Қызметі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмыс орны : Сазды орта мектебі
Орындаған мерзімі: 2015 жыл
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе
өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп,
құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері :
- халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату ;
- қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен
дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін дәлелдеу.
- осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындау ;
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау.
ІІ – практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
ІІІ – бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Бақылау әдісі (анкета)
II. Негізгі бөлім
1. Киелі сандар сыры туралы
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған
жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт
өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы
биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда биік тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе
жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел
келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену -
сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін.
Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз.
1. 1. Киелі сандардың қасиеті
Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі
тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере
отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым -
тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Жан - жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап
отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты
ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп
кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен
сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу
уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған.
Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы
деңгейі бірдей емес.
Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап
айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар
сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты
тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны
көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге
құштарлықты
оятады.
16
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз
бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз.
Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.
Осы тұста генеалогиялық жіктеу арқылы сандар жүйесін кестеден көруге болады. Бұл ондық санау жүйесі салыстырмалы
тарихи әдіс арқылы, генеалогиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстармалы - тарихи әдіс мағынасы жағынан
біртектес, дыбысталуы жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас.
«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай,
сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о бастан-ақ сезілген.
2. Киелі сандарының зерттелуі
Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар
қорғалды. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар, автор түркі
халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің
пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян,
Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп
кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп, фольклорда көбірек
ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г. Н. Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес
екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы
сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысы қаралады.
2. 1. Зерттеуші ғалымдар
Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен, сандардың ішінен киелі сандарды
бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың
жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты,
лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І. Кеңесбаевтың еңбегін айтуға
болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне
замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да
сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді: Базен Л. , Тенишев Э. Р. , Чернышев В. И. ,
Умаров Э. А. және т. б.
Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен
конференция өтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап
айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгенідігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген
мақалаларда «Санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан
ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді» деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды
тілдік тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған. Бұл топтың мүшелері: славян-албан тілдерінің
маманы Н. С. Державин, славист М. П. Долобко, түркітанушы А. Н. Самойлович, үнді-еуропатанушы Л. П. Якубинский,
египет сан есімі бойынша П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр. ХІХ ғасырда жазылған еңбектердің ішінен Г. И.
Рамстедтің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын әсіресе бес сан
есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді.
Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І. Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т.
Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитханұлы, Г.
Шаһарман, Қ. Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.
3. Сандар сөйлейді
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның
өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі
мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие
болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Мәселен, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз
артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Бір санының киелігі:
1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Екі санының киелігі:
Күні-түні дем алмайтын екеу:
1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін:
1. Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын: 1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
17
Енді осыларды таратып айтсақ:
Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды.
Берсең жағасың,
Бермесең дауға қаласың
Өз жұртың – ағайын,
Бар болсаң көре алмайды
Жоқ болсаң бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң күндейді,
Жаман болсаң жүндейді.
Нағашы жұртың:
Жақсылығыңа сүйінеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ ,несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына:
Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне сөз,
Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса –
көрінгеннің мазағы
Үш би : Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпахар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір:
Жарлының пірі – қалтақ ата,
Ұрының пірі – жалтақ ата
Шебердің пірі – тепшен ата
Кәрінің пірі – кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
Төрт тұрман:
1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы.
Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:
1. Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі.
Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.
Төрт ұры:
1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.
Төрт дария:
1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария).
5 санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш:
1.
Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш
2.
Адамның өзіне байланысты борыш
3.
Мемлекет пен халыққа борыш
4.
Үй-іші жақындарына борыш
5.
Адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
18
6 санына байланысты:
Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беруге
2. Шақырса баруға
3. Кеңес сұраса, ақыл қосуға
4. Сұрағына жауап беруге
5. Ауырып қалса , көңіл сұрауға
6. Қайтыс болса, жерлеуге қатысуға
Алты асқар: 1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
Ал 7 саны өте киелі.
7 жаста бала мектепке барады.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің
тоқырауы
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ,
жылқыда өт жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық:
1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп –
Зылиқа.
Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:
1. Әкімдердің шарапаты.
2. Ғұламалардың шариғаты.
3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты.
5. Үлкендердің ұлағаты.
6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтардың ар-ұяты.
Жеті ата:
1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
1. Ораза ұстағандарға.
2. Жаман сөзден сақтанғандарға.
3. Құран оқығандарға.
4. Аш адамға тамақ бергендерге.
5. Жас уақытында намаз оқығандарға.
6. Сиқырдан аулақ болғандарға.
7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге.
8. Өзгегеге жақсылық болсын дегендерге.
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейіл 2. Мекайіл 3. Әзірейіл 4. Ысырайыл 5. Дардайыл 6. Ысмайыл 7. Зұлқайыл 8. Ахрайыл 9. Мәлік
Тоғызқұмалақ -қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал, кейбір мамандардың айтуынша, оның
пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең
тараған ойын болатын.
Он түрлі жаман:
Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден
онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
1. Бірлігі кеткен ел жаман.
2. Егесіп өткен ер жаман.
3. Төсектен қашқан ер жаман.
4. Шідерден шошыған ат жаман.
5. Білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
19
6. Аймағын билей алмаған адам жаман.
7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
8. Серкесіз бастаған қой жаман.
9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
10. Алпыста қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман.
3.1. Жұлдызшылар есебі
Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға
болады. Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады.
Мысалы:
1 саны - батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.
2 саны - сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән.
3 саны - ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.
4 саны - жұмбақ сан.
5 саны - тәуекелге белбуғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны.
6 саны- әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес.
7 саны - әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал.
8 саны- басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп
тұратындар.
9 саны - қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән
сан. Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер,
нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.
III. Қорытынды
Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті
нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету мақсатында қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне
көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім.
Өзім оқитын 6 «а» класында «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қорытындысын
тоқталып өтсем:
Қатысқан 6 «а» класы, барлығы 24 оқушы.
1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?
Сауалнама қорытындысы:
1. иә - 24 оқушы
2. ата-анадан – 6 оқушы
мұғаліммен – 18 оқушы
3. Иә - 13 оқушы
Жоқ – 11 оқушы
4. Иә - 15 оқушы
Жоқ – 9 оқушы
5. «7 саны» - 24 оқушы
«3 саны» - 24оқушы
«4 саны» - 24 оқушы
Сауалнама нәтижесін қорытындылай келе, балалардың білетін қасиетті сандары 7, 4, 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті
сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы мәліметтер жинауға қарсы еместіктерін қуана
білдірді.
Қорыта келе, қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін
таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы
тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу болып табылады.
Қазақ халқы киелі сандарға бейжай қарамайды. Керісінше киелі сандарға қызыға карайды. Киелі сандардың адам
өміріндегі маңызы зор.
Мен, осы ғылыми жобамның арқасында киелі сандардың қасиеті жайлы ақпараттар жинап, талдап,зерттеп түсіне білдім.
Алдағы уақытта әр оқушы киелі сандардың қадір-қасиетін жете түсіне отырып, одан тәлім-тәрбие алады деп сенемін.
Ұсыныстарым:
1. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
2. Сандық ұғымдар құпиясы туралы әр оқушы қызығушылық таныта отыра, қадір- қасиетін білсе ;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Уәлиев Н. «Жұмбақ сандар» // Жалын. 1988ж. 105-108 бб. ;
2. «Киелі сан есімдер әлемі» // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.
-Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2003ж. - 28-33- б.
3. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001ж
4. «Қырық қазына», Ә. Доспамбетов. Алматы 1987ж
5. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы. Алматы 2002ж
6. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті. Алматы 2001 ж.
7. «Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз». В. Серпинский
20
8. «Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар» Абдуллаева И. М. , Көкенова Ж. Алматы – 1974ж
9. Қайдар Ә. Т. «Халық даналығы». –Алматы, 2004ж, -565б.
10. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі». -Алматы, 1958ж. -340б.
11. Марр Я. Н. О числительных // Языковые проблемы по числительным. – Л. : ЛГУ. 1927ж. – 270 с. ;
12. Дүсіпбаева Қ.С.«Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері». Фил. ғыл. канд. алу үшін дайынд. дисс.
авторефераты. А. , 2001 ж. – 28 б.
13. Кеңесбаев І. «Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар». Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946ж,
4/26/ шығарылуы.
14. Тенишев Э. Р. Тюркские «один», «два», «три». // Тюркологический сборник-1974ж, М. , 1975ж, - 104 б
15.Интернат материалдарынан.
* * * * *
«АРАЛ ӨҢІРІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУЫҚТЫРУ»
2.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Аудандық оқушылар үйі
Дайындаған: Мүсілімова Гаухар №121 мектеп «Жас эколог» үйірмесінің мүшесі.
Жетекшісі: Өткелбаева Айгүл Ордабекқызы «Жас эколог» үйірмесінін жетекшісі.
Тақырыбы: « Арал өңірін экологиялық сауықтыру».
Ғылыми жетекшісі: Қызылорда Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, Ауыл
шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор: Айжігіт Нұрғызарынов.
Арал өңірін экологиялық сауықтыру
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Арал өңірі, климаты
3.Балық өндірісі
4.Қорытынды.
Кіріспе
Соңғы жылдары экологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы Арал өңірі тұрғындарының әлеуметтік – материалдық
тұрмысын сәл болса да жеңілдетіп, психологиялық енжарлықтан шығуына жағымды ықпалын тигізіп отыр. Ең бастысы
табиғаттың онан ары бұзылуын тоқтатуға, тіпті оны бұрынғы күйіндей болмағанымен жаңа жағдайға ықшамдап, адамға
қызмет ету мүмкіндігін қалпына келтіруге болатынына көз жетті. Соның айғағы ретінде Солтүстік кіші Арал теңізін Кенарал
бөгеті арқылы бөлектеу мен Сырдарияның суын реттейтін «Аңлақ» тоспасын салу жобаларын жүзеге асыруды айтуға
болады. Рас, қамшының сабындай мерзімде шалқыған шалқар теңізді құрта жаздап, әрең дегенде қалғанынан бір бөлігін
бөліп алып, өзімізге дербес теңіз жасап алдық. Ендігі мәселе Арал өңірінің табиғи қорларын тиімді пайдалану жолдарына
түсу. Ал ондай қорлар мұнда жетіп артылады.
Әрине, теңізден шыққан жаңа құрлықтың табиғи қорларын (топырақ, өсімдік) пайдалану туралы мәселе көтергенде
көпшілік оған күдікпен қарауыда мүмкін. Әйтсе де ол негізсіз емес. Біздің зерттеулеріміз, теңіздің құрғаған орнындағы жаңа
құрлықта шаруашылық айналымға қосатын жердің қоры мол екенін көрсетті. Дегенмен бұл талай ғасыр теңіз астында
жатып шыққан жер болған соң оны шаруашылыққа пайдалану мүмкіндіктерін бағалау үшін мелиоративтік зерттеулерсіз
болмайтыны анық. Теңіз бен төңірегіндегі экологиялық ахуалдың қазіргі күйі туралы мәліметтерді көпшілікке паш еткенде
ең алдымен жолымызда көлденең тұрған тоқырау атты белестен өтіп, табиғаттың бізге қызмет етуге бет бұрған жайлы
жолына қадам басқанымызды айту керек. Десек те Арал өңірінде экологиялық ахуалдың тұрақтылығы баянды болуы үшін
әлі де біраз тер төгуге тура келеді. Нысанаға алған тірлікті орындау бар, оның игі нәтижесін пайдалану бар. Бұл соңғысы
алдыңғысынан маңыздырақ десек талас туғызбаса керек. Өйткені, осыған дейін осы өлкеде мөлдіреген табиғат, оның тұнған
байлығы болды ғой. Бірақ біз берекесіз тірлікке бой ұрып, барымызды бағаламай, табиғат пайдалануда қара күш әдісімен
ұрандатып жүріп, оны бордай тоздырғанымыз ұмытыла қоймас. Ендеше, табиғаттың байлығын пайдаланумен бірге оның
потенциалдық мүмкіндіктерін молайтуға тиіспіз. Мұны Арал өңірін мекендейтін әрбір пенде жатса-тұрса жадынан
шығармай, өзінің іс-әрекетін соған бейімдеу керек. Бұл оның табиғат ана мен болашақ ұрпағының алдындағы парызы. Ол
үшін Арал өңірінің тұрғындары өздері өмір сүріп отырған ортаның келешегі мен бүгінгісі, қазіргі экологиялық ахуалы,
әлеуметтік -экономикалық өрбудің бағыт-бағдары жөнінде хабардар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |