын
ішкен  халықпыз.  Өмір  салтымыз,  әдет-ғұрпымыз  төрт   түлік  малға  мейлінше   байланысты.  Қаншама   атау,   ұғым-түсінік,
таным мен пайым соған қатысты.Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де жеткілікті. Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан
түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға
жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр.
«Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса аға ғой.
Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса сақа ғой»,- деген қазақпыз.
Асықтың түрлері мен атаулары.
Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол - бірінші дәрежелі
асық.
Тәйке- асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол - екінші дәрежелі асық.
Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. ( 1 сурет)
14

Шіге ( Шік ) - асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі
мәнге ие.( 1 сурет)
Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.
Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.
Табан – асықтың тәйке жағы.
Оңқай –асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол
жақ аяғының тілерсегінде болады.
Асық ойындары – омпа, хан, ханталапай, тас қала т. б.
Омпа
Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не
үлкен бөлмелерде ойнауға болады.Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.Ойынның мақсаты –асық ұту.Ойнаушылар
арасы 20 қадам екі көн сызады да, біріншісіне төрт бұрыш жасайды.Дәл ортасындығы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің
асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады.
Тас қала
Асық ойынының ендігі бір түрі –«Тас қала». Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Олар тегіс жерді таңдап алып,
шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң асық тігілген жерден
ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды.Ойынды
бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе, ойынды сол бастап,
қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады.
Хан
Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі –«Хан» ойыны.Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.Ойынға қатынасушылар
көнге қанша асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді.
Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «Хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған ( әр ойыншы не
бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізушісін тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап
иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «Хан» көп асықтың ішінен көрінбей қалуы
мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің.
Ханталапай
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды.
Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып
отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарй шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып
алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын
жеделдету,Жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Қорытынды бөлім
Қорыта айтсам, кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес
болып барады. Кез келген ойын автоматтарына бас сұқсаң көбіне көп қазақтың баласын кездестіресің.Ойын
автоматтарының зиянын атап өтсем, оларды төмендегінше жіктеуге болады.Біріншіден, бұл ойындардың адам
денсаулығына тигізер залалы көп. Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады.
Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп,
дәлдікке, мергендікке үйретеді. Бір байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан оқуқұралға емес, осындай компьютер ойнына
ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып соғатынын кім білсін?.. Сосын ол балалардың тәбеті бірте- бірте
құмаройындарына да шабуы ғажап емес.Ал, асық ойынын кез келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемей-ақ ойнай
бересің. Бірақ қазір түр –түрімен жаңарып, санамызды улап жатқан құмар ойындарының көптігінен құмарпаздар асық
ойнына аса мән бермей жүр. Уақыт өте келе асық ойнының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір жағынанадам
денесі қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек
тазалықтың ойыны дер едім.
Ұсыныстар:Ұлттық ойынымыз асықтынеге ұмыта бастадық?!
1.Асық   туралы   бізге   дейін   айтқан   дуалыауыздар   аз   емес.  Тек   сол   жеріне   жетпей   жүрген   секілді.   Ұлттық   ойын
қатарындағы асықтың жұрт жадынан ұмытылып қалмауы үшін, оны қайтажандандыру үшін мектеп бағдарламасына, соның
ішінде денешынықтыру сабағының жоспарына құзырлы орындар енгізсе деген ұсыныс бар.
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Аюбай Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» Алматы. 1997жыл
2.
«Қазақ әдебиеті» газеті 1992жыл
3.
Қазақтың ұлттық ойындары 
 * * * * *
15

ҒЫЛЫМИ ЖОБА  ТАҚЫРЫБЫ:  КИЕЛІ  САНДАР СЫРЫ
Білім мекемесінің  атауы : Сазды  орта  мектебі
Жоба  тақырыбы:  Киелі  сандар сыры
Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті  
Орындаған: Тыныштықов  Әділет
Класы:  6 «а» класс
Мектебі : Сазды  орта  мектебі     
Мекен –жайы : Ақтөбе қаласы, Сазды  ауылы 
Жетекшісі: Бекбергенова Лаура Казбековна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет